Инфоурок Другое Конспекты«Тауар және ақша теориясы»

«Тауар және ақша теориясы»

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы: «Тауар және ақша теориясы»

Сабақтың мақсаттары:

А) Білімділік:  Натуралды және тауарлы шаруашылықтың мәнін, ақшаның пайда болуы тарихы мен атқаратын қызметтері туралы түсінік қалыптастыру. Нарықты экономика туралы жалпы түсінікті қалыптастыру, оның негізгі құрылымдарын, институттарын қарастыру және құнның (бағалылықтың) еңбектік және шекті пайдалылық теорияларын қарастыру, осы аталған түсініктерді кейінгі тақырыптарды оқығанда қажеттігін түсіндіру.

Б) Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық қабілеттерін, экономикалық сауаттылықтарын дамыту.

В) Тәрбиелік: қоршаған ортадағы іс-әрекеттен экономикалық жағын көруге, жолдастық сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәріс

Оқыту әдісі: проблемалық-түсіндіру.

Сабақтың құралдары: дидактикалық материалдар, сызба, кесте

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру: 5 минут

2. Үй тапсырмасын сұрау: 20 минут

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 30 минут

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1.   С.С. Мәуленова «Экономикалық теория», Алматы-2004, «Экономика»

2.   Я.Ә. Әбубәкіров, Б.Б. Байжұмаев  «Экономикалық теория» оқу құралы, Алматы-1999, «Қазақ университеті»

3.   Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н. «Жалпы экономикалық теория»,  Ақтөбе-2004, «А-Полиграфия»

Негізгі түсініктер мен терминдер

Айырбас құны, Ақша, Құн заңы, Натуралды шаруашылық, Тауар, Тауарлы шаруашылық, Тұтыну құны, Құн заңы

Дәріс

1.Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.

2.Тауарлы шаруашылықтың мәні.

3.Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері.

4.Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы

 

 Адамзат қоғамының  тарихында  қоғамдық  өндіріс екі  түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық  төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:

Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы

Натуралды шаруашылық

Тауарлы шаруашылық

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі  түрде болады.

1.Экономикалық  қатынастар ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.

3. Өндіріс пен  тұтынудың арасында  тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей  тұтынылады.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім  нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін  тұтынылады.

 

Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.

Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның  еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар  өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар:

-     өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;

-     өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Алайда «өндірдік - тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.

Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада:  Тауарлы деп - өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен  жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.

жеке меншіктің болуы;

тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.

Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке  меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты.

·     жеке меншіктің пайда болуы;

·     тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;

·     еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;

·     қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;

·     экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша,  тауардың екі қасиеті бар:

-     адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;

-     басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).

Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай  қасиеттері оны  өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:

Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын  өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын  пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.

Құн заңы - өндірушілер арасындағы  байланыстарды, сондай-ақ  қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған  экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті  шығындарымен  (ҚҚЕШ) өлшенеді.

Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында  өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын  көрсетеді.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар  өндірісі мен тауар  айналымынан  туындайды. Көптеген тауарлар  массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай  тауарлар ұлу  қабыршығы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметті барлық жерде  дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс  алады.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.

Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік  ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз  ақшаларын шығара бастады.

Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына  теңестірілді.

Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

1.   Сапалық, біртектілік.

2.   Сандық бөлінуі.

3.   Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

4.   Сақталуы.

Әдеттегі  тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие. Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді.

Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни

·     металдық

·     номиналдық

·     сандық теорияларна байланысты болады.

Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

«Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.

Ең алғаш - қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.

Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар  айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:

-       Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).

-       Пайдалануға өте ыңғайлы

Мүлтіксіз сақталынуы

Оның қандай да бір болсын  пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

1.   Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен  ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.

2.   Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет

3.   Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады.  Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.

4.   Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.

5.   Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты  валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

Түйін

Экономиканы ұйымдастырудың негізгі екі түрі бар: натуралды және тауарлы шығарушылықтар. Бұлардың өндіргіш күштерін ұйымдастырудың әр қайсысына тән белгілі тәсілі болды.

Натуралды шаруашылықта өндірілген өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндіріс (жай ұдайы өндіріс), нарық айырбас, қоғамдық еңбекті бөлу деген түсінік болмады.

Тауар өндірісі - өнімді сатуға арнап, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстарды нарық арқылы жүзеге асыратын шаруашылық. Тауар шаруашылығының пайда болуының бас шарттары: қоғамдық еңбек бөлінісі, жеке меншіктің  пайда болуы, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірінен экономикалық шектелуі т.б.

Нарықтық экономиканың моделін таңдау деп мемлекеттің ұлттық экономикаға ықпал жасайтын жүйесін айтады. «Тауар өндірісі» категориясының тарихи шежіресін «Нарықтық экономика» категориясымен салыстырғанда оның көп терең екендігі көрінеді.

Тауарлардың бір-бірімен белгілі пропорцияда айырбастау қабілетін – айырбас құны деп атайды. Ал адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыру қабілетін оның тұтыну құны дейді.

Ақшаның пайда болуына субъективтік және объективтік көзқарастар бар. Уақыт озған сайын бүкіл тауарлар арасынан бір заттары бөлініп шықты, ол басқа тауарлардың құнын анықтау рөлін атқаратын ерекше тауар – ақша.

4. Жаңа тақырыпты бекіту: 10 минут

1. Тауардың еңбек өнімінен айырмашылығы неде?

2. Қоғамдық еңбек дегеніміз не?

3. Тауардың тұтыну құнымен құны арасындағы өзара байланыс қандай?

4. Ақша дегеніміз не? Олар қалай пайда болды?

5. Несие ақшаны қолдану қандай әлеуметік-экономикалық салдарға алып келеді?

5. Сабақты қорытындылау: 15 минут

6.Үйге тапсырма.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Тауар және ақша теориясы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 087 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2016 9749
    • DOCX 31.9 кбайт
    • 29 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Асанова Ақерке Еркінқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Асанова Ақерке Еркінқызы
    Асанова Ақерке Еркінқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19902
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детства и подросткового возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек