Инфоурок Другое КонспектыТақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін" 7-9 класс

Тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін" 7-9 класс

Скачать материал

Тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін"

Мақсаты: 

Білімділік:  Оқушылардың мамандық туралы  білімдерін тиянақтау.

Корекциялық: Оқушылардың  сайыс барысында түрлі тапсырмалар арқылы ой-өрісін, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту. Сөздік қорын жетілдіру. Өздігінен және топпен жұмыс жасай білуге машықтандыру. Қисынды ойлау қабілетін шыңдау.

Тәрбиелік:  Оқушыларды тапқырлыққа, топпен жұмыс жасағанда бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасау әдебін сақтауға, достыққа, бір-біріне көмек көрсете білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс .

Әдіс- тәсілдеріТүсіндіру,  тренингтер, психологиялық тест,  сұрақ-жауап, жұмбақ.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, орыс тілі, математика, сурет.

Көрнекіліктер:  Белсенді тақта, мамандық  туралы суреттер.

Алдын ала жұмыс:  Оқушылар мен тақпақ, мақал-мәтел жаттау.

Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Слайд 1 ""

Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар мен  ұстаздар!

ІІ. Психологиялық сәт: слайд 2  «Психогеометрия»- өзін- өзі тану: /Геометриялық фигураларды  балаларға тарату/.  Балалалар, сендер  берілген геомертиялық фигуралардың біреуін таңдап алындар.

 

ІІІ. Слайд 3 / кәсіп иелері суреттері/

Бәріміз де алдымен мынадай «Бұл кім?» тренингін ойнайық. (Оқушыларға  интерактивті тақтада белгілі бір кәсіп иелері көрсетіледі)

—          Бұл кім?

—          Мұғалім

—          Кітапханашы

—          Шекарашылар

—          Әртістер

—          Суретшілер

—          Күзетшілер

—          Құрылысшылар , т.б.

—          Сендер қалай ойлайсыңдар,  бұларды не біріктіреді?  Жалпы түрде қалай айтуға болады?

—          Мамандық

—          Дұрыс айтасыңдар. Олай болса  сайыс сағатымыздың тақырыбы «Мен мамандық әлеміндемін"

ІҮ. Бүгін біз «Мен мамандық әлеміндемін" атты 6-9 -сыныптар арасында  сайыс өткіземіз. /оқушылар 2-топқа бөлінеді/

1-топ "Сұңқар"  - жетекшісі 8 "Б" сынып оқушысы Далдыбыаева Милана.

2-топ "Достық" -  жетекшісі 9 "Б" сынып оқушысы Алипаева Айдана.

 

Әділқазы алқасына бір сәлем

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір

Сарапқа сал, әділдікпен шеше біл, -дей отырып, бүгінгі сайысқа баға беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Рымкеш Сарсембекқызы

Майя Зекенқызы

Галина Исламиденқызы

Сайыс ережесі: Слайд 4

- топтар арасында  сайыс түрінде өтеді;

-сайыс тапсырмалары балмен бағаланады;

-жеңген топ балдар саны бойынша анықталады.

Бағалау критерийлері:

-дұрыс және толық орындау;

-шешімнің өзіндік ерекшелігі;

-тапсырманы берілген уақытта орындау.

Мадақтау ұпайлары:

-қосымша жауап (3 ұпай);

-уақыттан бұрын айтылған жауап (2 ұпай).

- қай топтың жауабы дайын болады, сол топтың басшысы таяқшаны көтереді.

- Балалар, сендерге сәттілік тілейміз.

1  кезең: "Мықты болсаң, тауып көр".

Шарты: Берілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ,орыс тілдеріне аудару керек.

1. Тәп-тәтті тамағы, астардың маманы (Аспаз)

 2. Кірпіштен сарай,үй салады, ол адам кім болады? (Құрылысшы)

3. Астында жүйрігі, қолында құрығы (жылқышы)

4.  Қалықтайды, бірақ ұшпайды  (биші)

5.  Қолында қайшы тарағы, тәртіпке шашты салады (шаштараз)

6. Аспанға ол самғайды,   Ғарыштарды шарлайды. (Ғарышкер)

7.  Кең байтақ туған жеріме,
     Кетпесін деп жат із өтіп.
    Тыныштық тілеп еліме.
     Отанды кім тұр күзетіп?
/Шекарашы/ 
 8. Төл өсіріп момақан,
     Уыз ішкен қоймалжың,
     Білсең айтшы, балақан,
     Еңбегі зейнет қай малшы?
/Қойшы/ 
 
    

2 кезең:  «Сөйлеп тұрған кім?»

Шарты: Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:

 1) Балмұздақ сатамын! Балмұздақ!   - Сатушы

 2) Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?  Жүргізуші

 3) Қай жеріңіз ауырып тұр? Қазір ыстығыңызды өлшейін. Дәрігер

 4) Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін? /Шаштаразшы

 5) Бүгінгі сабақта біз балалар көктемгі табиғат туралы әңгімелесеміз. /Мұғалім/

 6) Мен палау жасап жатырмын,қазір дайын болып қалады /Аспаз/

 

 

 

 3 кезең:  "Ойлан, тап"

Шарты: Берілген аралас әріптерді рет-ретімен қойып, қандай маман атауы шығатының тауып көр.

ШҰСЫЛЫРЫҚ    (құрылысшы)

РӘГІРДЕ   (дәрігер)

ҒІМАЛМҰ  (мұғалім)

ЗШАСЫАП   /аспазшы/

  Ү. Сергіту сәті

 -Балалар отыра бермей бойымызды сергітіп алайық;

 Осы балалар биді билейтін адамдарды кім дейді?

 -Дұрыс, биші дейді.Ендеше барлығымыз биші болып көрсек қайтеді.

- Рахмет, балалар, біз өзімізді бір сәтке биші болып сезініп көрдік!

 

4 кезең:  "Қызықты логика"

Шарты: Берілген қималарды біріктіріп сурет құрастыр.

 

5.  кезең:  "Тіл өнері"

Шарты:  Қай топ  көп  еңбек туралы мақал – мәтелдер  біледі?

 1.Еңбек түбі - береке.

2.Еңбек түбі - зейнет.

3.Еңбегі аздың өнбегі аз.

4.Шеберді саусағы асырайды.

5.Еріншектің ертеңі бітпес.

6,Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ.

7. Еңбек қылмай ер оңбас,

8.Еңбексіз өмір – сөнген көмір.

9.Ердің атын еңбек шығарады.

10.Еңбек ерлікке жеткізер,

11.Бақыт кілті еңбекте.

12.Еңбек өмірді ажарлайды.

13.Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді,

 

6.  кезең:  "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы"

Шарты: Әр топтың жетекшілері шығып тақырыпқа сай өлең оқиды.

"Дәрігер:

Ақ халатты киемін,

Аппақ болып жүремін.

Аппақ болып жүргенді,

Өзім жақсы сүйемін.

«Дәрігермін» мен деймін,

Кәрі әжемді емдеймін.

«Көп – көп ішіп дәріні,

Кәрілікті жең» деймін.

Дәрігер: Мен дәрігер боламын

               Үлкеннің де баланың

                Қиналғанда қасына

                Бірінші боп барамын

Ұшқыш: Ар- намысын сақтаған

                 Жүректе сыр жаттаған

                 Жан тәнімен сақтаған

                 Ұшқыш болғым келеді

Инженер: Мен инженер боламын

                  Жерден алтын табамын

                  Жолын қуған әйгілі

                  Академик ағаның

 Ақын:      Ал мен ақын боламын

                  Сусылдаған қаламым

                  Адамдардың жүрегін

                  Жырмен жаулап аламын

 Аграном: Нан беремін баршаға

                 Жер маманы болам мен

                 Барып жүрмін бақшаға

                 Аграном ағаммен

Мұғалім: Мен үлкейіп өсіп толамын

                 Сонда өзіміздің осы ауылдың

                 Бөбектерін оқытып үйретіп

                 Мұғалима боламын

7. кезең:  Сыйқырлы қапшық.
     Ойынның шарты: Ойыншылардың көздері байлаулы болады, кезекпен келіп, қапшықтың ішіндегі заттардан біреуін таңдап алады да сипап сезу арқылы заттың атын айту керек және қай
мамандық иесіне қажет құрал  екенін  айтуы тиіс.

ІҮ. Қорытынды:

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі әділқазы алқасыңда.

Ү.«Психогеометрия»  Слайд: 5 /

Балалар,  өздеріңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін сабақ барысында таңдап  алып едіңдер. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Шенбер. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады

Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілетің жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілетің, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.

ҮІ. Кеңестер: / Балалар, мен сендерге алты түрлі кеңестер ұсынамын/

1.Ең бірінші оқушы  өзіне деген сенімін  және өзін – өзі құрметтей білуі керек. 

2. Өзіңіздің шын тідегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?», «Қайда жұмыс жасағым келеді?», «Кім болғым келеді?».

3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан соң жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау.

(Сіз кіммен араласасыз, соның бәріне мынадай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады?  Ол мамандық ұнай ма?  Ұнаса, неге ұнайды?)

4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек? ).

5.Кез келген армаңды іске асыра біл.

6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де – компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.

Бес қадам маңызды жолдағы дұрыс қадам – қоғамда сіздің қажетті болуыңызға және арманыңыздың орындалуына себебін тигізері сөзсіз- деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу әр баланың  арманы.

Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

- Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін әділ қазылар алқасына сөз берейік. /Жеңімпаздарды марапаттау/.

- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды. Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

 

     

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Мен мамандық әлеміндемін" 7-9 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист архива

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 659 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2017 637
    • DOCX 27.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сагитова Майра Оналкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сагитова Майра Оналкановна
    Сагитова Майра Оналкановна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20669
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой