Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Танымдық кеш " Ыбырай Алтынсарин"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Танымдық кеш " Ыбырай Алтынсарин"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Ұлы тұлға, ұлы педагог – Ыбырай Алтынсарин»

Сабақтың мақсаты: Ы. Алтынсарин туралы түсініктерін толықтыру, өлеңдерімен танысу, әңгімелерін талдау. Ұлы тұлға жайлы ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Ы. Алтынсарин туралы насихаттау.

Сабақтың көрнекілігі: Плакат, портрет, презинтация, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы.

Мұғалімнің сөзі.

Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт- бағдар сілтеген сөйтіп, сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Ол- тұңғыш ағартушы, педагог, жазушы- Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин ер балалармен қатар қазақ қыздарын да білімге тарту, оларға түрлі кәсіптік мамандық беру жөніндегі жұмыстарды алғаш ұйымдастырушы болғанын білеміз. Ер балалардың өзін оқытуға қырын қараған қытымыр заманда оның қыз балаларды оқыту, оларға арнап мектеп, интернаттар ашу қажеттігі туралы мәселе көтеріп, бұл ойын айтыса – тартыса жүріп дәлелдеуі, біртіндеп іске асыруы шын мәніндегі азаматтық ерліктің, гуманизмнің үлгісі болды.Ыбырай Алтынсариннің айрықша атап айтар тарихи еңбегінің бірі – оның қазақ балалар әдебиетінің негізін қалауы. Бүгінгі кешімізге Қош келдіңіздер! Ал енді Танымдық кешімізді Ы.Алтынсариннің өмірбаянынан бөлек тың деректерге сөз берсек .

Интерактивті тақтада презентация көрсетіліп тұрады. Оқушылардың қосымша деректер оқылады:

Диана , Ажар,Самғат:



Көрініс:

«Бір уыс мақта»

Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен, шешесі қасына отырып, ақыл айтты:

- Балам, дүниедегі жаратылған жәндік-жансыздардың ешқайсысының да керексіз болып, жерде қалатыны болмайды,- деп. Сол сөзді айтып отырғанда, қыз бала киімін жамап болып, жердегі мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:

- Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас,- деп.

Шешесі:

- Балам, сол да жерде қалмайды,- деді.

Осылайша сөйлесіп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтеріп ұшырды, мұны бір торғай көріп қуып барып, мақтаны тұмсығына тістеп қана алып, ұшып кетті. Қыз әжесінен:

- Манағы мақтаның қиқымын бір торғай алып кетті, оны неғылады? - деп сұрады.

Әжесі айтты:

- Көрдің бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздің келгенін. Ол кішкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етеді,- деді.

Өлеңдер

5 сынып оқушылары.

Жанерке, Толғанай, Аружан, Әнел: «Кел, балалар оқылық»

Зейнеп: Балғожа бидің баласына жазған хаты

Көрініс

« Жаман жолдас»

Екі дос кісі жолдастасып келе жатып, бір аюға ұшырапты. Бұл екі кісінің біреуі әлсіз, ауру екен, екіншісі мықты, жас жігіт, аюды көрген соң бұл жігіт, ауру жолдасын тастап, өзі бір үлкен ағаштың басына шығып кетті дейді. Ауру байғұс ағашқа шығуға дәрмені жоқ, жерге құлады да созылып, өлген кісі болды да жатты: есітуі бар еді, аю өлген кісіге тимейді деп. Аю бұл жатқан кісінің қасына келіп иіскелеп тұрды да, дыбысы білінбеген соң тастап жөніне кетті. Мұнан соң манағы жолдасы ағаштан түсіп, аурудан сұрапты:

- Достым, аю құлағыңа не сыбырлап кетті?

Ауру айтты дейді:

- Аю құлағыма ақыл сыбырлады, екінші рет тар жерде жолдасын тастап қашатын достармен жолдас болма деді,- дейді.

«Алтын шеттеуік»

Бір үлкен мейрам алдында, әкесі балаларын қуанту үшін үйіне әртүрлі жеміс алып келді. Леночка деген кіші қызы сол келтірген көп жемістің ішінде, сырты алтындаған шеттеуіктерге қызығып, соны маған бер деп қоймады. Шешесі айтты:

- Бұл шеттеуіктер тек әдемілікке істелген, мыналарды ал,- деп, бөтендерін беріп еді, Леночка жылай бастады:

- Мен қара шеттеуікті алмаймын, алтын тыстысын аламын, оның ішіндегі дәні де тәтті шығар- деп. Шешесі тіл алмайтын қисық баланың дегенін істегеннен артығы жоқ екенін ойлап, Леночкаға алтын тыстыларын, бөтен балаларына бөтен шеттеуіктерді таратып берді. Леночка қуанып шеттеуікгерін дереу шаға бастады, қараса, бірінің де ішінде дәні жоқ, бос қабықтар екен. Мұны көріп қасындағы балалар мазақтап күле бастады. Сондаатасы айтты:

- Бұл шеттеуіктер жеу үшін істелген емес, тек көзге әдемі көріну үшін қойылған; мен шеттеуіктердің бос қабығын алып, сыртын күміспен бояп қана қойып едім, екінші рет не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар,- деді.



Нұрия: «Өзен»

Жаннат: «Жаз»

Ақтиын: «Өнер - білім бар жұрттар»

Аружан 6 сынып: «Әй, жігіттер»



Көрініс:

«Асыл шөп»



Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесине бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха ахлап-ухлеп шаршадым дел, Бәтима күліп, әзілдесип келе жатады. Сонда Злиха айтты:

- Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығыда менің басымдағыдан кем емес, өзіңде менен күшті емессің?

- Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым деді Бәтима.

- Ай, ондай болса шөбіңнің атын айтшы, менде ауырымды жеңілдетейін деди Злиха

- Ол шөп сенің қолыңа түспейме деп қорқамын аты: сабыр дегендеді

Ы.Алтынсарин атамыздың шығармашылығын қадірлеп , құрмет тұтатын балаларымыз жетерлік, осы сөз кезегін талантты оқушыларымызға берсек

Үздік хаттар:Оқушылардың шығармашылығы

Мұғалімнің сөзі: Ағартушының өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай – жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениетінің тарихында айқын іздерін қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында сақтауда. Мұның өзі заңды да. Өйткені, әрбір ұлы адам адамзатпен бірге жасайтын мәңгі өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Мәдениетіміздің тарихында Ыбырай Алтынсарин дәл осындай үркердей санаулы сандақтардың бірі. Ыбырай Алтынсариннің сол қоғамдық өмірдегі беделін, оның қандай мақсаттағы мәдениет қайраткері ретінде замандастарына танылғанын аңғартып отырмыз. Осы кешімізге ат салысып, уақыттарыңызды бөліп келіп отырғандарыңызға және осы кешке қатысқан оқушыларымызға көптен көп рахмет! Сау болыңыздар!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1493
Номер материала ДВ-434804
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх