Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Сыныптан тыс іс-шара "Бүкіл әлемге тараған індет"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Сыныптан тыс іс-шара "Бүкіл әлемге тараған індет"

библиотека
материалов

Исатаева Гаухар Ораловна

Математика пәні мұғалімі,

«Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ» КММ

Бүкіл әлемге тараған індет

Сыныптан тыс іс-шара

Аңдатпа

Бұл сынып сағатында ХХІ ғасыр індеті ЖИТС дертінің таралуы мен одан сақтану

жолдары туралы айтылған. Келешек жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болып,

салауатты өмір салтын ұстауға осы бастан қалыптастыра отырып, «өз өмірің, өз

қолыңда» екендігіне көздерін жеткізу.



Мақсаты: Оқушыларға “ЖИТС” сөзінің мәнін, мағынасын түсіндіре отырып, ғасыр дертінен бойларын алшақтату;

Жасөспірімдердің теріс жолға түспей, ғасыр дертіне шалдықпауын санасына жеткізу; Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Ұрпақ бойына жаман әдеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді сіңірте отырып, ізгілікке адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу.

Түрі: дөңгелек үстел.

Әдісі: пікір алмасу, сұрақ-жауап, мәліметтер беру.

Көрнекілігі: оқушылар салған суреттер, интерактивті тақта, слайд, белгішелер т.б.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі;

  2. Кіріспе сөз;

  3. ЖИТС, яғни жұқтырылған иммунды тапшылығы синдромы туралы мәліметтер беру (статистика);

  4. Қонақпен пікірлесу (№1 емхана, жасөспірімдер дәрігері К.Ш.Кенешова және мектеп дәрігері Д.К.Жарикова);

  5. Сұрақ – жауап;

  6. Психологиялық – тренинг;

  7. Қорытынды.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі таңда дүниежүзінде өмір сүріп жатқан адамзат баласын ойландырып, толғандырып отырған ең үлкен күрделі, шешімін таба алмай отырған проблемалардың бірі «ЖИТС» тақырыбына байланысты дөңгелек үстелін ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші:

Денсаулық – бар байлығың басыңдағы,

Жайнаған өміріңнің жасыл бағы.

Қастерлеп мәпелесең, аяласаң,

Бойыңнан кетпес қуат жасыңдағы, - дегендей «Денсаулық–өмір жалғасының сәулесі, өз саулығыңа қамқор болсаң, жаныңа үнемі сәттілік серік болады».

1-жүргізуші: Енді қазір сөзімізді әрі қарай өрбіту үшін, сөз кезегін сынып жетекшіміз Гауһар Ораловнаға берейік.

Мұғалім: Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХІ ғасырдың обасы аталған ЖИТС (СПИД) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі дерт жайында жұмыр жердің түпкір-түпкірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде бір ақпарат көздері жоқ десе де болады. Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан да осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын алу және емделу тәсілдері сияқты мәселелер барша жұртты мазалап, ойландырып, толғандыруда. ЖИТС-тың таралуы  мен сақтану жолдары  туралы жеткілікті ақпаратқа қарамастан, өкінішке орай ЖИТС індетінің қарқыны басылар емес. ЖИТС-тың алдын алу принциптерін ұғыну қиын емес. Бұл вирус адам ағзасының сұйықтығынан тыс өмір сүрмейді, тұрмыстық қарым-қатынаста берілмейді және әр адамның қорғалуға және өз жақындарына көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 18  мамыр 1998 жылғы жарлығында осы мәселелерге байланысты салауатты  өмір салтын  қалыптастыру бағытында да үгіт – насихатты күшейту туралы шараларын міндеттеп берді. Сондықтан біз бүгін №1 емхананың жасөспірімдер дәрігері Кенешова Кенже Шенеуовна мен мектеп медбикесі Жарикова Дамет Кабышевнамен осы жайлы пікірлесетін боламыз. (4,5-слайд)

2-жүргізуші:

Дерт меңдеп, айналмасын ішке жара,

Ем тауып, оны зерттеу үлкен сала.

Денсаулықтың достары, сақшылары

Қайғыға орын бермес тауып дана.

1-жүргізуші: Бүгінгі таңда ЖИТС дерті бүкіл әлемге таралған, сонымен қатар біздің ел де, оның ішінде Қарағанды облысы да шет қалмаған секілді.

2-жүргізуші: Ендеше статистикаға назар аударайық. (6-8 слайд)

СТАТИСТИКАҒА СҮЙЕНСЕК:

  • ЖИТС қоздырғышын 1983 жылы француз ғалымы, вирусолог Л. Мотанье тапқан.

  • Қазақстанда ЖИТС жұқтыру жағдайы алғаш рет 1987 жылы тіркелді.

  • 2012 жылдың 1-қаңтарында Қазақстан бойынша ЖИТС ауруының инфекциясын жұқтырғандар саны: 17763.

  • Қайтыс болғандар саны: 3446.

  • Қарағанды облысы Қазақстан бойынша 3 орында тұр.

  • Облыс бойынша ЖИТС ауруының инфекциясын жұқтырғандар саны: 3138

  • ЖИТС ауруынан қайтыс болғандар саны: 1136

  • ЖИТС ауруымен ауыратындар: 742

  • Теміртау қаласы бойынша: 2050

  • Қарағанды қаласы бойынша: 498

  • Аудандық, ауылдық жерлерде: 226

  • Балалар саны: 14

  • Қазақстан бойынша 28 лаборатория, 14 облыстың 8 қаласында ЖИТС орталығы, аудандық ауруханалар бойынша 6 лаборатория жұмыс істейді.

1-жүргізуші:

Темекі тамырыңды тарылтады,

Ішкілік ар-ұяттан арылтады.

Арақпенен жақындасып достасқаның,

Жұрдай боп адамдықпен қоштасқаның.

2-жүргізуші:

Есірткі есіртеді есіңді алып,

Мәңгіріп отырарсың ойдан қалып.

Мәз болып ыржаңдайсың күлкің-түлкі,

Бұл ісің көрінбейді саған түрпі.

1-жүргізші:

Адасқанның алды-жөн, арты-соқпақ,

Өткеніңе өкініш, жоқты жоқтап,

Нақұрыстық, азғындық басқа келер,

Ойланбасаң егерде сөзге тоқтап.

2-жүргізуші: Қазір бір сәт бейне фильмге назар аударайық (бейне фильм).

1-жүргізуші: Ал енді пікір алмасу үшін қазір жасөспірімдер дәрігері Шенеуова Кенже Шенеуовнаға сөз кезегін береміз.

Сұрақ-жауап (оқушылар тарапынан):

1-сұрақ: СПИД қоздырғышы қалай жетіледі және оны қоздыратын вирустың таралу жолдары жайлы айтып берсеңіз?

2-сұрақ: АИТВ инфекциясының алғашқы сатысында емделген адам жазыла ма?

3-сұрақ: Қарағанды қаласында АИТВ (ВИЧ) инфекциясын емдейтін орталықтар қанша? Ол жерде емдеу тегін бе?

4-сұрақ: ЖИТС-ке қарсы қолданатын дәрі-дәрмек, вакциналар бар ма?

5-сұрақ: Осы індетпен ауырған адамда аурудың алғашқы белгілері қалай білінеді?

6-сұрақ: ЖИТС-тен қалай қорғануға болады?

2-жүргізуші: Сіздің берген мәліметтеріңізге көптен-көп рахмет!

1-жүргізуші: Ортамызда отырған тағы бір қонағымыз мектебіміздің психологы Мұханбетжанова Нұргүл Рысбекқызына психологиялық-тренинг кезегін берейік.

Психологиялық тренинг: «Айна» ойыны.

Мұғалім: Сонымен оқушылар елбасымыздың «Саламатты Қазақстан» атты 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру келешек жастар сіздердің қолдарыңызда. Ендеше ғасыр індетіне шалдықпаудың кілті неде деп ойлайсыздар?

Оқушылар жауабы:

  • Спортпен шұғылдану;

  • Бос уақытты дұрыс пайдалану;

  • Жеке бас гигиенасын сақтау;

  • Маскүнемдік, нашақорлық, шылым шегуге әуестенбеу;

  • Дұрыс тамақтану. Яғни, салауатты өмір салтын сақтау!

(флипчартта жасырылған суретті үлкейткіш (лупа) арқылы көреді)

2-жүргізуші(қорытынды): Құрметті оқушылар біздер осы өмірдің саналы жас ұрпақтары ұлтымыздың туын биік ұстауға, өзіміздің болашағымыз жарқын да бақытты болуы үшін қазірден бастап салауатты өмір салтын ұстап, зиянды әдеттерден аулақ болуға ант етейік!

Оқушылар: Ант етеміз!





f



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Бүкіл әлемге тараған індет

              Сыныптан тыс іс-шара

                                                                    

Аңдатпа

Бұл сынып сағатында  ХХІ ғасыр індеті ЖИТС дертінің таралуы мен одан сақтану          

жолдары туралы айтылған. Келешек жас ұрпақты зиянды әдеттерден аулақ болып, 

салауатты өмір салтын ұстауға осы бастан қалыптастыра отырып, «өз өмірің, өз               

қолыңда» екендігіне көздерін жеткізу. 

 

 

Мақсаты: Оқушыларға “ЖИТС” сөзінің мәнін, мағынасын түсіндіре отырып, ғасыр дертінен  бойларын алшақтату;

 

Жасөспірімдердің теріс жолға түспей, ғасыр дертіне шалдықпауын санасына жеткізу; Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Ұрпақ бойына жаман әдеттерден аулақ болып, жақсы қасиеттерді сіңірте отырып, ізгілікке адамгершілікке, инабаттылыққа, ел жандылыққа тәрбиелеу. 

Автор
Дата добавления 26.03.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Номер материала 461032
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх