Инфоурок Другое СтатьиСтатья Тәрбие жұмысын жоспарлау-тәрбиелеу процесінің табысты шарты.

Статья Тәрбие жұмысын жоспарлау-тәрбиелеу процесінің табысты шарты.

Скачать материал

    Тәрбие жұмысын жоспарлау-тәрбиелеу процесінің табысты шарты.

                                 А.М. Шарипова, Теміртау политехникалық колледжінің оқытушысы

. Тәрбиелік жұмысты жоспарлау тәрбиелеу процесін табысты ұйымдастырудың қажетті шарты. Жоспар жасай отырып, сынып жетекшісі сынып ұйымының және жекелеген оқушылардың дамуын жобалайды. Ол тәрбиелеу міндеттерін белгілеп қана қоймай, оқушылардың тәрбиелік деңгейін арттыру жолдары мен түрлерін де көрсетеді.

Жоспарсыз сыныптағы тәрбиелік жұмыстың мазмұны, түрлері мен әдістері кездейсоқ факторлармен анықталып, стихиялық сипатта болады.

Сынып жетекшінің тәрбиелік жұмыс жоспары-міндетті педагогтік құжат.

Тәрбиелік жұмысты жоспарлауы сынып жетекшісінің негізгі міндеті, оның орындалуына сынып жетекшісі жауапты.

Сынып жетекшісінің жұмысы тәрбиенің мағынасын және өзін тәрбиеші тұрғысынан ұғынудан, басқаша айтқанда адам тәрбиелеу миссиясының орындалуы үшін саналы түрде өзіне жауапкершілік жүктеуден және соған сәйкес ішкі уәждемесінен басталады.

  Сынып жетекшісі өте манызды  және жауапты міндеттерді орындайды.Ол сыныптағы жұмыстың ұйымдастырушы  ретінде, оқушы ұжымын тәрбиелейді.Сонымен қатар оқытушылар ,ата-аналар мен қаумдастықтың тәрбие жұмысындағы мақсат ,мүддесін бір арнаға тоғыстырады. Сынып жетекшісінің жоғары адамгершілігі, мәдениеті және балаларға деген құрметі, олардың болашағына қызығушылықпен қарауы, шығармашылық ізденісі,мейрамділігі мен шыдамдылығы –тәрбие жүйесінің  негізі болып табылады.

  . Топ жетекшісінің тәрбие жұмысы оның шәкіртерінің  бойында жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға негізделеді. Ол төмендегідей құндылықтарды қамтиды:

Адам – адамгершілік тәрбиесі.

Отбасы – баланың бірінші ұжымы, оынң тіршілік ортасының табиғилығы, сондықтан қылыпты отбасының пайда болу қажеттілігін тәрбиелеу қажет.

. Еңбек – шығармашылық пен даму қажеттілігіне тәрбиелеу.

Білім – шындықты және адам тұлғасын дамыту тәсілін іздеу, үнемі даму қажеттілігін  тәрбиелеу.

Мәдениет – мәдениетке қатыстыру, руханилықты, адамгершілікті және интеллектуалдықты үнемі іздестіру қажеттілігін тәрбиелеу.

Отан – өз халқының тарихын құрметтеуді ,отансүйгіштікке тәрбиелеу,

Жер – планетарлық ойлауды игеру, әлемнің біртұтас бейнесін жасау, жалпыадамзаттық проблемаларға қалыпты қатынас қалыптастыру.

Әлем – тіл табыса білу мен адамзаттық бейбіт қарым қатынас бейнесін қарым-қатынасының  хал-ахуалын  жасау.

Сынып жетекшісі – тек қана адамзаттық құндылықтарға үйретіп қана қоймай, жан-жақты білімді; жұмысты шығармашылықпен істей  білетін жеке тұлға қалыптастыруға міндетті. Тұлғаның жан-жақты ашылуына дұрыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысы септігін тигізуі сөзсіз

Сынып жетекшісі тәрбиелік жұмысты жоспарлау алдында не істеуі керек?

Біріншіден, оқушылардың жасын, топ ұжымының даму деңгейін, тәрбиелеу шарттарын ескере отырып мақсаттары мен міндеттерін анықтап алу керек.

Екіншіден, балалар мен топ ұжымын (олардың түсініктері мен ұғымдарын, икемділіктері мен қажеттіліктерін, даму деңгейлерін, байланыстары мен қарым-қатынастарын, т.б.), сондай-ақ өмір тарихтары мен отбасындағы тәрбиелерін, оқу-тәрбиелік процесс барысының жағдайын зерттеуі тиіс. Бұл екі жолмен жүзеге асырылады:

1.     психологиялық-педагогикалық зерттеудің әр түрлі әдістемелерін, диагностикалауды, сауалнаманы пайдалану арқылы;

2.     бастапқы күндерден бастап сынып жетекшісінің жұмыстарын: «білім күні», жексенбілік жорық, «танысу күні», бірінші ата-аналар жиналысы, кабинетті көркейту және жарықтандыру сенбілігін өткізу, т.б. шаралар жүргізу. Бұл шаралардың барлығы балаларды, оқушылар ұжымы мен ата-аналарды жақсырақ білуге көмектеседі.

Үшіншіден, оқушыларды жоспарлауға қатыстыру. Оның формалары жетіп жатыр: сынып сағаттары, тренингтер, сауалнамалар, (оқушылардан сұрақтарға жазбаша жауап алу), ұсыныстар жәшігі, ақылдасу, идеялар мен ұсыныстар аукционы, т.б.

Төртіншіден, алда тұрған оқу жылы күнтізбесінің атаулы күндерін зерттеу.

Бесіншіден, барлық оқу пәндерін тереңдете оқуға көмектесетін экскурсиялар, мұражайларға, көрмелерге бару, пәндік апталар, онкүндіктер өткізу, т.б. қажеттілігін анықтау.

Сынып жетекшілерінің тәжірибесінде жиі кездесетін жұмысты жоспарлау кезіндегі неғұрлым көп тараған қателер:

Ø оқушыларды терең ғылыми зерттеу мен қалыптасқан педагогикалық жағдайға негізделген нақты белгіленген мақсат пен тәрбиелеудің белгілі бір стратегиялық міндеттерінің болмауы;

Ø дәстүрлі  жоғарыдан ұсыныстар, нақты белгіленген «шаралар» күту, соның салдарынан сынып жетекшісінің босбелбеулікке жол беруі;

Ø жоспарлаудың қарадүрсінділігі (көбіне кездейсоқ істер тізімінен тұратын жоспарлар);

Ø балаларды жоспарлауға тарта білмеу;

Ø балалар ғана емес, педагогтің өзін қызықтырмайтын, дұрыс жоспарланбаған  істер.

 

Тәрбие  жоспарына қойылатын негізгі талаптар:

Ø Жоспардың мақсаттылығы.

Оқу орнының басты мақсаты оқушыларды жан-жақты дамыту, оларды өмірге даярлау болып саналады.

Ø Топтағы тәрбие жұмыстарының мазмұны, формасы  мен  әдістерінің әртүрлілігі (пікірсайыстар, сөзсайыстар, викториналар, кездесулер, т.б.).

Кейде кейбір топтарда бірден-бір және әмбебап тәрбиелеу формасы сынып сағаттары, ал жеке тәрбиелеу әдісі – артта қалушылармен көзбе-көз әңгімелесу ғана болып келеді  

Ø Оқушыларды тәрбиелеудің жүйелігі мен реттілігінің сабақтастығын қамтамасыз ету.

Жоспарда белгіленген тәрбие шаралары – бірыңғай тәрбие процесінің жекелеген буындары сияқты болып келеді. Әрбір келесі шара өткен шараның жалғасы сияқтанып, оның нәтижелеріне сүйенеді. Бұл оқушылардың мүдделілігі мен белсенділігін қолдау үшін қажет.

Ø Жоспардың шынайылығы.

Жоспар жасау кезіндегі орындалмайтын міндеттерді қоймау керек. Жоспарланатын жұмыс көлемі топ ұжымының мүмкіндігінен аспауы тиіс.

Ø Жұмысты жоспарлаудағы келісімділік.

Топтағы тәрбиелік жұмыс жоспарын жасар алдында жалпыколледждік жоспармен танысып алу керек.

Жоспар жасаған кезде оқушылардың ұсыныстары мен тілектерін ескеру керек. Сондай-ақ топтағы пән оқытушыларының ұсыныстарын ескерген дұрыс.

Әрбір сынып жетекшісі өз жұмысын жоспарлауға шығармашылықпен, топ ұжымының жеке ерекшеліктерін, сондай-ақ өз мүмкіндіктерін ескере отырып кіріскені жөн.

Сынып жетекшісі жоспарының бөлімдері:

Ø Топқа қысқаша сипаттама

Ø Тәрбиелік міндеттер

Ø Топ ұжымы әрекетінің негізгі бағыттары мен формалары

Ø Топпта жұмыс істейтін пән оқытушыларымен жұмыс

Ø Ата-аналармен жұмыс

Сынып жетекшісі жоспарының жобасы:

1.       Топқа қысқаша сипаттама:

Ø  Топ жайлы жалпы мәліметтер (оқушылардың, ұлдар мен қыздардың саны);

Ø  оқушылардың үлгерімі;

Ø  тәртіп жағдайы;

Ø  Топ белсенділері;

2.       Топ сипаттамасынан тәрбиелік міндеттер шығады.

3.       Топ ұжымының негізгі бағыттары мен әрекет формалары.

Жоспардың бұл бөлімінде жұмыстардың формалары, орындалу әдістері мен мерзімдері көрсетіліп, орындалғаны жайлы белгілер қойылады. Бұл бөлім әдетте мына формада болады:

Жұмыс мазмұны, формасы мен әдістері

Орындалу мерзімдері

 

Орындаушылар

Орындалғаны туралы белгілер

1

2

3

4

5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Тәрбие жұмысының бағыттары.

а)  Патриоттық тәрбие.

б) Адамгершілік, саналық пен мінез-құлық  мәдениетін тәбиелеу.

б ) Саяси-мәдениет  тәрбиесі.

в )Эстетикалық  тәрбие.

г )Салауатты өмір салты.

д )Құқықтық тәрбие.

е)Экологиялық тәрбие.

д)Зияткерлік    тәрбие.

е)Ата-аналармен жұмыс

 

 Осы бағытта жоспарланған   тәрбие жұмысының артықшылығы  келешектік және күнтізбелік жоспарлар идеялары мен артықшылықтар үйлесімі, серпінділігі мен өзгергіштігі, педагог пен оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері, шығарыпсалма емес, қажеттілік жоспары, оқу-тәрбиелік процесі барысының көрнекілігі,  сынып жетекшісі уақытын айтарлықтай үнемдеу. Бұл кезде тәрбиелеу оңай, қолайлы әрі басқарымды болады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья Тәрбие жұмысын жоспарлау-тәрбиелеу процесінің табысты шарты."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 151 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.06.2017 2872
    • DOCX 73.5 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шарипова Алма Мухамедиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шарипова Алма Мухамедиевна
    Шарипова Алма Мухамедиевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 35503
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой