Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Тесты / Тесты по казахской литературе

Тесты по казахской литературе



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

  1. нұсқа


1. Алдар Көсе қай жанрдың кейіпкері екендігін табыңыз.

A) Ертегі

B) Әңгіме

C) Аңыз әңгіме

D) Айтыс

E) Шешендік сөз

2. Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген ауыз әдебиеті үлгісіндегі ањыз-әњгімесін белгілеңіз.

A) «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш».

B) «Бақша ағаштары».

C) «Қыпшақ Сейітқұл»

D) «Әке мен бала»

E) «Лұқпан хакім»

3. Абайдың қара сөздерінің санын табыңыз.

A) 55

B) 25

C) 37

D) 35

E) 45

4. Атақты сәйгүлік Құлагердің иесін табыңыз.

A) А.Қорамсаұлы

B) Жаяу Мұса

C) А.Құнанбаев

D) Қобыланды батыр

E) І.Жансүгіров

5. Жамбыл Жабаевтың дүниеге келген, дүниеден өткен жылдарын көрсетіңіз.

A) 1847-1944

B) 1846-1945

C) 1844-1942

D) 1845-1946

E) 1843-1943

6. Ғ.Мұстафиннің ’’Қарағанды’’ романының тақырыбы қандай екенін белгілеңіз.

A) Махаббат тақырыбы

B) Ұжымдастыру тақырыбы

C) Төңкеріс тақырыбы

D) Достық тақырыбы

E) Өндіріс тақырыбы

7. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің жазылу түрін анықтаңыз.

A) Салыстыру түрінде

B) Баяндау түрінде

C) Суреттеу түрінде

D) Монолог түрінде

E) Диалог түрінде

8. О.Сүлейменовтің туған жерін көрсетіңіз.

A) Талдықорған

B) Шымкент

C) Қызылорда

D) Алматы

E) Павлодар

9. «Әпке» деп аталатын, Қамажай, Омар, Темірбек, Нәзила, Кама атты кейіпкерлері бар пьесаның авторын табыңыз.

A) Б.Римова

B) Қ.Мұқаметжанов

C) Д.Исабеков

D) Р.Мұқанова

E) И.Сапарбай

10. ’’Күлтегін’’ жырының негізгі тақырыбын анықтаңыз.

A) Махаббат

B) Достық

C) Ерлік, ел қорғау

D) Діни

E) Мемуарлық

11. “Аруақты туған ер болсаң, не қыласың бір қызды,”-деп, Ер Тарғынға тоқтау айтатын жырауды белгілеңіз.

A) Мұрын жырау

B) Майқы би

C) Бұқар жырау

D) Сыпыра жырау

E) Қазтуған жырау

12. Ақтамбердінің толғауын табыңыз.

A) “Асқар, асқар, асқар тау”

B) «Күлдір-күлдір кісінетіп»

C) “Қоғалы көлдер, қом сулар”

D) “Шағырмақ бұлт жай тастар”

E) “Мұнар күн”

13. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады …» - деген пікірдің иесін табыңыз.

A) Шәкәрім Құдайбердиев.

B) Лев Толстой

C) Мағжан Жұмабаев

D) Абай Құнанбаев

E) Ғабит Мүсірепов

14. "… Сол кезде профессорлардың бірі Мағжанды «Қырғыздың Пушкині» деуші еді," – дегенді кім айтқанын атаңыз.

A) С.Құдаш

B) Б.Серкебаев

C) Б.Майлин

D) С.Жантурин

E) Ғ.Ибрагимов

15. «Бейімбет шығармашылығы дәуіріміздің күнделік жазбалары секілді» - деген пікірді кім айтқанын анықтаңыз.

A) С.Мұқанов

B) М.Әуезов

C) С.Сейфуллин

D) Ғ.Мүсірепов

Е)А.Құнанбаев

E) Ғ.Мұстафин

16. ’’Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?’’ Өлеңнің авторы кім екенін анықтаңыз.

A) И.Байзақов

B) Ә.Тәжібаев

C) С.Мәуленов

D) М.Мақатаев

E) Қ.Аманжолов

17. М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесінің негізгі идеясын көрсетіңіз.

A) Қасқырларды аяусыз қыру қажет.

B) Қасқыр - адамның жауы.

C) Адамдар қасқырдан өткен жауыз.

D) Айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы бар, оны адамдар түсіне білуі қажет.

E) Табиғат адамға тәуелді болу керек.

18. С.Мұқановтың проза саласындағы алғашқы үлкен еңбегін табыңыз.

A) ’’Ботагөз’’

B) ’’Менің мектептерім ’’

C) ’’Сырдария’’

D) ’’Балуан Шолақ’’

E) ’’Адасқандар’’

19. Шерхан Мұртазаның «41-жылғы келіншек» әңгімесінде:

-Алды-артымды жалмап, жалмауыз болайын деп, құдайдан тілеген жоқпын. Бұл кімнің сөзі екенін дәлелдеңіз.

A) Шалабайдың

B) Жанардың

C) Ақшайдың

D) Күләйдің

E) Хадишаның

20. «Адамнан адам озар немен артып,

Бұл сөзді ақылға сал, кірге тартып …» - деген тармақтардың авторын табыңыз.

A) Ғ.Қараш

B) А.Құнанбаев

C) Ш.Құдайбердиев

D) Ш.Бөкеев

E) А.Қорамсаұлы

21. А. Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» мақаласының қайда жарияланғандығын табыңыз.

A) «Жаңа мектеп»

B) «Қазақ» газеті

C) Майдан журналы

D) Тургайская газета

E) «Әдебиет майданы»

22. С.Сейфуллиннің Омбы лагерінен қашып шыққан кездегі бүркеншік атын көрсетіңіз.

A) Сәрсенбі

B) Хасен

C) Дүйсенбі

D) Терлікбай

E) Еркебұлан

23. «М.Әуезовтің «Абай жолын» оқыған адам өмірдің өнерге айналған академиясынан өткендей болады». Кімнің пікірі екенін табыңыз.

A) Х.Әдібаев

B) М.Базарбаев

C) З.Ахметов

D) Р.Нұрғалиев

E) З.Қабдолов

24. ’’Автобиографиялық әңгімеде’’ аты ерекше аталатын адамның бірі кім екенін анықтаңыз.

A) С.Сейфуллин

B) Б.Өтетілеуов

C) Ғ.Мұстафин

D) М.Әуезов

E) С.Мұқанов

25. Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,

Мөлтілдеген көз жасын тыя алмай тұр. (М.Мақатаев)

Троптың түрін белгілеңіз.

A) Гипербола

B) Метонимия

C) Метафора

D) Кейіптеу

E) Ирония






ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

2 нұсқа

1. Толағайдың ата-анасының мекен еткен жерін табыңыз.

A) Сыр бойы

B) Жиделібайсын

C) Ертіс жағасы

D) Есіл бойы

E) Ақжайық

2. Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға арнап жазған өлеңінің аты қалай аталатынын көрсетіңіз.

A) “Кел, балалар, оқылық!”

B) ’’Бес нәрседен қашық бол’’

C) ’’Арман’’

D) ’’Үміт еткен көзімнің нұры, балам’’

E) ’’Сегіз аяқ’’.

3. Семейдегі Абай оқыған медресені табыңыз.

A) “Уазифа”

B) “Медресе-Ғалия”

C) Қасым қажының медресесі

D) “Ахун-Рахманкул медресесі”

E) “Ахмет-Риза”

4. Ақжігіт деген есімнің кімге қойылғанын табыңыз.

A) Ақан сері

B) Үкілі Ыбырай

C) Жаяу Мұса

D) С.Сейфуллин

E) Балуан Шолақ

5. Қасым Аманжоловтың туған елдің өсу жолын, жаңаруын шабытпен жырлаған өлеңін белгілеңіз.

A) «Нұрлы дүние»

B) «Балдақты жігіт»

C) «Дариға»

D) «Өзім туралы»

E) «Жиырма бес»

6. "Өмір сүргім келеді" деп аталатын шығарманың авторы кім екенін белгілеңіз.

A) С. Сейфуллин

B) І. Жансүгіров

C) А. Жұмағалиев

D) Б. Бұлқышев

E) Қ. Аманжолов

7. Жүз жыл жырлаған жүректің иесін белгілеңіз.

A) Сәбит Мұқанов

B) Сәкен Сейфуллин

C) Жамбыл Жабаев

D) Ілияс Жансүгіров

E) Бейімбет Майлин

8. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.

A) Т.Молдағалиев

B) Қ.Мырзалиев

C) М.Шаханов

D) Т.Айбергенов

E) А.Бақтыгереева

9. Оралхан Бөкейдің шығармасын табыңыз.

A) «Шыңырау»

B) «Жусан исі»

C) «Бір атаның балалары»

D) «Тортай мінген ақ боз ат»

E) «Қылау»

10. Ж.Баласағұнның «Құтты біліг» дастанында мемлекетті дұрыс басқару үшін ең алдымен не керек дегенін табыңыз.

A) Бақ-дәулет

B) Әскер

C) Әділдік

D) Қанағат

E) Ақыл-парасат

11. ’’Ер Тарғын’’ жырында батырды 2 рет алдаған ханды белгілеңіз.

A) Домбауыл

B) Олалай

C) Бұлалай

D) Ханзада

E) Ақшахан

12. «Айналасын жер тұтқан» толғауы қай жыраудың туындысы екенін табыңыз.

A) Бұқар жыраудың

B) Асан қайғының

C) Қазтуғанның

D) Шалкиіздің

E) Махамбеттің

13. Абай сомдаған Ескендір бейнесінің ерекшелігін көрсетіңіз.

A) Тарихи шындықты суреттеді.

B) Ескендірді мадақтады.

C) Азат етуші ретінде таныды.

D) Жауыздық, тойымсыздық қасиетін сынады.

E) Адамгершілік мінезін ардақтады.

14. ’’Қазағым, таянды ғой қылта мойын,

Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын.

Қарашы өзіңе-өзің көз жүгіртіп,

Жараспас бұдан кейін күлкі-ойын’’. Мағжанның қай өлеңі осы шумақпен басталады?

A) ’’Құрбы’’

B) ’’Шолпан’’

C) ’’Батыр Баян’’

D) ’’Сүйемін’’

E) ’’Қазағым’’

15. С.Сейфуллиннің пьесасын белгілеңіз.

A) «Амангелді»

B) «Қызыл сұңқарлар»

C) «Құдалар келді»

D) «Шернияз»

E) «Қуырдақ»

16. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясында Бөжей үйіне берген Абайдың қарындасының есімін атаңыз.

A) Мәкіш

B) Салтанат

C) Кәмшат

D) Тоғжан

E) Ділда

17. Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде оқыған қаламгерді табыңыз.

A) М.Жұмабаев

B) Ғ.Мүсірепов

C) С.Дөнентаев

D) Ғ.Мұстафин

E) С.Сейфуллин

18. Ұйқастың түрін белгілеңіз.

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

(Абай)

A) Ерікті ұйқас.

B) Кезекті ұйқас.

C) Шалыс ұйқас.

D) Егіз ұйқас.

E) Қара өлең ұйқасы.

19. Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасындағы кейіпкерді анықтаңыз.

A) Кенжекүл

B) Сталин

C) Баян

D) Қабасақал

E) Жуанқұл

20. Әкесі он үш жасында ұсталып кетіп, ол туралы өлең жазған қаламгерді табыңыз.

A) Т.Рысқұлов

B) М.Дулатов

C) С.Дөнентаев

D) А.Байтұрсынов

E) Б.Майлин

21. Ж.Аймауытовтың «Қартқожа» романының басылып шыққан жылын табыңыз.

A) 1932ж.

B) 1929ж.

C) 1925ж.

D) 1926ж.

E) 1920ж.

22. Башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен бірге оқыған қазақ жазушысын табыңыз.

A) Б.Майлин

B) С.Торайғыров

C) М.Сералин

D) С.Сейфуллин

E) М.Жұмабаев

23. «Қараш-Қараш оқиғасы» қай жанрға жататынын көрсетіңіз.

A) Роман

B) Әңгіме

C) Пьеса

D) Повесть

E) Поэма

24. - Оңбаған құл мұншама неге тастың?

Қорықпай, үрікпей жерімді қалай бастың! – үзінді қай поэмадан алынғанын атаңыз.

A) “Медғат-Қасым”

B) “Сұлушаш”

C) “Қалқаман-Мамыр”

D) “Құлагер”

E) “Еңлік-Кебек”

25. Төмендегі мысалдардан эпитетті табыңыз.

A) Дәулет – қызық, бала – бал.

B) Жер күлімдер өзіне шырай беріп.

C) Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

D) Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл.

Е) Піскен алма секілді тәтті қызды.











ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

3 нұсқа

1. Қазақ аңыздарындағы кейіпкерді көрсетіңіз.

A) Ерназар

B) Ер Тарғын

C) Ер Төстік

D) Қорқыт

E) Шойынқұлақ

2. «Қамар сұлу» романындағы кедей ортасынан шыққан, аздап оқыған жігіт, жаңа дәуірдің өкілі кім екенін белгілеңіз.

A) Оспан би

B) Қалтан қажы

C) Жорға Нұрым

D) Сәрсенбай

E) Ахмет

3. Абайдың табиғатты жырлауға арналған өлеңін белгілеңіз.

A) «Желсіз түнде жарық ай».

B) «Көзімнің қарасы».

C) «Қыс».

D) «Қор болды жаным».

E) «Ғылым таппай мақтанба».

4. ...Жаманға жазатайым ісің түссе,

Жабысып қалады екен аспан жерге, - деген жолдар алынған Ақан серінің өлеңін белгілеңіз.

A) ²Асыл мен жасық²

B) ²Заманға қарап айтқан сөз²

C) ²Жақсы мен жаман²

D) ²Заман адамы²

E) ²Жүсіп төреге²

5. Аш-жалаңаш, жоқшылық тұрмыстағы кедейдің халін Жамбыл қай өлеңінде бейнелегенін табыңыз.

A) ’’Кедей күйі’’

B) ’’Мәңке туралы’’

C) ’’Шағым’’

D) ’’Замана ағымы’’

E) ’’Майданға’’

6. Ғ.Мұстафиннің өзі романтикалық шығарма деп бағалаған туындысын атаңыз.

A) ’’Күлмеген адам’’

B) ’’Шығанақ’’

C) ’’Миллионер’’

D) ’’Құлаған құз’’

E) ’’Дауылдан кейін’’.

7. Кейіптеудің анықтамасын табыңыз.

A) Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адам бейнесінде бейнелеу.

B) Алмастырып қолданылған сөздер.

C) Сөз тастап кету.

D) Бір құбылысты, екінші құбылысқа балау.

E) Құбылысты ерекше құбылтып айту.

8. М. Мақатаевтың өлеңін табыңыз.

A) «Шығамын тірі болсам адам болып»

B) «Ғылым таппай мақтанба»

C) «Шәкірт ойы»

D) «Қара өлең»

E) «Құлагер»

9. «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» кітаптарының авторын табыңыз.

A) С.Жүнісов

B) М.Мақатаев

C) І.Есенберлин

D) Ә.Кекілбаев

E) С.Сматаев

10. «Диуани лұғат ат-түрік» кітабының авторын табыңыз.

A) Ж.Баласағұ

B) С.Сараи

C) А.Яссауи

D) Әл-Фараби

E) М.Қашқари

11. Айтыстың ең көне түрін табыңыз.

A) Жұмбақ айтысы

B) Салт айтысы

C) Жануарлар мен адамның айтысы

D) Бәдік айтысы

E) Қыз бен жігіт айтысы.

12. «Қанын ішіп қанбаққа,

Жанын отқа салмаққа…

Хан ие, ісің жол емес,» - деп, Жиембет жырау кімге айтқанын анықтаңыз.

A) Кене ханға

B) Абылай ханға

C) Тәуке ханға

D) Есім ханға

E) Әбілқайырға.

13. Мақалға айналған Абай сөзін белгілеңіз.

A) Еңбегі көптің өнбегі көп.

B) Аурудан аяған күштірек.

C) Азат басың болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл.

D) Шабан үйрек бұрын ұшар.

E) Көп түкірсе - көл.

14. Ш.Құдайбердіұлының өлеңдер жинағын табыңыз.

A) «Уақ-түйек»

B) «Шолпан»

C) «Жиған-терген»

D) «Қазақ айнасы»

E) «Асау тұлпар»

15. С.Сейфуллиннің жарының атын табыңыз.

A) Зылиха

B) Гүлбаһрам

C) Күләнда

D) Фатима

E) Шолпан

16. Б.Бұлқышевтің шығармасын табыңыз.

A) “Өмір мен өлім туралы”

B) “Шырағың сөнбесін”

C) “Сарыжайлау”

D) “Қоңыр күз еді”

E) “Тағдыр”

17. Жүзтайлақтың (М.Әуезов) қандай бейне екенін көрсетіңіз.

A) Халық қамын жеуші ақылды әйел бейнесі.

B) Өзіне ұқсас жүз әйелден құрылған жиынтық образ: сұлу да сиқыр, ақылды да жауыз.

C) Зерек, байсалды,ойлы кейіпкер.

D) Батыл, ержүрек әрі инабатты адам.

E) Досқа адал, дұшпанға қатал бірбеткей әйел.

18. Есеней, Артықбай батыр, Шынар, Қанікей деген кейіпкерлер Ғ.Мүсіреповтің қай шығармасынан екенін белгілеңіз.

A) ’’Оянған өлке’’

B) ’’Алғашқы адымдар’’

C) ’’Ұлпан’’

D) ’’Амангелді’’

E) ’’Кездеспей кеткен бір бейне’’

19. О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесін кімге арнағанын есіңізге түсіріп, белгілеңіз.

A) Ата-анасына

B) Сүйген жарына

C) Бала кездегі досына

D) Туған еліне

E) Ауылына

20. «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазумен сөйлесу, ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман» деген ойдың иесін табыңыз.

A) М.Дулатов

B) Ж.Аймауытов

C) М.Дулатов

D) Ш.Құдайбердіұлы

E) А.Байтұрсынұлы

21. М.Дулатовтың ’’Серке’’ газетінде қандай бас мақаласы басылғанын белгілеңіз.

A) ’’Абай’’

B) ’’Қирағат’’

C) ’’Оян, қазақ’’

D) ’’Бақытсыз Жамал’’

E) ’’Біздің мақсатымыз’’

22. Б.Майлин оқыған ²Уазифа² мектебі қай қалада орналасқанын табыңыз.

A) Омбы

B) Троицк

C) Уфа

D) Қазан

E) Томск

23. “Абай жолы ” эпопеясы – жарты ғасырлық қазақ өмірінің энциклопедиясы” деп баға берген атақты адамды белгілеңіз.

A) Луи Арагон

B) Әлкей Марғұлан

C) Евгений Букетов

D) Константин Федоров

E) Қаныш Сәтбаев

24. «Сұлушаш» поэмасындағы Алтайдың басты қасиетін табыңыз.

A) Тәрбиелік

B) Қайсарлық

C) Сыпайылық

D) Өнерпаздық

E) Салмақтылық

25. Француз тілінен алынған ассонанс терминінің қандай мағынаны білдіретіндігін анықтаңыз.

A) Дыбыстас

B) Буындас

C) Аралас

D) Үндес

E) Ыңғайлас





ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

4 нұсқа


1. ... Әкем қаған өлгенде

Інім Күлтегін жеті жаста қалды.

Он жаста Умай текті шешемнің бағына

Інім Күлтегін ер атанды.

Үзінді қай жырдан алынғанын анықтаңыз.

A) «Кодекс куманикус»

B) «Күлтегін»

C) «Махаббатнама»

D) «Гүлстан»

E) «Домбауыл»

2. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігін табыңыз.

A) Аңызда тарихи шындық пен қиял араласып жүреді.

B) Аңыз таза қиял-ғажайып дүниеден тұрады.

C) Аңызда қиял элементі мүлде болмайды.

D) Аңыз тек бір нұсқалы болады.

E) Аңыз әңгіме тек тарихи шындыққа құрылады.

3. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-мысалды белгілеңіз.

A) «Жаз»

B) «Өзен.

C) «Әй, жігіттер».

D) «Залым төреге».

E) «Қайырымды түлкі».

4. Абайдың соңғы туындыларының қатарына жататынын табыңыз.

A) Өлеңдері

B) Әндері

C) Поэмалары

D) Аудармалары

E) Қара сөздері

5. «Күніне жүз ойланып, мың толғанам,Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп» - деген жолдар Қ.Аманжоловтың қай шығармасынан алынғанын атаңыз.

A) “Сырласым”

B) “Өзім туралы”

C) “Дариға, сол қыз”

D) “Елге хат”

E) “Біз кім?”

6. Немістің ұлы ақыны Гетемен ой бөлісетін қаламгерді табыңыз.

A) Б.Бұлқышев

B) А.Құнанбайұлы

C) Ж.Саин

D) Қ.Аманжолов

E) Г.Бельгер

7. М.Әуезовтің Н.В.Гогольден аудармасын белгілеңіз.

A) "Асауға тұсау"

B) "Любовь Яровая"

C) "Отелло"

D) "Қорқыныш"

E) "Ревизор"

8. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.

A) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.

B) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.

C) Оқиғаның болған жерін көрсету.

D) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын сипаттау.

E) Табиғат көркін суреттеу.

9. ... Іздеймін тағат бар ма? Сені іздедім, маған егіз ғып жаратқан ба? ... – деп Мұқағали ақын нені іздейтінін табыңыз.

A) Туған жерін

B) Ата-бабасын

C) Өткен күнді

D) Поэзияны

E) Ғашық қызын.

10. Құлмамбетпен айтысқан ақынды табыңыз.

A) Біржан

B) Омарқұл

C) Жамбыл

D) Сара

E) Арыстанбай

11. Абай өз өлеңдерін нешінші жылдан кейін өз атынан жариялауға көшкенін анықтаңыз.

A) 1886 ж.

B) 1889 ж.

C) 1884 ж.

D) 1887 ж.

E) 1885 ж.

12. Сағынайдың асы өткен жерді табыңыз («Құлагер» поэмасы).

A) Жолдыөзек

B) Қоскөл

C) Ереймен

D) Қарашоқы

E) Жыланды

13. А.Байтұрсыновтың «Ер Сайын» жыры жарық көрген жылды табыңыз.

A) 1921 ж.

B) 1923 ж.

C) 1925 ж.

D) 1922 ж.

E) 1924 ж.

14. С.Сейфуллиннің әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланған уақытты табыңыз.

A) 1932 ж.

B) 1935 ж.

C) 1929 ж.

D) 1936 ж.

E) 1934 ж.

15. Жамбылдың қай ақынмен айтысқанын табыңыз.

A) Құлмамбет

B) Арыстанбай

C) Біржан

D) Сара

E) Омарқұл.

16. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романында Абай мына жолдарды қай ақынға айтқанын табыңыз. «Менің әкемнің де сүйетін өлеңі болар. Жалғыз-ақ сіздің есіңізде қалғаны, әлгі бір «Шұбарым, арғымағым, кер маралым, өз заңынша болкендік жандаралым!» - деген өлеңді жақтырмай, сынап сөйлеген сөзі болмаса.»

A) Барлас

B) Біржан

C) Қадырбай

D) Қуандық

E) Шөже

17. Ғ.Мүсірепов аралаған шетелдерді белгілеңіз.

A) Англия, Франция, Испания.

B) Ешқандай шетелге барған

жоқ.C) Жапония, Египет, Алжир, Италия.

D) Германия, Австралия.

E) Түркия, Индия, Египет.

18. І.Есенберлиннің тың игерушілер жайлы романын көрсетіңіз.

A) «Қатерлі өткел»

B) «Ғашықтар»

C) «Жанталас»

D) «Көлеңкеңмен қорғай жүр»

E) «Алмас қылыш»

19. Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның шын атын табыңыз.

A) Қожатай

B) Қожакелді

C) Қожаберген

D) Қожагелді

E) Қожаберді

20. Бұқардың өлеңін табыңыз.

A) “Ұлы арман”

B) “Күмбір, күмбір кісінетіп”

C) “Жал-құйрығы қаба деп”

D) “Шағырмақ бұлт жай тастар”

E) “Еділ”

21. «Еңлік - Кебек» поэмасының авторын белгілеңіз.

A) Шәкәрім Құдайбердіұлы

B) Сұлтанмахмұт Торайғыров.

C) Хамит Ерғалиев

D) Ілияс Жансүгіров

E) Жүсіпбек Аймауытов

22. «Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім …» - үзінді М.Жұмабаевтың қай өлеңінен алынғанын табыңыз.

A) “Қазағым”

B) “Айға”

C) “Сағындым”

D) “Пайғамбар”

E) “Күншығыс”

23. Б.Майлиннің поэмаларын белгілеңіз.

A) «Сұлушаш»

B) «Қойлыбайдың қобызы»

C) «Құлагер»

D) «Домбыра»

E) «Рәзия қыз»

24. С.Мұқановтың «Ботагөз» романындағы кейіпкерлердің сөйлеу тілінің ерекшелігін белгілеңіз.

A) Әр кейіпкердің өзінше сөйлеу ерекшелігі бар.

B) Қарапайым сөйлеу тілі арнасы сақталған

C) Кейіпкерлер тілі өте әшекейлі, әсем.

D) Сезім тілімен сөйлеген.

E) Кейіпкерлердің тілі күрделі, қиын.

25. Балдағы алтын құрыш болат,

Ашылып шапсам дем тартар,

Сусыным қанға қанар деп. Үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін табыңыз. (Қазтуған жырау)

A) Инверсия

B) Эпитет

C) Метафора

D) Егіздеу

E) Теңеу












ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

5 нұсқа


1. Орхон жырларының негізгі ойын анықтаңыз.

A) Сөз өнерін үйренуге шақыру

B) Білім-өнерге шақыру

C) Табиғатты аялауға шақыру

D) Ел тәуелсіздігін аңсау

E) Әйел теңдігін аңсау

2. ’’Қой сүйеді баласын ’’қоңырым’’ деп,

Ештеңені білмеген момыным деп.’’

Қай жырдан алынған үзінді екенін анықтаңыз.

A) ’’Шопан атаға’’

B) ’’Малдың баласын сүюі’’

C) ’’Ойсыл қараға’’

D) ’’Сексек атаға’’

E) ’’Жылқышы атаға’’

3. Қазтуғанның шешесінің атын табыңыз.

A) Жанбике

B) Бозтуған

C) Қанша

D) Бибі

E) Белгісіз

4. Ыбырайдың еңбекті сүюге, оқуға, өнерге шақырған шығармаларын анықтаңыз.

A) «Талаптың пайдасы»

B) «Әке мен бала»

C) «Таза бұлақ»

D) «Әділдік»

E) «Әй, достарым»

5. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.

A) ’’Бірінші тілек тілеңіз’’

B) ’’Өзен’

C) ’’Жазғытұрым’’

D) ’’Замана адамы’’

E) ’’Кедей ’’

6. Қ.Аманжоловтың іштей ойлану, толғану сыры сияқты кейінге қалдырған аманат сөзіне ұқсайтын шығармасын белгілеңіз.

A) «Өзім туралы»

B) «Қарыздар болмай өлейік»

C) «Сыйса егер өмір сыры бір жаныңа»

D) «Туған жер»

E) «Көкшетау»

7. Мұхтар Әуезовтің туған күнін белгілеңіз.

A) 28 қыркүйек

B) 3 желтоқсан

C) 28 сәуір

D) 22 тамыз

E) 25 қараша

8. Мұхтар Әуезовтің 1921 жылы жазған әңгімесін көрсетіңіз.

A) «Адамдық негізі - әйел»

B) «Оқыған азамат»

C) «Қараш-қараш оқиғасы»

D) «Жуандық»

E) «Қорғансыздың күні»

9. Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» романының негізгі кейіпкерін атаңыз.

A) Приходько

B) Тұрар

C) Наташа

D) Рысқұл

E) Губернатор

10. «Алпамыс батыр» жырындағы батырдың қарындасының атын табыңыз.

A) Қарлығаш

B) Таңсық

C) Гүлайым

D) Айсұлу

E) Қарашаш

11. Абайдың «шоқпардай», «бүркіттей» деген екі теңеуден басқа түгел эпитеттер арқылы өрнектелген өлеңін табыңыз.

A) «Аттың сыны»

B) «Қыс»

C) «Көзімнің қарасы»

D) «Жаз»

E) «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

12. Ақан серінің өлеңін табыңыз.

A) ’’Жастарға’’

B) ’’Табиғат тамашалары’’

C) ’’Қыс’’

D) ’’Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы’’

E) ’’Заман туралы’’

13. М.Дулатовтың ²Бақытсыз Жамал² романынан көрінетін қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетіңіз.

A) Құн төлеуді ұсыну, иман айту салты.

B) Түс көріп, оны жақсылық пен жамандыққа жору дәстүрі.

C) Жастардың бастаңғы жасауы, кешірім сұрау, бітім жасау

әрекеттері.

D) Қазақтың екінші әйел алу үшін ағайындарынан сүйінші

сұрау жолы, шілдехана, балаға ат қою, құда түсу, қыз

айттыру салт-дәстүрлері.

E) Бата беру, алыстағы туысты іздемек болу дәстүрі.

14. І.Жансүгіровтің стиль өрнегі, қаламгерлік дара тұлғасы қашан байқалғанын табыңыз.

A) Кейінгі туындыларынан.

B) Алғашқы өлеңдерінен-ақ.

C) Драмалық шығармасынан.

D) Прозасынан.

E) Алғашқы поэмаларынан.

15. Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт, - деп Жамбыл кімге айтқанын анықтаңыз.

A) Біржанға

B) Досмағамбетке

C) Сараға

D) Құлмамбетке

E) Арыстанбайға

16. "Өскен өркен" романының авторын табыңыз.

A) І.Есенберлин

B) С.Мұқанов

C) М.Әуезов

D) Ғ.Мүсірепов

E) Ғ.Мұстафин

17. «Ұлпан» кімнің туындысы екенін табыңыз.

A) Ғ.Мүсірепов

B) М.Дулатов

C) И.Байзақов

D) С.Көбеев

E) М.Әуезов

18. Астарлы меңзеу арқылы берілетін көркемдегіш сөздің атауын табыңыз.

A) Аллегория

B) Гипербола

C) Метафора

D) Теңеу

E) Эпитет

19. Т.Ахтановтың қай шығармасында қарапайым еңбек иесі Қоспан тағдыры бейнеленгенін белгілеңіз.

A) ’’Ант’’

B) ’’Күшік күйеу’’.

C) ’’Күтпеген кездесу’’

D) ’’Боран’’

E) ’’Шырағың сөнбесін’’.

20. А.Байтұрсыновтың бастырған эпостық жырын көрсетіңіз

A) «Ер Тарғын»

B) «Қобыланды»

C) «Ер Көкше»

D) «Ер Қосай»

E) «Ер Сайын»

21. Тұранның таулары бар аспанға асқан,

Мәңгіге басын аппақ шаштар басқан...

Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін табыңыз.

A) М.Мақатаев

B) І.Жансүгіров

C) Т.Айбергенов

D) Б.Майлин

E) М.Жұмабаев.

22. С.Сейфуллин шығармашылығының жаңа күрт бетбұрыс басы болған туындысын белгілеңіз.

A) «Інішегіме»

B) «Надан бай»

C) «Қазақ сабағы»

D) «Асығып тез аттандық»

E) «Мұра»

23. С. Мұқановтың очеркін табыңыз.

A) «Теміртас»

B) «Есіл»

C) «Сырдария»

D) «Есею жылдары»

E) «Алтын аймақ»

24. «Қыранымын сары сайран даланың,

Қос қанатым-алтын Алтай, Оралым».

М.Жұмабаев өлеңінен алынған үзіндіде қандай бейнелеуіш құрал бар екенін табыңыз.

A) Метонимия

B) Кейіптеу

C) Теңеу

D) Метафора

E) Қайталау

25. Олжас Сүлейменовтің өлеңдерін қазақшаға аударған ақынды атаңыз.

A) Ж.Нәжімеденов

B) Т.Молдағалиев

C) С.Жиенбаев

D) М.Мақатаев

E) Қ.Мырзалиев













































ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

6 нұсқа

1. ’’Біржан-Сара’’ айтысындағы Сараның әкесінің атын табыңыз.

A) Тастанбек

B) Найзабек

C) Тұрысбек

D) Бостанбек

E) Есімбек

2. С. Торайғыров поэмасын табыңыз.

A) «Осы да әділдік пе?»

B) «Қамар сұлу»

C) «Құралай сұлу»

D) «Кедей»

E) «Бір ханда екі ұл болыпты».

3. Aбайдың қай қара сөзі тек афоризмдерден тұратынын анықтаңыз.

A) Он бесінші

B) Отыз жетінші

C) Он тоғызыншы

D) Үшінші

E) Бесінші

4. «Ақбілек» романындағы Мұқаштың Ақбілекті қасқырлардың аузына тастауының себебін анықтаңыз.

A) Жылтыр мен Мамырбайдың араздастыру

B) Жұманмен араздығы

C) Пайда табу

D) Мамырбаймен ескі араздығы

E) Тойбағармен ескі араздығы

5. Жамбылдың шәкіртін белгілеңіз.

A) Кенен

B) Қаблиса

C) Балпық

D) Айкүміс

E) Нұрила

6. М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасындағы баланың атын табыңыз.

A) Жұмаш

B) Асан

C) Қасен

D) Құрмаш

E) Бейсенбай

7. «Дауылдан кейін» романының авторын табыңыз.

A) Б.Момышұлы

B) Ж.Молдағалиев

C) Ә.Сәрсенбаев

D) Ғ.Мұстафин

E) З.Шашкин.

8. «Аллитерация» терминінің қай тілден алынғандығын табыңыз.

A) Латын

B) Грек

C) Француз

D) Түркі

E) Ағылшын.

9. М.Мақатаевтың өлеңін көрсетіңіз.

A) «Қайта оралды тырналар»

B) «Өмірдің өзі-ақ қызық-ақ»

C) «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

D) «Туысқан»

E) «Ғашықпын»

10. ’’Керқұла атты Кендебай’’ ертегісінен алынған үзіндінің кімдікі екенін анықтаңыз.

-Ардақтаған анаңды алса,

Төгілмей ме ырысың.

Асқар таудай әкеңді алса,

Көрген күнің құрысын.

A) Қазанқап

B) Мергенбай баласы

C) Хан

D) Кендебай

E) Толағай

11. Үмбетейге қай тақырыпта жазған жырлары даңқ әкелгенін белгілеңіз.

A) Байларды мадақтаған.

B) Әйел теңдігі.

C) Кедейлерді мадақтаған.

D) Ағайын-туғанын мадақтаған.

E) Батырларды мадақтаған.

12. Ақан серінің туған жылын көрсетіңіз.

A) 1863 ж.

B) 1843 ж.

C) 1852 ж.

D) 1870 ж.

E) 1846 ж.

13. «Мен Жындыбаевпын!» деп айқай салатын кейіпкер қай жазушының қаламынан туғанын белгілеңіз.

A) Б.Майлиндікі

B) С.Сейфуллиндікі

C) М.Әуезовтікі

D) Ж.Аймауытовтікі

E) Ғ.Мүсіреповтікі.

14. Ұлы Отан соғысында каһармандықпен қаза болған талантты ақынның ерлігіне арналған поэманы табыңыз.

A) “Ақын өлімі туралы аңыз”

B) “Кавказға”

C) “Өлім мен өмір белдесті”

D) “Жаралы партизан жырлары”

E) “Ер туралы жыр”

15. "Абай жолы" романындағы Құнанбай типтес бейнені табыңыз.

A) Базаралы

B) Оспан

C) Дәркембай

D) Абылғазы

E) Оразбай

16. С.Мұқановтың поэмасындағы кейіпкер қызды табыңыз.

A) Бәтес

B) Разия қыз

C) Сұлушаш

D) Ботагөз

E) Құралай сұлу

17. "Сәлем - борыш, сөз - қулық болғаннан соң" (Абай)

Көркем бейнелеудің қай түрі екенін табыңыз.

A) Теңеу

B) Эпитет

C) Синекдоха

D) Метафора

E) Метонимия.

18. О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат…» шығармасы прозаның қай түріне жататынын табыңыз.

A) Роман

B) Повесть

C) Эпопея

D) Эссе

E) Әңгіме

19. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы совнарком председателінің орынбасарын анықтаңыз.

A) Мүсірепов

B) Голощекин

C) Рысқұлов

D) Хұсни

E) Құрамысов

20. Құтбтың Низамиден аударған дастаны қалай аталатынын табыңыз.

A) ’’Ақиқат сыйы’’

B) ’’Мухаббат-наме’’

C) ’’Хисса-сул әнбия’’

D) ’’Хұсрау-Шырын’’

E) ’’Кодекс куманикус’’

21. М.Әуезовтің Л.Собелевпен бірігіп жазған шығармасын белгілеңіз.

A) ’’Шекарада’’

B) ’’Тас түлектер’’

C) ’’Абай’’

D) ’’Любовь Яровая’’

E) ’’Түнгі сарын’’

22. «Тәні саудың жаны сау» мақаласының авторын көрсетіңіз.

A) Ж.Аймауытов

B) М.Жұмабайұлы

C) Ш.Құдайбердіұлы

D) А.Байтұрсынұлы

E) М.Дулатов

23. М.Жұмабаевтың шығыс пен батыс мәселесіне арналған өлеңдерін белгілеңіз.

A) «Жел», «Толқын»

B) «Жер жүзіне», «Біраз Фетше»

C) «Мешіт һәм абақты»

D) «Пайғамбар», «Орал», «Бостандық»

E) «Әбу Фирастан».

24. І.Жансүгіров ²Құлагер² поэмасында қанша жүйрік атқа жырмен сипаттама жасайтынын табыңыз.

A) Жиырма

B) Елу

C) Жүз елу

D) Жиырма бес

E) Бәріне.

25. "Жат қолында" романының авторын табыңыз.

A) Софы Сматаев

B) Сәбит Мұқанов

C) Ғабит Мүсірепов

D) Сәкен Сейфуллин

E) Ғабиден Мұстафин





Жауаптары:

Қазақ әдебиеті





























57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 28.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Тесты
Просмотров21
Номер материала ДБ-396493
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх