Инфоурок / Другое / Тесты / Тыңдалым дағдысын арналған "Тест"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тыңдалым дағдысын арналған "Тест"

библиотека
материалов

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

C:\Users\teacher315\Desktop\Безымянный.jpg

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша тыңдалым жұмыстарының топтамасы

hello_html_79a090e9.png

Астана – 2012

Алғы сөз

Берілген көмекші құрал 7, 8-сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін негізгі пән ретінде оқытатын мектеп мұғалімдеріне арналған. Көмекші құралдың мақсаты – оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастыра отырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне деген танымдық қызығушылықтарын арттыру. Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім беру үрдісі кіріктірілген бағдарламаға негізделген.

7-сыныптарға «Алғашқы газеттер», «Ғаламтор тарихы», «Абсент» ,

8-сыныптарда «Атаның ақылы», «Тоңған торғай», «Ежелгі дәуір әдебиеті» тақырыптары бойынша мәтіндер алынды. Мәтіндер арнайы дискілерге жазылған, тест сұрақтары мен тапсырмалар және дұрыс жауаптары әдістемелік құралда қоса берілген.

Оқушы өз ана тілінде тыңдаған мәтінін түсінуі және өз жұмысын ұйымдастыра алуы В критерийі негізінде жасалған арнайы рубрикамен бағаланады.

Бұл топтама оқушылардың мәтін мазмұнын тереңінен түсінуіне және ойлау қабілеттерінің сыни тұрғыдан дамуына септігін тигізеді деп ойлаймыз.

Көмекші құралды құрастырушылар:

  1. Байшагирова А.П.

  2. Барлубаева А.Қ.

  3. Ганиев Т.Ж.

  4. Кушербаева Г.П.

  5. Сейсенбаева Ж.Ш.

Тыңдалым № 1

Тоңған торғай

Мұқаш құстарды жақсы көреді. Аспанда ұзақ қалықтап қанатын қақпай демалатын қырандарға деген ықыласы өте ерекше. Барлық құстардан қорықпайтын қыранның батылдығын, батырлығын әңгіме ғып өзінің інісі Қожанға айтып отырады.

Алматыны ақ қар басты. Қара қарға, суық торғайлардан басқа құстар жылы жаққа ұшып кеткелі де біраз болды. Кешке мектебінен қайтып келе жатқан Мұқаштың алдын бір суық торғай кескестей берді. Мұқаш ұмтылып ұстайын деп еді, әлгі торғай отырған жерінен қозғалмады. Мұқаш торғайды ұстаған бойы қойнына тықты. Әбден мұздаған болуы керек, Мұқаштың дүрсілдеп соққан жүрегін тыңдап отыра берді тоңған торғай.

Мұқаш үйге қуанып кірді. «Ата, апа, мен торғай ұстап әкелдім» деп қойнындағы торғайын үйдегілерге көрсетіп шықты. Бүріскен торғай көзін ашты. Әбден әлі біткен болуы керек, қорқуды, қашуды ойына да алмады. Мұқаш нан қоқымдарын алдына қойып еді, шоқып жей бастады. Сөйтіп біздің үйді бір торғай қыстай мекендеді. Көктем шықты. Мұқаштың торғайы даланы аңсап терезеден сыртқа көбірек қарауды шығарды. Апасы Мұқашқа:

  • Торғайыңды қоя бер. Оның отаны анау кең дала, анау биік аспан. Өз Отанына қоя бер, - деді. Мұқаш біраз ойланды да торғайын қоя берді. Торғай алғаш терезе алдындағы жас талға қонды... Содан соң әрі қарай қанатын қағып ұшып кетті. «Торғайым, жолың болсын» - деді Мұқаш қуанып. Мүмкін екі-үш ай үйде бірге болған торғайын Мұқаш аяп тұрған да болар, кім білсін.

  • Торғайың қыста, мүмкін, қайтып келер, - деп жұбатты Мұқашты үлкен апасы. Мұқаш апасының сөзіне шынымен-ақ сенгісі келеді. Өйткені, ол торғайын өте жақсы көріп кетіп еді.

(232 cөз)

І нұсқа

Нұсқаулық: Өзегеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

І. Тест сұрақтары

  1. Мұқаштың қандай құстарға деген ықыласы ерекше болды?

A) лашындарға

B) қырандарға

C) бүркіттерге

D) көгершіндерге

E) қарғаларға

2. Мұқаш торғайды ұстаған бойы не істеді?

A) қойнына тықты

B) алақанына салды

C) басына қойды

D) қалтасына салды

E) арқалады

3. Мұқаш торғайды немен тамақтандырды?

A) сүтпен

B) сумен

C) нанмен

D) маймен

E) етпен

4. Мұқаш торғайға кандай тілек айтты?

A) Торғайым, ақ жол

B) Торғайым, таудай бол

C) Торғайым, өркенің өссін

D) Торғайым, жолың болсын

E) Торғайым, биікте самғай бер

5. Мұқаш кімнің сөзіне сенгісі келді?

A) апасының

B) атасының

C) әкесінің

D) ағасының

E) анасының

ІІ. Тапсырмалар

А) Мұқаш өзінің інісі Қожанға не туралы айтып отыратын?

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

В) Мұқаш мектептен келе жатқанда қандай оқиға болды?

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

D) Торайдың үйге кіргеннен кейінгі әрекеті?

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Е) Апасы Мұқашқа не айтты? Мұқаштың торғайға деген тілегі туралы жазыңыз.

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

І нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

1.Тест сұрақтарының жауаптары:

жауап

1

В

2

А

3

С

4

D

5

A

ІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:

А) Мұқаш өзінің інісі Қожанға не туралы айтып отыратын?

- Қыранның барлық құстардан қорықпайтын, батылдығын, батырлығын әнгіме ғып айтып отыратын.

В) Мұқаш мектептен келе жатқанда қандай оқиға болды?

- Мұқаштың алдынан бір суық торғай кескестей берді. Ол тоңған торғайды үйіне әкеледі.

D) Торайдың үйге кіргеннен кейінгі әрекеті?

- Бүріскен торғай үйге келгесін көзін ашып, әлі біткендіктен қорқуды, қашуды ойына алмай, Мұқаштын берген нанын шоқып жей бастады.

Е) Апасы Мұқашқа не айтты? Мұқаштың торғайға деген тілегі туралы жазыңыз.

- Апасы Мұқашқа: Торғайды қоя беруін, оның Отаны кең дала, биік тау екенін түсіндіріп айтты. Апасының ақылын тындап Мұқаш «Торғайым, жолың болсын» деп тілегін айтып ұшырып жіберді.

ІІ нұсқа

І. Тест сұрақтары

Мұқаштың інісі кім?

A) Қожан

B) Асқар

C) Азамат

D) Алмас

E) Үсе

2. Қара қарға, суық торғайдан басқа құстар қайда кетті?

A) алыс жаққа

B) суық жаққа

C) жоғары жаққа

D) жақын жаққа

E) жылы жаққа

3. Не себепті торғай отырған жерінен қозғалмады?

A) жылынғандықтан

B) тонғандықтан

C) терлегендіктен

D) ұша алмағаннан

E) шаршағандықтан

4. Мұқаш торғайды кімдерге көрсетіп шықты?

A) үйдегілерге

В) көршілерге

C) достарына

D) туысқандарына

E) балаларға

5. Торғай қайда қонды?

A) терекке

B) бәйтерекке

C) бұтаққа

D) жас талға

E) қайыңға

ІІ. Тапсырмалар

А) Мұқаштың ұнататын қыранын сипаттаңыз.

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

В) Мұқаш неге қуанды?

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

С) Торғайдың Отаны қайда?

_________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________

D) Мұқаштың мейрімділігі қай жерде байқалады?

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

ІІ нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

І.Тест сұрақтарының жауаптары:

жауап

1

А

2

Е

3

В

4

А

5

D

ІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:

А) Мұқаштың ұнататын қыранын сипаттаңыз.

- Қыран – барлық құстардан қорықпайды, батыл, батыр.

В) Мұқаш неге қуанды?

- «Ата, апа, мен торғай ұстап әкелдім» деп қойнындағы торғайын үйдегілердің бәріне көрсетіп шықты.

С) Торғайдың Отаны қайда?

- Кең дала, биік аспан.

D) Мұқаштың мейрімділігі қай жерде байқалады?

- Мектептен келе жатқандағы алдынан шыққан тонған тойрғайды көргенде.

Тыңдалым № 2

Алғашқы газеттер

Қазақ тарихындағы ең алғашқы газет — «Түркiстан уәлаяты». Ол 1870-1882 жылдары Ташкент қаласында шыққан. Одан кейін «Дала уәлаяты», «Қазақ» газеттері шыққан. Қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» 1911 — 1915 жылдары жарық көрген. 1913 жылы қазақ тілінде 11 газет шығып отырған. Газеттерде сол кездегі қазақтың зиялылары қызмет еткен. Саясат, дін, әдебиет пен мәдениет мәселелері осы газеттерде өз көрінісін тапқан. Кейде белгілі, кейде белгісіз себептермен газеттер жабылған. «Айқап» журналы «Ай, қап!» деген екі сөзден құралған, яғни, өкіну мағынасын береді. Уақыт өтіп, білім мен ғылымнан артта қалып «Ай, қап!» деп өкініп қалмайық деген мақсатты ұстанған журнал да осылай аталған. Ол кезде қалың бұқара жазу-сызуды білмегенмен, көкірек көзі ашық азаматтар ел қамын, ұлт болашағын ойлап, елді білімге шақырған. Бүгінгі таңдағы бұқаралық ақпарат құралдарының бастауы, алғашқы қадамдарын біз осы газет пен журналдардан көреміз.

(Ғаламтор материалдарынан, 126 сөз)

І нұсқа

Нұсқаулық: Өзегеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

І. Тест сұрақтары

  1. Ең бірінші қазақ газеті не деп аталған?

A) «Дала уәлаяты»

B) «Қазақ»

C) «Айқап»

D) «Түркістан уәлаяты»

E) «Қазақстан»

2. «Айқап» журналының атауы қандай мағына береді?

A) реніш

B) өкіну

C) қуаныш

D) қайғы

E) үрей

3. Ең алғашқы газет қай қалада шыққан?

A) Жамбыл

B) Ташкент

C) Омбы

D) Орынбор

E) Қазан

4. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.

A) 1913 жылы қазақ тілінде неше газет шығып отырғаны туралы дерек бар.

B) Алғашқы қазақ газеттері туралы айтылған.

C) Алғашқы басылымдарда көтерілген мәселелер айтылған.

D) «Айқап» журналының атауы туралы айтылған.

E) Газеттердің жабылып қалу себептері нақтылап көрсетілген.

5. Мәтінге қай тақырып сай келеді?

A) Бұқаралық ақпарат құралдары

B) «Айқап» журналы

C) Алғашқы қазақ газеттері

D) ХХ ғасырдағы қазақ газеттері

E) Газеттер мен журналдар

ІІ. Тапсырмалар

А) Ең бірінші қазақ газеті қай ғасырда шыққан?

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

В) Алғашқы басылымдар қандай мәселелерді көтерген?

_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________

D) Сөздердің синонимдерін табыңыз.

Алғашқы _________________________________________________________________

Болашақ _________________________________________________________________

Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.

Қазақ зиялылары ____________________________________________________________ _______

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Ғылымнан артта қалу _____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

І нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

І. Тест сұрақтарының жауаптары :

жауап

1

D

2

B

3

B

4

E

5

C

ІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:

А) Ең бірінші қазақ газеті ХІХ ғасырда шыққан.

В) Алғашқы басылымдар саясат, дін, әдебиет пен мәдениет мәселелерін көтерген.

D) Сөздерің синонимдерін табыңыз.

Алғашқы : тұңғыш, бірінші.

Болашақ: келешек.

Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.

Қазақ зиялылары : Сол кездегі саясат пен әдебиеттен, мәдениеттен хабардар оқыған азаматтар.

Ғылымнан артта қалу: Жалпы білім мен ғылымның жетістіктерін білмеу, ғылым жаңалықтарынан хабарсыз болу.

ІІ нұсқа

Нұсқаулық: Өзегеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

І. Тест сұрақтары

  1. Ең бірінші қазақ журналы не деп аталған?

A) «Қазақстан»

B) «Дала уәлаяты»

C) «Қазақ»

D) «Айқап»

E) «Түркістан уәлаяты»

2. «Айқап» журналы қашан шықты?

A) 1910-1913

B) 1911-1914

C) 1911-1915

D) 1910-1915

E) 1911-1916

3. Ең алғашқы қазақ газеті қай жылы шыққан?

A) 1870

B) 1871

C) 1872

D) 1873

E) 1874

4. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.

A) Қазақ зиялылары қызмет еткен.

В) «Ай, қап» деп өкініп қалмайық.

C) Қалың бұқара жазу-сызуды білмеген.

D) Қалың бұқара жазу-сызуды жақсы білген.

E) Білім мен ғылымнан артта қалып.

5. Алғашқы қазақ басылымдарында кімдер қызмет еткен?

A) бай балалары

B) сол кездегі әкімдер

C) сол кездегі ақындар

D) сол кездегі қазақ зиялылары

E) орыс тілін білгендер

ІІ. Тапсырмалар

А) 1913 жылы қазақ тілінде неше газет шығып отырған?

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

В) «Айқап» журналы қандай мақсатты ұстанған?

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

С) Омоним сөздердің мағынасын тіркеспен көрсетіңіз:

Бас:

1. _____________________________________________________________________

2. _____________________________________________________________________

Ашық:

1. _____________________________________________________________________

2. _____________________________________________________________________

D) Төмендегі тіркестердің мағынасын таратып жазыңыз.

Жарық көрген _____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

Газеттерде көрініс тапқан _____________________________________________________ _______________

_____________________________________________________________________

ІІ нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

І. Тест сұрақтарының жауаптары:

жауап

1

D

2

C

3

A

4

D

5

D

ІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:

А) 1913 жылы қазақ тілінде 11 газет шығып отырған.

В) «Айқап» журналы ғылым мен білімнен артта қалып қоймау мақсатын ұстанған.

С) Омоним сөздердің мағынасын тіркеспен көрсетіңіз:

Бас:

1. Адамның басы

2. Таудың басы

3. Көрмегендей бас салды.

Ашық:

1. Есік ашық еді.

2. Ашық түсті көйлек.

D) Төмендегі тіркестердің мағынасын таратып жазыңыз.

Жарық көрген: БАҚ-та басылған мақала. Газет, журнал немесе кітаптың басылып шығуы.

Газеттерде көрініс тапқан: Газеттерде көтерілген, басылғын мақалалар тақырыбы мен өзекті мәселелер.

Тыңдалым №3

АҢЫЗ БОЛҒАН АБСЕНТ

Көзінің тірісінде ескеркіш орнатылған адамдар тарихта бірлі – жарым, ал жылқы баласында мұндай атақ – даңққа жеткен жалғыз Абсент қана. Жылқы өсірушілердің халықаралық жюриі оны әлемдегі ең таңдаулы спорт аты деп бағалап, қоладан ескерткіш орнатылды. Халықаралық ат спорты федерациясы Абсентті сұлулықтың эталоны деп жариялады. Үш бірдей Олимпиаданың жүлдегері болған Абсент 1975 жылы өлгенде ежелгі дәстүр бойынша ноқта – жүгенімен, алтындаған жабуымен аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

Абсент бірінші рет Швейцарияның Сант – Гален қаласындағы жарыста озғанда итальян жылқы өсірушісі Федерико Тезио Абсентті 340 мың долларға сатыңдар деп қиылды. Ал Римдегі Олимпиадада Абсент алтын медаль алғаннан кейін сеньор Тезио чек кітапшасын ашып қалаған сомаңызды өзіңіз жазыңыз деп тағы қолқалады.

Бірақ қазақ жылқысы мен ахалтеке тұқымынан өсірілген, дүние жүзіне Қазақстанның даңқын жайып елдің мерейі болған Абсент өмір бойы өз жерімізде қалады. Одан талай ұрпақ тарады.

(136 сөз)

І нұсқа

Нұсқаулық: Өзгеге кедергі келтірмеңіз! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз, сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін дәлірек тақырыпты таңдаңыз.

А) Қазақ жылқысы

В) Аңыз болған Абсент

С) Жылқы туралы аңыз

D) Рим олимпиадасындағы Абсент

2. Мәтінге сай дұрыс ақпаратты таңдаңыз.

А) Абсент спорт аты деп есептелмейді

В) Абсент бірінші рет Голландиядағы жарыста озған

С) Абсент үш бірдей Олимпиада жүлдегері

D) Абсентке мыстан ескерткіш орнатылды

3. Мәтінге сай емес ақпаратты таңдаңыз.

А) Римдегі Олимпиадада Абсент алтын медаль алды.

В) Итальян жылқы өсірушісі Федерико ТезиоАбсентті 340 мың долларға сатуды сұрады.

С) Халықаралық ат спорты федерациясы Абсентті сұлулықтың эталоны деп жариялады.

D) Ақалтеке тұқымы одан да жоғары бағаланды.

4. Ойды қорытындылаңыз.

«Ең таңдаулы спорт атыАбсент» деп бағалаған- ... .

А) Жылқы өсірушілердің халықаралық жюриі

В) Жылқы өсірушілер мен шабармандар

С) Жылқы өсірушілердің әлемдік зауыты

D) Жылқы өсірушілердің халықаралық бапкері

5. Мәтінге сай дұрыс ақпаратты таңдаңыз.

А) Абсент 1975 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

В) Абсент 1971 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

С) Абсент 1965 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

D) Абсент 1999 жылы өлгенде аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

ІІ. Берілген сөздерді сәйкестендіре отырып, сөз тіркестерін құраңыз.

1. Дәстүр, мәрмәр, медаль сөздеріне сәйкес сөз тіркестерін құрастырыңыз.

А) Дәстүр, мәрмәр, медаль - терең, тұңғиық, ескі

В) Дәстүр, мәрмәр, медаль - ежелгі, тас, алтын

С) Дәстүр, мәрмәр, медаль - үлкен, баспалдақ, арық

D) Дәстүр, мәрмәр, медаль - кәрі, үшкір, дөңгелек

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

Бірақ қазақ жылқысы мен ... тұқымынан өсірілген, дүние жүзіне Қазақстанның даңқын жайып елдің мерейі болған Абсент өмір бойы өз жерімізде қалады.

А) абсент

В) араб жылқысы

С) ахалтеке

D) адассын

3. Сөздерді орнына қоя отырып сөйлемді дұрыс құрыңыз.

Абсентті федерациясы сұлулықтың халықаралық деп спорты жариялады эталоны ат.

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

ІІІ. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін тап. Есім сөздер

Сөз

Синонимдік қатар

ер- тұрман

атақ

дүние жүзіндегі

  1. Етістіктер

Сөз

Синонимдік қатар

даңқын жайып

тұқымынан тараған

спорт аты деп баға беріп

ІV. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлемдер құрастыр.

  1. атақ – данққа жеткен

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. итальян жылқы өсірушісі Федерико Тезио

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. елдің мерейі

V. Шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар

1. Сөйлемдерді оқып, “иә” немесе “жоқ” – деп белгіле.

Сөйлемдер

Иә

Жоқ

1

Жылқы өсірушілердің халықаралық жюриі оны әлемдегі ең таңдаулы спорт аты деп бағаламағандықтан ескерткіш орнатылмады

2

Абсентті сұлулықтың эталоны деп жариялады

3

Федерико Тезио Абсентті 340 мың долларға сатпаңдар деп қиылды.

4

Римдегі Олимпиадада Абсент қола медаль алған

5

Абсент қазақ жылқысы мен ахалтеке тұқымынан өсірілген

6

Абсентке ескерткіш мыстан орнатылды

2. Сөйлемдердің дұрыс ретін белгіле.

_____А) Одан талай ұрпақ тарады

____ Ә) Жылқы өсірушілердің халықаралық жюриі оны әлемдегі ең таңдаулы спорт аты деп бағалап қоладан ескерткіш орнатылды.

____ Б) Ал Римдегі Олимпиадада Абсент алтын медаль алғаннан сеньор Тезио чек кітапшасын ашып қалаған сомаңызды өзіңіз жазыңыз деп тағы қолқалады.

____ В) Халықаралық ат спорты федерациясы Абсентті сұлулықтың эталоны деп жариялады.

____ Г) Абсент өмір бойы өз жерімізде қалады.

____ Д) Абсент 1975 жылы өлгенде тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

____ Е) Көзінің тірісінде ескеркіш орнатылған адамдар тарихта бірлі – жарым, ал жылқы баласында мұндай атақ – данққа жеткен жалғыз Абсент қана.

VI. Мәтінге сай дұрыс ақпаратты таңдаңыз.

1. Мәтінді қорытындылап, ойды нақтылайтын пікірді көрсетіңіз.

А) Үш бірдей Олимпиаданың жүлдегері болған Абсент 1975 жылы өлгенде ежелгі дәстүр бойынша ноқта – жүгенімен, алтындаған жабуымен аяғынан тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

В) Үш бірдей Олимпиаданың жүлдегері болған Абсент 1975 жылы өлгенде ежелгі дәстүр бойынша ноқта – жүгенімен, алтындаған жабуымен жерленбедң, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

С) Үш бірдей Олимпиаданың жүлдегері болған Абсент 1975 жылы өлгенде ежелгі дәстүр бойынша ноқта – жүгенімен, алтындаған жабуымен аяғынан тұрған қалпында сақталған.

D) Атты жерлеуге тыйым салынған.

2. Мәтінде жауабы бар сұрақты белгілеңіз.

А) Абсент туралы халық аңызы бар ма?

В) Ахалтеке тұқымы қалай бағаланған?

С) Федерико Тезио араб жылқысына қандай баға берді?

D) Жылқы өсірушілердің халықаралық жюриі Абсентті әлемдегі ең таңдаулы спорт аты деп бағалап қоладан ескерткіш орнатылды ма?

VІІ. Тыңдалым мәтініне сәйкес келетін дәлірек тақырыпты таңдаңыз.

1. Мәтін мазмұнына сәйкес келмейтін ақпаратты анықтаңыз.

А) Федерико Тезио итальян жылқы өсірушісі

В) Үш бірдей Олимпиаданың жүлдегері болған Абсент

С) Өлгеннен кейін аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

D) Федерико Тезио ағылшын жылқы өсірушісі

2. Мәтінді нақтылап, ойды толықтыратын ақпаратты көрсетіңіз.

А) Жылқы өмірі

В) Төрт түлік мал туралы

С) Ұлттық мақтаныш

D) Қазақ халқы және жылқы баптау өнері

3. «қиылды» сөзінің қандай мағына білдіретінін көрсетіңіз

А) бұйырды

В) өтінді

С) баптады

D) мақтау

І нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

І. Тест сұрақтарының жауаптары :

1

В

2

С

3

Д

4

А

5

А

ІІ. Берілген сөздерді сәйкестендіре отырып, сөз тіркестерін құраңыз.

1

В

2

С

3

Халықаралық ат спорты федерациясы Абсентті сұлулықтың эталоны деп жариялады.

ІІІ. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін тап. Есім сөздер

Сөз

Синонимдік қатар

ер- тұрман

ноқта- жүген

атақ

даңқ

дүние жүзіндегі

әлемдегі

  1. Етістіктер

Сөз

Синонимдік қатар

даңқын жайып

даңқын шығарып

тұқымынан тараған

тұқымынан өсірілген

спорт аты деп баға беріп

спорт аты деп бағалап

V. Шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар

1. Сөйлемдерді оқып, “иә” немесе “жоқ” – деп белгіле.

Сөйлемдер

Иә

Жоқ

1

Жылқы өсірушілердің халықаралық жюриі оны әлемдегі ең таңдаулы спорт аты деп бағаламағандықтан ескерткіш орнатылмады

+

2

Абсентті сұлулықтың эталоны деп жариялады

+

3

Федерико Тезио Абсентті 340 мың долларға сатпаңдар деп қиылды.

+

4

Римдегі Олимпиадада Абсент қола медаль алған

+

5

Абсент қазақ жылқысы мен ахалтеке тұқымынан өсірілген

+

6

Абсентке ескерткіш мыстан орнатылды

+

2. Сөйлемдердің дұрыс ретін белгіле.

__7___А) Одан талай ұрпақ тарады

__2__ Ә) Жылқы өсірушілердің халықаралық жюриі оны әлемдегі ең таңдаулы спорт аты деп бағалап қоладан ескерткіш орнатылды.

__5__ Б) Ал Римдегі Олимпиадада Абсент алтын медаль алғаннан сеньор Тезио чек кітапшасын ашып қалаған сомаңызды өзіңіз жазыңыз деп тағы қолқалады.

__3__ В) Халықаралық ат спорты федерациясы Абсентті сұлулықтың эталоны деп жариялады.

__6__ Г) Абсент өмір бойы өз жерімізде қалады.

__4__ Д) Абсент 1975 жылы өлгенде тұрған қалпында жерленіп, аты жазылған мәрмәр тас орнатылды.

__1__ Е) Көзінің тірісінде ескеркіш орнатылған адамдар тарихта бірлі – жарым, ал жылқы баласында мұндай атақ – данққа жеткен жалғыз Абсент қана.

VI. Мәтінге сай дұрыс ақпаратты таңдаңыз.

1

А

2

Д

VІІ. Тыңдалым мәтініне сәйкес келетін дәлірек тақырыпты таңдаңыз.

1

Д

2

Д

3

В

Тыңдалым №4

Ежелгі дәуір әдебиеті

Қазақ әдебиетінің тарихы үш кезеңге бөліп қарастырылады. Олар: ежелгі дәуір әдебиеті, орта ғасырлар әдебиеті және XIХ ғасырдан бергі әдебиет. Біз бүгін ежелгі дәуір әдебиеті туралы сөз қозғайтын боламыз. Біздің дәуірімізге дейінгі VІІ-V ғасырлардан бастап біздің заманымыздың ХІV ғасырын қоса 2000 жылдай уақытты қамтитын аралықта туған шығармалар осы ежелгі дәуір әдебиетіне жатады. Тарихи деректерге сүйенсек, ХV-ХVІ ғасырларда қазақтар халық болып қалыптасқан. Сонда осыған дейінгі әдебиет біздікі емес пе деген сұрақтар да туады. Халқымыздың төл әдебиеті ежелгі дәуір әдебиетінен бастау алады. Өйткені, бұл туындылардың барлығы – түркі халықтарына ортақ мұра. Атап айтсақ, Алып Ер Тоңа, Орхон-Енисей жазба ескерткіштері, Қорқыт ата кітабы, Әбу Насыр әл-Фараби, Ахмет Йасауи, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Рабғузи, Сәйф Сараи, Ахмет Йүгінеки т.б. Аты аталған шығармалар мен тұлғалар ежелгі дәуір әдебиетінің ең көрнектілері десек болады. Біздің заманымызға дейінгі VІІ-V ғасырларда өмір сүрген сақ бекзадасының алтын киімі мен қабірі Есік қаласының маңынан табылғаны мәлім. Бекзаданың алтын тостағанында жазылған сөздер мен Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі сөздер бірдей екендігі ғылымда дәлелденген. Қазақтың эпостық және лиро-эпостық жырларының да тамыры осы ежелгі дәуір әдебиетінде жатыр. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде туған "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл", т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді.

Бастыны еңкейтті,

Тізеліні бүктірді,

Бек ұлдары құл болды,

Пәк қыздары күң болды, – деген Күлтегін жырының үзіндісі «Алпамыс батыр» жырына өте ұқсайды. Жалпы сабақтастық пен бір халықтың шығармасы екендігі жырлардың өне бойы мен құрылымынан да байқалады.

Қорыта айтар болсақ, ежелгі дәуір әдебиетінсіз бүгінгі әдебиетті елестету мүмкін емес. Бұл дәуірде туған әдеби шығармалар сол уақыттағы халықтың өмірінен, тұрмыс-салтынан, тарихи оқиғаларынан көп мәлімет береді. Осыған сүйене отырып, бұл мұраларды әлемдік қазына деп атасақ да асылық емес.

(263 сөз)

І нұсқа

Нұсқаулық: Өзегеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

1. Мәтінде есімі аталмаған тұлғаны табыңыз.

А) Сәйф Сараи

В) Құт әл-Құлыб

С) Ахмет Йүгінеки

D) Жүсіп Баласағұн

Е) Махмұт Қашқари

2. Мәтінге тән ақпаратты табыңыз.

А) Бекзаданың алтын тостағанында жазылған сөздер

В) Бекзаданың алтын қалқанында жазылған сөздер

С) Бекзаданың алтын қанжарында жазылған сөздер

D) Бекзаданың алтын қылышында жазылған сөздер

Е) Бекзаданың алтын киімінде жазылған сөздер

3. Мәтінде қай жырдан үзінді берілген?

А) «Алпамыс батыр»

В) «Кодекус куманикус»

С) «Күлтегін»

D) «Махаббатнама»

Е) «Домбауыл»

4. Сақ бекзадасы шамамен қашан өмір сүрген?

А) б.д.д IV-V ғ.

В) б.д.д IV-Vғ.

С) б.д.д IV-VI ғ.

D) б.д.д V-VII ғ.

Е) б.д.д VII-V ғ.

5. Қазақ халық болып қай кезде қалыптасты?

А) ХІІ-ХIV ғ.

В) XIV-XV ғ.

С) XV-XVII ғ.

D) XV-XVI ғ.

Е) XVI-XVII ғ.

II. Сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. "Кодекс куманикус", "Махаббатнама", "Жүсіп-Зылиха", "Гүлстан", "Домбауыл" жырлары қашан туды?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. «Бастыны еңкейтті,Тізеліні бүктірді» деген өлең жолынан не түсіндіңіз?

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Омонимдерге жай сөйлеммен мысал жазыңыз.

Жыр:

а. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

ә.________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

Сақ.

а. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________

ә.______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________

ІІІ. Сөздердің синонимдік қатарын жазыңыз.

құл

күң

дәуір

ежелгі

ІV. Мәтін мазмұнына қатысты екі мақал немесе қанатты сөз жазыңыз.

1._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2._________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

V. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты табыңыз.

1.

А) Қазақ әдебиетінің тарихы үш кезеңге бөліп қарастырылады.

В) Сонда осыған дейінгі әдебиет біздікі емес пе деген сұрақтар да туады.

С) Халқымыздың төл әдебиеті ежелгі дәуір әдебиетімен қорытындыланады.

D) Халқымыздың төл әдебиеті ежелгі дәуір әдебиетінен бастау алады.

Е) Өйткені, бұл туындылардың барлығы – түркі халықтарына ортақ мұра.

2.

А) Олар: ежелгі дәуір әдебиеті, орта ғасырлар әдебиеті және XIХ ғасырдан бергі әдебиет.

В) Тарихи деректерге сүйенсек, ХIV-ХVІ ғасырларда қазақтар халық болып қалыптасқан.

С) Осыған сүйене отырып, бұл мұраларды әлемдік қазына деп атасақ да асылық емес.

D) Cақ бекзадасының алтын киімі мен қабірі Есік қаласының маңынан табылғаны мәлім.

Е) Жалпы сабақтастық пен бір халықтың шығармасы екендігі жырлардың өне бойы мен құрылымынан да байқалады.

VI. Мәтінде айтылған мәліметтерді теріп жазыңыз.

  1. Төмендегі шығармалардан мәтінде айтылғандарын теріп жазыңыз.

«Кодекс куманикус», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Махаббатнама», «Күлтегін, «Жүсіп-Зылиха», «Ер Тарғын», «Гүлстан», «Домбауыл», «Арқалық батыр», «Алпамыс батыр».

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Мәтінде айтылған жер-су аттарын теріп жазыңыз.

Сығанақ, Орхон, Онон, Енисей, Есік, Сайрам, Ақмешіт, Отырар, Шам, Бұхара, Самарқан.

___________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Тыңдалым № 5

Атаның ақылы

Аппақ шыңды Алатаудың аясындағы Алматы қаласының Орталық саябағы маусым айы кезінде жайқалып тұр. Бой түзеген күміс қылқанды шыршалар, жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар, жұпар иісі аңқыған аршалар гүлзарлы алаңдарды қоршап, қоңыр салқын самалмен тербеледі.

Бес жасар Бектай атасымен бірге бақ аралап, әткеншек тепті, серіппеде секіріп ойнады. «Поезға» мініп, «жол жүрді», «зымыранға» мініп, зымырады. Бір кезде тәмпіш мұрны тершіп, қарақаттай көзі күлімдеп, ол:

- Ата, шөлдедім, - деді. Атасы ақ күмістей сақалын тарамдап, күлімдеді де:

- Шөліңді қандыр, жарығым, -деп, оған салқындаған алма шырынын сатып әперді. Бекжан құтыдағы салқын, тәтті алма шырынын құшырлана жұтып алды да:

- Ата, балмұздақ жегім келеді, - деп, ентіге сөйледі. Ақжарқын атасы Бекжанға балмұздақ сатып әперді де:

- Ботам, балмұздақтан көп жеме, тамағың ауырып қалады, деп ескертті. Бектай атасы алып берген балмұздақтан біраз жалады да:

- Ата, шоколад жегім келеді, деп, күлімдеді.

- Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар. Қанағат керек.

- Ата, қанағат деген не? – деп, Бекжан сұрақ қойды.

- Күнім-ау, «қанағат» деген – әр нәрсенің шама-шарқын біліп, соған риза болу, тамақ ішудің де шегін, ретін білу... Қанағат қылмай, не болса соны талғамай, іше берсең, ауырып қаласың – деп атасы ақыл айтты.

- Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.

Атасының ақылын түсініп, айтқанын істеген Бекжан бақта сергек сейілдеп, жақсы демалды.

(200 сөз)

Әдібай Табылды

І нұсқа

Нұсқаулық: Өзегеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

І. Тест сұрақтары

1. Оқиға қай кезде болды?

A) мамыр айында

B) шілде айында

C) маусым айында

D) тамыз айында

E) күзде

2. Баланың көзі қандай?

A) қоңыр

B) қарақаттай

C) көкшіл

D) қой көзді

E) бота көзді

3. Атасының мінезі қандай?

A) ақкөңіл

B) момын

C) қатал

D) ұлтжанды

E) ақжарқын

4. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.

A) Шөліңді қандыр, жарығым.

B) Ата, балмұздақ жегім келеді.

C) Атасы оған шие шырынын сатып әперді.

D) Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар.

E) - Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.

5. Мәтінге қай тақырып сай келеді?

A) Көзіңді жас кезіңнен сақта

B) Ата мен бала достығы

C) Бақытты балалық шақ

D) Бала арманы

E) Қанағат – денсаулық кепілі.

ІІ. Тапсырмалар

А) Бала қандай ойындар ойнады?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

В) Ата мен баланың өзара қарым-қатынасын өз сөзіңмен сипаттап жаз.

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

D) Сөздердің синонимдерін табыңыз.

Салқын _________________________________________________________________

Ата __________________________________________________________________

Ақыл __________________________________________________________________

Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.

«Бой түзеген шыршалар» ______________________________________________________ ____________

__________________________________________________________________

Шама-шарқын білу ___________________________________________________________ _______

__________________________________________________________________

Қанағат қылу _______________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

І нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

І. Тест сұрақтарының жауаптары:

жауап

1

С

2

В

3

Е

4

С

5

Е

ІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:

А) Әткеншек тепті, серіппеде секіріп ойнады.

В) Оқушы жауабы

D) Салқын – суық.

Ата – қария, қарт.

Ақыл – сана, ес.

Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.

Шама-шарқын білу : мөлшерін білу, әлін білу.

Бой түзеген шынарлар: әдемі, түзу болып өскен шынарлар.

Қанағат қылу: әр нәрсенің шама-шарқын білу, соған риза болу.

ІІ нұсқа

Нұсқаулық: Өзегеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

І. Тест сұрақтары

1. Оқиға қай жерде болды?

A) Алматы қаласының Орталық саябағында

B) Алатаудың гүлзарлы алаңында

C) Астананың Ұлттық саябағында

D) Алматы қаласының зообағында

E) Алатау аясындағы ауылда

2. Жұпар иісі аңқыған _____________ (Нелер?) гүлзарлы алаңдарды қоршап,

қоңыр салқын самалмен тербеледі.

A) қарағайлар

B) аршалар

C) шыршалар

D) қайыңдар

E) жусандар

3. Баланың екінші сұраған тағамы не болды?

A) балмұздақ

B) сусын

C) шоколад

D) алма

E) шырын

4. Мәтінде айтылмаған ақпаратты табыңыз.

A) Ата, балмұздақ жегім келеді.

B) Жарығым, әр нәрсенің шамасы бар

C) Атасы оған алма шырынын сатып әперді.

D) - Онда... Мақұл! – деп, Бекжан ойланып қалды.

E) Атасы немересінің барлық тілегін де орындады.

5. Мәтін идеясына қандай мақал сай келеді?

A) «Ішің ауырса, аузыңды тый»

B) «Шынықсаң – шымыр боласың»

C) «Ауру – астан...»

D) «Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде»

E) «Емнің алды - еңбек».

ІІ. Тапсырмалар.

А) Оқиға өткен жерді өз сөзіңмен сипаттап жаз?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

В) Атасы баласына неге «Ботам» деп тіл қатады?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

D) Сөздердің антонимдерін табыңыз.

Шөлдеу _________________________________________________________________

Тәтті __________________________________________________________________

Қанағат __________________________________________________________________

Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.

Жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Құшырлана жұту

___________________________________________________________ _____

__________________________________________________________________

Шөлін қандыру _________________________________________________________________

__________________________________________________________________

ІІ нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

І. Тест сұрақтарының жауаптары:

жауап

1

А

2

В

3

А

4

Е

5

С

ІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар:

А) Оқушы жауабы

В) Еркелету мағынасында қолданылатын қаратпа сөз.

С) Сөздердің антонимі:

  • Шөлдеу – қану

  • Тәтті – ащы

  • Қанағат - қомағайлылық

D) Төмендегі тіркестердің мағынасын таратып жазыңыз.

Жасыл сырғалы ақбалтыр қайыңдар – жасыл желекке малынып тұрған ақ қайыңдар

Құшырлана жұту – рахаттана ішу

Шөлін қандыру – сусынды ағзасының қалауынша ішу.

Тыңдалым № 6

Ғаламтор тарихы

Интернет сөзі ағылшынша «байланысқан желілер» деген екі сөздің туындысы. XX ғасырдың 50-жылдарының соңында АҚШ-тың әскери зерттеулер агенттігі соғыс болған жағдайда жылдам ақпарат алмасатын желінің қажет екендігін айтып, компьютерлер желісін құру жайлы ұсыныс жасайды. Мұндай желіні жасау 3 университет пен 1 зерттеу орталығына тапсырылады. Жобаны АҚШ қорғаныс министрлігі қаржыландырды. АҚШ-та жасалған желі ARPANET деп аталды. ARPANET желісіндегі алғашқы сервер 1969 жылы 1-қыркүйекте Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Ол оперативті жадысы 24 Кб болатын Honeywell DP-516 компьютері болатын. 1969 жылы желіні жасауға қатысқан төрт мекеменің арасында өзара байланыс орнатылды. Уақыт өткен сайын танымалдылығы артқан желіні басқа саладағы ғылыми қызметкерлер де пайдалана бастады. 1971 жылы алғаш рет желі арқылы электронды хабарлама жөнелту бағдарламасы жасалды. Бағдарлама бірден танымал болды. 1973 жылы желіге Атлант мұхиты арқылы өтетін телефон желісі қосылды. Телефон желісі арқылы Ұлыбританиямен және Норвегиямен байланыс орнатылды. Осылайша ғаламтор желісі халықаралық деңгейге жетті. 2008 жылғы статистика бойынша интернетті пайдаланатындар саны 1,5 млрд. адамды құрайды екен.

(Ғаламтор материалдарынан. 150 сөз)

І нұсқа

Нұсқаулық: Өзгеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

І. Тест сұрақтары.

1. Желіні жасау неше университетке тапсырылды?

A) 1

B) 2

C) 3

D) 4

E) 5

2. Алғашқы сервер қайда орнатылды?

A) Ұлыбританияда

B) Норвегияда

C) «НАСА» ұйымында

D) Атлант мұхитында

E) Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде

3. Ғаламтор ең алғаш қандай мақсатта қолданылды?

A) тәжірибе алмасу мақсатында

B) әскери мақсатта

C) спорттық мақсатта

D) білім алу мақсатында

E) сауда-саттық мақсатында

4. «Интернет» қай тілдегі сөздердің туындысы?

A) грек

B) латын

C) ағылшын

D) француз

E) итальян

5. Мәтінге қай тақырып сай келеді?

A) Бұқаралық ақпарат құралдары

B) Ғаламтор және біз

C) Алғашқы әлеуметтік желі

D) Ғаламтор тарихы

E) Пошта байланысы

ІІ. Тапсырмалар

А) Компьютерлер желісін құру туралы ұсынысты қандай мекеме тарапынан жасалды ?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

В) Телефон желісі арқылы алғаш рет қай елдермен байланыс жасалды?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

D) Сөздердің синонимдерін табыңыз.

Ақпарат- __________________________________________________________

Уақыт- __________________________________________________________

Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.

Байланыс орнатылды -__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Халықаралық деңгей -

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

І нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

І. Тест сұрақтарының жауаптары :

жауап

1

C

2

E

3

B

4

C

5

D

ІІ. Тапсырмалар бойынша жауаптар

А) Компьютерлер желісін құру туралы ұсынысты әскери зерттеулер агенттігі тарапынан жасалды.

В) Телефон желісі арқылы алғаш рет Ұлыбританиямен және Норвегиямен байланыс жасалды.

D) Сөздердің синонимдерін табыңыз.

Ақпарат: хабар, ақпар

Уақыт: мерзім, сағат

Е) Төмендегі тіркес мағыналарын таратып жазыңыз.

Байланыс орнатылды: (Оқушы жауабы)

Халықаралық деңгей: (Оқушы жауабы)

ІІ нұсқа

Нұсқаулық: Өзгеге кедергі келтірмеңіз!!! Жұмыс барысында «Академиялық адалдық» саясатын басшылыққа алыңыз.

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Төмендегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындаңыз.

І. Тест сұрақтары

1. Интернет сөзінің мағынасын табыңыз.

A) байланысқан телефондар

B) әлеуметтік желі

C) пошталық байланыс

D) байланысқан желілер

E) компьютерлік байланыс

2. Ең алғашқы желі қалай аталды?

A) НАСА

B) Arpanet

C) Honeywell

D) Атлант

E) Сервер

3. Жобаны кім қаржыландырды?

A) Білім министрлігі

B) Спорт министрлігі

C) Қорғаныс министрлігі

D) Мәдениет министрлігі

E) Байланыс министрлігі

4. Желіні жасауға неше университет қатысты?

A) 1

В) 2

C) 3

D) 4

E) 5

5. Алғашқы желінің оперативті жадысы қанша болды?

A) 12 Кб

B) 11 Кб

C) 24 Кб

D) 60 Кб

E) 4 КБ

ІІ. Тапсырмалар

А) Мәтінде аталған жер-су атауларын жазыңыз.

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

В) 2008 жылғы статистика мәліметтері бойынша әлем халқының қаншасы ғаламторды пайдаланған?

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

С) Омоним сөздердің мағынасын тіркеспен не сөйлеммен көрсетіңіз:

құр:

1. __________________________________________________________________

2. __________________________________________________________________

жас:

1. __________________________________________________________________

2. __________________________________________________________________

D) Төмендегі тіркестердің мағынасын таратып жазыңыз.

Ғылыми қызметкерлер -

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Байланыс орнатылды -

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

ІІ нұсқа бойынша дұрыс жауаптар

І Тест сұрақтарының жауаптары:

жауап

1

D

2

B

3

C

4

C

5

C

ІІ Тапсырмалар бойынша жауаптар:

А) АҚШ, Калифорния, Лос-Анджелес, Атлант, Ұлыбритания, Норвегия

В) 2008 жылғы статистика мәліметтері бойынша әлем халқының 1,5 млрд. ғаламторды пайдаланған.

С) Омоним сөздердің мағынасын тіркеспен не сөйлеммен көрсетіңіз:

құр:

1. Біз орманда құрларды көрдік.

2. Олар балыққа тор құрды.

жас:

1. Көз жасы

2. Жасы үлкен, жасы кіші

D) Төмендегі тіркестердің мағынасын таратып жазыңыз.

Ғылыми қызметкерлер: (оқушы жауабы)

Байланыс орнатылды: (оқушы жауабы)

В критерийі негізінде жасалған тыңдалым жұмысын

бағалауға арналған рубрика

Оқушының өз ана тілінде тыңдаған мәтінін түсінуі, оны өз жұмысында жеткізе алуы

Ең жоғарғы ұпай – 6

Жетістік деңгейі

Сипаттамасы

1

Оқушы өзі түсінетін тілде мәтіннің кейбір бөліктерін ғана түсінген.

2

Оқушы жалпы мәтін мазмұнын шектеулі деңгейде түсінген. Өз жұмысында мәтін мазмұнын жеткізуде қиналғаны байқалады.

3

Оқушы қарапайым сұрақтарға жауап бере алған. Мәтіндегі айтылған негізгі деректерді біледі, оларды түсінгендігін көрсете алған.

4

Оқушы мәтіннің негізгі ойын түсінген. Мәтін мазмұнын түсінудегі деңгейі – ортадан жоғары. Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға мәтін деңгейінде ғана жауап берген.

5

Оқушы мәтіннің басым бөлігін жақсы түсінген. Оны өз жұмысында көрсете алған. Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жазған жауабында аздаған шығармашылық байқалады.

6

Оқушы мәтінді толық әрі терең түсінген.Оны өз жұмысында нақты көрсеткен. Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға тақырыптан ауытқымай шығармашылықпен жауап берген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Х.Сүйіншалиев «Ежелгі дәуір әдебиеті»

  2. Ғаламтор материалдарынан өңделген мәтіндер

  3. Middle Year Programme “From principles into practice”.

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДA-049035

Похожие материалы