Инфоурок Другое КонспектыТолағай спорттық отбасылық сайысы (6-сынып)

Толағай спорттық отбасылық сайысы (6-сынып)

Скачать материал

«Толағай» спорттық – отбасылық сайыс.

Мақсаты: Ата-ана, оқушы, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында және спорттың денсаулыққа пайдасы зор екендігін түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыра отыра ептілікке, жылдамдылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: доптар, , қап, арқан, скакалка.

Жүргізуші: Құрметті: Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар «Толағай» спорттық – отбасылық сайысына қош келдіңіздер!

Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да!

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» спорттықотбасылық сайысты ұйымдастырып отырмыз.

Әр таңды бақытпенен атырамыз

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң жарысқа қатысушыларды шақырамыз

Сайыс 8 кезеңнен тұрады.

1. Үй тапсырмасы.

2. Кім жүйрік? (қаппен секіру)

3. «Кім епті? (допты алып жүгіру)

4. Кім күшті? (күш сынасу)

5. Кім жылдам? (есептер шығару)

6. Арқан тартыс.

7. Капитандар сайысы. (мақал-мәтелдердің жалғасын табу)

Әділ қазылармен таныс болыңыздар:

1.  Тәрбие ісінің меңгерушісі: Амандыкова Г.Г.

2.  Ата-ана: Семгалиева Аклима

3. Оқушы: Аман Назира, Султанова Дильназ

Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланады.

Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, сайысымызды салтанатты түрде Қ. Р мемлекеттік әнұранымен бастаймыз (әнұранды орындау)

1. Үй тапсырмасы. Шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру (3-5 минут), өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;

2. Кім жүйрік? Шарты: Кедергілерден өтіп, қаппен жүгіру, аяғына қапты киіп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келу.

3. «Кім епті? Шарты: кедергілер арқылы допты алып жүгіріп, ойын залының арғы шетіне жетіп сол күйінде қайта жүгіріп келіп, допты келесі адамға беру.

4. Кім күшті? Шарты: топ мүшелері өзара күш сынасады.

5. Кім жылдам? Шарты: әр топ мүшесі скакалкамен жүгіріп барып, берілген есептерді шығару керек.

3377+783=4160

2465-917=1548

412·7=2884

810:9=90

 

6. Арқан тартыс. Шарты: арқан тартыс барлық топ мүшелерінің қатысуымен өтеді.

7. Капитандар сайысы. Шарты: топ басшылары мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жарысады.

Темір сырын отта танытады,

Адам сырын жоқта танытады.

 

Жұмсақ ағаш құртқа жем,

Жұмсақ адам жұртқа жем.

 

Қағазға тіл бітірген қалам,

Жансызға жан бітірген адам.

 

Кісіні кейде таршылық сынайды,

Кейде баршылық сынайды.

 

Адам күні адаммен

 

Сырласуға дос жақсы,

Сыйласуға жат жақсы.

 

Ақылсыз атқа мінсе,

Атасын басып кете жаздайды.

 

Жарыс заңы ежелден -

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол -

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

Әділ - қазы алқасы сіздерге сөз беріледі!

Осы сайыста ең ұнаған бір турды атап өтсеңіз!

Марапаттау рәсімі!

Сайыс соңында төрешілердің шешімімен жеңімпаз топ белгіленеді.

Жүлделі: 1-орын        24           ұпаймен     «Бірлік» тобы

 

                2-орын       18            ұпаймен      «Арыстан» тобы м а р а п а т т а л а д ы.

Біз қазақпыз,

Ел үшін атқа мінген.

Жанып жатқан лапылдап отқа кірген,

Бой тұмар ғып ар - ождан қазынасын,

Отбасылар ел қамын сақтап жүрген

- дей келе бүгінгі алтын уақыттарыңызды қиып, «Толағай» отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше сау саламатта болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Толағай спорттық отбасылық сайысы (6-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 997 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.12.2016 1094
    • DOCX 31.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аимаганбетова Акбота Кайыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 177378
    • Всего материалов: 33

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой