Инфоурок Информатика СтатьиТабигаттагы акпарат тусиниги(Медициналық ақпараттық түрлер)

Табигаттагы акпарат тусиниги(Медициналық ақпараттық түрлер)

Скачать материал

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

 

 

Сабақтың тақырыбы: Медициналық ақпараттық түрлер.

 

Сабақтың  мақсаты:      

Оқытушылық: Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, таңбалы ақпаратты кодтау  

тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылық: Студенттердің логикалық құрылымдық ойлау, шығармашылық 

өз ойларын тез қорыта білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:    Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа 

тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – иллюстративті

Сабақтың  уақыты:    90 минут

Сабақты өткізу орны: 204 ауд

Пәнаралық байланыс:  Биология, математика

Пәнішілік  байланыс: Информатика пәні және міндеттері.Ақпараттың анықтамасы Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайдтар 

Қолданылған әдебиет:

негізігі: Балапанов Е.Қ «Информатикадан 30 сабақ», Ермеков Н.Т. 

             «Информатика»

қосымша: «Информатика журналы»

Студент білуге тиіс: Материалды дүниедегі ақпаратты

Студент істей білуі тиіс: Ақпарат бірлігін және түрін есептеу

 

 

Сабақтың хронокартасы және құрылымдық - логикалық сызбасы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин

ІІ. Жаңа  тақырыпты түсіндіру – 70 мин

ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту – 10 мин

IV. Қорытынды – 5 мин

V. Үйге  тапсырма – 3 мин

 

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру  кезеңі

          а)  Оқу  кабинетінің сабаққа даярлығын тексеру

          б)  Студенттермен танысу, түгендеу

          в)  Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

 

ІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру

 

Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі – бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі –қалай да болсын –ақпарат алу, жинау және өндеумен байланысты. Адам не істесе де: кітап оқығанда, теледидар көргенде, сөйлескенде –ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді.

         Біз өмір сүріп отырған ғасырға –автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техника сияқты –ғылымның, техниканың және жаңа технологиялардың бұрын  болмаған жылдамдықпен дамуы тән. Мысалы, кітап басып шығаруды ойлап тапқаннан (ХV ғасырдың ортасы) радиоқабылдағышқа (1895) дейін 440 жылға жуық, ал радио мен теледидар арасында 30 жылдай уақыт өткен. Ал алғашқы транзистор мен интрегралдық схеманың арасындағы уақыт не бары 5 жыл болды.

         ХVII ғасырдан бастап ғылыми ақпарат жинау саласында ақпарат көлемі, шамамен әрбір 10 –15 жыл сайын екі көбейіп отырады. Сондықтан адамзаттың тіршілік әрекетінің кез келген саласынджағы ақпараттың тасқынды ағыны – оның екі маңызды проблемаларының біріболып табылады.

          Мысалы, есеп бойынша қазіргі кезде әр маман өз қызметі саласындағы барлық жаңалықты қадағалап біліп отыруы үшін жұмыс уақытының 80 %-не дейін жұмсауы керек.

          Ақпарат – адамның өзіне қарағанда әлдеқайда көне құбылыс. Табиғат әлдеқашан өсімдіктер мен тірі организмдерде жұмбақталған (кодталған) ақпаратты өзінің даму барысында беріп отырған. Ал жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа қандай бай! Адамдар өздерінің алғашқы қадамдарынан  бастап- ақ ақпарт беру мен сақтаудың жаңа құралдарыніздеуде  және табуда. Бұған жартастағы суреттер де, “Жазбалар ғибадатханасындағы” Майя өркениетінің иероглифті тақталары да, ежелгі египеттіктердің папирустары, гректердің абак тастары мен жасырын хабарлары жіберуге арналған дискілері де дәлел бола алады.

         Ақпарат дегеніміз не?

           “Ақпарат” термині латының түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін “informatio” сөзіненшыққан. Бұл терминнің кең тарағанына қарамастван, ақпарат түсінігі ғылымдағы ең көп пікірталас тудырған түсініктердің дәл анықтамасы жоқ, көптеген жағдайларда ол интуициялық болып келеді және оған адам әрекетінің әр түрлі салаларында әр түрлі мағына беріледі.

           Ақпараттың анықтамаларының көп болуы – бұл түсініктің мағынасын түсіндірудің күрделілігімен ерекшелігімен және көп түрлілігімен  байланысты. Қазіргі кезде ақпарат түсінігіг айқындаудың кең таралған үш теориялық жолы бар. Олардың  әрқайсысы оның мағынасын өзінше түсіндіреді.

         Біріңші теория (К. Шенон) сандық –ақпараттық тұрғыдан қарастырады да, ақпаратты оқиғаның анықталмағандығының (энтропия) өлшемі ретінде айқындайд. Ақпарат көлемі, қандай жағдайда болмысын, оны алу ықтималдығына тәуелді: хабар неғұрлым ықтимал болып табылса, оның ақпаратты соғұрлым аз болды. Бұл теория ақпараттың мағыналық жағын ескермесе де, хабарды оңтайлы кодтау мен ақпаратты өлшеуге негіз болды да, байланыс техникасы мен есептеуіш  техникасында өте пайдалы болып шықты.  Бұдан басқа, ол ақпарттың жаңалығы, хабардың жеделдігі сияқты маңызды қасиеттерін көрсету үшін өте қолайлы.Ақпартатты осы тұрғыдан түсінгенде–бұл анықталмағандықтың алынуы немесе мүмкін баламалар жинағынан тандап алу нәтежиесі.

     Екінші теория ақпартты материяның  қасиетті ретінде қарастырады. Оның пайда болуы кибернетиканың пайда болуымен байланысты және адам немесе аспап қабылдайтын кех келген хабарламада ақпарат болады деген пайымдауға негізделген. Акпаратты бұлай түсінуді академик  В.М. Глушков айқын бейнелеп жеткәзген. Ол “Ақпаратты тек әріптермен шимайланған кітап беттеі немесе адамның тілі ғана емес, күн сәулесі де, тау жоталарының қыртысы да,сарқыраманың шуылы да, шөптің сыбдырыда жеткізеді ” деп жазады.Яғни ақпарат материя қасиеті ретінде оның табиғаты мен құрылымы, реттелуі, көп түрлілігі және т.б туралы түсінік береді. Ол материядан тыс болуы мүмкін емес, демек, ол болған және мәңгі болады. Оны жинауға, сақтауға және өндеуге болады.

         Үшінші теория – мағыналық (семантикалық) тұрғыдан негізделген, ол бойынша ақпарат білім ретінде және кез келген білім емес, оның бағдарлау үшін, белсенді әрекет жасау үшін, басқару және өзін - өзі басқару үшін пайдаланылатын бөлігі ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, ақпарат – бұл білімнің әрекеттегі, пайдалы, “жұмыс істеуші” бөлігі.

         Бұл теориялар бір –бірін белгілі бір шамада толықтырады, ақпарат түсінігінің мәнін жан – жақты көрсетіп, сонысымен оның негізгі қасиеттерін түсінуді жеңілдетеді.

         Ақпараттын көптеген анықтамаларының ішіндегі орындысы:

Ақпарат, бұл – айналадағы дүние туралы анықтамалмағандықты (белгісіздікті) анықтайтын мәліметтер. Олар: сақтау, түрлендіру, беру және пайдалану объектісі болып табылады.

         Мәлімет, бұл – сигнал, хабарлама және т.б арқылы берілген білім.

         Тұрмыста ақпарат деп адам әр түрлі дерек көздерінен алатын кез келген мәліметтер мен деректерді айтады. Мысалы, қандай да бір оқиға туралы, біреудің әрекеті туралы және т.б.

         Кибернетиканың “атасы” Ноберт Винердің  ақпаратқа берген тағы бір анықтамасын келтірейік: “Ақпарат, бұл – сыртқы дүниеден біздің оған бейімделуіміздің жәнее біздің сезімдеріміздің бейімделуінің процесінде алынған мазмұнды көрсету”.

         Ақпарат көздері мен пайдаланушыларының әр түрлілігі оның әр алуан: символдық, мәтіндік және графикалық тәсілдерімен берілуін тудырады.

        Смимволдарды - әріптерді, цифрларды, белгілерді және т.б. қолдануға негізделген символдық тәсіл – ең қарапайым, бірақ ол іс жүзінде тек әр түрлі оқиғалар туралы күрделі емес сигналдардыы  беру үшін қолданылады. Бұған жаяу жүргіншілерге немесе автокөлік жүргізушілеріне жүріс басталуы туралы белгі беретін көшедегі бағдаршамның жасыл жарығы, жүргізушіге оның не істейтін жөніңде ақпарат беретін автоинспектордың ысқырығы, жүру бағытын көрсететің таяқшасы мысал бола алады.

        Ақпарат ұсынудың тәсілі күрделірек. Мұнда да, алдыңғы тәсілдегі сияқты, символдар: әріптер, цифрлар, математикалық белгілер пайдаланылады. Бірақ ақпарат  тек бұл символдармен ғана емес, олардың үйлесуімен, орналасу ретімен де беріледі.

Мысалы, ЛАС пен САЛ сөздері бірдей әріптерден тұрады, бірақ оларды әр түрлі ақпарат бар.  Символдардың өзара байланысы мен адам тілін бейнелеуінің арқасында мәтіндік ақпарат өте қолайлы, сондықтан ол адам әрекетінде кеңінен қолданылады. Мысалы: кітап, кітапша, газет – журнал, түрлі құжаттар, аудио – жазбалар және т.б.

         Ақпарат ұсынудың графикалық тәсілі көлемді және күрделі. Бұл түріне адам әрекетінде мәні зор фотосурет, схема, сызба, суреттер жатады.

          Ақпарат қасиеттерін үш аспектіде қарастыруға болады:

·         Техникалық тұрғыдан алғанда, бұл – дәлдік, сенімділік, сигнал беру жылдамдығы және т.б.;

·         Семантикалық, бұл – мәтіннің мағынасын кодтардың көмегімен беру;

·         Прагматикалық, бұл – ақпарттың объектінің мінез – құлқына қаншалықты тиімді әсер етуі.

   Прагматикалық  аспект ақпараттың  басқару процестеріне, адамдардың мінез – құлқына әсерін тигізу қабілетімен сипатталады  және ақпарат пайдалылығы немесе құндылығы түсініктерімен сипатталады.

     Ақпарат қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды, әрбір адамның өмірінде нық орын алып, оның ойы мен мінез – құлқына әсерін тигізеді. Ол адамдардың, әлеуметтік  топтардың, таптардың ұлттар мен мемлекеттердің қарым – қатынасына қызмет етеді, адамдардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруға, қоғам өмірінің түрлі құбыластары мен процестерін ұғынуға, әркімнің мәдени және білімділік деңгейін арттыруына, заңдар мен адамгершілік принциптерін меңгеруге және сақтауға көмектеседі. Басқару ісінде ақпарат өте үлкен, ештеңемен ауыстыруға болмайтын рөл атқарады.. шын мәнінде, ақпаратсыз өзара байланысты оьъектілер мен жүйелердің мақсатқа бағытталған әрекеті туралы, басқарудың қандай да болсын түрі туралы сөз болуы мүмкін емес.

     Қазіргі  кезде мәні бойынша әр алуан, арнайы тасушыларға жазылған ақпарат ұлттық байлықтың жаңа типі – мемлекеттің  қасиетті бар – ол қарқынды пайдаланғаннан кемімейді. Осыған қоса, пайдалану процесінде олар қателерінен  құтылып, өз параметрлерін анықтай отырып, ұдайы дамытылады және жетілдіреді. Мысалы, адамдардың қарым – қатынаста болуы, бір – біріне мәлімет беруі – олардың жақындасуына, ой - өрісінің мүмкіндіктерінің артуына себеп болады.

        Ақпарат беру сақтау және өңдеу процестері ақпараттық процестер деп аталады.

         Ақпаратты талдай отырып, бәз алынған ақпараттың сапасын бағалау және мөлшерін аңықтау қажеттігімен кездесеміз. Ақпараттың сапасын анықтау өте қыйын, ал көптеген жағдайларда тіпті мүмкін емес. Кейбір, мысалы, тарихи мәліметтер, ондаған жылдар бойы керексіз деп есептеліп, кенеттен олардың бағалылығы күрт өсуі мүмкін. Мұнымен қатар, ақпарат мөлшерін аңықтау – тек қана емес,  мүмкін де. Алдымен, бұл ақпараттың жиымдарын бір – бірімен салыстыру үшін, бұл ақпаратты сақтайтын материалдық объектілердің (қағаз, магнитті таспа және т.б.) өлшемі қандай болу керектігін анықтау үшін қажет. Ол үшін ақпаратты оның техникалық аспектісінде қарастырады (7 сыныпқа арналған информатика оқулығын қараңдар) және оның көлемін хабардағы символдар саны бойынша аңықтайды.

         Ақпарат мөлшердің анықтаудың басқа да біздің объект туралы біліміміздің анықталмағандықтарын азайтумен байланысты тәсілдері бар. Бұл тәсілдерде математикалық: ықтималдық және логарифм түсініктері қолданылады. Мысалы, Р. Хартли ақпарат алуды алдын ала берілген ақырлы жиыннан, тең ықтималды N хабардан бір  хабар таңдау процесі ретінде қарастырады, ал тандаған  хабардағы I ақпарат мөлшерін N екілік логарифмі ретінде анықтады.

                                   I = log2 N

    Бірден мыңға дейін сандар жиынынан бір санды табу керек делік. Ол үшін ақпараттың қандай мөлшері керек екенін Хартлидің формуласы бойынша ескептеуге болады: I = log2 1000, яғни – 9.965. сонымен, дұрыс табылған сан туралы хабардағы ақпарат мөлшері, шамамен 9.965 битке тең.

 

Ақпарат және басқару

     “Ақпарат ” және “басқару” түсініктерінің бірігуі ХХ ғасырдың

40 –жылдары Н. Винердің кибернетиканы ашуына мүмкіндік тудырды. Кибернетика тұңғыш рет техникадағы, қоғамдағы және тірі организмдегрдегі ақпараттық  процестердің ортақтығын көрсетті. “Ақпарат ” ұғымын қолдану қазіргі биологияның, әсіресе оның нейрофизология   және гентика сиқты бөлімдерінің дамуына маңызды ықпал жасады.

       Н. Винер алғашқы рет жанды, жансыз және жасанды жүйелердегі басқару жүйелерінің көптеген ортақ белгілері бар екендігі жөнінде ой айтты. Ұқсастықтарды айқындау – нәтижиелері әр түрлі жүйелерде қолданылатын “басқарудың жалпы теориясын” жасауға жетеледі.

        Бұл идея әр түрлі мәселелерді бірыңғай шешуге қабілетті компьютерлер пайда болғаннан кейін ғана мүмкін болады. Компьютерлік есептеулердің әмбебаптығы  жан- жаұты басқару схемаларының болуы туралы гипотезаның әділеттілігіне көз жеткізді.

       Бұл гипотеза уақыт сынына төтеп бере алмады, бірақ кибернетикада жинақталған басқарудың түрлі жүйелері туралы мәліметтер, қайткенмен де, жарым –жартылай болса да табылған ортақ принциптер, белгілі бір сала маманының тар шеңбердегі кәсіптік көзқарасын  әр түрлі объектілер мен жүйелердің ортақтығы тұрғысынан қарайтын көзқарасқа ауыстыруға көп пайдасын тигізеді. Бір саладағы идеялар мен модельдерді басқа салаға көшіру, әр түрлі сала мамандарының кибернетиканың бірыңғай тілінде өзара

қарым–қатынас жасауы өз нәтижесін береді. Қазіргі кезге дейін дәл әдіспен есептеулерді білмеген ғылым салаларында кибернетикалық рухтағы модельдер пайда болды. Кибернетика құрылымдық лингвистика белсенді дамуда.Өзіндік сипаты бар химиялық кибернетика, заідық кибернетика, техникалық кибернетика және т.б. деп аталатын ғылыми бағыттар пайда болады. Бұл “кибернетикалардың” барлығы акпаратты сәйкес ғылым зерттейтін жүйелер класын басқарғандағы пайдалануын зертейді. Ал жалпы методология мен бірқатар жалпы ережелер осы бағытта теориялық және практикалық маңызы бар нәтиже  алуға септігін тигізді.

      Техникалық кибернетика  белсенді дамуда. Оның құрамына автоматиканың  теориялық іргетасы болып қаланған автоматты басқару теориясы кіреді. Бұл саладағы зерттеулердің  маңыздылығы шексіз. Онсыз адам өмір сүретін ортаның айтарлықтай бөлігін құрайтын аспап, станок жасау, атом энергетикасы салаларындағы, тіпті барлық өнім өндірудің барысы мен ғылыми зерттеулерді басқару жүйелеріндегі  жетістіктер мүмкін болмас еді. Автоматты басқару теориясымен техникалық диагностика байланысты. Оның міндеті – жүйелердің  жұмыс істеуін бақылау және олардағы ақауды табу.

     Кибернетикада образдары тану елеулі орын алады. Бұл ғылым саласының негізі міндеті – маңызды ережелерді табу; олардың қолданылуымен нақты дүниенің құбылыстарын жіктеуге, олардың кейбір эталондық кластармен арақатынасын белгілеуге болар еді. Образдарды тану – жасанды интелект (зерде) пен кибернетика шектескендегі ғылым, өйткені маңызды ережелерді табу көбінесе оқыту арқылы жүзеге асырылады, ал оқыту, әрине, интеллектуалдық процедура. Кибернетикада үлгі негізінде оқыту деп аталатын арнайы зерттеу саласы да өз алдына бөліп шыққан.

         Тағы бір ғылыми бағыт кибернетиканы биологиямен тығыз байланыстырады. Жанды және жансыз жүйелердің ұқсастықтары ғасырлар бойы ғалымдарды қызықтырып келді. Жанды жүйелердің жұмыс принциптерін жасанды объектілерде қаншалықты қолдануға болады? Бұл сұрақтардың жауабын кибернетика мен биология шектескендегі ғылым – бионика зерттейді. Нейрокибернетика, оның атауы көрсеткендей, жүйке ұлпаларының жұмысы мен құрылымын зерттеуде кибернетикалық модельдерді қолданумен шұғылданады.

     Кибернетика, жоғарыда айтылғандай, табиғаты әр түрлі объектілердегі жалпы басқару принциптерін зерттейді. Сондықтан оны осындай жүйелердегі тепе – теңдік күйлер мен оған жету тәсілдері өте қызықтырады. Тепе-теңдік тұрақтылық идеясымен тығыз байланысты, атап айтқанда, тұрақтылық пен өзінің пішінін, құрылымын және тіршілік әрекетті мүмкіндігін ұзақ уақыт сақтау қабілеттілігі тек тірі ғана еме, мақсатты түрде құрылған жасанды жүйелерге де тән қасиет. Жоғарыда айтылған автоматтық басқару теориясы, негізінееен, тепе – теңдік күйге жету және оны сақтау тәсілдері туралы ғылым.

       Әсіресе өзара бәсекелестегі  және тіпті өзара қайшылықтағы көптеген жүйелердің әрекеттесуі арқылы тепе –теңдік  жету - өте қиын. Мұндай типті модельдер ойындар теориясында немесе өзара әрекеттесетін әр түрлі құрылғылар жүйесінде қарастырылады. (Автоматтардың ұжымдық жұмыс тәртібін қараңдар.) мұндай типті жалпы модельдер таяуда туындаған, әлі қалыптасу сатысындағы ғылым – гемостатикада қарастырылады.

       Кибернетиканы жеке объектілерді (станоктарды, кәсіпорын құрылғыларын, автомобильдерді, т.б.) басқарудан бастап, тұтас кәсіпорын салаларын, банк жүйелерін, байланыс жүйелерін, тіпті адамдар қоғамдастығын басқарудың аса күрделі жүйелеріне дейін күрделілік дәрежесі әр түрлі автоматтық немесе автоматтандырылған басқару жү.йелерін жасау және падйалану саласында қолданбалы информатика ретінде қарастыруға болмады.

 

 

 

 

 

 

Ақпараттың еселі бірліктері

Атауы

Қысқартылған белгілеулері

Байтпен өлшегенде

Дәрежесі

Килобайт

Кбайт, Kb

1 024

210

Мегабайт

Мбайт, Mb

1 048 576

220

Гигабайт

Гбайт, Gb

 1 073 741 824

230

Терабайт

Тбайт,  Tb

1 099 511 627 776

240

 

 

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты  бекіту: 

Жаңа тақырып бойынша алған біліміңізді мына төмендегі тапсырмалар бойынша тексеріңіз.

 

1. Бес баллдық жүйемен «ақпарат» ұғымының әртүрлі анықтамасын бағала (5 – келеді толығымен, 4 – келеді, бірақ толық емес, т.с.с, 1 – мүлдем келмейді).

Мен үшін "ақпарат" – бұл

бағасы

- жаңа, ертеде маған таныс емес мағлұмат

 

- кез келген мағлұмат: жаңа да, бұрыннан білетін де

 

- компьютер жадындағы сақталған мәліметтер

 

- қоршаған ортада болып жатқан құбылыстар

 

- бәрі мен: не сеземін, не көремін, не естимін

 

- мен басқа адамға берген хабарлар: ауызша, жазбаша, қимыл-қозғалыс түрінде

 

- газет, радио, теледидар арқылы берілетін жаңалықтар

 

 

Шешім шығар:Ақпарат - бұл_________________________________________________

   ________________________________________________________________________

   ________________________________________________________________________

2.    Келесі әрекеттер қандай ақпаратқа жататынын жазыңдар:өңдеу, сақтау, беру.

 

Суретке түсу

 

Музыка тыңдау

 

Нота бойынша ойнау

 

Телефон арқылы сөйлесу

 

Математикадан есеп шығару

 

Өлең жаттау

 

Сағат қоңырауы

 

Компьютерде ойнау

 

Дауыстап оқу

 

Мұғалімнің түсіндіруі

 

 

3.  Өңдеу, сақтау, беру ақпаратына жататын үш әрекет ойлап тап.

   ________________________________________________________________________

   ________________________________________________________________________

   ________________________________________________________________________

. Мына заттардың қайсысы ақпараттың өңдеу, беру, сақтау қызметін атқарады?

 

 

     ____________                  ____________                   ____________                    ____________

Балықшы балық ұстағының қандай белгі және сезімнің қандай мүшесі арқылы сезеді?   

   ________________________________________________________________________

Адам жұмыс істей алатын бүкіл ақпарат түрлерін жаз.

   ________________________________________________________________________

   ________________________________________________________________________

Заманауи компьютерлер жұмыс істей алатын ақпараттың түрлерін жаз.

   ________________________________________________________________________

   ________________________________________________________________________

Мына суреттер компьютермен жұмысталынатын ақпараттың қандай түріне жатады:

 

 


 ____________         __________           ___________         __________          _________

4. Ақпарат ұсынысының түрін көрсет:

А) мәтіндік  Б) графикалық  В) сандық  Г) дыбыстық  Д) видеоақпарат

Мысал

Жауап

Мысал

Жауап

Пәтер нөмірі

 

Мультфильм

 

Жердің картасы

 

Тақпақ

 

Жол таңбасы

 

Жарық сәулесі

 

Сабаққа қоңырау

 

Машинаның нөмірі

 

 

Бақылау сұрақтары:

  1. Ақпарат дегеніміз не?
  2. Қабылдаушы мен ақпарат көзіне мысал келтіріңдер.
  3. Ақпараттың қандай қасиеттері бар?
  4. Ақпарат түрлерін атаңдар?
  5. Ақпарат қандай салаларда кездеседі?
  6. Техникалық құрылғыларына не жатады?
  7. Санау жүйесі дегеніміз не?

8.    Ақпараттың қандай түрлерін білесіз?

9.    Мәліметтер деп нені айтамыз?

10. Мәліметтерге қандай амалдар қолданылады?

11. Мәліметтер қандай құрылымдардан тұрады?

12. Сызықтық құрылымды мәліметтерге мысалдар келтіріңіздер.

13. Кестелік құрылымды мәліметтерге мысалдар келтіріңздер.

14. Иерархиялық құрылымды мәліметтерге мысалдар келтіріңіздер

15. Бит, байт ұғымдарын қалай түсінесіз?

16. Файл дегеніміз не?

17. Файлдық құрылым қалай анықталады?

18. Информатика пәні қандай ұғымдарды қарастырады?

19. Информатиканың негізгі мәселесі қандай бағыттардан тұрады?

20. Қолданушы интерфейсі деп нені айтады?

 

 

IV. Қорытындылау

Бүгінгі өткен сабақты қорыту.

 

V. Үйге  тапсырма

      1Ермеков Н.Т. «Информатика»  3-12 беттер «Табиғаттағы ақпарат түсінігі»

2. Балапанов Е.Қ. «Информатикадан 30 сабақ» 7-10 беттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақтөбе медициналық колледжі» МКҚК

 

 

     Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_______Куздыбаева А.А

«__»________2017  ж

 

 

 

 

 

 

 

 

Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы

 

 

Пән: Информатика

 

Тақырыбы:  Медициналық ақпараттық түрлер

 

Мамандық: «Мейіргер ісі»

 

Курс: І

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         №1 ғылыми – жаратылыстану

         пәндері

         ЦӘК отырысында

                    Қаралды

                    Хаттама№______

                   «__»_________2017 ж

 

ЦӘК төрайымы:           Садыкова Г.С.

 

Әдістемелік нұсқаманы жұмыс бағдарламасына сәйкес құрастырған: Садыкова Г.С.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Табигаттагы акпарат тусиниги(Медициналық ақпараттық түрлер)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2017 1971
    • DOCX 185.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыкова Гульнар Сериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыкова Гульнар Сериковна
    Садыкова Гульнар Сериковна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6163
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 152 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 719 человек

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 76 человек

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе