Инфоурок Другое СтатьиСтатья "Демографиядағы халықтар өсуі мен әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары"

Статья "Демографиядағы халықтар өсуі мен әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары"

Скачать материал

Демографиядағы халықтар өсуі мен әлеуметтік-экономикалық даму проблемасы

 

Еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы бойынша Қазақстанда 25 миллионға терең, мамандығы ұшталған азаматтары мен тұрғындары болуы керек. Бұл бағытта көптеген әлеуметтік-экономикалық шаралар алда жүзеге асырылмақшы.

Біздің дербес демографиялық  саясатымыздың негізгі қағидалары 1994 жылы қыркүйектің 5-13 күндері Мысыр астанасы Каир қаласында БҰҰ-ның шақыруы бойынша «Халықтар өсуі және әлеуметтік даму»  атты ғылыми конференциясынан кейін жүзеге асырыла бастады деуге болады.

Қазіргі таңда демографиялық саясат деп мемлекеттік тұрғыдан қоғамның ең өміршең және бастапқы қажет тіршілігін, атап айтқанда – халықтың өсіп-өнуі мен сақталып дамуын, өлім-жітімі мен көші қонын және мекен-жайға дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін шаралар мен іс-әрекеттердің біртұтас жүйесін айтамыз.

Демографиялық саясаттың негізгі мақсаты – мемлекеттік дамуды, қоғамдық ахуалды және ұлттық мүддені қамтамасыз етуге арналған өзіне ғана тән, қажетінше тиісті, әрі тікелей тиімді жолдармен жетуді нысана етіп алады. Сол биік мақсаттарға жетудің  үш бірдей әдісі баршылық. Олар – ел тұрғындарының демографиялық ой-пиғылына  және миграциялық мінез-құлқына қоғамдық-психологиялық, заң-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық  әдістермен тиісінше  әсер ете алады. Демографиялық саясатымызды болашақта дәйекті түрде жүзеге асырып, сол арқылы мемлекеттік мүддеміз бен ұлттық мұратттарымызды және әлеуметтік мақсаттарымыз бен экономикалық деңгейлерімізді қамтамасыз ететіндей осындай заңдар топтамасы ғана емес, сонымен қатар әлі де болса қолға алынбаған ішкі азаматтық, неке және отбасы, тұрғын мекен-жайы, үрім-бұтақ өсіру мен денсаулықты сақтау туралы қазіргі бар заңдарымызды демографиялық тұрғыдан қайта қарап, уақытқа сәйкес оларға  тиісті  өзгерістер енгізу Отанымыз үшін өте қажет. Өркениетті елдердің барлығында дерлік демографиялық саясат әлеуметтік-экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі және жалпы ішкі саясаттың негізгі өзегі болып қалуда. Бұл елдерде бала туудың  шектелуі және отбасының шағын болуы кең етек алған, оларда халық саны кеміп кету қаупі – депопуляция алдында тұр. Осындай демографиялық депопуляция, яғни табиғи түрде сан кемушілігі алдында, мысалы Еуропадағы елдерден: Германия, Франция, Италия, Швеция ал бұрынғы КСРО елдерінен: Россия, Украина, Белоруссия, Прибалтика мемлекеттері тұр.

Өркениетті қоғамда демографиялық саясатты жүзеге асыру үшін өзінің бірнеше алғышарттары, яғни демократиялық принциптері болады. Енді соларға қысқаша тоқтала кетейік. Оның негізгі принциптері  шарттарына мыналар жатады:

1)                           гуманистік принцип - ол адамның жеке бас бостандығы мен адам құқы және жанұяның қоғамдағы  автономиялық және өзіндік отбасы тіршілігін сыйлау;

2)                           демографиялық саясат халықтың тарихи өсіп-өну және даму заңдылықтарына сүйенуі тиіс және оларға  қарсы жүргізілмейді;

3)                           ешқандай кінәмшілдік және зорлау мен күштеу, тіптен ұлттық, әлеуметтік, нәсілдік жағынан алалауы болмауы керек;

4)                           демографиялық жолмен кейбір әкімшілік қолданыстар тек ірі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешкенде көмекші әрекет ретінде ғана қалуы керек;

5)                           саясат қолданыста біркелкі бола тұра жергілікті кей жағдайда аймақтық, өлкелік, аудандық, этникалық ерекшеліктерді ескерген жөн, мысалы, көші-қонда, отбасы мен неке дәстүрінде;

6)                           демографиялық мінез-құлық пен көші-қонға деген пиғыл бір ел ішінде әр халықта әртүрлі болғанның өзінде, мемлекет бір ғана мақсатты, өмірлік өз мүддесін қорғайды және өзінің мақсатын көздейді, өзінің саясатын жүргізеді.

7)                           елдің ішкі демографиялық ахуалын біртұтас бағалай отыра, материалдық, моральдық және медициналық шараларды жеке дара емес, жан-жақты толықтыра, үйлестіре қатар қолдану керектігі;

Демографиялық саясат Қазақстан жағдайында ондағы әртүрлі ұлттар мен олардың шоғырының және шашырандысының (диаспорасы) даму ерекшеліктерін қатты ескеруі қажет.

Республикада бірегей күрделі де демографиялық жағдай қалыптасты. Ол тарихи өткендегісінен бастау алып отыр және оның ұзаққа созылатынына байланысты жас мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуында  зор экономикалық және стратегиялық маңыз алады. Демографиялық жағдайдың өзіндік сипаты соғыстан кейінгі 50 жыл ішінде Қазақстан халқының жалпы саны алғаш рет кеміп бара жатқандығын байқатады.

1992 жылы басталғаннан бұл босаңсу, алдын-ала жасалған болжамның «орташа» нұсқалары бойынша, алдағы ХХІ ғасырдың бас кезіне дейін, шамамен 2010-2013 жылдарға дейін созылуы тиіс. Осы 15-20 жыл ішінде Қазақстандағы халықтың саны жоғары болған 17 миллионнан 15,5 миллионға дейін, яғни бір жарым миллион адамға кемігендігін көруге  болады. Тіпті мұндай демографиялық тоқыраудан арылған күннің өзінде Қазақстан халқының бұрынғы санын тек өз ішіндегі табиғи өсім есебінен қайтадан қалпына келтіруге кем дегенде 10-15 жыл қажет екен.  Өйткені ол кезде табиғи өсімнің өзі тағы баяулай түседі. Сонымен, нарық экономикасына көшу кезеңіндегі қиындықтардың салдары ретінде бой көрсететін халықтың өсуі – жалпы дағдарысы, демографиялық құлдырау мен одан соңғы қайта өрлеу процесі айтарлықтай ұзақ уақытқа, тіпті 25-35 жылға созылады. Демографиялық саясат кез-келген шынайы тәуелсіз мемлекеттің ішкі саясатының дәйекті негізін қалайды. Кейбір мемлекеттерде халық шектен тыс тым көбейіп немесе кейбіреулерінде керісінше, саны сиреп кету қаупі өзекті мәселеге айналса, ал үшінші бір мемлекеттерде бала туу күрт төмендеуінен халықтың кеміп кетуі басқадай қатерлі қауіп туғызады. Анығын айтсақ, әлемде халықтар санының орасан  мол өсуі күрделі мәселеге айналып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ХХІ ғасыр демография ғасыры болмақ!

Ал, Қазақстанда демографиялық саясатының жаңа жүйесі біздің республикада Кеңес Одағы кезінде 1983 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізілді. Оның бір айғағы: көп балалы отбасыларына, жас отбасыларына да бала тәрбиесіне тікелей материалдық көмек көрсету. Қазір біздің республикада отбасының үш түрі бар: көп балалы отбасы, шағын отбасы, жеке дара отбасы. Соңғы жылдары әсіресе, қалаларда отбасының соңғы екі түрі көбейіп келеді. Себебі: қазір жоспарлы отбасылар басым, яғни отбасының көлемі мен құрамын жоспармен «жасау». Мұндай отбасыларында, яғни ғылым тілімен айтқанда қарапайым, құрамы жағынан біртекті отбасыларда бала саны біреу-екеуден артпайды. Демографиялық үрдіс біздің республика бойынша 50 жылдардың соңы мен 60 жылдардың бас кездерінде жүріп өтті. Сол жылдары әр 1000 қазақ әйеліне шаққанда 225 баладан келсе, 1990 жылы бұл цифр 130-ға, ал 1998 жылы – 82-ге, 2010 жылы 75-ке 2-3 есе төмендеді. Бұлайша кемудің 70 пайызы бала санын шектеуден болса, қалған пайызы отбасын кеш құрудан, тағы бір себебі ажырасу пайызының өскендігінен. Халық сапалық жағынан да, сандық жағынан да өсуі тиіс. Бұл біздің ұлттың сандық өсуіміз демографияға тікелей байланысты. Демографиялық тұрғыдан ол өзін-өзі аяғына дейін алып шықса, болашақ туындатар проблемаларды шешуге болады. Әр халықтың өсу потенциалы бар.

Қазір егеменді жас мемлекет Қазақстан Республикасының географиясына тарихи, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарап, оның ерекшеліктерін ескере қоғамымызды демократияландыру кезеңінде демографиялық проблемалар мейлінше артып отыр.

 

 

«Жас өркен» колледжінің оқытушысы Жалғасова О.А.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья "Демографиядағы халықтар өсуі мен әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 049 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.03.2016 2985
    • DOCX 38.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жалгасова Орынкул Асанкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жалгасова Орынкул Асанкызы
    Жалгасова Орынкул Асанкызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75393
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 629 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы духовно-нравственной культуры народов России: особенности преподавания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека