Инфоурок Физика Презентации"Толық тізбек үшін Ом заңы" «Lesson Study»

"Толық тізбек үшін Ом заңы" «Lesson Study»

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ 10 сынып сабақ.doc

Күні: 20.02.2016 жыл.

Сынып:  10 «А»

Мектеп: Қостанай қаласы № 10 ОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Ошакбаева Ж.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Толық тізбек үшін Ом заңы.

 

Сабақтың түрі

Жарыс  сабақ

 

Сабақтың әдісі

СТО стратегиялары,  есептер шығару,

сәйкестендіру, сұрақ- жауап

 

Сабақтың көрнекілігі

Амперметр, вольтметр, реостат, резистор

 өткізгіш сымдар, карточкалар

 

Пәнаралық байланыс

Математика, ағылшын тілі, қазақ әдебиеті, химия.

 

Білуі керек

·         Тұрақты электр тоғы, тізбектреді жинақтауды

·         толық тізбек үшін Ом заңын білу және оны қолдану

·         ЭҚК көзінің ішкі кедергісінің кернеу мен қуатқа әсерін білу

 

 

Сабақ мақсаттары

·         Берілген тақырып бойынша білімдерді жалпылау;

·         Өткен материалды игеру деңгейін есептерді шығару арқылы анықтау.

 

Жетістік критерийлері

·         Толық тізбек және тізбек бөлігі үшін Ом заңын біледі және қолдана алады;

·         Қарапайым тірек жинақтай алады;

 

Тілдік  мақсаттар

 

каз

рус

анг

Электр тогы

Электрический ток

electricity

Кернеу

Напряжение

voltage

Ток күші

Сила тока

amperage

Кедергі

Сопротивление

resistance

Ток тығыздығы

Плотность тока

current density

Ток көзінің электр қозғаушы күші (ЭҚК)

Электродвижущая сила источника тока (ЭДС)

The electromotive force of the power source

Ток көзінің электр қозғаушы күші (ЭҚК)

Электродвижущая сила источника тока (ЭДС)

The electromotive force of the power source

Өткізгіштің меншікті кедергісі

Удельное сопротивлении проводника

Resistivity conductor

 

Өткізгіштің ұзындығы

Длина проводника

 

The length of the conductor

Өткізгіштің көлденең қимасының ауданы

Площадь поперечного сечения

Sectional area

 

Ом заңы

Закон Ома

Ohm's law

 

Құндылықтарды дарыту

 

 

·         Өзінің оқуына қатысты мақсат қоюды үйрету, өмір бойы оқу, ашықтық, сыйластық, бірлік;

·         Мақсатқа жету үшін қадамдарды ойлану және жүзеге асыруды білу;

·         Ғылыми еңбекке баулу. 

 

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты іздеу және өндеу.

 

Бастапқы білім

8 сынып: тұрақты ток тізбектері; U = IR; Ом заңы; электр сипаттамалар, белгілер; схемалар, электр энергия және қуат, термисторлар және фоторезисторлар.

 

 Сабақ барысы

 

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет  

 

1.       Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)

1.       Оқушылармен амандасу, отырғызу

2.       Сынып әкімінің есебі

Ресурстар

 

1. Сабақтың басы

(5 минут)

Ұйымдастыру кезеңі:

-         үй жұмысын тексеру.

Сабақтың мақсатын анықтау, жетістік критерийлерімен таныстыру, сабақтың жоспарын айқындау.

Амандасты, отырды

Сабаққа келмеген оқушылар тізімін айтты

 

2. Жаңа тақырыпты талдау

 (5 мин + 7 мин)

-         Физика ЖМБ – 10 сынып; 284 б (оқу – 5 мин)

-         Жетістік критерийімен жұмыс жасау( 5 есеп шығару); ( әр дұрыс есепке 2 б)

Презентация, жетістік критерийімен танысты

 

3.Талқылау, бекіту

(7 мин + 1 мин)

Кестені толтыру, есептеулерді жүргізу

Кітаппен жұмыс, жұптық жұмыс;

 

4.Жұптық жұмыс

(6 мин)

Сабақтың мақсаттарын есіне түсіру,бекіту;

постерді қорғау

орындайды бірін – бірі тексереді

 

5. Тренинг

          (1 мин)

Білім пирамидасын құру

бірін – бірі тыңдайды, бағалайды;

 

6.Топтық жұмыс

(8 мин)

Тізбектерді жинау

Есептеуді жүргізу

Құрады, сұрақтарға жауап береді

 

7. Қорыту, үй жұмысы

Карточка; §9.5 (оқу, ж.критерийін жұмыс дәптеріне көшіру)

Бір – біріне көмектеседі, нәтижесін тексереді

 

8. Бағалау, рефлексия

Ж.критерийін жинау, бағалау, кері байланысты орнату

Күнделікті ашты, жазып алды

 

Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бағаланды, жауап берді

 

Оқушылар сабақ барысында есептер шығарады және өзіндік жұмысты орындайды, қосымша суреттер арқылы өткізгіштердің жалғануын қарастырады.

Есептер шығаруда оқушылар өз-өзін бағалайды, ал өзіндік жұмысты орындау барысында бір-бірін бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


 

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.

Өз сабағыңыз туралы күнделікке жазып алыңыз. 

Оқушылардың өзін-өзі ұстауына байланысты ережемен таныстыру. Көзге жаттығу жасау.

 

 

Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Толық тізбек үшін Ом заңы" «Lesson Study»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Lesson Study.doc

«Lesson Study» бойынша рефлексивті есебі.

 

      Жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.

«Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады» дегендей бүгінгі таңның талабы таудай болып тұрған заманда талмай еңбек етіп, сауатты да мәдениетті, қажырлы да қайратты, ізденімпаз болсаң ғана «білекті бірді, ал білімді мыңды жығады» деген ата - бабаларымыздың ұлағатты сөзінің кемелденгенінің айқын көрінісі.

Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халыкты, адам мен адамды теңестіретін - білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отыра алға карай ұмтылуымыздан басқа алда жол жок екені айдан анық. Біз үшін «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» тіршілік жасау жат қылық болуы тиіс. Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал. Бұл – заман талабы. Себебі, еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан шақта сапалы білім беріп, жан-жақты, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың:

«... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.

Сабақтың әр кезеңі мен үшін, оқушылардың өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал ететіндей, одан әрі өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін арттыратындай етіп таңдау арқылы ортасынан ойып орын алу үшін маңызды болып табылды. «Қазақстан мәдениеті» деп аталатын сабағымды, әдеттегідей, психологиялық ахуал орнатудан бастадым. Әр оқушы өз есімінің әріптеріне лайық адами құндылықтарын атап шығу керек болғанда, оқушылар бір-бірінен іркілмей, бір-бірін қайталамауға тырысып бақты, әсіресе, ер балалар тапқырлық пен шапшаңдық танытып, өздерін жоғары дәрежеде бағалады. Сабақтың құрылымын оқушыға бағыттай отырып, ББҮ әдісіне салып құрған болатынмын. Сабақтың тақырыбын ашпас бұрын не білемін? деген сұрақ арқылы түрткі бола отырып, нені білетінін, түсінетінін анықтап алғаннан кейін, ортаға өз ойларын салып, талдап, шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсіндіруден кейін бастапқы білім, дағдыларын өрбітіп, өрістету мақсат етілген соң флипчартқа түсіру көзделген болатын.

     Физика сабағынан алғашқы тізбектелген сабақ қатары болғандықтан, деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істеуді жөн көрдім.Үй тапсырмасын қайталауға деңгейлік тапсырмаларды жасады, тақырыпты толығымен ашу үшін оқушыларға мақсат қоюды сабақтың міндеттеріне негізделе алдық. Сол кезде ғана механикалық түрде есте сақтағаннан гөрі, ойларында осы сөзді басқа бір нәрсемен ұштастыра естерінде сақтап қалғандай болды. Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Осылайша жұппен, топпен талқылау негізінде формулаларды жаттаулары жүзеге асты, өз беттерінше жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады, өзара қолдаушы болып, қате жауаптары үшін қорықпай, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектесе білді. Содан соң ғана қолайлы оқу үшін өзара топтар бір-бірінің таныстырылымдарын «екі жұлдыз, бір тілек» айту арқылы бағалап, «ұйымшылдықпен топ болып шықты» немесе «еліміздегі мынадай мәдени орындарды атады» дегендей қолдау, мадақтау айтып бақылау дағдылары артты. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген уақытта таныстырылымдарын жасауды аяқтай алмағандықтан, мен оларға қосымша 2 минут уақыт бердім. Бұл оқушылардың дәлелдерінің деңгейі мен маңыздылығын, балама жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды жұмсалуын мойындап, қалыптасып келе жатқаны деп түсінемін.

   10 «А» сыныбымен жұмыс жасау барысында формулаларды түрлендіруге көп көңіл бөлдім. Сабақтың 25 – ші минутінде «Практикалық жұмыстарды» топ – топпен жасады. Әрбір топ критерий бойынша бір – бірін бағалады. Сабақтың мәні кетпес және жалықпас үшін тренингтерді өткіздім. Ол үшін «Пирамида» ойынын қолдандым.

Одан әрі келесі кезең 3-тезиске сай проблемаларды шешу үдерістерін арттыру үшін не білгім келеді? сұрағына жауап іздеуге итермеледі. Оқушыларға «Үш қадамдық сұхбат» жүргізу үшін топ ішіндегі балаларға А, Ә, Б, В деген атаулар бердім. Яғни, балалар өздерінің бүгінгі сабақта не білгісі келетіндерін сұрастырып, кезектесіп сұхбат алып, тақырып төңірегінде араларында зерттеушілік әңгіме туды.

Әр оқушы өз білім алуына жауапкершілікпен қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге талпына білді. Яғни, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады. Осылай оқушыларды топ ішінде топтастырып жатқанда ортада ЖАДА қалыптастыруға түрткі болып, ынтымақтастық атмосфера қалыптастыра отырып, оқыту ортасын құра бастадым. Сол кезде сыныбымдағы өзге балалар ортадан шектете беретін менің назарымда болған Е. деген оқушы топ ішінде 5-бала болып отырғандықтан, оның қасына өзім отырып жұп болдым.

Осы сәтте балалар арасынан апай мен оқушының тең дәрежелі болып отырғанына оқушылардың бірі тұрпайы қараса, енді бірі қызық көрді. Ал алдымда отырған оқушы бұрын мұндайды көрмегендіктен, оның көздері –ақ таңғалғандықты, сөздері бір-бірімен байланыспай біресе күліп, біресе сасқалақтап жауап беріп отырды. Неге? Себебі, біз менталитетімізге сай бір-бірімізге жақсы сөздер айтуға, мақтауға келгенде аянып қаламыз ғой. Оқушы түгілі өзіміздің үйдегі балаларымыздың маңдайынан иіскеуге уақыт таппай, кеудесінен итермелеп жатамыз. Сол себепті бұл оқушым мұғалімнің қасында өзін еркін сезінуге батылы жетпегендей сезінді. Бұл қолданған тәсілім тұйық оқушының ашылуына да оң әсерін тигізді, себебі өз сыныптастарының ортасында ұстазының қолдауына ие болған баланың бойында өз күшіне деген сенімділік артты. Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы мұғалім ретінде мен оқушылар тобын ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және «дайын» білім емес, тек бағыт-бағдар беру арқылы олардың өз бетімен білім алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым деп ойлаймын. Оқушылар бірлесіп жұмыс жасауда қарым - қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білуге дағдыланды.

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру сабақтың нәтижелі өтуіне әсер ететіні анық нәрсе. Сондықтан әр сабақ сайын жас ерекшеліктеріне сай сергіту сәтін ұйымдастырып отырдым. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады . Осы сабағым өнер тақырыбына жақын болғандықтан, сергіту сәтін мынадай түрде өткіздім: интерактивті тақтадан дене қимылдарын бейнелейтін бейнеролик көрсетіп, оқушылармен бірге би биледік. Оқушылар алдыңғы сабақтарға қарағанда бір-бірінен қысылмай, өздерін еркін ұстады. Сергіту сәтінен кейін бөлінген топ атауларына байланысты топтық тапсырмалар орындалды. Бұл жаттығудың шарты бойынша «Білімпаздар» тобының оқушылары оқулық бойынша берілген атақты ел азаматтарына тоқталу негізінде жұмыс атқарды. «Әдебиетшілер» тобы өз жандарынан өлең шығарып, шығармашылығын «авторлық үстелде» таныта білсе, дарынды оқушы, бірнеше жүлделердің иегері К. атты оқушым бастаған «Суретшілер» тобының құрамындағы оқушылар Қазақстанның мәдениетін танытатындай еліміздегі танымал орындардың бірі - «Нұр мешіттің» суретін нобайлады. Ал «Музыканттар» тобында мектеп қабырғасында ән салып жүрген, үздік оқушы есебінде менің қадағалауымда жүрген А. есімді оқушы бастаған әнге ерген бір топ ұлдар ән сабағында айтып жүрген өлеңдерін шырқап, сабақтың шырайын келтірді десем болады. Бұрын-соңды сабақ үстінде ән айтып «ерігіп» отыруға жол бермейтін мұғалімнің қолдарына «еркіндік» беріп қойғандай сезінген оқушылар өздерін сабақта жайлы сезінді. Осының нәтижесінен алдағы уақыттарда оқушылардың ойын еркін білдіруде, «шығармашылықтың қызықты сәттері қай топта кездесіп қалады екен» деген қызығушылықтан туындайтын ойлары топ ішінде қай ортаға түссе де белсенділік танытуға бола алатындығына сенімділікпен қарауға мүмкіндік береді.

Сабақта алған білімдерін жинақтау кезінде идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап, талдауға көмектесу үшін «Ат пен атқосшы» әдісін пайдаландым. Негізгі мақсатым бұл жерде оқушылардың сабақ барысында түйген ойларын, алған білімдерін бір арнада тоғыстыра білулерін қадағалау еді. Сұрағына сай жауабын сыңарластыра білуде 1 оқушы мақалдың жалғасын дұрыс таппаса, енді 1 оқушы экономисттің атқаратын қызметін программалаушының орнымен шатастырып алды. Қателікті сол жерде құрдастардың қол ұшын созуы арқылы, өз тарапымнан «көпірше» болып түзетіп алдық.

«Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин  екенін ескере отырып, сабақ соңында оқушылардан "Оқушы үні" тестін алдым. Тест нәтижесінде сабаққа оң ынта таныта қоймайтын оқушылар осы сабақ бойынша өз ойларын жазса, үнемі белсенділік танытып жүрген оқушылар өз ойларын айтып қалуға, мүмкіндігінше толығымен орта мерзім бойынша өтілген сабақтардан алған - білгенін жазуға тырысыпты. Дегенмен әлде де олардың қабілеттерін шыңдайтын, дарынды оқушыны әрі қарай ынталандыратын, шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау керек екенін түсіндім. Осы сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейін анықтау, не нәрсеге көңіл бөлу керек екенін білу мақсатында кері байланыс кезеңінде оқушылар өз білімдерінің деңгейін бағалау смайликтері арқылы көрсете білді. Сабақ соңында түйгенім жоғары деңгейге жету тек төменгі деңгейдегі қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін болады . Жалпы сабақтың нәтижесіне келер болсам, алға қойған мақсаттарым мен міндеттерге жету жолындағы ұстанымым іс-әрекет арқылы өз деңгейіне жетті деп ойлаймын. Өткізген сабағым тізбектелген сабақтар топтамасының бір бөлшегі болса да, менің ұстаздық, тәлім берелік тәжірибемде теориялық білімімді дамытып қана қоймай, тұжырымдамалар мен рефлексияны енгізу және практикамда пайдалануда бағдарламада ұсынылған идеяларды толыққанды қолдана білдім деп ойлаймын.

Сабақтың өн бойында Жером Брунердің "Орман өсіру" әдісі бойынша ұдайы тапсырманы аяқтауға итермелеп, түрткі болып, бағыттаушылық негізінде дамуларын қолдап отырдым. "Білімділік – күдіктену арқылы көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді" дегендей қашанда күдіктене білетін, соның нәтижесінде тоңмойындыққа салынбай, діттегеніне жете білетін білімді ұрпақты сусындататын біз, ұстаздар, болғандықтан аянбай еңбек ету бүгінгі күннің, заманауилықтың талабы болып отыр. Исаак Ньютон өлерінде былай деген екен: "Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама?" Біз де осы бағдарлама бойынша оқығанымызбен тоқталып қалмай, осы жетістікке ғана қуанып қоймай, алдымен балаларға беретін жаңашылдықты, сыни ойлай білу жолдарын өз жанымызда толықтырып отыруымыз керек деп ойлаймын. Бұл орайда бағдарламаның жеті модульінің оқыту мен оқу үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіп, сабақ барысында орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін өзіме мақсат етіп қойдым. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – мектепте, ал мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Қазіргі жаһандану заманында мұғалім бәсекелестікке лайық тұлға тәрбиелеу үшін заман ағымына сай білім беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Ол үшін мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі тиіс.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Толық тізбек үшін Ом заңы" «Lesson Study»"

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Жетістік критерийі.doc

Жетістік критерийі

Аты – жөні:_________________________

1.        Үй жұмысы: 1)Электр зарядтарының кез –келген реттелген қозғалысы  -

                               2)Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай ∆q заряд өтетінін көрсететін физ.шама -

                               3) Бірлік электр зарядының орын ауыстыруы бойымен электр өрісінің артқаратын жұмысы арқылы анықталатын физ.шама -

                               4) Берліген өткізгіштің өз бойымен өтетін тоққа жасайтын кедергісін көрсететін физ.шама -

                               5) Электр тоғын толық сипаттау үшін өткізгіштің бірлік қимасынан қандай тоқ өтетінін көрсететін шама –

Барлығы: ____                                                (макс 5 балл)

2.                                               Есептер шығару:

А – деңгейі:

1) Ұзындығы 100 м көлденең қимасының ауданы 2 мм2 кеншікті кедергісі 0,028 мкОм өткізгіштің кедергісі.______________

2) I = 10 A ток t= 10 мин уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд. _________________

В – деңгейі:

3)Кедергісі R=5 Ом өткізгіштен t = 1.5 мин уақытта q = 45Кл заряд өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кренеу. ______________

4) Егер кедергісі 120 Ом резистор арқылы 6 А тоқ өтетін болса,параллель қосылған кедергісі 80 Ом резистор арқылы өтетін ток күші._______________

С – деңгейі:

5) Аккумулятор батареясының ЭҚК – і 12 В, тізбектегі ток күші 4 А, ал ұштарындағы кернеу 11 В. Қысқа тұйықталудағы ток күшінің шамасы._____________

Барлығы: ____                                               (макс 10 балл)

3.  Физикалық диктант:

1. ..................деп электр  зарядтарының  кез-келген  реттелген  қозғалысы. 

 2. Тізбек  элементінің  бойымен  өткен  токтың  жылулық,.............және магниттік  әрекеті  болады.

3. Тізбек  бөлігі  арқылы  өтетін  ток  күші  тізбек  ұштарындағы..............тура  пропорционал  және  оның ...........кері  пропорционал.

4. .............зарядтар бір – бірінен тебіледі, ............ зарядтар бір – біріне тартылады. .

5. Толық  тізбектегі  ток күші  ток  көзінің  .......................  күшінің  шамасына  тура  пропорционал  және  тізбектің..........., сыртқы кедергілерінің қосындысымен  анықталатын  толық  кедергісіне........пропорционал.

6. Ток көзінде .........................есебінен электр   өрісі  пайда  болады.

7. Сыртқы  тізбектің  кедергісі  нөлге  тең  R=0 болса, бұл  құбылыс  ....................деп  аталады.

8. Егер бірінші  өткізгіштің  соңы  екінші  өткізгіштің басымен, екіншінің  соңы  үшіншінің  басымен  жалғанса,  онда  мұндай  қосуды....................деп  атайды.

9. Өткізгіштің  материалын  сипаттайтын  шаманы .................деп  атайды.

 10. Тізбектегі  кедергіні өлшеуге....................қолданылады.

Барлығы: ____                                          (макс 10 балл)

3.                                                                Тізбекті жинау:

R,Ом

I,А

U,В

U/R

 

 

 

 

 

Барлығы: ____                                          (макс 15 балл)

4.                                                                Рефлексия:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетістік критерийі

Аты – жөні:_________________________

1.        Үй жұмысы: 1)Тізбек бөлігі үшін Ом заңының  формуласы

                         2)Токтың қуатының   формуласы

                                 3) Меншікті кедергі формуласы

                                 4) Электр қозғаушы күш формуласы

                                 5) Ток күші формуласы

Барлығы: ____                                                (макс 5 балл)

2.                                               Есептер шығару:

А – деңгейі:

1) Ұзындығы 100 м көлденең қимасының ауданы 2 мм2 кеншікті кедергісі 0,028 мкОм өткізгіштің кедергісі.______________

2) I = 10 A ток t= 10 мин уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд. _________________

В – деңгейі:

3)Кедергісі R=5 Ом өткізгіштен t = 1.5 мин уақытта q = 45Кл заряд өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кренеу. ______________

4) Егер кедергісі 120 Ом резистор арқылы 6 А тоқ өтетін болса,параллель қосылған кедергісі 80 Ом резистор арқылы өтетін ток күші._______________

С – деңгейі:

5) Аккумулятор батареясының ЭҚК – і 12 В, тізбектегі ток күші 4 А, ал ұштарындағы кернеу 11 В. Қысқа тұйықталудағы ток күшінің шамасы._____________

Барлығы: ____                                               (макс 10 балл)

3.  Физикалық диктант:

1. ..................деп электр  зарядтарының  кез-келген  реттелген  қозғалысы. 

 2. Тізбек  элементінің  бойымен  өткен  токтың  жылулық,.............және магниттік  әрекеті  болады.

3. Тізбек  бөлігі  арқылы  өтетін  ток  күші  тізбек  ұштарындағы..............тура  пропорционал  және  оның ...........кері  пропорционал.

4. .............зарядтар бір – бірінен тебіледі, ............ зарядтар бір – біріне тартылады. .

5. Толық  тізбектегі  ток күші  ток  көзінің  .......................  күшінің  шамасына  тура  пропорционал  және  тізбектің..........., сыртқы кедергілерінің қосындысымен  анықталатын  толық  кедергісіне........пропорционал.

6. Ток көзінде .........................есебінен электр   өрісі  пайда  болады.

7. Сыртқы  тізбектің  кедергісі  нөлге  тең  R=0 болса, бұл  құбылыс  ....................деп  аталады.

8. Егер бірінші  өткізгіштің  соңы  екінші  өткізгіштің басымен, екіншінің  соңы  үшіншінің  басымен  жалғанса,  онда  мұндай  қосуды....................деп  атайды.

9. Өткізгіштің  материалын  сипаттайтын  шаманы .................деп  атайды.

 10. Тізбектегі  кедергіні өлшеуге....................қолданылады.

Барлығы: ____                                          (макс 10 балл)

3.                                                                Тізбекті жинау:

R,Ом

I,А

U,В

U/R

 

 

 

 

 

Барлығы: ____                                          (макс 15 балл)

4.                                                                Рефлексия:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жетістік критерийі

Аты – жөні:_________________________

1.        Үй жұмысы: «Тапқыр болсаң шешіп көр!»

 Электр тізбегінің ішіндегі анаграмманы толтыру.

1.Электромагниттік өріс теориясын ашқан ағылшын физигі?

2.Токтың жылулық әсерін зерттеген ағылшын физигі кім?

3.Гальвани элементін алғаш жасаған ғалым?

4.I, U, R арасындағы байланысты ашқан ғалым?

5.Токтың жылулық әсерін зерттеген орыс физигі?

Барлығы: ____                                                (макс 5 балл)

2.                                               Есептер шығару:

А – деңгейі:

1) Ұзындығы 100 м көлденең қимасының ауданы 2 мм2 кеншікті кедергісі 0,028 мкОм өткізгіштің кедергісі.______________

2) I = 10 A ток t= 10 мин уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд. _________________

В – деңгейі:

3)Кедергісі R=5 Ом өткізгіштен t = 1.5 мин уақытта q = 45Кл заряд өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кренеу. ______________

4) Егер кедергісі 120 Ом резистор арқылы 6 А тоқ өтетін болса,параллель қосылған кедергісі 80 Ом резистор арқылы өтетін ток күші._______________

С – деңгейі:

5) Аккумулятор батареясының ЭҚК – і 12 В, тізбектегі ток күші 4 А, ал ұштарындағы кернеу 11 В. Қысқа тұйықталудағы ток күшінің шамасы._____________

Барлығы: ____                                               (макс 10 балл)

3.  Физикалық диктант:

1. ..................деп электр  зарядтарының  кез-келген  реттелген  қозғалысы. 

 2. Тізбек  элементінің  бойымен  өткен  токтың  жылулық,.............және магниттік  әрекеті  болады.

3. Тізбек  бөлігі  арқылы  өтетін  ток  күші  тізбек  ұштарындағы..............тура  пропорционал  және  оның ...........кері  пропорционал.

4. .............зарядтар бір – бірінен тебіледі, ............ зарядтар бір – біріне тартылады. .

5. Толық  тізбектегі  ток күші  ток  көзінің  .......................  күшінің  шамасына  тура  пропорционал  және  тізбектің..........., сыртқы кедергілерінің қосындысымен  анықталатын  толық  кедергісіне........пропорционал.

6. Ток көзінде .........................есебінен электр   өрісі  пайда  болады.

7. Сыртқы  тізбектің  кедергісі  нөлге  тең  R=0 болса, бұл  құбылыс  ....................деп  аталады.

8. Егер бірінші  өткізгіштің  соңы  екінші  өткізгіштің басымен, екіншінің  соңы  үшіншінің  басымен  жалғанса,  онда  мұндай  қосуды....................деп  атайды.

9. Өткізгіштің  материалын  сипаттайтын  шаманы .................деп  атайды.

 10. Тізбектегі  кедергіні өлшеуге....................қолданылады.

Барлығы: ____                                          (макс 10 балл)

3.                                                                Тізбекті жинау:

 

R,Ом

I,А

U,В

U/R

 

 

 

 

 

Барлығы: ____                                          (макс 15 балл)

4.                                                                Рефлексия:

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Толық тізбек үшін Ом заңы" «Lesson Study»"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Титулка_ашық_сабаққа_арналған.doc

Қостанай қаласы әкімдігінің білім  бөлімінің №10 орта мектебі»ММ

 

 

 

 

 

 

 
«Lesson Study» бойынша рефлексивтік есеп

 

 

 

 

 

Санаты:

Жұмыс өтілі: 6 ай

«Lesson Study»

10 «А» сыныбы ,физика

Пән мұғалімі:  Ошакбаева Ж.К.

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай -2016ж

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Толық тізбек үшін Ом заңы" «Lesson Study»"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Тұрақты электр тоғы.ppt

Скачать материал ""Толық тізбек үшін Ом заңы" «Lesson Study»"

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Тұрақты электр тоғыФизика кафедрасы

    1 слайд

    Тұрақты электр тоғы
    Физика кафедрасы

  • Лекция жоспары 1.Тұрақты электр тогы, оның сипаттамасы және пайда болу шартта...

    2 слайд

    Лекция жоспары
    1.Тұрақты электр тогы, оның сипаттамасы және пайда болу шарттары
    2. Электр қозғаушы күші, кернеу.
    3. Тізбектің біркелкі және бөліктері үшін Ом заңы.
    4. Дифференциял түріндегі Ом және Джоуль-Ленц заңы.

  • 1.Ток сипаттамасыЭлектр зарядтарының бағытталған қозғалысын электр тогы деп а...

    3 слайд

    1.Ток сипаттамасы
    Электр зарядтарының бағытталған қозғалысын электр тогы деп атайды.
    Электр өрісi әсерімен зарядтардың қозғалысын өткізгіш ток дейді

    Басқа әсерімен пайда болған тоқты конвекциялық ток деп атайды
    E

  • 2. Ток тасушылары1.Металдарда – еркін электрондар
2.Электролиттерде – оң және...

    4 слайд

    2. Ток тасушылары
    1.Металдарда – еркін электрондар
    2.Электролиттерде – оң және теріс зарядталған иондар
    3.Газда – электрондар мен иондар
    4.Жартылай өткізгіштерде- электрондар мен кемтіктер

  • Ток бағыты

    5 слайд

    Ток бағыты

  • Күші мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін тоқты тұрақты тоқ деп атайды.(...

    6 слайд

    Күші мен бағыты уақытқа байланысты өзгермейтін тоқты тұрақты тоқ деп атайды.
    (1)
    (2)

  • Электр тоғы тоқ тығыздығымен де сипатталады. Электр тоғының тығыздығы  j  деп...

    7 слайд

    Электр тоғы тоқ тығыздығымен де сипатталады. Электр тоғының тығыздығы j деп өткізгіштің бір өлшем қимасынан өтетін тоқ күшін I айтады.


    Тоқ тығыздығы - векторлық шама, оның бағыты тоқ бағытына, яғни оң зарядтардың қозғалысымен бағыттас болады.
    (3)
    (4)

  • Электрондық теория тұрғысынан алғанда тоқ күші әрбір бөлшектің таситын заряды...

    8 слайд

    Электрондық теория тұрғысынан алғанда тоқ күші әрбір бөлшектің таситын зарядына, бөлшектің концентрациясына, олардың бағытталған қозғалысының жылдамдығына және өткізгіштің көлденең қимасының ауданына тәуелді.

  • (5)(6)

    9 слайд

    (5)
    (6)

  • Электр тоғының пайда болу шарттары:Электр тоғы пайда болу үшін өткізгіште ерк...

    10 слайд

    Электр тоғының пайда болу шарттары:
    Электр тоғы пайда болу үшін өткізгіште еркін зарядталған бөлшектердің болуы қажет

    2.Электр зарядтарын қозғалысқа келтіру үшін элект өрісін тудыру керек.

  • Электр қозғаушы күшЭҚК)(7

    11 слайд

    Электр қозғаушы күш
    ЭҚК
    )
    (7

  • Бөгде күшБөгде күштің жұмысы

    12 слайд

    Бөгде күш
    Бөгде күштің жұмысы

  • Тұйық тізбектегі әсер етуші эқк бөгде күштер өрісінің кернеу векторының цирку...

    13 слайд

    Тұйық тізбектегі әсер етуші эқк бөгде күштер өрісінің кернеу векторының циркуляциясына тең
    Қорытқы күш
    (8)

  • Кернеу(9)(10)

    14 слайд

    Кернеу
    (9)
    (10)

  • Ом заңдарыТізбек бөлігі үшін Ом заңы

    15 слайд

    Ом заңдары
    Тізбек бөлігі үшін Ом заңы

  • Өткізгіштің кедергісіне кері шама
электрлік өткізгіштік деп аталады. Өткізгіш...

    16 слайд

    Өткізгіштің кедергісіне кері шама
    электрлік өткізгіштік деп аталады.
    Өткізгіштіктің өлшем бірлігі – сименс (См), 1См –кедергісі 1 Ом тізбектің бөлігінің өткізгіштігі.

  • Вольт-ампер сипаттамасы

    17 слайд

    Вольт-ампер сипаттамасы

  • - пропорционалдық коэффициент,заттың меншікті электрлік кедергісі.

    18 слайд

    - пропорционалдық коэффициент,заттың меншікті электрлік кедергісі.

  • - кедергінің температуралық коэффициенті

    19 слайд

    - кедергінің температуралық коэффициенті

  • Біртекті емес тізбек
 бөлігіне арналған Ом заңы

    20 слайд

    Біртекті емес тізбек
    бөлігіне арналған Ом заңы

  • 21 слайд

  • Дифференциал түрде Ом заңы

    22 слайд

    Дифференциал түрде Ом заңы

  • 23 слайд

  • 24 слайд

  • Тоқтың жұмысы және қуаты- тізбектің бөлігіндегі         уақытта атқарылған эл...

    25 слайд

    Тоқтың жұмысы және қуаты
    - тізбектің бөлігіндегі уақытта атқарылған электр тоғының жұмысы

  • -   электр тоғының қуаты

    26 слайд

    - электр тоғының қуаты

  • Джоуль-Ленц заңы - ток жүрген кезде уақыт аралығында өткізгіштің бойынан бөл...

    27 слайд

    Джоуль-Ленц заңы

    - ток жүрген кезде уақыт аралығында өткізгіштің бойынан бөлінген жылу.

  • 28 слайд

  • Дифференциал түрде Джоуль-Ленц  заңы

    29 слайд

    Дифференциал түрде Джоуль-Ленц заңы

  • Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережесіКирхгофтың бірінші ережесіЕкіден арты...

    30 слайд

    Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф ережесі
    Кирхгофтың бірінші ережесі
    Екіден артық өткізгіштер қосылатын нүктені түйін дейді. Түйінге кіретін тоқ, оң тоқ күші, ал түйінмен шығатын тоқ теріс болады.

  • Түйін үшін тоқтардың алгебралық қосындысы нөлге тең.Сурет үшін Кирхгофтың бір...

    31 слайд

    Түйін үшін тоқтардың алгебралық қосындысы нөлге тең.
    Сурет үшін Кирхгофтың бірінші заңы келесі түрде жазылады:

  • Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф заңы.Тармақталған тізбектің мысалы.авэ.қ.к....

    32 слайд

    Тармақталған тізбек үшін Кирхгоф заңы.
    Тармақталған тізбектің мысалы.
    а
    в
    э.қ.к. тоқ көзі.
    активті кедергі.
    тізбек бөлігіндегі тоқ күші

  • Біртекті емес тізбек бөлігі үшін Ом заңын 
3 рет қолданамыз(бөліктері үшін  А...

    33 слайд

    Біртекті емес тізбек бөлігі үшін Ом заңын
    3 рет қолданамыз(бөліктері үшін АВ, ВС,СА).
    а
    в
    Егер э.қ.к. ішінде контур айнымалы минустан плюске
    болса, онда және керісінше плюстен минусқа
    болса, онда
    .

  • Кирхгофтың екінші ережесі:I1I3I2

    34 слайд

    Кирхгофтың екінші ережесі:
    I1
    I3
    I2

  • Кирхгофтың екінші ережесі: тармақталған тізбек үшін жалпы Ом заңының салдарын...

    35 слайд

    Кирхгофтың екінші ережесі: тармақталған тізбек үшін жалпы Ом заңының салдарынан қорытылып шығады.
    Контурды бір нүктеден бастап әрі қарай сағат тілінің жүрісі бойында айналу керек; оның бағыты бағыттас тоқтарды

  • Барлық тізбек бөлігіндегі туынды ағытын таңдау; реалдық тоқтың бағыты есепті...

    36 слайд

    Барлық тізбек бөлігіндегі туынды ағытын таңдау; реалдық тоқтың бағыты есепті шешу кезінде анықталады: егер, ізделінетін ток оң болса, онда оның бағыты дұрыс алынған, ал егер теріс болса – оның бастапқы бағыты таңдаған бағытқа қарама-қарсы болады

  • Газдық разряд – газда өтетін электр тоғы.Иондану

    37 слайд

    Газдық разряд – газда өтетін электр тоғы.
    Иондану

  • u – иондарддың қозғалғыштығыГаз тоғы  үшін Ом заңы

    38 слайд

    u – иондарддың қозғалғыштығы
    Газ тоғы үшін Ом заңы

  • Газ  разряд үшін вольт-ампер сипаттамасы

    39 слайд

    Газ разряд үшін вольт-ампер сипаттамасы

  • Әдебиеттер тізімі1.Трофимова Т.И. Физика курс,Мәскеу,2006
2.Савельев И.В. Жал...

    40 слайд

    Әдебиеттер тізімі
    1.Трофимова Т.И. Физика курс,Мәскеу,2006
    2.Савельев И.В. Жалпы физика курсы,т.2
    3.Абдулаев Ж. Физика курсы. Білім, Алматы,1994 ж.
    4.Ахметов А. Қ. Физика. Алматы, 2000 ж.

  •     Лекцияның     
         соңы

    41 слайд

    Лекцияның
    соңы

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 665 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2016 9472
    • RAR 4.9 мбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ошакбаева Жанар Кадирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ошакбаева Жанар Кадирхановна
    Ошакбаева Жанар Кадирхановна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 135496
    • Всего материалов: 22

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 119 человек

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инструменты и навыки современного дизайнера

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе