Инфоурок Технология СтатьиТехнологияны математика сабақтарында пайдалану

Технологияны математика сабақтарында пайдалану

Скачать материал

Ақмола облысы

Шортанды ауданы

Степной орта мектебі

Ибраева Асемгуль Жалгасбековна

 

Жеке оқыту технологиясы

          Оқу процесін ұйымдастырудың дәстүрлі жүйесінің орнына жеке оқыту технологиясы оқушылардың өздік белсенді жұмыс істеуін ынталандыруды, жеке білім траекториясын таңдауды, мобильділікті, академиялық еркіндіктің кеңдігін қамтамасыз ететін, әлемдік білім кеңістігінде білім беру құжаттарын тануға мүмкіндік беретін оқытудың түрі. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі әртүрлі болғандықтан, әр пәнді әртүрлі деңгейде игеретіндіктен, әр пәннің қиындық деңгейіне байланысты әр оқушымен жұмыс жасап, сыныпта үлгермеуші оқушы болмайды және жеке жұмыс  арқасында өзіне деген сенім ұялайды.

Ғасырдағы экономикалық және әлеуметтік ұмтылыстағы негізгі жетекші күш – адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі
                       Н.Ә.Назарбаев

         Педагогикалық технология – оқыту түрін, тәсілдерін, әдістерін, жолдарын арнайы анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқау жиынтығы. Ол – педагогикалық даму барысын ұйымдастыратын әдістеме құралы

                                                                  Б.Т.Лихачев

 

                     Технология – бұл өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, өңдеу әдістерінің жиынтығы

                                                                В.М.Шепель

 

Білім - кез келген мықты мемлекеттің тірегі. Білімнің мемлекеттік саясаты стратегиялық мақсатқа бағытталған: болашақ ұрпаққа инновациялық және шығармашылық тұрғыдан ойлауға қабілетті етіп тәрбиелеу, оның жеке тұлға болып қалыптасуында адамның интеллектуалды мүмкіндіктерін алдыңғы орынға қоя отыра өсіру. Білім беру - қоғамдық ұйымдастырылатын және реттелетін, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа әлеуметтік маңызды тәжірибені тұрақты түрде беру процесі екені мәлім. Бүгінде Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту әлемдегі білім жүйесіндегі өзгерістерді, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, әлемдік білім жүйесіне кіру мүмкіндіктерін ескере отырып іске асырылмақшы.                                                                                                                               
          Ұстаз еңбегінің күрделігі - әрбір оқушының жүрегіне жол табуда, әрбір баланың бойындағы қабылетті дамыту үшін жағдай жасауда. Ең бастысы: мұғалім оқушының өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесуі керек, оның бойында өзін, өмірде, әлемді тануға деген қажеттілікті оята білуі керек, әрбір іс-әрекеті үшін өзінің, жолдастарының, мектептің, қоғамның алдындағы жауапкершілікті, адамгершілік қадір-қасиетті сезінуді тәрбилеуі керек. Танымның қиын жолындағы балалар жетістігі мұғалімнің әрбір оқушы мүмкіндігіне сенім артуына, оның табандылығы мен шыдамдылығына,шәкіртіне дер кезінде көмекке келе білуіне тікелей байланысты.

Жеке оқыту технологиясы – бұл оқыту процесін ұйымдастырудың моделі, яғни мұғаламнің бір ғана оқушымен өзара әрекеті, осы жалғыз оқушы тек қана оқу құралдарымен өзара әрекетте болады.(кітаптар, компьютер, т.с.)

Жеке оқытудың басты жетістігі – баланың ерекшелігіне байланысты оқу мазмұнын, әдістерін және қарқынын толық бейімделуіне мүмкіндік береді, нақты бір есепті шығару кезіндегі оның әрбір іс-қимылын бақылауға, білмегенін білуге ұмтылысын бақылауға, оқушының сол сияқты мұғалімнің іс-әрекетінде қажетті түзетуді уақытында енгізуге, мұғалімнің де оқушының да өзгеріп тұрса да  бақылауда болатын ситуацияға байланысты бейімделуіне мүмкіндік туғызады. Мұның бәрі оқушының икемді жұмыс істеуіне өз күшін үнемі бақылауда ұстауына оңтайлы уақытта жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, жоғары нәтижеге жеткізеді.

Жеке оқытудың бұл түрі  жалпы мектепте шектеулі түрде ғана қолданылады.

Жеке тұрғы бұл:

– педагогика принципіне орай оқу -тәрбие жұмыс процесінде мұғалім жеке модель бойынша жеке оқушылармен өзара әрекетте болады.

- баланың жеке ерекшелігіне бағдарлау;

- баланың оқу процесіндегі жеке ерекшелігінің есебі;

- әрбір оқушының дамуы үшін психологиялық-педагогтік жағдай жасау:

Жеке оқыту технологиясы – бұл

-Оқушының ерекшелігіне қарай әр түрлі оқу тәсілі, оқу қарқыны оқу процесінде ұйымдастырылуы

-Әр түрлі оқу тәсілдері: психология-педагогикалық және ұйымдастыру меңгеру шаралары

-Жеке оқыту технологиясы – бұл оқу процесінде жеке тұрғы және жеке оқу түрі басым болып келетін оқу процесін ұйымдастыру

Жеке тұрғы қағидат сияқты, барлық технологияларда әртүрлі жағдайда қолданылады, сондықтан жеке оқытуды «көреген технология» деп есептеуге болады. Бірақ оқытудың мақсатына жеткізетін негізгі технологияны педагогикалық технологияның тұтастығының белгілері және барлық сапаларына ие жеке – дара жүйе ретінде қарастыруға болады.

1919 жылы Дальтон қаласында (АҚШ) Е.Паркхарст сыныптағы сабақ жүйесін  жеке жұмыс түрімен алмастыруға әрекет жасады. Оқушылар мектеп бағдарламасын оқу кезінде өз мүмкіндіктеріне қарай жылжытып, сабақ кестесіне қарамай, жалпы басқару негізінде түске дейін өз бетінше жұмыс жасады. Екінші жартысында қызығушылығына қарай топпен оқыды, яғни қос-қостан немесе топпен жұмыс істеуіне бөгет  болмады , өйткені кейбір сұрақтарды, тақырыпты барлығы қосылып талдап жұмыс істеді. Бұл тәжірибеден кейін  «Дальтон жоспар» аталып кетті. Ресейде бұл «жобалау әдісі» деп көптеген мектептер мен жоғарғы оқу орындарында 20-сыншы жылдарда қолданылған, бүгінде мектеп тәжірибесіне қайта енгізілуде.

Жобалау әдісі дегеніміз – оқу процесін жекешелеуге мүмкіндік беретін комплексті оқыту әдісі, яғни балаға жобалауда өз ісін ұйымдастыруға және бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Оқу процесінің барлық құрлымдарын: мақсаты, мазмұны, әдісі, қажетті құрал-жабдықтарын қамтитын жеке оқыту технологиясы динамикалық жүйені құрайды.

Жеке оқытудың негізгі мақсаттары:

-Келешекте баланың жеке қабілетінінің дамуының потенциалдық мүмкіндігін сақтау.

-Жеке оқыту құралдары арқылы әр оқушының оқу бағдарламасын орындалуына жәрдем беріп, үлгірмеушіліктің алдын алуы.

-Оқу уәждемесін жақсарту және танымдық мүддесін дамыту.

-Оқушының тұлғалық сапасын қалыптастыру: еңбекорлығы, дербестігі, шығармашылдығы

Жеке оқытудың жалпы  үрдістері:

-Жеке оқыту дегеніміз  - оқыту үрдісінің стратегиясы

-Жеке оқыту индувиляциясы дегеніміз – дербестігін қалыптастырудың қажетті факторы

-Барлық пәндерге жеке оқытуды пайдалану

-Оқытудың басқа формаларымен жеке оқытуды біріктіру

-Жеке қарқынды стильде оқыту

-Жеке оқытудың алғышарты болып, оқушының ерекшеліктерін зерттеу болып табылады

-Жеке жұмыс жалпы оқудағы біліктілігі мен дағдысының деңгейінің теңдестігін талап етеді.

Қазіргі отандық педагогикалық тәжірибесінде жеке оқыту технологиясында:

-Инге Унттың жеке оқыту технологиясы

-А.С.Границкаяның бейімді оқыту жүйесі

-В.Д.Шадриковның жеке бағдарлап оқыту негізі қолданылады.

Инге Унттың болжамы:

Осы күнгі жағдайда жеке оқытудың негізгі формасы болып оқушының мектепте де, үйде де өз бетінше еңбектенуі болып табылады.

А.С.Гранцкаяның болжамы.

Сыныптағы сабақ жүйсінің шеңберінде мұндай жұмыс ұйымдастыруға болады, яғни мұғалімнің 60-80%уақыты оқушының жеке жұмысына бөлінеді,

Н.Д.Шадриковтың болжамы: егер балаға қиын есептің жолын көрсетіп жіберсек, оның қабілетін арттыруға болады. Оқу үрдісін уәждемей отырып, оқушыға сол деңгейде жұмыс істеуіне мүмкіндік береміз.

Жеке оқыту технологиясының мазмұны мен әдстемесінің ерекшеліктері: Инге Унт: өздік жұмысқа арналған жеке оқу тапсырмалары, жұмыс дәптерлері оқу әдебиетіне қажетті бейімделу.

А.С.Границкая: Дәстүрлі емес сабақтың құрылымының түпнұсқасы: бірінші бөлімде –барлығында оқыту, екінші бөлімде – екі үрдістің қатар параллель келуі ол – оқушылардың өздік жұмысымен қатар мұғалімнің жеке оқушылармен дербес жұмыс істеуі. Қорытындыланған сызбаларды пайдалану (Шаталов) ауысымдық құрамдағы жұмыс жасау (Дьяченко), көпдеңгейлі тапсырмаларға бейімделу (Границкая карточкалары).

Н.Д.Шадриков: Әр оқушының мүмкіндігіне қарай оқытатын оқу жоспары, алты деңгейге арналған методикалық әдістемелері және бағдарламасы әр оқушы деңгейге байланысты оқыту керек. Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі әртүрлі болғанықтан, әр пәнді әртүрлі деңгейде игеретіндіктен, әр пәннің қиындық деңгейіне байланысты  мұғалім таңдау жасау.

Қиындықтың алты деңгейі барлық баланы қамтып, үлгірмеушілерді далаға тастамай, оқу үрдісін ұйымдастырып, барлық оқушылар мүмкіндіктеріне қарай бейімділік қабілеттілігін арттырады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Технологияны математика сабақтарында пайдалану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.01.2017 531
    • DOCX 18.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибраева Асемгуль Жалгасбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22723
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 575 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 091 человек

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе