Инфоурок / Другое / Статьи / Тақырыбы Биология пәнінен Бірыңғай Ұлттық тестке нәтижелі дайындау үшін әдістемелік ұсыныстар мен ңұсқаулар.
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тақырыбы Биология пәнінен Бірыңғай Ұлттық тестке нәтижелі дайындау үшін әдістемелік ұсыныстар мен ңұсқаулар.

библиотека
материалов

Биология пәнінен Бірыңғай Ұлттық тестке нәтижелі дайындау үшін әдістемелік ұсыныстар мен ңұсқаулар.

Ғылыми-әдістемелік орталығы биология

пәнінің әдіскері Сәуле Базарбаева



hello_html_64aafe0a.jpg












ҰБТ мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның қажеттілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады. ҰБТ оқушылардың білім қортындысын дәлелдеуге, білім деңгейін анықтауға және оны жетілдіруге,оқу бағдарламасын терең меңгеруге үйретеді.Сонымен бірге бiлiм беру және технологияларды жетiлдiру заман талабына сай мектептерде оқушылардың білік дағдысын тексеру, қазiргi бiлiм беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтiк - педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан бiлiм мазмұнына жаңалық енгізудiң тиiмдi жаңа әдiстерiн iздестiру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр. Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал, саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан. Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнiң ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды. ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек. Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету. ҰБТ - ге дайындауға әдістемелік ұсыныстар ҰБТ - ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын құру керек. Ол үшін мынадай бағдарламаны ұсынамыз:

1.Психологиялық 2.Ұймдастырушылық 3.Технологиялық 4.Ақпараттық Психологиялық дайындауда - оқушылар, ата - аналар және мұғалімдер көп уақытты талап етеді, сондықтан қазірден бастап жұмыс жасау керек. 11 сынып мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен семинар өткізу ( яғни ҰБТ - ті ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру)
Ұйымдастырушылық дайындауда - ҰБТ - ке байланысты бұрыш ұйымдастыру (ереже, бұйрық, нұсқау және өткен тестін қорытындысы)
Мамандық таңдауға дайындау, ЖО орындарымен, колледждермен байланысты нығайту. Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау.- педагогтардың ЖБИ курстарына қатысуы- тест жасау теориясын меңгеру- күнделікті және бақылау сабақтарында тесттерді үнемі қолдану- оқушылардың тесттен алған бағалары тек алға талпындыратын бағалар болу керек, олардың тестке деген жаман көзқарастарын қалыптастырмау. Ақпараттық дайындауда - мұғалімдерді үнемі ғылыми - әдістемелік және тест орталығының құжаттарымен, ақпараттық басылымдарымен таныстыру. «Су жиегінде тұрып, жүзуге үйретуге болмайды», дегенді ескере отырып, мұғалімдер тест технологиясын оқу жүйесіне енгізулері керек.
Егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек. Рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет. Мектептің негізгі міндеттері-баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттілігін дамыту, оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру. Ол үшін ең алдымен, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің маңызды жақтарына көп көңіл аудару қажет. Оқушылардың оқу үрдісіндегі танымдық жан қуаттарының оянуына түрткі болу-ол мектептегі оқытудың негізгі мәселелері. Оқушылардың белсенділігі мен танымды іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айырықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында түрған міндет. Оқу мектеп жасындағы оқушылардың негізгі таным әрекеті, оқушының жалпы психикалық дамуына, мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты болады. Оқу әрекеті-күрделі, жан-жақты үрдіс. Оқушының ақыл-ой еңбегі жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты іске асырылып отырады. Оқушының өздігінен оқуының жемісті болуы үшін ақыл-ой еңбегінің дағдыларын қалыптастыру керек. Баланың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін арттырып отыруға көңіл аударған дұрыс. Ең алдымен, баланы өз жұмысының мақсат- міндеттерін анықтауға үйрету керек. Бала оқытып, тәрбиелеу мен айналысатын барша педагог қауымның басты міндеті әр оқушының қабілетін ашуға жағдай жасау, жеке түлға қалыптастыру. Ал, оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасу үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, іс-әрекетінің мақсатын, міндетін, түрін, тәсілін, жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдан алатындай жағдайға жетуі тиіс. Ол үшін өзін-өзі басқаруға дағдыландырудың мағызы өте зор. Баланың оқу-әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал тәсілдерін меңгеру. Осыған орай, оқушы төмендегідей білім мен дағдыларды меңгеруге және психологиялық талаптарға ұмтылу керек. Білім негізі төменнен қалану керек дегендей, 6-сыныптан бастап оқушылардың тақырыптық материалды теориялық тұрғыдан дұрыс меңгеруге күш салып, қатаң қадағалау керек. Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, пәндік тақырыптарды ұғыну үшін түрлі биологиялық ойын элементтерін жиі қолдануды әдетке айналдыру қажет. Биологиялық терминдерді оқушы жадында қатаң сақтауы үшін сөзжұмбақ, ребус, т.б. ойландыратын, әрі бала қызыға орындайтын тапсырмалармен жұмыс жасату керек. 7-сыныптан бастап сыныптардың деңгейіне топтап тапсырмалар беру. Түрлі үлестірмелі парақшалар беріп, сұрақ-жауап түріндегі дәстүрлі сабақ әдістерімен қатар, басқаша әдіс-тәсілдерді де кеңінен пайдалану. Оқушылардың биология пәнінен дайындау барысында мына нәрселерге ерекше көңіл бөлуі керек. 1.Жер бетіндегі ағзалардың әртүрлігі 2.Сол организмдердің систематикасы жүйелігі, 3.Организмдердің өздеріне тән ерекшеліктері, 4.Таксономиялық категорияларды талдау барысында, түрлердің алуан түрлілігіне көңіл бөлу. Бұл әрекет балалардың пәнге қызығушылығын арттырады, екіншіден топтық жарысу арқылы белсенділік пен бәсекелестік туындап, пәнді терең меңгеруге құлшынысы артады, үшіншіден әр топ жұмысының арасындағы байланыс арқылы жүйелілікке үйренеді, төртіншіден кітаптағы жайттарды білуге ұмтыла отырып (мысалы, Бытыраяқтылар дүниесі. Ашылуы 1683ж Антон Левенгук. Ерекшелігі: бір жасушалы, ядросыз ағза. Пішіні таяқша, шар, үтір оралма тәріздес. Клетка қабықшасынан, цитоплазмадан, ядро затынан тұрады. Көбіне түссіз, қолайсыз жағдай туғанда спора түзеді. Топырақта 20-30 жыл тіршілік етеді. 8-сыныпта тақырыптық-теориялық білімді меңгертуде түрлі биологиялық атаулар мен терминдерді, тапсырмаларды арнайы ашылған жұмыс дәптерлеріне түсіртіп, әр тақырып арасында тексеріп, сұрап отыру керек. Дайындық дәптерімен жұмыс жасау барысында оқушы бірыңғай жазбаша түрдегі тапсырмаларды орындайды. Бұл оқушылардың мәліметтерді есте сақтауына мүмкіндік береді.Тапсырманы орындау барысында есте сақтау қабілеттері де шыңдалады. Нәтижесін әр оқушыға арнап ашқан журналға жазу қажет, оқушылардың әлі де қай тақырыпты баса қарау керектігін оқушыға жеке-жеке отырып ескерту қажет. Сонымен бірге, түрлі сәйкестендіру мұнда екі бағанада орналасқан фактілерді, мысалдарды, сөздерді бір-бірімен мағынасына, мазмұнына сәйкес топтастыру керек, тапсырмаларын тақырыптар барысында жұмыс жасатуға баса назар аудару қажет. Бұл бір жағынан оқушының өз бетімен жұмыс жасауына мүмкіндік тудырса, екінші жағынан көзбен көргеннен кейін бұлшықеттермен, қаңқа сүйектерінің орналасуын, мағлұматтарын толықтырып,келешекте сол тақырыпты өткенде еш қиналыссыз меңгеруіне септігін тигізеді. 9-10-сыныптарда күнделікті тақырыптарды оқыта отырып, оқушының өздерінің оқып,түсіндіруіне көбірек мүмкіндік жасау. Деңгейіне қарай топтасқан әр топқа түрлі үлгідегі тестілер құрастыруға тапсырмалар беру керек. Пән мұғалімдері тестілік тапсырмалардың көлемі мен оқу сағатына лайықталуын, жас ерекшеліне, теориялық тұрғыдан дұрыс жасақталуына аса мән беріп, тексеріп алу қажет. 11-сыныпта жыл басында арнайы жасақталған жылдық және іс-шаралар жоспарына сай жұмысты қолға алу керек. Өткен сыныптарда жинақталған тестілік материалдарды тарау-тарауға бөліп, тест тапсырмаларымен толық жұмыс жасау қажет. Арнайы ашылған журналда әр оқушыны бақылау, сараптау, талдау жасау секілді жанама бақылау жазбаларын жазып отыру. Және бір ескеретін жай әр топтағы оқушыларға күрделіден оңайға қарай, оңайдан күрделіге қарай тапсырмалар алмастырылып берілуі тиіс. Бұл оқушылардың жалықпауына, шаршамауына, ынта-жігерінің бәсеңсімеуіне өзіндік әсерін тигізеді. Сонымен бірге, пән мұғалімдері оқушыларға психологиялық көмек көрсетуге дайын болуы шарт. Ол үшін мектеп психологына жүгірмей-ақ, түрлі психологиялық тестер, анкеталар, әңгімелер, тренингтік ойындар өткізуді меңгерген де артықтық етпейді. Бұл мұғалімнің оқушы алдындағы беделін, оқушының оған деген сенімін арттыра түседі. Сонда бала күнделікті сабақта өз шығармашылығын ұштап, мұғалімге көмекке өзі ұмтыла түседі. Тестке дайындық кезінде балаларға тест тарата салып, жауаптарын жазып алып отырсақ ол нәтиже бермейді. Оның нәтижесін талдау тағы да оқушының өзіне қалдырылуы керек. (Бұл орайда, апта сайын өз журналыңызға сараптама жазып, білім меңгеру нәтижесі туралы мониторинг жасап отыруды ұмытпаңыздар.) Мысалы, тестке дайындалу дәптеріне қайталап сұрақтарын жазғызу. Келесі сабақта талдау, мысалдар арқылы нақтылау. Қате жіберген сөздердің дұрысын жазып, топтарға сол сөзге байланысты тест сұрағын құрастыру. Мысалы: №90 жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі С.Анарбаеваның жұмысының нәтижесін айтуға болады 2012-2013 оқу жылында 17 оқушы-100%, орта балл – 20,2; 2013-2014 оқу жылында 16 оқушы-100 %, орта балл – 20,8

ҰБТ-ға оқушыларды биология пәні бойынша дайындау барысында жоғарыда көрсетілген әдіс -тәсілдерді басты назарда ұстаса, жоғары көрсеткішке ие болатынына сенімім мол. Білім сапасының қаншалықты нәтижелі деңгейде екенін білу үшін, апта сайын мониторинг арқылы сараптау қажет. Сондықтан пән мұғалімдері тақырып бойынша, оқу материалдарын оқып, талдап, түсіну арқылы ғана білім сапасын арттыруға болады. Ұстаздың қажырлы еңбегі шәкіртінің білімімен сараланатынына толықтай көз жеткізе отырып, барша ұстаздарға айтарым: ұрпақ үшін аянбай жұмыс жасағанымыз- болашағымыздың жарқын болуына қосқан үлесіміз болмақ демекпін. Тест-оқу үрдісіндегі нәтижелі білімнің, тиімді әдіс-тәсілдердің биік өлшемі. Тест-оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемесінде жіберілген олқылықтарды ашып көрсетуге, білім беру үрдісінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге, әртүрлі оқу әдістерін салыстыруға мүмкіндік туғызады. Дегенмен де әрбір жаңа жүйенің кемшіліктері болатындығы және сол жаңа жүйеге көпшіліктің алғашқы кезеңде сенімсіздікпен және түсініспеушілікпен қарауы-заңды құбылыс. Ал, іс-тәжірибе жинақтап айтылған ескертулерді саралай отырып, бұл кемшіліктер жойылатын болады. Қазіргі кезде қайтсем баламды оқытамын деп шапқылап дүрген ата-аналарадың қатарының көбеюі де қуантады. Өмірге келген соң, әр адам өзінің биімділігіне байланысты қоғамға пайдасын тигізгісі келеді. Ең бастысы қандай мамандық иесі болсаң да еңбекке қабілетті, зейінді, парасатты болуың керек. Сонда ғана өзіңнің жемісіңнің тәттісін ажырата аласың. Тест оқушының білім дәрежесінің қандай екендігін анықтайтын және ол білімдерді түрлі жағдайда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жолдардың бірі. Тест тапсырмаларын құрастыруға көп уақыт жұмсалады, бірақ тексерудің тездігі арқасында мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Тест тапсырмалары оқушылардың пән бойынша дайындығына қойылатын талаптар мазмұнына сәйкес алынады. Нәтижеге әрбір оқушының бағдарламалық материалды минимальді деңгейін қалай игергенін дәл анықтауға мүміндік болады. Әрине тапсырмаға барлық оқушыға бірдей міндетті емес, білім дәрежесі жоғары қабілетті оқушылар үшін арнайы есептер мен сұрақтар енгізілуі мүмкін. Барлық оқушының шамасына лайықтап тапсырмалар таңдап алу білімі нашар және орта дәрежедегі оқушылар үшін өз ісі мен біліміне деген сенімділік туғызып, пәнге деген ынтасын арттырса, қабілетті оқушыларды терең білім алуына бағыттайды. Оқу тесті негізінен тақырыпты, тарауды немесе курсты оқушылардың қандай дәрежеде меңгергенін қысқа мерзімде анықтау үшін құрылады. Ол мұғалімнің оқушы білімінде қандай олқылықтар бар екенін анықтаумен қатар оқушының өзі де қандай қажетті білімдерді игермегенін біледі. Тест жүйесі оқушының тоқсандық, жылдық және қорытынды білім дәрежесін тексерудің тиімді жолы болып табылады.










Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-014830

Похожие материалы