Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тақырыбы: «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевты еске алуға арналған әдеби-сазды кеш
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Тақырыбы: «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевты еске алуға арналған әдеби-сазды кеш

библиотека
материалов


16 ОМГ қазақ тілі мен

әдебиет пәнінің мұғалімдері

Б.Қанапьянова мен

Г.Едильханованың

апталықта өткізген ашық

әдеби-сазды кеші.

Тақырыбы: «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаевты еске алуға арналған әдеби-сазды кеш

Мақсаты : Ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірімен өзектес өлеңдерін таныстыру, жыр бұлағының құдретін сезіну,шындықты жырлап, турашылдығымен адами қасиетінің маңыздылығын өзге ұт өкілдеріне таныту,үлгі алу.
Ұлттық қазынамызға енген талантты тұлғаға құрметпен қарау,ар-намыс, инабаттылық,кішіпейілділік,патриоттық сезімдерін сезіне отырып,бойға сіңіре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кітап көрмесі,слайд,автордың портреті,нақыл сөздер
Сахна төрінде М.Мақатаевтың портреті интерактивті тақтадан көрсетіліп,басты тақырыбы жазылады. Ақынның жанды дауысы.(өлеңдері оқылады)

1-жүргізуші:Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылыр және қонақтар! Жырлары сұлулық сезіміне, терең ойға, көркем образдарға құрылған үздік лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың 9 ақпан туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Өлеңдерін жай болып аталғанда
Атылғанда аспаннан оқылғанда.
Мылқауларға тіл бітіп,керең естіп,
Жанар пайда болады,соқырларға-
деп дара тұлғамыз Мұқағали Мақатаев жырлап кеткен данышпандық сөзі болжамы, міне бүгінде орындалғандай. Ол қарапайым,өткір тілді,жұмбақ тағдыр иесі болатын.Уақыт өткен сайын қадір-қасиеті биіктеп, өлеңдері халқымыздың жаттанды әндері мен қимас достық жырына айнала бастады. Өлеңдерімен қазақтың барлық сыздаған дертіне дауа тапқан ұл еді.

2-жүргізуші:
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер ер тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер тұрманы.

Келер ұрпақ, ақын өлеңдерін биік шыңға көтеріп,жоғалтпайтынына күмән кетірмесе керек.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері ақиық ақын тірі болғанда Мұқағали Мақатаев 83 жасқа толар еді.Ақынның туған күніне арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

1-жүргізуші: Өз бақытын өзгемен,халықпен бірге бөлісіп,тілін, Отанын сүйіп,көңілі төмен болса да,ел ішінің кеңдігін,болашақты болжаған арманы алысқа жетелеп, халқым бақытты болса, менде бақыттымын, деп санайды.



Ендеше қазір тыңдайтындарыңыз 9б-сынып оқушысы Михайлов

Владислав «Үш бақытым»


hello_html_5ba22bd5.jpg

1-жүргізуші: Отанды, туған жерді сүюге ақын жырларынан үлгі алуға болады.
Мұқағали Мақатаев- ақындық, өнерпаздық аясы кең шығармашылықпен, заманының шындығы, бүгіні мен болашағы, жауыздық пен ізгілік, зұлымдық пен адалдық, қаттыгездік пен адамгершілік, сұлулық пен махаббатты адам бойына сіңіре білуді тәрбиелеуге сан тарау тақырып тұтастық тапқан. Сондықтан да Мұқағали атамыз қалдырған мол мұра қашанда халықпен бірге.
Енді келесі кезекте көрініс
: «Менің анкетам» диалог.Владислав, Полина

hello_html_m2445ca42.jpg

1-жүргізуші: Жан тәнімен беріле өмірге деген құштарлығын,өлеңімен серік қылып,бұлақтай ағызып,теңіздей толқытып,позияның кемесінде тербеледі.
«Адасқан шағала» -11б-сынып оқушысы Бисұлтанов Әлішер

2-жүргізуші: Білесің бе,
Отанның сен не екенін?
Екі өмір жоқ, әрине жоқ екі өлім,
Екі Отан жоқ…
Жалғыз Отан – мекенің.

«Отан» 10б-сынып оқушысы Абдрасилова Малика

1-жүргізуші:Ақиық ақынымыз өлеңінде жырлаған Отаны бүгінде тәуелсіздік алып, әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып отыр.Ендеше келесі тыңдайтын әндеріңіз 11б-сынып оқушысы Гаитова Каринаның орындауында «Атамекен» әні.





2-жүрізуші: Мұқағали жұлдызы қазақ поэзиясының аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап көрінеді.
Атырау, Арқа мен Алтайға барсаң да алдыңнан Мұқағалидың жыры мен әні алыстан қол бұлғап тұрғандай. Малшы да балықшы да тіпті қандай тұлғаны алсақ та, олардың барлығы дерлік Мұқағалидың жырлары, әндерімен өздерінің ішіндегі тылсым сырларын айналасына жеткізе біледі.(слайдпен көрсетіліп тұрады)
«Солай» монологы оқылады. 11б-сынып оқушысы Абылқасымов Бауыржан

1-жүргізуші:

Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгеретін тіршілік көгереді.
Қу бұтағы арса-арса кәрі еменге,
Келер көктем, білмеймін, не береді?
Көп кешікпей көктем де келер енді,
Көгереді ауылдың төңірегі.
Барлық нұрын көл-көсір төгер енді.
Көгереді, барлығы көгереді:
Ой да, қыр да, даланың төбелер
і-
деп ақын туған елінің табиғатын өзінше тұжырымдайды. Ақынның табиғат лирикасына арналған талай өлеңдері бар. Соның бірін тыңдап көрейік.

«Біздің көктем»- Александр

hello_html_m700abb74.jpg


2-жүрізуші:

Аттанып бара жатыр аққу- қаздар,

Қош енді, қош болыңдар гәкку- қаздар!

Кеудемде күңіренген дастан қалды,

Киелі қанатымен аққу жазған.


«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді (көрініс).


2-жүргізуші: Қашанда ақиқаттың ақ туын көтеріп,әділет пен адалдықты тең ұстаған ғажайып сырлы өлеңдерімен кең байтақ қазақ даласының әр түпкіріне өзінің оқырмандарын тапқан М.Мақатаев өлеңдері ешқашан өлмейді. Жыр сүйер ұрпақтары,мұрагерлері,тыңдаушылары ақынның өлең ғұмырын жалғайды.Мұқағали мұрасы,маржан поэзиясы-мәңгілік,болашақ ұрпақтың еншісі,қастерлеп-қадірлейтін қазынасы! Жыр алыбы,поэзия шыңы,Мұқағалиді мәңгі есімізде сақтаймыз.Ғасыр ақыны-ғасырларға жетеді.


Кеш Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған Л.Әбдіхалықованың
«Саржайлау» әні


hello_html_m500ddaf1.jpg



1-жүргізуші:

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

«Жазылар естеліктер мен туралы» Малика


Ақын Мұқағали Мақатаевты бүгінгі ұрпақтар ұмытқан жоқ, ұмытпайды да ешқашан! Ақиық ақынымызды жыр құдіретімен еске ала отырып, М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдайық!.




















Қазақ баласының тез өсіп, ел-жұртқа, дінге қызмет етуіне асығады. «Алла жеткізсе ат жалын тартып мініп, азамат болады» деп, болашаққа көз тігеді. Тұсау кесу – осы асығудың алды. Бұған да мал сойылып, көбіне әйелдер жағы жиналады. Жиылып сұқбат құруға, өзара сыйласуға. Айтып тұрмыз ғой қазақтың әр салты ел жинау үшін, сұқбат, уағыз құру үшін жасалған. Уағызды да классикалық түрде «намаз оқымасаң тозаққа түсесің», деп бастамайды. Уағызды үлгілі адамдардың өмірбаяны түрінде, әулиелердің хикаясы түрінде сәндеп, мақал-мәтелмен әспеттеп, әңгіме етіп, астарлап айтқан. Тұсауды кесуге де көп құрсақ көтерген, ұрпақты, ұлағатты әйел арнайы алдырылады. Бұған да баланың шешесі кәде даярлайды. Кәде жүзік, сырға, болмаса теңге, орамал да болуы мүмкін. Қазақтың дәстүрі кәдесіз болмайды. Кәде – адамдарды жақындастырады, ауыс-түйіске түсіреді, ниеттерін бірлейді. Манағы бәйбіше үш-төрт қарыс ала жіп әкеледі. Баланың екі аяғын әлгімен тұсайды. Онан соң оны қайшымен кесіп, апыл-тапыл басып жүрген баланың қарсы алдына шешесін отырғызып соған қоя береді. Бала тәлтіректеп жығылмай жетсе, пысық болады деп ырымдап қояды. Тұсауы кесілген балаға бата береді, батаны діні жақсы, тақуа бір еркек береді:

Тұсауың кесілді құлама,

Тізеңді жаралап жылама,

Құлындай құлдырап жүгірші,

Қанекей, өзіңді сына да.

Секірсең құздардан сүрінбе,

Шың, құзға шыққанша бүгілме.

Болаттай қабырғаң қатайсын,

От, ұшқын ойнасын түріңде.

Ұзақ боп, иншалла өмірің,

Тасысын шаттықтан көңілің.

                                                                              немесе

                                                                                                              Аламан болып ер жетсін,

                                                                                                              Ақсақал болып төрлетсін.

                                                                                                              Қас батырдай көрікті,

                                                                                                              Ғұмыры болсын берікті.

                                                                                                              Азамат болсын ардақты,

                                                                                                              Мінезі болсын салмақты,

                                                                                                              Өнері болсын жан-жақты.

                                                                                                              Осы айтқанның бәрі қабыл болып,

                                                                                                              Тәңірім берсін зор бақты.

Жиылған өңшең абысын-ажын сұқбат аяқталып,  осы батаны тыңдап алып «Мен де бала тауып, тұсауын өстіп кесіп жатсақ қой шіркін», - деп армандап үйіне қайтады. Тұсау кесуді қазір міндетті түрде істеу керек. Бұған көп әйел жиылады.  Және көпшіліктің жақындасуына сеп, суып кету көп көріспегеннен болады.






























Автор
Дата добавления 20.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров75
Номер материала ДБ-092006
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх