Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / ТӘРБИЕ САҒАТЫ "Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

ТӘРБИЕ САҒАТЫ "Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу"

библиотека
материалов

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 70 жыл.

Соғыс, тыл ардагерлерімен, Ауған соғыс ардагерлерімен кездесу

«Ел намысын ер қорғайды, ер ерлігін ел қолдайды!»


Мақсаты: оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке тәрбиелеу.Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы туралы және оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктері туралы мәлімет беру.Аулымыздағы тыл ардагерлеріне, Ауған соғыс ардагерлеріне және олардың отбасыларына құрмет көрсетуге тәрбиелеу және олардың ерліктерін оқушы жастар арасында насихаттау.Өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Жоспары

1.Кездесудің ашылуы.

2.Қонақтарды таныстыру.

3.Концерттік бағдарлама

4.Ардагерлерге сөз.

5.Қорытынды сөз.

Кіріспе

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар!

«Ел намысын ер қорғайды, ер ерлігін ел қолдайды» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Соғыс өртті өшіп, қайғы-мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына 70 жыл толды.

2-жүргізуші: Ақ көңілді қонақтар,армысыздар

Сағындырып жауатын қармысыздар

Қыран құстың шоғыры сеуілденіп

Бәріңіз есен-сау бармысыздар!

Қайырлы күн қадірлі зиялы қауым!

«Ел намысын ер қорғайды, ер ерлігін ел қолдайды» атты жиынымызға қош келдіңіздер!Келген қадамдарыңызға нұр жаусын. Бүгінгі біздің кездесудің мақсаты-Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп-тану, мәлімет алу. Ержүрек ағаларымыздың ерліктерін болашақ ұрпаққа үлгі ету.

1-жүргізуші:

1.Сан ғасырлы тарихынан кешегі,

Туған жердің шежіресі өседі.

Менің елім-Қазақстан Отаным

Болашағы бізбен бірге өседі.

2-жүргізуші:

2.Жұрттан озған ел боламыз, сеніңіз,

Тәуелсіздік алған біздің еліміз

Соғыс болмай жер бетінде барша адам

Бейбіт күнде тек бақытты көріңіз.

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жан қиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын тарихқа айналды. Сондықтан бүгінгі жиын Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне, Ауған соғысының аяқталғанына ақпанның 15-жұлдызында 26 жыл толғанына, яғни осы атаулы күндерге арналады.

2-жүргізуші: Өкінішке орай, уақыт сол ұлы оқиғаларға қатысушыларды біздің қатарымыздан алып кетіп жатыр.Бірақ ешкім де, ештеңе де ұмытылмауы тиіс! Себебі, бұл-біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз, біздің даңқымыз!

1-жүргізуші:Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес. Солардың ішінде Ұлы Отан соғысының, ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау-өскелең ұрпақтың қасиетті міндеті.

Құрметті, қонақтар,ұстаздар мен оқушылар! Осы боздақтарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық. /1 минут үнсіздік/

2-жүргізуші: Құрметті қауім, Сіздерді бүгінгі кездесуіміздің қонақтарымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер!

1.Ербосынов Амантай Түлкібайұлы – Ауған соғысының ардагері, аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы.

2.Байдаулетова Даметкен Қасенқызы және қыздары /Байдаулетов Серік ағамыздың жұбайы және қыздары/.

3.Тұрғанбаева Ляззат Бейсенқызы – Сарыбастау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы.

4.Қасенхан ата және Жәнен апа – еңбек, тыл ардагерлері

5.Дайыржанов Барлыбек-зейнеткер - ұстаз

1-жүргізуші: Б.Момышұлы айтқандай: «Отан үшін отқа түс- күймейсің»- деп Отаны үшін отқа түсіп, жанын қиған азаматтар біздің ауылымыз бойынша баршылық. Оларды ауыл адамдары, жеткіншек ұрпақ қашан да пана тұтып, құрметтей біледі. Ауған соғысына қатысқан ауылымыздың азаматтары: Мұханжанов Мұрат, Мұсағұлов Сәбит, Тыныстанов Сембай, Қуатбеков Алтынбек, Байдаулетов Серік, Ербосынов Амантай, Болибок Александр.

2-жүргізушу: 1941 жылы 22-шілде күні таңғы сағат 4-те ССР-ға Германия тұтқиылдан соғыс ашты.Суық хабар сол күні-ақ әйгілі директор Левитанның қуатты үнімен тарады.1 млн 870 мың қазақстандықтар жан аямай жаумен шайқасты, қанша адам ерлікпен қаза тапты. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес, соғыс өрті қашан да халық есінде.

1-жүргізуші:1989 жылы ақпан айының 15 жұлдызында аналарды перзетінен айырған, мыңдаған жерлес-бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де қайғылы Ауған соғысы аяқталды. Жылдар өткенімен интернационалист-жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Біз еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

2-жүргізуші:Ауған жеріндегі шайқас ешқашан ұмытылмақ емес. Осы соғысқа қатысқан барша ержүрек жауынгерлердің батырлығы ұрпақ санасында.



1-оқушы:

Армысыңдар, ағалар, от кешкендер!

Ақ тәндерін боршалап, оқ тескендер.

Армысыңдар, ағалар, ардагерлер!

Ар сыналған жылдарда от кескендер.

Сендер бізге қашанда үлгісіңдер,

Тым алысты көрсетер дүрбісіңдер.

Адамзатқа жақсылық әкелуде

Жапырақты,саялы, бүрлісіңдер.

2-оқушы:

Тұлғаларың әрқашан биік тұрар,

Батыр деген бір сөзге сиып тұрар

Ізгіліктің, ерліктің, қайсарлықтың

Өсиетін шүмектеп құйып тұрар,

Кеуделерің біздерге кең сарайдай,

Мейірменен қарайды бір тараймай.

Сендер жайлы толғансам оралардай

Ойы отты жол, ұшқынды сөз алаудай.

3-оқушы:

Тұрғанын байқамаймыз күн жаңарып,

Ұлыста ұл өседі тұлғаланып.

21 жыл өткенін жазды кеше,

Елге де жетті тез-ақ бұл жаңалық.

Биіксің талай-талай кеуделерден,

Мен сіздерді көп сыналар жерде көргем.

Халықтың ұлы болып туғандарға,

Табиғат жүрек берген, өң де берген.

4-оқушы:

Асықпай жылдар енді тұра тұрсын,

Асқақтап ән айтылсын, жыр оқылсын

Бейбітшілік орнасын бар әлемде,

«Соғыс» деген мәңгілікке жойылсын

Ән: 10-сынып оқушысы Сман Айдостың орындауында

«Көк тудың желбірегені»

5-оқушы:

Ардагерлер-ағаларым, ақылшы, даналарым!

Азаматтық борышты адал ақтап өттіңіздер,

Мойынға артқан әр істі абыроймен шештіңіздер.

Енді биік еңсеңіз, қадірлейді Еліңіз,

Арамызда аман боп, қамсыз жасай беріңіз!

6-оқушы:

Қасіретін көзбен көрген жалғанның,

Көкірегінде мәңгіллікке қалған мұң.

Алдарыңда бас иеміз тағзым қып.

Соғысында қан кешкендер Ауғанның!

7-оқушы:

Осы күнді бізге гүлдей сыйлаған,

Ардагерлер, асыл ерлер жасасын!

Ерлікпенен қаза болған майданда,

Ағаларым, әпкелерім, қайдасың?

8-оқушы:

Туған жердің әр тасы

Маған ыстық қашаннан

Бұйраланған аршасы

Қорғайтын ер боламын.

9-оқушы:

Топталмайтын түнгі ізі,

Ұланы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызды,

Жалғаймын жолын ағаның!

Би: 8-сынып оқушылары «Испан биі»

1-жүргізуші:Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылдың 25-ші желтоқсанынан 1989 жылдың

15- ақпаны, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы Кеңес әскерлерінің шектеулі құрамы Ауған жерінде ұрыс жүргізді. Бұл күнді бұрынғы Кеңес Одағына кіретін барлық туысқан Республикалардан әскер қатарына шақырылған жауынгерлер мен офицерлер – Ауғанстан соғысының ардагерлері жыл сайын атап өтеді.

2-жүргізуші:Ауған соғысына қатысқандардың өздері келтірген статистикалық мәліметке жүгінсек, бұл соғысқа Қазақстаннан 22,269 жауынгер барды. Олардың 924-і сұрапыл шайқастарда ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған жігіттер елге мүгедек болып оралды.

Музыка әуенімен Алыстас өлең оқиды.

Соғыс бітті. Зарлы соғыс аяқталды,

Аналар қуанғаннан жылап алды.

Сұм соғыс жалмап кетті көп өмірді,

Сұм соғыс үзіп өтті көп үмітті.

Оралмай сан боздақтар кетті қанша,

Қалды-ау талай ғұмыр тау мен таста.

Ауған жері, ауған елін қорғаймын деп,

Жастары жетпеген бар жиырмаға да...

Міне өтті қас-қағымда 26 жыл,

Еске алып ұрпақтарын жазады жыр.

Ерлерді ешқашанда ұмытпаймыз,

Отанымен жаны да бір,қаны да бір.

Ағаларым жаралған ерлік рухтан,

Оққа ұшып,отқа күйіп, ел қорғаған,

Отан үшін қан майданда жерді құшып

Бізге күнді,көк аспанды сыйға тартқан.

Біз солардың жалғасымыз, әніміз

Біз соларға өтей алмас қарызбыз.

Аялауға, құрметтеуге дайынбыз!

Қазақ биі: 8-сынып оқушысы Жексенбай Гүлденнің орындауында

«Аққу» биі.

1-жүргізуші: Қазір Ауған жеріндегі соғысқа қатысты түрлі әңгімелер айтылып жатыр.Алайда бір шындығы- әскерлеріміз интернационалдық борыштарын өтеп, ауған халқына көмектесті.Ауған халқының айтуларына қарағанда,Кеңес Одағынан барған интернационалист-жауынгерлер қарапайым халыққа соңғы нанына дейін бөліп берген.

Еліміз бойынша осы соғыста шейіт болған жастарымыздың атында 30-дан астам мектеп, 170-ке жуық көше бар көрінеді. Кеңес Одағы ыдырап, еліміз Тәуелсіздік алған кездерден бастап Ауған соғысына қатысқан біздің елдің жауынгерлері жайлы деректер мен олардың ерліктері топтастырылған еңбектер жарық көре бастады.Фильмдер түсірілуде.Тарих үшін, келешек ұрпақ үшін мұндай дүниелердің маңызы айрықша.

Ән: 5-сынып оқушысы Қойшыбай Анельдің орындауында «Атамекен» әні

2-жүргізуші: Бұл күндері Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ауған соғысының ардагерлері бейбітшілік өмірде қандай жұмыста болсын «Біздің мақтанышымыз» деп дәріптеуге болды.Олардың өмірі, еңбегі- көпке үлгі.

Ән: 10-сынып оқушыларының орындауында «Алға, қазақ жігіттері»

1-жүргізуші: Отанды сүю отбасынан басталады. Отбасын сүйген әрбір жас өркен, үлкен Отанымызды қастерлейді сақтай алады.Оған біз сенеміз.

Елім, жерім деп еміренген өршіл ақын Мағжан:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!- деп болашаққа, жастарға сенімін артқан.

2-жүргізуші: Бір кездерде аты әлемге әйгілі болған Ұлы Отан соғысына 70 жыл толды. Ауған соғысы аттай он жылға созылды. Сол он жылдары біздің елден де өрімдей жас жігіттер Отан тапсырысымен Ұлы Отан соғысының бел ортасында болды. Олар өз көздерімен соғысты, өмір мен өлім үшін арпалысқан жанкенштілікті көрді, берілген тапсырмаларды орындау үшін, өзінің халқының намысын қорғау жолында жан аямай күресті. Сол оқиғаларды қайта еске түсіру ауыр болса да, құрметті қонақтар, жастарға тәрбие болсын деп біраз айтып берсеңіздер! Сөз кезегін Ербосынов Амантай ағамызға берсек.




Алматы облысы

Кербұлақ ауданы

Сарыбастау ауылы

Серикпаева Лаура

Серикпаевна



























Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров661
Номер материала ДВ-564444
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх