Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Статья на тему "ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Статья на тему "ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ"

библиотека
материалов

 

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

 

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:

                  білім  мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байланысты;

                  ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;

                  баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;

                  мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның  бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;

          қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.

                  оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы  негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады;

                  есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

       Қазір Республиканың оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді, олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады», - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттері, оқытушылары, ғылыми қызметкерлерге, университет басшыларына арналған «Инновациялар мен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасы» тақырыбындағы дәрісінде білім мен кемшіліктер кеңінен талданып, білім берумен қатар ғылымды жетілдіру республикамыздың бәсекелестікке қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енудің басты шарттарының бірі деп көрсеткен.

Аталған дәрісте Елбасы ғылым саласына 2012 жылға дейінгі қаржыны 25 есе арттыру керек деген мақсат қойып, тікелей өзінің тапсырысымен Премьер-Министрдің басшылығымен Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия құрылатындығын және оның атқаратын қызметімен таныстырды. Алға қойылып отырған көптеген мақсаттар мен міндеттер біздің артта қалуымызбен байланысты. Президент АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония сияқты әлемдегі дамыған елдерді мысалға ала отырып, республикамыздың ғылыми жетістіктері мен жаңалықтары жағынан артта қалғандығын атап айтқан. Сонымен қатар, біздің өмір сүріп жатқан кезеңіміз – ақпараттық технологиялар кезеңі, соған байланысты адамдардың қоғам, болмыс, табиғат және ғылым т.б. салаларда жеткен жетістіктерінің сансыздығына байланысты оқу үдерісінің мазмұны да жаңарып, оқытудың әдіс-тәсілдері де жаңартуды қажет етеді. Осыған орай, оқу үдерісі барысында барлық адамзат жетістіктерін жеткіншек ұрпақтың бойына сіңіру мүмкін емес, сондықтан басқа мемлекеттермен қатар біздің мемлекетіміздің білім саласы да оқытудың инновациялық әдістерімен қатар түрлі технологияларды пайдалануда.

     Сондай әдіс-тәсілдердің бірі ретінде қазіргі уақытта білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Қазіргі кезеңде Қазақстанда  әлемдік  білім  беру   кеңістігіне    енуге бағытталған    жаңа    талаптарға    лайықты    білім   беру    жүйесі  жүзеге асып келеді. Бұл үдеріс оқу-тәрбие үдерісінің педагогикалық    теориясы    мен   іс-тәжірибесін    мәнді     өзгерістермен    халықаралық    білім беру  деңгейіне  жетуді көздейді, сапа   менеджменті    жүйесімен    байқалады.

Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік және отандық педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін, әсіресе, дамыта оқыту, студенттердің даму ерекшеліктері туралы мәселелер, ұзақ жылдар бойы екшеліп жинақталған жоғары оқу орындарында білім беру мақсатының приоритеттерін түбегейлі өзгерту қажеттігін туғызып: бірінші кезекке, бұрынғыша студентті пәндік білім, білік, дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде студенттерге жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылды. Білім беруде студенттің тәрбиесі мен дамуына приоритет берілуі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Білім Заңына орай оның қызметіндегі өзгерістер студенттерге сапалы білім беруді талап етеді.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  келеңсіз құбылыстарды  болдырмау, түбегейлі  ұйымдық, құрылымдық  өзгерістер, білім берудің  мазмұнын жаңарту және балаларды оқыту  мен тәрбиелеу  сапасын жетілдіру, Республиканы дамытудың  қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық  және саяси жағдайлары  мен дамуы жоғары елдердің  озық тәжірибесіне  сәйкес мамандарды  даярлау жөнінде  шаралар қолдануды қажет етеді:

  • өз бетінше білім алу және оны практикада  қолданудың  қажеттілігімен  дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде  баулуға;

  • оқушыны жеке тұлға және қызмет субъектісі  ретінде  дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға;

  • ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастамалардан нәр алуын бойында қалыптастыруға;

  • жалпы негізгі білім беру сатысында бейім  алды даярлықты  және  орта  білім беру сатысында   бейімді  оқытуды  қамтамасыз етуге бағыталатын болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» көрсетілген білім беру жүйесінің негізігі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығуды көздейді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде оқыту үрдісінде қолданылатын тәсілдер, принциптер мен айқындаушы жүйе, нақты оқыту процесі ретінде  сипатталады.

 Осыған орай қазіргі педагогикалық ғылыми тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа технологияны ендіруге үлкен әрекет үстінде.

 «Технология»  деген термин гректің түп тамыры тех –  өнер, шеберлік, кәсіп және логос – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі  түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол  өндірістік процестерді жүгізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы (металдардың технологиясы, химиялық технология,  құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б.) Осы термин өнімді  өндіру процесі  барысында жүзеге асырылып, шикізатты материалдарды немесе жартылай фабрикаттарды өңдеудің, жасаудың, жағдайларының қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде міндеті практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физикалық, химиялық, механикалық және тағы басқа заңдалақтарды анықтау болатын.

Негізінен, ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбекттің технологиясы дегеніміз не екенін анықтау.

Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатысты, егер білім берудің мақсаты - білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгеру мен бағаланады. Бірақ, әдеттегі білім беру моделінің дағдарысы педагогикалық негізгі категориялардың бір қатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі.

Педагогикалық инновация білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы қажет.  Жоғары оқу орындағы инновациялық үдерісті басқару моделі жалпыға  бірдей міндетті білім беру  мақсаты, мазмұны және оқу-тәрбие үдерісіне ендірілетін жаңалықтар сипаттары арасындағы қисынды байланыстар есепке алынып, құрылуы қажет.

Білім беру стандарттарын жүзеге асыру инновациялық үдерістің   қажеттілігін    келесі    себептерден    байқатады:

1. Сапа  менеджменті  жүйесі терең, тиянақты білім беруді талап етуіне  қатысты озық технологияларды пайдаланып, оқытуда зерттеушілік, шығармашылық, педагогикалық қызмет сипатын    қажет етеді.

2. Білім беру мақсатына қатысты жеке бағдарлы қазіргі заманғы педагогикалық қызметті ұйымдастыру, гуманистік тәсілдеме жасау білім беру үдерісіне қатысушылардың  барлығының жалпы дамуын жүзеге асыруға инновациялық үдерістер себепкер болып, сапалы жаңа білімді қалыптастыруға ықпал  жасайды.

3. Педагогикалық шығармашылықтың құрамды бөлігі есебінде жеке иннова циялық  қызмет  педагогтың  кәсіби өсуі, тұрақты өзін-өзі жетілдіруі, озық тәжірибелерді зерделеп, игеруі бойынша шығармашылықпен өзінің    жауапкершілік    сезімін    арттырады.

4. Білім берудің сапалануы, бәсекелестікке лайықты болуы,  педагогикалық әлемде жаңа құндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынастың жаңа, жетілдірілген мәдениетін  көтеріп, қоғамдағы    рөлін дамуын  арттырады.

5. Инновациялық үдерістер білім беруді сапаландырудың тасымалдаушы    инструкциясы есебінде педагогикалық саналылық пен белсенділікті қалып тастырып, кәсіби шеберлігін  шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде  еңбек    етуге жеткізеді.

Педагогикалық  қызметте    «технология»   түсінігі    ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде, білім беру саласына жаңа компьютерлік  технологияның ендірілуіне қатысты арнаулы бағыт технологияны XX ғасырдың  60-жылдары  АҚШ орындады,  ал  қазір XXI ғасырдың  басында іс  жүзінде  әлемнің  барлық  елдеріне таралды.

Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін ғалымдар, мұғалімдердің ізденістерінің нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың   жаңа технологиялары өмірге келуде.

Білім беру саласында қазіргі кезде 50-ден астам  жаңа  технология    қолданылады.

Педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейді және ғылым ретінде де жұмыс істейді және оқуда қолданылатын тәсілдер  жүйесі ретінде, оқытудың шынайы барысы ретінде де қарастырылады. Педагогикалық технология, оқыту  технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог-ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан   зерттелуде.

Инновациялық үдеріс – білім  беру үдерісінде тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бірінші жағдайдан екінші жағдайға көшуіне  алып  баратын  жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекеті болып саналады. Білім беру ұйымдары жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметті атқарады. Инновация   өзінен-өзі   пайда   болмайды.  «Инновация» ағылшын тілінен  («innovation»)  шыққан,   «жаңаша   серпінділік»,  «жаңашылдықты   енгізу» деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі күні  білім берудің сапалы өзгерістерін қажет ететін тек теоретиктер   ғана   емес,    сонымен   бірге   білім   практиктері   де   мойындап  отыр.   Инновациялық   технологиялар   қазіргі   оқу орындардың   басты   сипаты   болып    табылады.

Педагогикалық   технология – оқу   үдерісін  іске   асырудың   мағыналы   технологиясы. Педагогикалық технология – оқытудың   жоспарлы   нәтижесі. Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданыла тын барлық жеке тұлғалық, құралдық, әдістемелік тәсілдердің жүйелі   жиынтығы  ретінде   жұмыс   істеу.

Педагогикалық технологияның көкейтестілігін анықтау үшін төмендегі   қайшылықтарды атауға болады:

- қоғамның   педагог   мамандары   қойып   отырған   талабының   күшею   мен   кәсіби  білім  беруді   жүзеге   асыруда    кездесетін   қиыншылықтар  арасындағы;

- қайта дамып отырған жекелеген  педагогикалық жүйелер мен олардың жылдам өзгеріп отырған  еңбек шараларына бейімделуі, білім беру  жүйесінің консервативтілігі арасындағы;  

- оқытушының әлеуметтік рөлі және қоғамдық ақпараттық – коммуникациялық қызмет арасындағы.

Педагогикалық технологияның  мәні: тұлғаның дамуы мен өзін-өзі  дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны оқытушының, оқу мекемелері мен бүкіл білім  жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интел лектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани,  азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу, тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына  көмектеседі деп көрсетеді. Педагогикалық технологиялар теориялық негізде құрылады: оқыту әдістемесі дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің ұстанымын  содан іздеп табады.

 




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров437
Номер материала ДВ-280387
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх