Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Ардагерлер қасымызда"

Тәрбие сағаты "Ардагерлер қасымызда"

Скачать материал

 

      Тақырыбы:  «Ардагерлер қасымызда»


Мақсаты: 

1. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
2. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым   етуге,есімдерін     қастерлеуге  тәрбиелеу.  
Көрнекілігі: 
«Ауған соғысындағы батырлар» альбомы, тақырыптық кітапханалық көрме, интерактивті тақтада көрсетілетін слайдтар, деректі кинофильм, плакаттар, суреттер.
Барысы:

«Ауғанды еске ал» атты әуенмен жабдықталған видео көрсетіледі.

Тәрбиеші
- Қайырлы күн құрметті де, қымбатты келген қонақтар,
- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алды. 
      Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз!
     10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.

1989 жылы ақпан айының 15- де аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де , қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды.Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлік ел есінде сақталуда. Бүгінде Ауған соғысы қажет пе еді ? деген сұрақтар көп қойылған кезде, сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

    Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайын. Тәрбиеші қонақтарды таныстырып өтеді.

Асылай :

       Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
       Қабірлері нұрға орансын, суық жерде жылынсын.
       Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,
       Мәңгі бақи тірісіңдер, біздер үшін, тірісіңдер!

   Жұлдыз:  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздікпен еске алуларыңызды сұраймын!

Тәрбиеші: Қонақтарымыз өздерінің ауған жеріндегі отты жылдар естеліктерін айту үшін сөз кезегін  берейік.

Ауған соғыс ардагерлерінің естеліктерін тыңдау, сұрақтар қою, пікір алмасу

 « Цыган биі» орындайтын бишілер тобы

  Мөлдір:

     Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болыпқалды.

Ән: « Сәлем саған туған ел» әнін Жұлдыздың орындауында тамашалаңыздар.
- Мектебіміздің кітапханасында Кеңес армиясының Ауғаныстаннан шығарылу күніне арналған «Ауған қасіреті» атты кітаптар көрмесі жасалған. Ауған соғысына Кеңес Одағының кіріктіруі қазіргі таңда қателік деп есептеліп жүр. Ал сол кезде бүкіл Кеңес Одағының, оның ішінде Қазақстаннан да жас жігіттері осы мағынасыз соғысқа жіберілген болатын. Қаза тапқандар қаншама. ХХ ғасырдың тағы бір қасіретінің бірі еме пе..? Ал ендігі сөз кезегін кітапханашы  Майраш апайларыңа береміз!
1 оқушы  Айдана

       Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
               Жырым бар жараланған, жаныңды емдер.
      Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
                     Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
                            Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
                 Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
     Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

Би:  «Қазақ биі» Жадыраның орындауында тамашалаңыздар.

3 - оқушы Балнұр

Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.

Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.

4 - оқушы Назира

Ерлік қылған ағаларым,аспан асты жер үсті,

Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті

Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,

Аттаныңдар, атқардыңдар соғысты.

1–оқушыФариза  Мен қазақпын, тірегімін жерімнің.
                                           Болашаққа алға бастап жетелер.

                                           Қиындығын қазағымның әрқашан

                                           Қайыспайтын қара нардай көтерер!

Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Ақниет

     Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 26 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу жас ұрпақ сендердің борыштарың дей отырып, келген қонақтарға алғысымызды айтамыз.
- Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесейік!
К

Ән: «Ақ көгершін»                                   

                                      №68 МИББ кешені

 

 

 

 

 

 

 

   «Ардагерлер қасымызда»

                                              

                                                                               Рахимжанова.А.Х.

 

 

      http://ekaraganda.kz/foto/322_010d131f9792a7b71b6656b461080e21.jpg 

 

 

 

                                                 Қарағанды қаласы

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ардагерлер қасымызда""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по взаимоотношениям

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 338 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.01.2017 3436
    • DOCX 484.4 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахимжанова Айгул Халеловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахимжанова Айгул Халеловна
    Рахимжанова Айгул Халеловна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 75081
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой