Инфоурок Другое КонспектыТақырыбы: « Грамматика әлемі»

Тақырыбы: « Грамматика әлемі»

Скачать материал


Тақырыбы: « Грамматика әлемі»

Мақсаты: Мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру, ана тілінің мәртебесін көтеру, білімдерін қайталата бекіту.

Сабақтың түрі: сайыс.  

І.Ұйымдастыру кезеңі. 

                                             Сабақтың барысы:  

Мұғалім : Армысыздар , оқушылар ,  қатысушылар! Бүгінгі «Грамматика әлемі » сайысына қош келіпсіздер! Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз .

Ана тілің біліп қой,

Бостандығың, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

    Ана тілі – қазақ халқының мемлекеттік тілі, яғни дамыған, бай, икемді тілдің бірі – қазақ тілі. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі де құдіретті.

Ана тілін білмеген-

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген-

Халқын сүйіп жарытпас, - деп, Байділда Сарноғаев сіздерді ана тілін білуге, үйренуге, дамытуға шақырады. Ол үшін біз көп оқып, қазақ тілініңқызықты да құнарлы грамматикасын білу керекпіз.

     Осымен «Грамматика әлемі » интеллектуалдық ойынын ашық деп жариялаймыз.    

ІІ.Ойын шарттары.

Құрметті қонақтар, ойыншылар, ойын шарттарымен таныс болайық:

1. Ойын 7 кезеңнен және жүлде ойыннан тұрады;

- 1-кезең «Жарыс 26 сұраққа жауап беру;

- 2-кезең « Бұл кім?»

- 3-кезең»Зат есімдер

- 4-кезең «Ойлан, тап!»

Сәт-сапар!

ІІІ. Ойынның жүру барысы:

1-жүргізуші: Ал, сайыскерлер берілетін сұраққа жауап дайындаңыздар.

1-кезең. «Жарыс» 26 сұраққа жауап беру.

1. Абай қай рудан?

2. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

3. Буынның неше түрі бар? Ата.

4. Балалар әдебиетінің атасы?

5. Тіл ғылымының атасы?

6. «Білімді» сөзіне антоним?

7. - Құмайда бар, суда жоқ.

   Тұманда бар, буда жоқ. (Ұ - әрпі)

8. - Биікте бар, ойда жоқ,

  Киікте бар, қойда жоқ. (иі-дыбыстары)

9. «Ер жүрек» тұрақты сөзіне антоним?

10. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата?

11. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

12. Алфавиттегі алтыншы әріпті ата?

13. Грамматика нешеге бөлінеді, ата?

14. Сөздің ең түпкі мағыналы бөлшегі?

15. Көптік жалғауларын ата?

16.Септік алтау ма, жетеу ме?

17.- ды,-ді қандай жұрнақ?

18. Ұяң дауыссыздың саны нешеу?

19. Көркем шығармада табиғат суретін қалай атайды?

20. «Қараш қараш» поемасының авторы кім?

21. «Кейбіреуі» қай сөз табы?

22. Портрет деген не?

23. Қазақ тілі қандай бөлімдерден тұрады?

24. Жалғаудың неше түрі бар?

25. Кітабым сөзінде қай жалғау жалғанып тұр?

26. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? 

    Ең аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығады.

 

2-кезең. : «Бұл кім?» - берілген мәтіннен кім екенін табу.

1-жүргізуші: Сіздерге көмек ретінде сөйлемдер оқылады, сіздер оларға сүйенңп мен кім туралы айтып жатқанымды табуыңызға тиістісіздер Ал, сәт-сапар!

 

1-ші мәтін: Оның әкесі ерте қайтты. Болғожа бидің қамқорлығына болған. «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін оқыту құрал» кітаптың авторы. Қазақ балалары үшін, мектептерді ашып, жаңа мектептерді салдырды. 1941 жылы Торғай облысында туылған ағартушы-педагог.

                                                                                               (Ы.Алтынсарин)

 

2-ші мәтін: Ол «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірген. Жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Он екі жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түскен. Қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші.

                                                                                         (Ш.Уәлиханұлы)

 

3-ші мәтін: Ол орыс мектебінде үш  жыл оқып, Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын оқып шықты. Шыңғыстау өңіріндегі тобықты руынан шыққан. Балалық кезінде Зере әжесі мен Ұлжан анасының әңгімелерін ұнатқан. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы,аудармашы, философ.

                                                                                            (А.Құнанбаев)

 

4-ші мәтін:   Ол қабандарға (доңыздарға) қарсы ұмтылған. 1691-1769 жылы өмір сүрген.

       Шын аты – Ерасыл. Әйгілі батыр, қолбасшы.

                                                                                               (Қабанбай батыр)

5-ші мәтін: Әкесі ел билеу ісіне оны оқудан шығарып алып араластырды. Дегенмен әке арманын орындамай кедей кепшіктің қамын ойлаған әдебиет өкілі.

Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығып кетеді.

 

3-кезең. «ҚОНАҚЖАЙЛЫҚТАРЫҢЫЗБЕН» сөзінен тек зат есімдерді құрастыру.

   Мысалы: қонақ, жал, қожайын, жалақы, жаңа жылыңызбен! т.б.

4-кезең . «Ойлан да тап» - сөзжұмбақты шешіп, негізгі сөзін анықтау.

    Берілген сұрақтардың жауабынан күрделі сөз шығу керек.

 

Қ

О

С

Ы

М

Ш

А

С

А

Л

А

Л

А

С

 

 

 

 

Е

З

У

Л

І

К

Д

А

У

Ы

С

Т

Ы

 

Қ

О

Р

 

 


С

И

Н

Т

А

К

С

И

С

 

 

І

Л

  І М

І


С

Т

И

Л

Ь


 

 

К

І

Р

М

Е

 

1.Түбірден кейін жалғанатын тілдің бөлшегі?

2.Баяндауыштарды тиянақты, тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрі?

3.Ерін мен езудің артқа қарай шегінуі арқылы жасалатын дыбыстар?

4.Ауаның өкпеден кедергісіз шығуы арқылы жасалатын дыбыстар?

5.Тілді дамытатын, байлығын, көрсететін сөздік ....(не?)

6.Сөйлем мен сөз тіркесін қарастыратын тіл білімінің саласы?

7. «Ғылым» сөзінің синонимі?

8.Публицистикалық, ғылыми, көркем шығарма....(несі?)

9.Басқа тілден енген сөздерді қалай атайды?

Ойыншылар жазып жатқанша, біз сіздерден, құрметті қонақтар, келесі сұрақтарға жауап берейік:

- Сөйлем дегеніміз не?

- Синонимге мысал келтір.

- Сөйлемнің мүшелерін ата.

- Антонимнен мысал келтір.

- Абайдың неше қара сөзі бар?

- Етістік дегеніміз не?

- Көре-көре көсем боласың, ... ...

- Сөз тапқанға... ...

- Сөз тіркесінің құрылысы?

- Сөз таптарын ата.

- Мақал дегеніміз не?

- Жарайсыңдар, ойыншыларымыз жазған тапсырмаларды әділ қазылартексеріп те үлгерген сияқты, нәтижесін тыңдайық.

  Әділ қазылар нәтижесін айтып, кейбір ойыншылар ойыннан шығуға мәжбүр болады.

  Ү. Қорытынды: «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дегендей, жүлдегелерді құттықтап, барлық қатысушыларымызға және де қонақтарға тілейтініміз: алдағы өмірлеріңіз сәтті болсын, өнерлерің, білімдерің көбейіп, биіктен көріне біліңдер!

    «Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» - дейді Г.Гегель.

   Жақсы  сөзді жанына азық етіп, қазақ халқы жүйелі сөзге тоқтап, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен тең көрді. Тіл өнерін қадірлеп, құрметтеді. Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

   Осымен, сайысымыз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет, келесі де кездескенше, сау-саламат болыңыздар!

.































Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: « Грамматика әлемі»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2016 1181
    • DOCX 20 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сқабылов Ерсін Мұқатайұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сқабылов Ерсін Мұқатайұлы
    Сқабылов Ерсін Мұқатайұлы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14687
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общие понятия и диагностика антивитального поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе