Инфоурок Другое Другие методич. материалыСоқыр ана (10 сынып)

Соқыр ана (10 сынып)

Скачать материал

«Соқыр ана» көрніс

Асылхан: « Ана» Мон.оқиды. Анасының фотосын қарап отырып, жылап тізерлеп отырып қалады.
Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

« Анашым» кешірші мені !!!

Алтынай: Жібісіндеп жүректерің

Жыр төгіл

Перзент білсін анаға қол сілтеген

Жетім жалын, жесір жайын толғаған

Бүгінгі де жоқ, күнде жиын күлтіген

Адамда ала, нар мақсатпен жіберген

Мақсатыңды, танып, сезіп білермең

Ата-анадан биік қойған бар малың

Қуыс кеуде топанбас көп білем мен

Сеніп еді табылар деп қасынан

Ғибрат алып ойға қалып байқап көр

Оқиғаны байядайын басынан

******

Асел: Бала еді терең ойлап көрмеген

Ойын ойнап қызық қуып терлеген

Мектептегі сабақ, тәртәп тым жақсы

Сондықтанда жоқ кедергі көлденең

Бірақ оның көңілін бір ой бөледі-дейді өзі солғой жолды бөгеді

Өз пайымы солғой бұл баланың анасының бір көзі жоқ себебі

Сол мектепте аспазшы еді анасы

Ұлына ет дәмді, тәтті бар асы

Ақша тауып,асты үстіне түсетін

Қарыны ашпасын, кеніжіп деп баласы.

Ал баласы асханаға кірмейді

Анасымен көшеде бір жүрмейтін

Ас беретін соқыр әйел анасы екендігін достары да білмейтін.

әр бір тәулік ашып жаңа парағын,бұл да басты сақтықпен әрбір қадамын.

Кім білет ғұмырын бұл жұмбақтың.

Қанша уақыт жұмбақ болып қаларын

Құпияны ашпаса кім біледі,байғыс ана мейірімді еді жүрегі

Баласының талабы мен талантын білейін деп сабағына кіреді


Алтынай: Жалғыз көзді соқыр ана,
Жәйіменен басып ғана,
Баласының сабағына келеді.
Айым:- Анау отырған менің балам, айналайын мұғалім, баламның сабағы мен тәртібін білуге келіп едім.
Мұғалім: -А, мына отырған бала ма?
Гүлжаухар:: Мақсат, сенің анаң соқыр екен ғой, неге айтпадың осы уақытқа дейін?

Асел: Деген кезде баласының түсіп кетті қабағы
Анасына ол айуан көзбен қарады.
Ыза буып, бөлме есігін тарс жауып,
Шығып кетті бетке ұстап даланы.

Алтынай; Анасы жүр бәйек болып, ас әкеп,
Баласының қамын ойлап аш қалған.
Рахат:- Тамағыңды ішпеймін, Сен неге келесің менің сыныбыма? Мен сенен ұялам, өйткені сенің көзің соқыр. Айтшы, неге, көзің соқыр?
Айым: «Кешір қалқам, не десең сол болады,
Айтқан сөзің ақылыма қонады,
Сені ұялтқан, саған ренжіткен, қатемнің
Бүгін мынау, ең соңғысы болады!»

Алтынай: Жылады ана, еңіреді, егілді,
Қайғы шерге толды ананың жүрегі, 
Шын жылады, соқыр көзден жас шықты,
Көкірегіне бар құпия көмілді.
Рахат: Тезірек оқу бітіріп, қалаға кетсем екен, мына соқыр анамнан құтылып, тезірек оны ұмытсам екен!

Асел: Иә, дәл солай, болды жігіт, сол кісі,
Екінші рет болмады онда енді ісі
Содан бері ол оқуды қуалады,
Одан бетер суық болды анаға. 
Оқимын деп әрі қарай жиналып, 
Тартып кетті шетел асып қалаға.
Айтқандай ақ ол анасын ұмытты,
Жұмыс тапты, маман болды білікті, 
Әйел алды, бала сүйді баласы
Есіне алмай, ойсыз қамсыз жүріпті.
Алтынай: Сұр күз келді, жауын сілкіп жауып тұр,
Жігіт үйі сән-салтанат тауып тұр, 
Құлақ салды әйелі де, өзі де,
Есіктерін біреу келіп қағып тұр.

Сымбат: Кім болды екен, қағып тұрған есікті. Мен ашайын.

Ұлан: Мама мен ашайыншы,мен. ( таласып есікті ашып қалады, сол кезде соқыр ананы көріп шынғырып мамасына тығылады,папасы жүгіріп келеді, шешесін итеріп шығып кетеді)

Асылхан: Әйеліммен баламды қорқыттыңғой неге келдің, мынау қалада саған не бар.

Айым: Естідім үйленгеніңді,хабарласпай кеттің ғой, тым алысқа, немеремнің бетінен сүйіенші деп клдім.

Асылхан: жоқ болмайды жоқ.Себебі бір көзің жоқ бала сенен қорқады.Енді кет,келуші болма бұл үйге. ( есікті тарс жауып кілтке салады)
Айым: құлыншағым не істеп қойып едім саған.Айналайын!
Асел: Бітті әңгіме, болмас қайта бас сауға,
Қалды ана демеу болар дос бар ма,
Төпелетіп ақ жауынын төккен күн
Күңіреніп анаменен бір батты.

Асел: Уақыт зырғып, айлар өтті, жыл өтті,
Өткен әр жыл жиырма түлек түлетті,
Ауылға кел, сағындық деп достары
Хат жіберіп шақыртыпты жігітті.

Асел: Көп ойланды жігіт біраз қиналды,
Дегенменен барамын деп ұйғарды,
Әйелді алып, баланы алып сол күні,
Жол жүрмекке отбасымен жиналды.
Асел: Келді ауылға ,ойлап кетті ананы,
Келген ойы басқа арнаға ауады.
Балалықты еске алсам деп жаяулап, 
Туған үйдің есігін кеп қағады.
Жансая: көзіңнен танып тұрмын сені көрші әйел апайдың ұлы Мақсат емеспісің,сен естімеп пе едің, анаң бақилық болған.Қабыл болсын. Мақсат тоқташы анаң саған хат қалдырып еді, мә алағой. 
Алтынай: Балам, ботам, айым, асылым,
Айтылмаған бір сыр бар еді жасырын
Кеудемді өртеп барады сол күрең ой,
Жазам хатқа, оқып қалқам, біле ғой.

(
Анасы тоқыма тоқып ,әкесі газет оқып отырады. Ұлан есіктен жылап аяғын ақсап басып кіреді.Сол кезде анасы мен әкесі ұшып тұрып.Әкесі баланы көтеріп,отырғызып,анасы аяғын байлайды.Бетінен сүіп,басын сипайды. Ұлан машинаның кілтін көрсетіп, әкесіне қыдырайық дейді.)

Әкең бар еді жаны жайсаң балаға,
Үйден шықтық қыдырсақ деп қалаға
Өзіменен бірге кетіп арманы,
Жол апаты жан әкеңді жалмады.
(Машинаның қатығысы, жедел жәрдем,машинасының дабылы есту)
Айым: Балам, құлыным, құлыншағым қайдасың, дәрігер балам қайда? Құлыным.

Сымбат: Сәлеметсіз бе№ Сіз апатқа түскен баланың анасыз ба? Ұлыңыздың оң жақ көзі жақымданған, тездетіп сау көз таппасақ ұлыңыз соқыр болады.

Айым: құлыным- ау, жаным- ау енді қайттім.

Зақым келді сенің оң жақ көзіңе,
Алас ұрдым, амандық тілеп өзіңе,
Қатты зақым алған екен ұлыңыз,
Сау көз тауып салу керек, дереу, тез.
Деген сөзін дәрігердің естіп ап, 
Өссін, өнсін, бақытты әр кез болсын деп,
Балам үшін құрбан еттім өзімді,
Саған бердім сап-сау тұрған көзімді.

Міне, балам, содан бері соқырмын,
Содан бері таңылмайды шешімім,
Осы көзбен мен ұялтсам өзіңді,
Кешір ботам, кешір қалқам, шешеңді.
Асел: Өкініштен өзегі өртенген бала аһ ұрып жылайды ,бірақ, бәрі де кеш еді...

Алтынай: «Ана» монолог оқиды.

Асылхан: «Анашым», не істедім құдай! « Анам-ау!!»



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Соқыр ана (10 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.02.2016 13137
    • DOCX 45 кбайт
    • 182 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ивышева Эльмира Кияковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ивышева Эльмира Кияковна
    Ивышева Эльмира Кияковна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37437
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой