Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәлімгерлік даму қағидатына негізделеді

Тәлімгерлік даму қағидатына негізделеді

Скачать материал

 

 

Бұл өзгерістерді мен қалай енгіземін

Сапалы дамыту жұмысына жаңа технологияларды енгізгенде ғана өзгертушілік әсері болады. Тәжірибедегі өзгерістер немесе жақсартулар бұл - оқыту мен оқудың жақсартылған әдістері. Кәсіби оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы және ішкі өсуде маңызды бола алады.

          Мектептің дамыту үдерісін іске асыру үшін жүргізілген зерттеулерден соң нақты не істейтінімді құрылған ынталы топпен  бірге  жоспарлай отырып, оларды іске асыру әрекетіне көшу керектігін түсіндім.

Осы жоспарды жүзеге асыру мақсатында  "ХХІ ғасырда нені оқыту керек?" атты кофе-брэйк түрінде өткізілген  кәсіби әңгіме ұйымдастыру барысында  жаңаша білім беру бағдарламасының мазмұнын, идеясын меңгерген ІІІ деңгей мұғалімі мен бағдарламаны оқымаған  бір мұғалімді тәлімгерлік үдеріске ала алатынымды айттым.  «Тәлімгерліктің өзіне тән сипаттамасы  екі адам арасында   оқу қарым-қатынасын құруға  негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тығдай білу, тәжірибені дамыту үшін бірқатар  күрделі сұрақтар қо білу дағдыларын  дамытуға бағытталған.  Тәлімгер тәліпке күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге; соның ішінде қажетті түйінді  қасиеттерді : сенімділік, ортақтастық, шынайылық, адалдық танытуға дайын болады» (Garret-Harris&Garvey,2005). [1-47 бет]  Сол жерде А.Н деген  екінші санатты география пәнінің мұғалімі өзінің осы бағдарламаға қызығушылығының бар екенін,  7 модуль идеясын өз сабағына пайдаланғысы келетінін айтып, менің тәлім алушым болуға ниет білдірді. Бағдарлама мазмұнын,  идеясын меңгерген ІІІ деңгейлі информатика пәнінің  І-санатты мұғалімі А.К. - коуч болуға келісті.  Кәсіби  әңгіме барысында мектеп басшылығы мен қоғамдастық мүшелері осындай тәлімгерлік жұмыстар мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ететіндігін айта келе екі тәлім алушыма сәттіліктер тілеп, қолдау көрсететіндіктерін  білдірді.  Сол жерде оларға келісім парағын толтыртып,  келесі күні олармен кездескім келетінін айтып уақытымызды белгіледік 

Тізбектелген сабақтар жоспарлау сәтінен                                         Коучингке дайындық сәтінен

 

 

 

Тәлім алушыларыммен сұхбат бейресми әңгіме түрінде өткізіліп, сұхбат барысында  білім берудегі өзгерістерге оң көзқараспен қарайтынын, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда 7 модуль идеяларын қалай қолдануға болатындығы және мектеп мұғалімдерінің тобына коучинг өткізу туралы мәселелер қарастырылды.         

       Тәлім алушыммен жұмысты бастамас бұрын  Oxley-дің (2003) тәлімгерлік түзету қағидатына емес, даму қағидатына негіздерген деген пікірін басшылыққа алдым. [1-47бет]

            Мектепті дамыту жоспарының негізгі басымдылығының бірі - мұғалімдер мен оқушылардың көшбасшылық қабілет деңгейі  жеткіліксіз.

Сондықтан мұғалімдерге  «көшбасшылық» жөнінде кең мағлұмат беру үшін мектептің даму бағдарламасына «Мектептегі мұғалімдер көшбасшылығы» тақырыбында коучинг қоюды жоспарладым. Егер осындай тақырып төңірегінде коучинг өткізетін болса басқару және көшбасшылық туралы түсініктері кеңейеді, әр мұғалім өзіне баға бере отырып, көшбасшы бола алатынына сенімі мол болады, оқу нәтижесін жақсартудағы көшбасшылық функцияларын, көшбасшылықтың Джон Максвелл айқындаған «Көшбасшының 21 қасиетін» мұғалім бойына дарытады деп есептедім. Коучингке 18 мұғалім қатысты. Беннистің «Көшбасшылық дегеніміз дұрыс қадам жаса, ал басқару- қадамды дұрыс жасау» сөзімен бастап жұмыстарына сәттілік тілеуден бастадым. От, күн, ай деп үш топқа қатысушыларды бөлдім. «Төрт балауыз шам» тәмсіл арқылы  ой қозғау кезеңін ұйымдастырдым. Коучингті Блум таксономисы негізінде жоспарладым. Білу бөлімінде «Көшбасшы», «Басқарушы» және «Біздің мектептегі көшбасшылық» тақырыптары бойынша постер құрастырып, қорғау тапсырмасын орындады. Түсіну бөлімі теориялық білімге негізделіп, «Оқу нәтижесін жақсартатын көшбасшылық функциялары», «Көшбасшы болға көмектесетін жайттар» және «Көшбасшы мұғалімнің бойынан табылатын қасиеттер» тақырыбында ресурстар беріліп, топта оқып,өз іштерінде талдап, ТВ шоу талқылау әдісі арқылы аудиторияда талқылады.

                                                                                        

 

 И.В.Гетенің «Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет. Қолдану бөлімінде «Қалап қана қойған аз, оны жасау қажет»  дегендей «Мен көшбасшы бола аламын ба?» рөлдік ойындары ойнатылды. Талдау кезеңінде Джон Максвелдің «Көшбасшының 21 қасиетін» рөлдегі ойыншылардың бойынан табу, ажырату тапсырмалары берілді. Жинақтау кезеңінде  А4 қағазынан желпуіш жасап, оған мектептегі көшбасшылықты дамытуда кездесетін кедергілері жазып, топтар арасында желпуіштерді ауыстырып, оны жою жолдарын жазады. Ал соңғы бағалау кезеңінде американдық психолог Вирджиния Сатирдің «Мұғалім типологиясы»  бұрышы деп аталатын әдісін қолдандым. Сіз көшбасшының қай түріне жатасыз деп  «Нақты, толыққанды көшбасшы», «Стратегиялық көшбасшы», «Рухтандырушы көшбасшы», «Өз ісіне берілген, табанды көшбасшы», «Уәждеуші, ынталандырушы көшбасшылар» деп аудитория бұрыштарына іліп, осы қасиеттері бойынша өздерін бағалауға мүмкіндік берілді. Бұл жерде менің байқағаным қатысушы мұғалімдердің 79%-ы «Рухтандырушы көшбасшы», 14%-ы «Өз ісіне берілген, табанды көшбасшы», 7%-ы «Нақты, толыққанды көшбасшы» деп өздерін бағалады. Мұғалімдермен кері байланыс орнату үшін «Соңғы аялдама» рефлексиялық иірім әдісі бойынша Сізге не ұнады? Неге?  Өзіңіз неге қол жеткізгіңіз келеді деген кері байланыс сауалдарына жауап алдым. Мектептің көшбасшылары арасында «Нақты, толыққанды көшбасшы» болғысы келетіндер бар екенін байқадым. Кейбір әріптестерімнің сабаққа қолданатын әдіс тәсілдерді үйренгісі келетінін айтыпты.  Бағдарламаның мазмұны мен идеясын сабаққа қолданатын стратегиялар мен шатастырып, тек сол әдіс тәсілдерге қызығушылық білдірушілер көптеп кездесуде. Осыған байланысты мектептегі деңгейлік бағдарламаны игерген мұғалімдер арқылы «Білім көп, өмір аз, Керегіңді тасқа жаз»деп аталатын әдістер шеруін өткізуді де өз жоспарыма енгіздім. Мектептегі сертификатталған 16 мұғалімнің 10-ы келіп, әрқайсысы 2 әдіспен, қолданылу тәсілін түсіндірді. Шеруге қатысқан мұғалімдер осындай әдістермен таныстыру жалғасын тапса жақсы болар еді деп, ризашылық білдіріп, флешкаларына құйып алып жатты. Менің осы тәжірибе кезеңіме мектептің МДЖ жоспарындағы «Сыни тұрғыдан ойлау» шығармашылық   тобының онкүндігімен сәйкес келді. Осы кезеңде өткізілетін сабақтарды және тәлім алушымның тізбектелген сабақтар топтамасын зерттеу мен  талдау үшін, өзім құрған зерттеу тобым мен басқа да мұғалімдерге арнап  «Сабақты талдауда кері байланыс ұсыну және кейінгі әрекеттер жоспары»  тақырыбында коучинг өткіздім. Мақсатым сабақты зерттеушілерге уақыт белдеуімен немесе қозғалыс картасы арқылы  сабақ барысында жиналған деректерді пайдалана отырып талдауға үйрету және зерттеу сабағынан соң, мұғалімге кері байланыс ұсыну мен кейінгі әрекеттер жоспарын жасау.  Нәтижесінде зерттеушілер сабақты  фактмен талдап үйренеді, ал мұғалім өзінің жұмысына рефлексия жасап, баға бере алады. Бұл үдеріс осы шығармашылық топтың жетекшісі Г.Б. сабағын талдау барысында жүзеге асты.  Осы коучинг соңындағы  «Екі тілек, бір жұлдыз» рефлексия кезеңінде алдағы өткелі отырған апталыққа сәйкес коучинг өткізуге және жоспарлауда топ  жетекшісі Г.Б.-ға тәлімгерлік жасауымды өтінді.  МДЖ жоспарыма өзгеріс енгізіп, тәлім алушым А.К. мен  Г.Б.-ларға тәлімгерлік жасау арқылы  «Сын тұрғысынан ойлау әдістері» тақырыбында коучинг жоспарладым. Мақсатым: мұғалімдерді сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің мақсаттары, негізгі ұғымдары, әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.  Құрманғазы ауданының көшбасшыларын қолдау мақсатында «Тиімді оқытудағы кедергілерін анықтау және оның шешу жолдарын ұсыну» тақырыбында семинар өтті. Тренерлер А.К.мен Н.М. SWOT  талдауын    жүргізе отырып,  кедергілерді анықтап, оқытудың үш аспектісін (танымдық, әлеуметтік, эмоциялық) талдау арқылы анықтағын кедергілерді жоюға ой салды. Осы семинардан кейін  мектептегі «Болашақ» қоғамдастық мүшелері және  мектеп директорымен   кәсіби  әңгіме өткіздік. Өткен жылдары оқу бітірген көшбасшылардың кейбіреуі тоқырауға түсіп, өздерінің бұл тақырыптарды кезінде мән бермегенін, осы семинар нәтижесінде көздері ашылып отырғанын мойындап отырды. Мен бұл оқытудың үш аспектісін алғашқы өткізген кәсіби әңгімеде айтқан болатынмын. 1-ші бетпе-бет кезеңінен үйренген тренеріміз А.Қ-ның күнделікті алғашқы сесияны осы үш шеңбермен бастайтынын есіме түсіріп, менде солай айтқанмын. Өз ойымды дұрыс жеткізе алмағанымды айтып, коучинг жоспарлау керек екеніне ұсыныс білдірдім. Менің ойымды мектеп көшбасшысының бірі Б.У. қостап, екеуміз бірге өткізетін болып жоспар құрдық. Мектеп басшысы Н.Х. қолдау көрсетіп, ұжымды қатыстыруға ықпал жасайтынын айтты. Сонымен келесі кезекті коучингті «Тиімді оқытудың үш аспектісі» деп алып, өткіздік. Мектеп әкімшілігі түгел қатысып, бірнеше мұғалімдердің қатысуына ықпал жасады. Кейбір мұғалімдер екінші кезекте сабақта болды.  Мақсатым: Мұғалімдер оқушыларға сапалы білім беруде тиімді оқытудың үш аспектісі гармониялық түрде бірімен-бірі тығыз байланыста  болатын  сабақты  жүзеге асыру жолдарын көрсету.  Коучинг мұғалімдерге ұнады. Танымдық, әлеуметтік және эмоциялық аспектілердің не екенін, сабақта қалай жүзеге асатынын түсінді.

 

Берілген дайын сабақ жоспарларынан осы үш аспектінің қалай көрініс тауып тұрғанын ажырата білді. Нәтижесінде коучингіміз мақсатына жетті. Коучингтен кейін пікірлескен 3деңгейді бітірген А.С. деген әріптесім «Біз бұл аспектілерді атүсті қарап кеттік. Үш шеңбер деп айтушы едік. Бүгінгідей етіп түсінген жоқпын. Үйге барып МАН-ды қолыма қайта аламын »деп өз пікірін білдірді.  Көшбасшы Б.У. бұдан кейін келесі тиімді жоспарлаудың жасалу  жолдары мен оқу мақсаты мен табыс критерийлерін дұрыс қоя білуді қамтитын келесі коучингтің туындап тұрғанын, осы жұмыстар әрбір пән бірлестіктерінде бір-біріңізді оқыту арқылы жалғасын табу керектігін және  алдағы каникул кезінде  өтетін педагогикалық кеңесте осы тақырыптарға арналған кең көлемде семинар-коучинг болатынын ескертті. Келесі коучинг тақырыбын мектептің даму жоспарындағы басымдылықты шешудің бір жолы «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер жаратылыстану пәндерінде» деп алып, тәлім алушы А.К. өткізді.  Коучингке жаратылыстану бағытындағы 15 мұғалім қатысты.  «Әдіс-тәсіл термометрі» деп аталатын  әдіспен мұғалімдерге бір-бірінің сабақта қолданып жүрген әдіс-тәсілдерінің температурасын   термометрмен өлшетіп бағалатты, психологиылық көңіл-күй сыйлады. Әдіс – тәсілдердегі температурамызды көтеру үшін  дәрумендер керек деп,  алма, банан, киви топтарына  топтарына бөлді.  «Мінсіз оқушы дегеніміз кім?» деген сауалға конверттегі сипаттамалық сөздерді  маңыздылығы бойынша  төменнен жоғарыға қарай  РОМБ формасына орналастырғызып қорғатты.  Топтар бойынша  математика пәні мұғалімі Э.Д., биология пәні мұғалімі Р.Қ. және физика пәні мұғалімі  Р.Т. апайлар өте жоғары  дәрежеде жауап береді.  Суреттер көрсетіп, ой толғатты.  Әр топ оқушының оқуға құлқы жоқ, оған кедергілер барын айтты.  А4 қағазына қаланған кірпіш суретін  салғызып, әр кірпішке кедергілерді жазғызды. Одан кейін «Кедергілер»  кірпішін бұзып, , яғни оны қайшымен қиып, жинатып келесі топтар арасында алмастырды.   Жұмыстың келесі қадамында алмасқан кедергі кірпіштерінің артына оны шешу жолдарын ұсынып, қайтадан өз топтарына берді.  Топ жұмыстарын бағалап, өз пікірлерін айтты.  Коучингтің   теориялық бөлімінде қалай оқу керектігін, диалогтік оқыту және  оқу мен оқытудағы әдіс- тәсілдердің қолданылу жолымен  таныстырап, теориялық мағлұмат берді.  Практикалық бөлімде оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып сабақ жоспарын  құрып, қорғады. Коучтің теориялық бөлімінде көрсеткен әдіс-тәсілдерді жүйелі қолданып, химия пәні мұғалімі Ж.Т-нің сабақ жоспары сәтті шықты.  «Көбелек» тәмсілін көрсетіп ой түйгіздім.  Қатысушы мұғалімдерден «5 сөз, 1 түйін» рефлексиясы арқылы кері байланыс орнатты. Әріптестер жұмысымызға табыс тілей отырып, тағы да  өткізілсе деген ұсыныс білдірді. Мен мұғалімдердің бойынан  жаңалықты қабылдауға деген ұмтылыстарын көріп  қуандым. 

        Сондай-ақ, бүгінгі таңда халықаралық білім кеңістігінде  кеңінен танымал  жапондық  сабақты зерттеу тәсілін оқыту үдерісіне ендіру, одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар ендіру мақсатында мектеп ұжымына  таныстыруды  жоспарға  енгіземін. Сабақты зерттеу таныстырылымы бойынша төмендегідей мәселелерге тоқталып өтемін. «Сабақты зерттеу тәсілі тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұл тәжірибесі мен білімдері бір-біріне  жайлы әсер ететін  фактор болып табылады»[1-57 бет]

Оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында мұғалімдер өз сабақтарында сынап көргісі келген «оқытудағы және оқудағы жаңа тәсіл» туралы ақпарат, оқу жоспарының қандай бөлігінде бұл тәсілді қолдануға  болатынын анықтау, тақырыбына байланысты, өз оқушыларынан күтілетін оқу нәтижесін айқындау, зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмыс жоспары, мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілерді анықтау. Мектеп көлемінде Іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау және жүргізуді  5«б» сыныбына жаратылыстану пәнінен алдым. Себебі: тәлім алушым осы сыныпқа жаратылыстану пәнінен дәріс береді және бұл маған осы оқу жылында жетекшілік жасауға берілген сынып.  Тәлім алушымның  алдына қойған мақсаты:  5 «б» сынып оқушыларының жаратылыстану пәнінде оқуға деген мотивациясын көтеруде оқыту мен оқудағы жаңа  әдіс- тәсілдерді енгізу. Тәлім алушым өзінің әрбір сабағына дайындықпен келіп өткізді және оқушылар арасында диалогтік оқытуға аса мән берді.  Сабақты зерттеу тәсілін оқыту үдерісіне енгізу мақсатында

 

шығармашылық топ құрдық.  Бұл топта  биология  пәнінің мұғалімі Қ.Р,  көшбасшылар У.Б.мен Қ.Б. жұмыс жасайды. Сабақты  «уақыт бедеуі» және қозғалыс картасы арқылы бақылап отырды.

                                                                                                                          

 

 Олар  5 «б» сыныбындағы жаратылыстану пәнінен өткізілген тізбектелген  сабақтар топтамасына қатысып,  оқушыларды бақылап, сабақты зерттеді.    Әр өткізілген сабақ сайын жоспарлау, кеткен кемшіліктерге талдау жасау қажет болады. Таңдалынып алынған мұғалімдер бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді. Бірігіп және ұйымшылдықпен жасаған нәрсе әрдайым өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Әр сабағын сабағын талдап, бақылайтын мәселем өзгеруіне қарай мақсатымды соған бағыттап отырдым. Өткен сабақты SWOT талдауына салып отырдым.  Сабақ барысын бейне жазбаға, фотоға түсіру арқылы  тәлім алушыма кері байланыс жасап отырдым. Қолданған «Ойлан –жұптас-бөліс», «Сyретті сөйлет», «Джиксo», «Венн» диoграммасы, «Аяқталмаған  сөйлемдер»,  « Сұрақтар» банкасы, «Аквариумдағы балық» әдіс- тәсілдері сәтті шықты. Сұрақ қoю мен сұраққа жаyап берy арқылы  oқyшы мен oқyшы арасында диалoг oрнады.

                                           

            Топтық жұмыс                                           жеке жұмыс                                постер қорғау сәті

 

 Тәлім алушымның әрбір сабағында нені жақсартуға көңіл бөлу керек немесе сәтті шыққан тұстарын бағалап отырдым. Өткізген әрбір сабағынан соң өзінің де сөйлеу дағдысы қалыптасқанын, тапсырмаларды жүйелі құруға дағдыланғанын, топты құрылымдауға көңіл бөлгенін көрдім. Сыныпты формативті бағалауға үйренді.  Оқушы білімін ескеруде қолданылатын кері байланыстар жүзеге асып отырды.

 

 

кері байланыс беру сәттерінен

                                                      

 

 Тиімді оқытудың үш аспектісін сабақта жүзеге асыра бастады. Мен осы жетістіктеріне қуандым, алға ілгерілеушілік пен қызығушылық білініп тұрды.    Мектептің дамыту  жоспарын   жүзеге асыру бағытында міндетті түрде кәсіби қоғамдастықтың мүшелері ерекше белсенді болуы қажет. Сондықтан  кәсіби қоғамдастықтың құрамына   мектептің даму бағытында  жүргізілетін жұмыстарға  өз әдіс – тәсілдерін өзгертуге икемді мұғалімдер  бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді. 

Жалпы мектеп мұғалімдерін заман талабына сай  жаңа әдісті  үйрету үшін  ІІІ деңгей мұғалімі  мен ұжым арасында   жаңалық енгізіп, оларға алдағы уақытта әріптестік  қолдау көрсету  қажет. Мектепке өзгеріс енгізер алдындағы мәселеге мұғалімнің пікірі, шешім қабылдау, бірлесіп жұмыс жасау шарттары анықталғандықтан , мектептің даму бағдарламасының жоспары өз нәтижесін табатынына сенімді болдым.

Соңғы аптаның  4 – күніне барлық зерттеу жұмысымның қорытындысымен әріптестеріммен бөлісу, топ мүшелерін мадақтап, сол арқылы олардың ынтасын арттыру мақсатында және ұжым мүшелерінің ынтымақтастығын арттыру үшін кездесу   өткізе отырып, «мектепке  өзгеріс  енгізу  қажет пе?» деген  сауалды талқылауды  жоспарладым. Әрине әріптестер пікіріне құлақ салсам оларға осы жүргізілген жұмыстардан үлкен көмек болғанын, өздерінің  өзгерулеріне азда болса әсер еткенімді және менің де бойымнан өзгерісті сезгендерін айтты. Тәлім алушымен қарым – қатынасым сыйластық, достық, сенімділік, шынайылық түрде болды. Бір – бірімізді байсалды тыңдап, бір – бірімізді ұғынуға тырыстық. Тәлім алушым үнемі ескертулерім мен ұсыныстарымды сыпайы тыңдап, келесі жоспарланар жұмысында орындап отырды. Тәлімгерліктің түзетуші емес, дамытушылық бағытта жұмыстанатыны үнемі есімде ұстадым. Екеуміздің арамызда әріптестік қарым – қатынас  орнады. Тәлім алушым  тәлімгерлік барысында өз тәжірибесін байытты

Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді, топтық жұмысты ұйымдастыруды үйренді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалана білді. Тәлім алушым тәлімгерлік барысында өз тәжірибесіне көптеген өзгерістер енгізді. Сабақ мақсатын дұрыс қою, кедергілерді анықтау, сабақты өткізу кезінде өз сыныбына ғана тиімді әдістерді, жаңа технологияларды, орын- орнымен қолдана білуді үйренді.

Мектебімізде осы бағытпен жұмыс жасасақ нәтиже жаман болмас еді. Үнемі ізденіс үстінде, жаңа идеялар туындау нәтижесінде жоспарланған жұмысты шынайылық танытып орындасақ, мектебіміз білім беру саласында

алға жылжыйды деген ойдамын. Сондықтан өз мектебімде өзгеріс  енгізу бағытындағы жұмысымды жалғастырғым келеді, жасай  алатыныма сенімім мол.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші  (ілгерлі) деңгей. Үшінші басылым.

Қосымшада:                Мектепті дамыту жоспары

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәлімгерлік даму қағидатына негізделеді"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Шеф-повар

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 792 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 2087
    • DOCX 486.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куангалиева Армангул Зулхарнаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 64236
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой