Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / Тест сұрақтары қазақ тілінен

Тест сұрақтары қазақ тілінен

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тест сұрақтары-30

1.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Жақсы мінез-ққұлық пен ақыл күші болып,екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

В) Өлең,жыр-қазақтардың жан серігі.

С) Осылар арасынан шыққан Базаралы болса,ол әрі сымбатты,әрі шешен жүйрік.

Д) Бұл қазақ нені бастан кешпеді,қазақ болғалы.

Е) Байлық пен бақ-сенімді серігің,балаң-артыңда қалған ізің.

2.Себеп- салдар салаласты белгілеңіз.

А) Молда маған орын нұсқаған соң,Оразәлі мен оның қасындағысы бала араларын аша берді.

В) Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе,ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен.

С) Жел дауылды шақырады,бұлт жауынды шақырады.

Д) Жаманменен дос болсаң,сыртыңнан жүрер өсектеп.

Е) Байқағам жоқ,сондықтан кінәлә емен.

3.Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Білген адам тауып айтады,білмеген адам қауіп айтады.

В) Балалықты қою керек,сен енді соқталдай жігітсің.

С) Ұмтылып арбадан түсейін деп еді,Нұрғали басып жібермеді.

Д) Тозар елдің жанжалы бітпес,озар елдің арманы бітпес.

Е) Бірі әлдеқашан ескірген сияқтанып кетеді,енді бірі баяғы балалық шағымызға лайық бірдеме сияқты.

4.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Малды не жерден сұрау керек,не аққан терден сұрау керек.

В)Жорғаң қатты болса,төске сал,ісің ақ болса,көпке сал.

С) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды,неге десең онда уылдырық оралатын не балдыр,не шөп,не қамыс жоқ.

Д) Талаптың өзі де түрлі-түрлі болады,талап қылушылар да неше түрлі болады.

Е) Жер таусыз болмайды,ел іші даусыз болмайды.

5.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің ерекшелігі неде?

А) Жай сөйлемдері жалғаулықсыз байланысады.

В) бірақ,дегенмен жалғаулықтары арқылы байланысады.

С) тек қана жалғаулықтар арқылы байланысады.

Д) алғашқы сыңарында саралану мәні айқындалады.

Е) «әйтпесе» жалғаулығы арқылы байланысады.

6.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы-мәдениеттіліктің кепілі.

В) Ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен:әуелі-ел басы,топ басы деген-кісілер болады екен ,екіншісі-намысқор келеді екен.

С) кітап оқудан тыйылған адам,ойлаудан да тыйылады.

Д) Ер деп атақ кім берер,алмас семсер асынбай.

Е) Одан әрі олар сөйлескен жоқ:әңгімеге уақытта қалмаған.

7.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Ақжелкеннің сенімін не ел ақтауға тиіс,не тілмаш ақтауға тиіс.

В) Сенің алдыңда екі-ақ жағдай бар,не сабақты жақсы үлгертуің керек,не оқуды тастап ауылға кетуің керек.

С) Олжабек сасқаны сонша-орнынан атып тұрды.

Д) Көктемнің ұзаққа созылуы да біздерге жайлы тиіп тұрған жоқ:көбінің киімі жеңіл,алыс фермаларға барып жұмыс істей алмайды.

Е)Балалы үй-базар,баласыз үй-мазар.

8. Құрамындағы жай сөйлемдері ешбір жалғаулық шылаусыз,әрдайым ұласпалы интонация арқылы байланысатын салалас түрін табыңыз.

А) Ыңғайлас салалас.

В) Қарсылықты салалас.

С) Түсіндірмелі салалас.

Д) Себеп-салдар салалас.

Е) Талғаулы салалас.

9 .Кезектес салалас құрмалас сөйлемнің сыңарлары қандай жалғаулық шылаулар арқылы байланысады?

А) бірақ,дегенмен,алайда

В) өйткені,сондықтан,себебі

С) және,әрі,да

Д) жалғаулығы жоқ

Е) кейде,бірде,біресе

10.Жалғаулығы жоқ салалас түрін табыңыз

А) Ыңғайлас салалас

В) Қарсылықты салалас

С) Түсіндірмелі салалас

Д) Себеп-салдар салалас

Е) Талғаулы салалас

11.Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан себеп-салдар салалас құрмаласты табыңыз.

А) Түнде күзетші ұйықтап қалғандықтан,қалың жылқы егіске түсіп кетіпті

В) Досын сатқан жандардан жиренемін:Отаныңды ондайлар сата алады

С) Көкөзек Ушаковты алдап ұрды:нәлі бар бақыры болмай шықты

Д) Сырт тазасы не керек,тазарт әуелі ішіңді!

Е) Мұқата сөйлеген Шұғылдың сөзін Хакім де естіді,бірақ бұл сөзге ол кек тұтқан жоқ.

12.Жалғаулықсыз себеп-салдар салалас құрмаластың салдар мәндісі бірінші келсе,одан кейін қандай тыныс белгісі қойылады?

А) нүктелі-үтір

В) үтір

С) сызықша

Д) қос нүкте

Е) үтір-сызықша

13.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Ат өнері білінбес,бәйгеге түсіп жарыспай

В) Күн қоңыр адырдан асып кетіпті,сәулесі сонау биіктердің басында қалған

С) Кейде екі салт қатар аяңдайды да кейде бірі екі атты жетелеп,бірі артынан аяңдайды

Д) Жауап ба рда,айтуға ауызы барар емес

Е) Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды:қыз ұзату оңай емес.

14.Тек жалғаулықты болатын салалас құрмаластың түрі қайсы?

А) ыңғайлас

В) қарсылықты

Д) Кезектес

С) себеп-салдар


Е) Түсіндірмелі

15.Жалғаулығы түсіп қалған қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Жерді жыртқан біледі,малды баққан біледі.

В) Мақсат-біреу,сол себепті оны екіге бөлу-ымырашылдық.

С) Сізден сұрайтынымыз мынау:бізге қамқоршы болыңыз.

Д) Ең сенімді су жер астынікі,-оны іздеу керек.

Е) Шытырлап тұрған қурай лап етті,қара түтін бұрқ етті.

16.Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Біресе бір адым озып кетеді,біресе қалып қояды.

В) Аздың азаншысы болғанша,көптің қазаншысы бол.

С) Ерінген қалар ұятқа,ізденген жетер мұратқа.

Д) Не жұмыстың көзін тап,не қисықтың тезін тап.

Е) Ол бірде биік,бірде аласа,бірде шешен,бірде сараң сөзді еді.

17.Жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмаласты табыңыз.

А) Осылай жаз да өтті,күз де өтті.

В) Теріскейде қара бұлт тұтасып келе жатса да,Қоспан асықпады.

С) Жарқырай шағылысқан сәулесә жоқ,-бұлт астындағы қоңырқай жарықта төңіректің бәрі ап-айқын.

Д) Сен жыладың,мен бірақ селт етпедім.

Е) Сейіт құр сараң жымыйғаны болмаса,шырай берген жоқ.

18.Талғаулы салаластың жалғаулық шылауларын табыңыз.

А) әрі,және,да.

В) Кейде,бірде,біресе.

С) Бірақ, алайда,дегенмен.

Д) Сондықтан,сол себепті,өйткені.

Е) Не, я, я болмаса.

19.Жалғаулықты ыңғайлас салаласты табыңыз.

А) Көк байрағымызда алтын күн,дала бүркіті және ұлттық өрнек бейнеленген.

В) Өзен жағасын әнге бөлеп,аққулар аспанға көтерілді.

С) Игілік айтқан да жоқ,қасындағылары батып сұрай алған да жоқ.

Д) Ән салшы бір,Зибагүл,қарағым.

Е) Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.

20.Жай сөйлемдеріндегі ойдың тек біреуіндегісі ғана жүзеге асатынын білдіретін салаластың түрі қайсы?

А) ыңғайлас

В) қарсылықты

С) себеп-салдар

Д) кезектес

Е) талғаулы

21.Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.

Қазақ жері көп еді-

Жер пайдасын білетін

Білімді ері жоқ еді.

А) Ыңғайлас

В) Қарсылықты

С) Себеп-салдар

Д) Түсіндірмелі

Е) Талғаулы

22.Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.

Менің артымнан тағы бір қыз туады,әке-шешем атын Балтуған болады.

А) Ыңғайлас

В) Қарсылықты

С) Себеп-салдар

Д) Түсіндірмелі

Е) Талғаулы

23.Ыңғайлас салаласты табыңыз.

А) Олар күзде және көктемде еш босамайды.

В) Жаңбырда жауды,от та өшті

С) Біздің сынып кең әрі жарық

Д) Ол бөлмеге кірді де отыра кетті

Е) Ол жаза біледі және оқи біледі

24.Себеп-салдар салаласты табыңыз.

А) Қар жауды,күн суытты

В) Мен қорықпаймын,қорықпайтыным әжем кеше сұрап алған

С) Күн бата шұбартып мал шеті де көрінді,боран да үдеңкіреп кетті.

Д) ол үйге кіріп еді,ешкім жоқ екен.

Е) Балалы үй-базар,баласыз үй-мазар.

25.Төмендегілер қай сөйлемде қолданылады.

өйткенмен,сөйткенмен,солай болғанмен.

А) Ыңғайлас

В) Қарсылықты

С) Себеп-салдар

Д) Түсіндірмелі

Е) Талғаулы

26.Талғаулы жалғаулықты табыңыз.

А) солай бола тұрса да

В) біресе

С) мейлі

Д) сондықтан

Е) сол себепті

27.Талғаулы салаласты табыңыз.

А) Оның үсті-басын тінтіп шықты,-кәмпит атаулыдан ештеңе жоқ.

В) Мұнда ертерек кел,болмаса ініңді жібер.

С) Ат аспанға екі аяғын көтерді,енді бірде екі құлағын түріп тұра қалды

Д) Жол ұзақ,сол үшін жатып демалуымыз керек.

Е) Жаз жаңбырлы болып,егінге құрт түсті.

28.Қай салалас сөйлем екенін табыңыз.

Мені жұмсаған жоқ,өзім кеттім.

А) Ыңғайлас

В) Қарсылықты

С) Себеп-салдар

Д) Түсіндірмелі

Е)Талғаулы

29.Қай салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышы «сол,сонша,сондай» есімдіктерінен жасалады?

А) Ыңғайлас

В)Қарсылықты

С) Себеп-салдар

Д) Түсіндірмелі

Е) Талғаулы

30.Сөйлемде түсіп қалған жағдайда орнына сызықша қойылатын жалғаулықты табыңыз.

А) және

В) бірақ

С) немесе

Д) біресе

Е) сондықтан















Тест №28

1. Айқындауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Қонақ үйде,дөңгелек стол үстінде,қызғылт,күңгірт,сәулесі бар тас шам жанып тұр.

В) Әсіресе, жаңбырлы,желді түндерде,ай қараңғыда,ақ жауындарда Көксерек қатты құтырады.

С) Данияр көпке дейін ән салып,шырқап келді.

Д) Өтебай-ауылнай

Е) Көш алдында Тәкежан,Әзімбай,Майбасар бар-ды.

2. Айқындауыш төмендегі қай сөйлем мүшесімен қызметтес.

А) Толықтауыш

В) Пысықтауыш

С) Баяндауыш

Д) Бастауыш

Е) Анықтауыш

3. Айқындауыш мүше қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Біз,жастар,еңбекте,оқуда алда болуымыз керек.

В) Содан бері бір қыс,екі жаз өтті.

С) Осы кезде Айқыз ірілеу бір тасқа келіп,жармасып жатыр еді.

Д) Мүйізінен шап беріп ұстады да,сол қалпы қатты да қалды.

Е) Ұжым тамаша табыстарға жетіп келді.

4. Құрылысына қарай айқындауыш мүше нешеге бөлінеді.

А) 3 В) 2 С) 4 Д) 5 Е) бөлінбейді

5. Берілген сөйлемдердің ішінен қосарлы айқындауышты табыңыз.

А) Ауыр жол ерді сынайды

В) Менің жеңгем-Қалиса

С) Адам баласына адам баласының бәрі-дос.

Д) Үйді айнала беріп Қартқожа да жылады.

Е) Біздің қалада авто-дүкен көп

6. Біріңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы.

А) та,не,немесе

В) және,мен,әрі

С) бен,я,яки

Д) менен,бірақ,алайда

Е)ма,ме,ше

7. Оңашаланған айқындауыш өздері анықтайтын сөздерінен қалай ажыратылады.

А) үтір

В) дефис

С) тырнақша

Д) нүкте

Е) қос нүкте

8. Қосарлы айқындауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз

А) Шашубай-нәзік сезімді ақын

В) Бұл айтыста жеңілгендер-ел әкімдері

С) Домбырада шебер ойнады

Д) Әнші Ермектің дауысы елді таң қалдырды

Е) Уақыт біз үшін,еңбек адамдары үшін,істейді

9. Қосарлы айқындауыштың ерекшелігін табыңыз

А) Орындарын ауыстыруға болады

В) Жеке-жеке сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады

С) Сызықша арқылы ажыратылады

Д) Қабыса байланысады

Е) Араларына үтір қойылады

10. Айқындауыш қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр.

Оның кіші қызының,Жамалдың,ақындығы елге танымал.

А) бастауыш

В) Толықтауыш

С) Анықтауыш

Д) Пысықтауыш

Е) Баяндауыш

11. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсет.

А) Ойбай,Жақа,ол Жоламанныңдүмпуі ғой

В) Шынында да халіміз лнша мәз емес.

С) Жігіттер,ойын арзан,күлкі қымбат

Д) Толғауы тоқсан қызыл тіл,сайраймын десең өзің біл

Е) Қарағым,дұғагөйім,қамқор анам

12. Оқшау сөздер кездескенде,сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады.

А) нүкте

В) нүктелі үтір

С) қос нүкте

Д) тырнақша

Е) үтір

13. Біріңғай мүшелердің анықтамасын табыңыз.

А) дыбысталуы бірдей сөйлем мүшелері.

В) Тұлғасы әр түрлі сөйлем мүшелері.

С) синтаксистік қызметі бірдей,өзара тұлғалас сөйлем мүшелері

Д) Әр түрлі сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелері

Е) Әр сөз табына жататын сөйлем мүшелері

14. Қай сөйлемде біріңғай тұрлаулы мүшелер бар.

А) Қазақша,татарша,орысша да күте біледі

В) Ашық бет,ұзынша бойлы,шашы артына қарай қайрылған жас жігіт Рахметпен амандасты.

С) Жойқын жұрт ерінбейді де,жалықпайды да.

Д) Сол аңғарды түсінген Әбіш өзі де кеше мен бүгін көп қайғы шеккен

Е) Әрбір қонақтың сыртында екіден,ұштен жастықтар жатыр

15. Қай сөйлемде біріңғай анықтауыштар кездеседі.

А) Асылбек,Жиренше,Ерболдар да Базаралыға қадала қарап хабар күтті.

В) Мынау екі ақын Абайға көп кезде бірге туысқан аға,інідей көрініп қалды.

С) Даусы ащы да қатал,зілді де кекті шығады.

Д) Биылғы қыстың басы адамға да,малға да әзір аса жайлы болып тұр.

Е) Қазақ әндерінде сол дала тауларының,өзендерінің,кең алқаптарының өрнектері бар.

16. Сөйлемде біріңғай мүшенің қай түрі кездеседі.

А) Біріңғай анықтауыш

В) Біріңғай баяндауыш

С) Біріңғай толықтауыш

Д) Біріңғай бастауыш

Е) Біріңғай пысықтауыш

17. Жалпылауыш сөз бола алатын сөз таптарының қатарын көрсетіңіз.

А) Зат есім,үстеу,шылау.

В) Есімдік,етістік,еліктеу сөздер

С) Есімдік,зат есім,сан есім.

Д) Сан есім,одағай,зат есім

Е) сын есім, шылау,сан есім

18. Жалпылауыш сөздердің анықтамасы қайсы.

А) Біріңғай мүшелерден бөлініп айтылады.Жеке сөйлем мұшесі болады.

В) Біріңғай мүшелердің мағынасын нақтылап тұрады.

С) Сөйлем мүшесіне талданбайтын сөйлем.

Д) Біріңғай мүшелерден тыс жүретін сөздер.

Е) Біріңғай мүшелермен қызметтес болып,оған жинақтау мағынасын қосатын сөздер.

19. Қай сөйлемде сөйлемнің біріңғай мүшелері мен жалпылауыш сөз қолданылған.

А) Бірімізге-біріміз сөйлеспесек те,біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз.

В) Осыған қол қойған жұмыскерлер түгел кетеміз.

С) Сары,Кәрібай,Жалақ-үшеуі кеңеске кірді.

Д) Қане,Мүслима екеуіміз кеңеске айтайық.

Е) Күрең ат-Бөжейдің қыс мінетін аты.

20. Тыныс белгісі дұрыс қойылмаған сөйлемді анықтаңыз.

А) Ол қайғы мен бұл қайғы,ол зорлық пен бұл зорлық-екеуінде де бір тек заң бар,бөрілер заңы.

В) Жұман от орнындай ғана болып жатқан көк мұздың үстіне сырғып түскенде,не болғанын түсінбей қалды.

С) Мұндайда,көп қойға шапқанда,бір қасқыр болсын,топ қасқыр болсын-бәрінің де есуасбір қомағайлығы бар.

Д) Біздің үйдегі адамдар мыналар-әкем,шешем,әкемнің әке-шешесі мен інілерім Таңатар,Түпқатар.

Е) Сендердің күліп жүргендерің-менің күліп жүргенім.

21. Біріңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек.

Ол... биік,...аласа,...қатал,....жұмсақ мінезді,.. шешен,...сараң сөзді еді.

А) бірақ

В) және

С)немесе

Д) да

Е) бірде

22. Оқшау сөзді көрсетіңіз.

А) үстеу

В) қыстырма

С) шылау

Д) жалғаулық

Е) шырай

23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.

А) сірә,бүгін күн суытар.

В) Ауа райы қандай тамаша.

С) тыңда,дала,Жамбылды.

Д) Күмбірлеген домбыра даусы естілді.

Е) Жолдастар тынышталыңыздар.

24. Одағайды табыңыз.

А) әрине

В) сірә

С)мүмкін

Д) құрау-құрау

Е) пырс

25. Шақыру одағайын табыңыз.

А) уһіледі

В) ойпырмай

С) бәрекелді

Д) е,тәйірі

Е) көс-көс.

26. Асты сызылған сөз қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр.

Алаңнан ойбайым тыныш.

А) баяндауыш

В) толықтауыш

С) пысықтауыш

Д) анықтауыш

Е) бастауыш

27. Қыстырма сөзді көрсетіңіз.

А) Өзің бір қызық жан екенсің.

В) Жолдас командир,жолдас комиссар.

С) Алдымнан жақсы кездестің-ау,шырағым

Д) Ата немереңіз келді

Е) Қорыта келгенде,баяндама толық жасалған,

28. Қаратпа сөз белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр ма.

Балалар,сабаққа дайындалыңдар.

А) бастауыш

В) баяндауыш

С) толықтауыш

Д) сөйлем мүшесінің қызметін атқармайды

Е) пысықтауыш.

29. Тыныс белгісі дұрыс қойылған оқшау сөзді табыңыз.

А) Күмбірлей бер домбырам.

В) Ән-көілдің ажары.

С) Беу шіркін,таудың күйі,тастың күйі.

Д) Бұлар берілген тапсырманы,сірә ұмытпаса керек.

Е) О, келгенің жақсы болды.

30. Кею мағанасында қолданылған одағайды табыңыз.

А) па,жігіт-ақ екен.

В) Әй,көзіңе қара.

С) А,мен кешіккен екенмін ғой.

Д) Япырай,-деп ойлады ол ақырында,

Е) Құр-құр...-десті қора ішінен екі дауыс










Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров294
Номер материала ДВ-365687
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх