Инфоурок Другое Другие методич. материалыТіл айлығы. "Ана тілім - айбыным" мәнерлеп оқу сайысы.

Тіл айлығы. "Ана тілім - айбыным" мәнерлеп оқу сайысы.

Скачать материал

Тақырыбы: «Ана тілім-айбыным» өлеңді мәнерлеп оқу сайысы.

 

 Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

1-жүргізуші: Тілім менің қайыршы емес қаңғыбас,

 Тілім тұлпар – қуған желге шалдырмас.

 Кенже ұлдай үлкен үйге мұрагер

 Жер иесі – менің тілім мәңгі жас.

 

2-жүргізуші:  Әуезов, Абайды өткен дәріс тілі,

 Тіл қатқан Тоқтар, Талғат ғарыш тілі.

 Қанша Заң қабылдаймыз, жетер енді,

 Естілсін мемлекеттік әр істе үні!

 

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Ана тілім-айбыным» атты өлеңді мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.

 

2-жүргізуші:  Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,

 Қазақ осы « Өнер алды- тіл дейтін»,

 Қазақ осы қарасыңба, ақсыңба,

 Қоңырсыңба жатырқауды білмейтін,-  деп ақын ағамыз Қ.Мырзалиев айтқандай, ұлы қазақ даласында 130- дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен мектебімізде 5-8 сыныптар арасында осы сайыс ұйымдастырылып отыр.

 

 ҚР Әнұраны орындалсын. Слайд.

 

1-жүргізуші: Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Халқымыздың өз ұрпағын өз тілінде сөйлетудің өзі арман болғанын көріп, өз келешегін өзі шындап уайымдай бастады. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр сол мәселені қайтадан күн тәртібіне қойып, 22-қыркүйекті – Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жарияланды. Тарих бетіне қалдырды.Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасты.

 

2-жүргізуші:  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап, осы бір атаулы – Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін жыл сайын мерекелеу назардан тыс қалған емес. Күнтізбемізде атаулы, айшықты мерекелер көп.  Алайда Адамзат қоғамынан Тіліміз еншілеген күн-22 қыркүйек.  Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.

 

 1-жүргізуші: Туған тілім қазынам,алтын кенім,

 Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.

 Қош келдің туған өлке,бесігіңе,

 Қасиетті бабамның тілі менің.

 

2-жүргізуші: Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,

 Қылыштай сүйектерден тілімдедің.

 Өтсе де талай ғасыр,қилы заман,

 Қасиетті тілім менің бүлінбедің.

 

1-жүргізуші:  Сайыс екі бөлімнен тұрады. І бөлім. «Туған тілім - қазынам». Ақындардың тіл туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту. ІІ бөлім. «Тілім деп мен жырлаймын». Оқушылар тіл туралы өз жанынан өлең шығару.

 

2-жүргізуші: Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамын.

 1.  Жаншуақова Ақсәуле5-сынып

 2. Зайдуллин Раукен 5-сынып

 3. Мажитова Аймжан 6 -сынып

 4. Жасқайратова Зарина 6-сынып

 5. Тлеккабылова Аяулым 6- сынып,

 6. Ибрашев Ерасыл 6- сынып

 7. Әділгерей Ғыйлымбек 7- сынып

 8. Сарсенгалиева Ақмарал 7 сынып

 9. Рахымжанова Айнагүл 8 сынып

 10. Джумагалиев Марат 8-сынып

 11. Мұратов Манарбек 8-сынып

 12. Серіков Мақсат 8-сынып

1-жүргізуші:  Сайысымыз әділ болу үшін әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік.

2-жүргізуші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Усагалиева Ақмарал Задашқызы.

1-жүргізуші: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бисекешова Жаннат Мұханбетқызы.

2-жүргізуші: Аудандық, облыстық байқаулардың жүлделі орын иегері, 11-сынып оқушысы Мусина Мадина.

 

1-жүргізуші: Аудандық, облыстық байқаулардың жүлделі орын иегері,  9-сынып оқушысы Мұханбетжанова Жаңылсын.

 

 2-жүргізуші:  Ортаға аудандық, облыстық байқаулардың жүлделі орын иегері,  9-сынып оқушысы Мұханбетжанова Жаңылсынды шақырамыз.

 

1-жүргізуші: Туған тілім - бабам тілі - өз тілім

 Туған тілім –анам тілі - өз тілім.

 Туған тілім - далам тілі - өз тілім

 Туған тілім - адам тілі - өз тілім, -деп сайысымызды бастаймыз.

 

2-жүргізуші: І бөлім бойынша өлеңді мәнерлеп айту. Ортаға Жаншуақова Ақсәулені шақырамыз.

1-жүргізуші: Мажитова Аймжан 6 –сынып

2-жүргізуші: Жасқайратова Зарина 6-сынып

1-жүргізуші: Әділгерей Ғыйлымбек 7- сынып

2-жүргізуші: Сарсенгалиева Ақмарал 7 сынып

1-жүргізуші: Рахымжанова Айнагүл 8 сынып

2-жүргізуші: Мұратов Манарбек 8-сынып

1-жүргізуші: Серіков Мақсат 8-сынып

 

2-жүргізуші: Аудандық, облыстық байқаулардың жүлделі орын иегері, 11-сынып оқушысы Мусина Мадинаны ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Өзінің жыр туындысымен екінші бөлімізді ашып  берсе дейміз.

2-жүргізуші: Келесі бөлімде жас ақындарды шақырамыз. Бірінші болып ортаға Зайдуллин Раукен 5-сынып

1-жүргізуші: Тлеккабылова Аяулым 6- сынып

2-жүргізуші: Ибрашев Ерасыл 6- сынып

1-жүргізуші: Джумагалиев Марат 8-сынып

2-жүргізуші: Әділ-қазы өз шешімдерін шығарғанша, ана тілі туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып көрелік.

Мақал-мәтелдер:

 Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.

* * *
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.

* * *

Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

* * *

Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.

* * *

Ауызда жиек жоқ,
Тілде тиек жоқ.

* * *

Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.

* * *

Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ.

* * *

Бал тамған тілден у да тамар.

* * *

Басқа пәле – тілден.

* * *

Қазақтың ақылы – көзінде,
Қасиеті сөзінде.

* * *

Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.

* * *

Кісі қызыл тілден өледі,
Түлкі қызыл жүннен өледі.

* * *

Қылыш жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.

* * *

Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.

* * *

Өнер алды – қызыл тіл.

* * *

Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.

* * *

Оқу алды – қызыл тіл,
Бірден соңғы мергеншіл.

* * *

От ауызды, орақ тілді шешен.

* * *

Піл көтермегенді, тіл көтереді.

* * *

Сөз – көмек, тіл – құрал.

* * *

Тәрбие тілден басталады.

* * *

Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.

* * *

Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін,
Тілімнен сүріндірмесін.

* * *

Тіл – қылыштан да өткір.

* * *

Тіл – тас жарады, тас жармаса да бас жарады.

* * *

 

Тіл сүйексіз болса да, өзі сүйектен өтеді.

* * *

Тіл – білім, тәрбие тұғыры.

* * *

Тілді қорлау – халықты қорлау.

* * *

Тілі өлген ел – тірі өлген ел.

* * *

Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.

* * *

Тіл – сүйексіз, ақыл – түпсіз.

* * *

Тілге шешен, іске мешел.

* * *

Шешеннің тілі – шебердің бізі.

* * *

Шешеннің тілі ортақ,
Шебердің қолы ортақ.

 

 Әділ-қазылар сөз сөйлейді,мадақтамалар береді.

1-жүргізуші:  Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы,тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер.

2-жүргізуші: Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де, еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер!

 Назарларыңызға рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тіл айлығы. "Ана тілім - айбыным" мәнерлеп оқу сайысы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.11.2015 8406
    • DOCX 46 кбайт
    • 145 скачиваний
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Усагалиева Акмарал Задашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Усагалиева Акмарал Задашевна
    Усагалиева Акмарал Задашевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41838
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе