Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / Тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

библиотека
материалов

Тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр

Мақсаты: оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыра отырып өлең-жырларының мазмұнын ашу, оларды жан-жақты ұғындыруды қалыптастыру, ойшыл, парасаттылығын әңгімелеу арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.


1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!

«Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден» деп, жырлап өткен Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдық мерейтойына қош келдіңіздер !

2-жүргізуші: Сырым да осы,

Жырым да осы,

Алдыңда.

Байқашы бір,

Бықсыдым ба, жандым ба ?

Махаңдар жоқ,

Махаңдардың сарқыты-

Мұқағали Мақатаев бар мұнда,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туған күні.


«Бүгін менің туған күнім» өлеңі Сейтбек Куаныш

1-жүргізуші: Қазақтың әйгілі ақыны Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9-ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз кеңшарында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі Сүлеймен шаруа адамы болған. Бастауыш сыныпты Қарасазда оқып, орта мектепті аудан орталығы Нарынқолда интернатта оқып бітірген. Мектепте оқып жүрген кезде ең алғашқы өлеңдерін жаза бастаған болатын. 1948 жылы мектепті жақсы аяқтап, алғаш рет Алматыға шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түседі. Бірақ өз жағдайы, ауылдағы екі анасы мен қос інісінің жағдайы оны оқудан шығуға мәжбүр етеді. Сөйтіп, ол ауылға қайтып келеді, үйленеді, ауыл мектебінде мұғалім болады. Кейін 1962 жылы маусым айында Алматыға көшіп келіп, осы жерде өзінің көптеген шығармаларын дүниеге әкелген.

2-жүргізуші: Мұқағали Мақатаев-бүгінде бүкіл халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сүйікті ақын. Оның өлеңдерін ықыласпен оқымаған, сөздеріне жазылған әндерін ынтыға тыңдамаған иісі қазақта ешкім жоқтығы белгілі. Ол-қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс-тіршілігін сезімталдықпен жырлаған ақын.



1- жүргізуші: Бірде Нұрғиса Тілендиев ақынның ауылы Қарасазға Мұқағалимен бірге демалуға барады. Екеуі жайлау төрінде отырады. «Неге мына жасыл жайлау туралы ән шығармасқа! Нағыз Саржайлау дегеніміз мына жатқан Шалкөденің кең төсі емес пе ?» деп таңғалған. Содан ағамыз лезде «Саржайлауға» арнап егілдіріп, төгілдіріп,құлпыртып өлең жазды. Сөйтіп «Саржайлау» әні өмірге келді.

Ән « Саржайлау» Орындайтындар: Алсу мен Камила

2-жүргізуші: Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен.

1-жүргізуші: Ендеше қашанда ақиқаттың ақ туын көтеріп, әділет пен адалдықты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек берейік.

(Ақын өлеңдерінен құралған әдеби монтаж)

  1. «Үш бақытым» 4 сынып оқушысы Дүйсеков Марғұлан

  2. «Отан» 4 сынып оқушысы Асланұлы Нұрым

  3. «Ақ қала - ақ бала» 5 сынып оқушысы Омарбекова Диана

  4. «Тау-бір аңыз» 5 сынып оқушысы Тлеуберді Гүлнұр

  5. «Соқ, жүрек» 8 сынып оқушысы Артемьева Карина

  6. «Аққулар, қош болыңдар» 8 сынып оқушысы Абдреймова Л.


Ән «Жас қайың» Орындайтын Аблайханова Еркежан


  1. « Мен таулықпын» 9 сынып оқушысы Шаймұханбетова Э.

8. «Досым саған сенемін» 6 сынып оқушысы Савкей Эльнора

9. «Ей,өмір» 6 сынып оқушысы Джетпісбаева Ж.

10.Республикалық «Жырлайды жүрек» Мұқағали оқуларының ІІІ дәрежелі лауреаты Омарбекова Аружан «Дос болам десең»

11. «Әке аманаты» 7 сынып Пшембаев Дархан

12. « Отан» 7 сынып Кожанова Дария

13. «Анам менің» Князбаев Ернұр 7 сынып

2-жүргізуші: Ақ ұлпа жерді жапқанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып атқан ақ таңда,

Бозарып тұрып ақпанда

Есіңе мені алғайсың,- деп толғанады ақын. Ендеше кезекті әнге берейік.

ӘН: «Есіңе мені алғайсың» Амантай Меруерт

1-жүргізуші: Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырай, айшықтала түсуде. Абаймен үндес Мұқағалидай перзенті бар халық-шынымен бақытты халық.

2-жүргізуші:

«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Қырға шығып ырысқа кенелмеспін.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім!» деп ақынның өзі жырлағандай, өмірден өзі кетсе де өлеңі өшпей, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Оларды толқи, тебірене оқи отырып өмір шындығы, уақыт тынысы, жүрек ырғағы, сезім сырлары қабаттаса өрілген өлең жолдарындағы ақындық рухқа бас иеміз.

1-жүргізуші: Ән сал, жаным,

Әніңмен тербет мені,

Бір сәтке тынсын тірлік жер-көктегі.

Дала ұйысын,

Дамылдап таулар жатсын,

Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі.

Ән « Құмған алған» орындайтын Назаров Нұржан

2- жүргізуші: Ән салып бер,

Әніңмен жан сал маған.

Жаңғырығып жасыл тау жөнелсін бір,

Жатсын ұйып жапанда дел – сал далам ,- деп ақынның өзі жырлағандай кешімізді « Отан » әнімен аяқтаймыз.



Искакова Анния Иембергенқызы


Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров80
Номер материала ДБ-028297
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх