Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Тіл - халық мұрасы" сыныптан тыс жұмыс

"Тіл - халық мұрасы" сыныптан тыс жұмыс

Скачать материал

Тақырыбы: «Тіл - халық мұрасы» танымдық ойын

Мақсаты:

1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту, сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту;

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;

3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке, тілдің үштұғырлығын насихаттау.

Әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог), мақал толықтыру, сауатты жазу, тест сұрақтарына жауап беру.

Түрі: сайыс 

Көрнекілігі: презентация,  тапсырмалар жазылған парақшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат, сөзжұмбақтар, тестік тапсырмалар

 

Эпиграфы:

 

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

 

 1.Кіріспе.

- Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол, әрине, қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу.

- Бүгінгі біздің сайысымыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.

Сайысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Сайысқа 5-6 класс оқушылары қатысады. Әр кезең бойынша екі кластың оқушыларының  ұпайы есептеліп, сайыстың соңғы кезеңінде жеңімпаз  команда анықталады.

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:

 1. «Бәйге»

 2. «Шешуін тап»

 3. Полиглот

 4. Сөз құрау

         5. «Мықты болсаң, тауып көр»

 6. Сөздердің антонимдерін тап және аудар

 7. Мақалды аяқта

 8. «Жорға»

1-кезең «Бәйге».

1-топ

Бұл кезеңде екі топқа он-оннан жиырма сұрақ қойылады. Әр жауап бір балмен бағаланады.

1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)

2.Абайдың шын аты? (Ибраһим)

3.Қазақ тілінде неше септік бар? (7)

4. Қазақша жыл басы қай ай? (наурыз)

5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден)

6. Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы? (Данияр Елеусінов)

7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан)

8. Әдебиет сөзі қай тілден енген? (араб)

9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда)

10. Тұрмыс – салт жырларын ата ( бесік жыры, тұсаукесер, беташар, той бастар, жар-жар, бата-тілек, жоқтау)

2-топ

11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?)

12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер)

13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім?  (Әл-Фараби)

14. Суға жүзуден Рио олимпиадасының чемпионы, отандасымыз кім? (Дмитрий Баландин)

15.Бір жылда неше күн бар? (365)

16.Тұрлаусыз сөйлем мүшелерін атаңдар?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)

17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)

18.Етістіктің неше шақтары бар, атаңдар? (келер шақ, осы шақ,  өткен  шақ)

19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100)

20.Қазақ тілінің қанша дауысты және қанша дауыссыз дыбыс бар? (дауысты-12, дауыссыз-25)                   

  2-кезең «Шешуін тап»

Оқушыларға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында екі класқа төрт төрттен сегіз  алфавиттік жұмбақ ұсынылады.

1.Тұзда бар,суда жоқ.

Мұзда бар,буда жоқ. (ұ)

2.Гауһарда бар,Гүлнарда жоқ.

Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ)

3.Үйде бар,шиде жоқ.

Күйде бар,биде жоқ. (ү)

4.Қазда бар,үйректе жоқ.

Құрда бар,шілде жоқ. (қ)

5.Дәнде бар,елде жоқ.

Сәнде бар,селде жоқ. (ә)

6.Бірде бар,үште жоқ.

Екіде бар,бесте жоқ. (і)

7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ.

Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ)

8.Шөлде бар,далада жоқ.

Көлде бар,теңізде жоқ. (ө)

3-кезең «Полиглот»

Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам.  Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды- ғылым тілімен «полиглот» дейміз. Олай болса бұл кезеңде екі класқа төрт төрттен жұмбақ жасырылады және жауабын тауып, орысша, ағылшынша аудармасын айтамыз.

1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок-ring) /риң/

2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ.

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

Немесе- қаста келген,көктемде еріген (қар-снег-snow) /сноу/

3.Қаласы бар,үйі жоқ.

Өзеңі бар,суы жоқ.

Орманы бар,бүрі жоқ.

Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта-blackboard) /блэкборд/

4.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама!

Немесе-

Көп әңгімем,өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім,

Соған тиер көмегім. ( кітап-книга-book) /бук/

5.Түк білмей барасың,

Тәлім аласың.

Есейіп кетсең де,

Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа - school) /скул/

6.Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед-ice)

7.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи-skiing)/скайн/

8.Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник- schooldiary) /скулдяриий/

4-кезең « Сөз құру».  «Қазақстандықтар» сөзінен сөз құрулары қажет, ең аз сөз құрған сайыскер ойыннан шығады.

5-кезең «Мықты болсаң, тауып көр».  Бұл кезеңде оқушылар берілген сөздерден мақал құрау

Мысалы:

Сиыр

 

  Қой

Шөп (Қой аузынан шөп алмас – жуас)

  Лақ

 

Түйе

 

1-т о п

1-тапсырма

Ауыз

 

Көз

Қол (Көз қорқақ, қол батыр)

Құлақ

 

Мұрын

 

2-тапсырма

Адам

 

Тағам

Жеті  (Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл)

Жұрт

 

Өнер

 

3-тапсырма

Қас

 

Дос

Дау (Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды)

Аға

 

Іні

 

4-тапсырма

Ақылдылық

 

Татулық

Бақыт  (Татулық –табылмас бақыт)

Тапқырлық

 

Өжеттілік

 

5-тапсырма

Жігіт

 

Батыр

Ыстық  (Отан оттан да ыстық)

Отан

 

Киім

 

2-т о п

 

 

6-тапсырма

Үй

 

Мектеп

Теңіз (Мектеп –кеме, білім – теңіз)

Дала

 

 Қора

 

7-тапсырма

Дәптер

 

Кітап

Бұлақ (Кітап – білім бұлағы)

Бала

 

Әке

 

8-тапсырма

Ақылдасу

 

Кеңесу

 Тон  (Кеңесіп пішілген тон келте болмас)

Сөйлесу

 

Сыйласу

 

9-тапсырма

Жаз

 

Қыс

Ойла  (Қыстың қамын жазда ойла)

Көктем

 

Күз

 

10-тапсырма

Білім

 

Ақыл

Тас (Ақыл – жастан, асыл – тастан)

Талап

 

Жігер

 

 

6-кезең  Сөздердің антонимдерін тап және аудар

Сайыскерлер сөздердің антонимдерін жазып айтады. Тапсырма бойынша сөздердің антонимдерін және олардың  аудармасын айту қажет.  

1-топ

1.жаңа –ескі  /новый –старый/

2.бүгін  - кеше  /сегодны-вчера/

3.жақсы –жаман  /зороший-плохой/

4.тар – кең  /узкий-широкий/

5.аз – көп /мало-много/

6.биік  - аласа /высокий-низкий/

7.кішкентай – үлкен /маленький-большой/

2-топ

8.күн-түн /день-ночь/

 9.алыс-жақын /далеко –близко/

10.аш-жап  /открой-закрой/

11.қысқа-ұзын  /короткий-длинный/

12. Сөздердің антонимдерін табыңыз

13.кедей – бай  /бедный-богатый/

14. үстінде –астында  /наверху-внизу

7 –кезең. «Мақалды аяқта»

 Бұл кезеңде сайыскерлер мақалдарды аяқтауға тапсырма беріледі. Әр мақал үшін 5 ұпай есептеледі.

1. Күлме досыңа,келер .....(басыңа)

2. Ел боламын десең бесігіңді.... (түзе)

3. Не ексең сонны..... (орасың)

4..Күш-білімде,білім- ...... (кітапта)

5.Кітап- ....,тілсіз мұғалім  (ғалым)

6. Есің барда еліңді..... (тап)

8 –кезең. «Жорға»

Қай топ оқушылары көп ұпай жинаса, сол топ сайыс жеңімпазы атанады

1-ші  топтағы сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Тілдер күні (22 қыркүйек)

2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт)

3.Қазақстан Республикасының  астанасы (Астана қаласы)

4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (ет  ,қазы-қарта,қуырдақ)

5. «EXPO -2017» көрмесі қайда өтеді?  (Қазақстанда)

6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі)

7. «Кабинет истории» сөзінің  қазақша аудармасы (тарих кабинеті)

8.Біздің аудан атауы (Байғанин)

9.Биыл тәуелсіздікке неше жыл?(25 жыл)

10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың).

2-ші топтағы сайыскерге қойылатын сұрақтар:

1.Тәуелсіздік күні  қай күн? (16 желтоқсан)

2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы)

3. Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы)

4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз)

5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір)

6. Аптаның соңғы күні (жексенбі)

7. Біздер қай облыста тұрамыз? (Ақтөбе)

8.Адамды кім емдейді? (дәрігер)

9. 30-тамыз қандай күн?(Конституция күні)

10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков).

 

Қорытынды. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 17 қаңтарында айтылған  Қазақстан халқына Жолдауымен сабағымды  қорытындылағым келеді.

«Қазақ  тілі бүгінде ғылым мен білімнің, ғаламтордың тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл көбейіп келеді. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» -деген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көкбұлақ орта мектебі

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс жұмыс

 

 

«Тіл – халық мұрасы»

танымдық ойын

/5-6 кластар аралығы/

 

 

 

 

 

Өткізген қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі:                                        А.С. Бекбаев

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тіл - халық мұрасы" сыныптан тыс жұмыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 756 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2016 2296
    • DOCX 29.6 кбайт
    • 57 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекбаев Ануар Султансиыкович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекбаев Ануар Султансиыкович
    Бекбаев Ануар Султансиыкович
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8342
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой