Инфоурок Другое Презентации"Рәміздерді қолдану нормативтік заңдылықтарының өзгеруі" презентация

"Рәміздерді қолдану нормативтік заңдылықтарының өзгеруі" презентация

Скачать материал
Скачать материал ""Рәміздерді қолдану нормативтік заңдылықтарының өзгеруі" презентация"

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Баяндама Тақырыбы:    “Рәміздерді қолдану нормативтік заңдылықтарының өзгеруі”

    1 слайд

    Баяндама
    Тақырыбы: “Рәміздерді қолдану нормативтік заңдылықтарының өзгеруі”

  • ҚР Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Нұр Отан”партиясының XVІ съезінде және Қ...

    2 слайд

    ҚР Президенті –Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Нұр Отан”партиясының XVІ съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXІІ сессиясында ұсынған “Мәңгілік ел” жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруға бағытталған “100 нақты қадам”ұлт жоспарында белгіленген шараларды іске асыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік рәміздер саласында төмендегідей бірқатар шаралар атқарды.

  • 2015 жылғы 28 қазанда “ҚР мемлекеттік рәміздері туралы ”ҚР Конституциялық заң...

    3 слайд

    2015 жылғы 28 қазанда “ҚР мемлекеттік рәміздері туралы ”ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Конституциялық заңы қабылданды;

  • ҚР Конституциялық заңында:         Конституциялық заңдар мемлекеттік рәміздер...

    4 слайд

    ҚР Конституциялық заңында:
    Конституциялық заңдар мемлекеттік рәміздері патриоттық тәрбиелеу жүйесінің маңызды элементі ретінде заңды және жеке тұлғалардын пайдалану практикасын нақты регламенттейтін әрі кеңетейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін кеңейту, насихаттау және оларды қолдану жөнінде Үкіметтің және уәкілетті органның құзырын нақтылау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу ережесін әзірлеу, мемлекеттік рәміздер және геральдикалық белгілер мәселелері жөнінде Сараптамалық кенес құру мәселелері қарастырылған.

  • 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік Туын, Мемл...

    5 слайд



    2015 жылғы 31 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының
    Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды

  • Қаулыда мемлекеттік рәміздерді қолдану тәжірибесін кеңейту мақсатында...

    6 слайд

    Қаулыда мемлекеттік рәміздерді қолдану тәжірибесін кеңейту мақсатында мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орын бөлу қарастырылған.
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің оның азаматтарының жетістектерін көпшілік іс-шаралар және жеке іс-әрекеттер аясында қолдану мақсатында жеке және заңды тұлғалар пайдалану (орнату, орналастыру) мүмкіндігі қарастырылған.
    Соныменқатар,Қазақстан Респубикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдерді, консулдық мекемелерді, халықаралық, ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Рспубликасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылатындығы міндеттелген.

  • 2015 жылғы 31 желтоқсанда «Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік рәміздері кү...

    7 слайд

    2015 жылғы 31 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының
    мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1187 қаулысы қабылданды.

  • Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қазақстандық азаматтық біртектілігі, пат...

    8 слайд

    Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қазақстандық азаматтық біртектілігі, патриотимзді және ұлт бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі элементі болып табылады. Мереке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазқастан Республикасының Конституциялық заңына қол қойылған күнге орайластырылған. Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын еліміз бойынша барлық жерде мерекеленеді.
    Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау жөніндегі шарасы, медальдарды, төсбелгілерді, ведомствалық наградаларды, құрмет грамоталарды және алғыс хаттарды табыстау, жаңа обьектілердің, ұйымдардың ашылуы, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге ант қабылдату, Қазақстанның мемлекеттілігі мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер, кітапханалар мен музейлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған тақырыптық көрмелер мен экпозициялар, көрнекті саяси, еңбегі сіңген және қоғам қайраткерлерінің сұхбаттары мен жарияланымдарын, тақырыптық бағдарламалар циклдарын шығару, мемлекеттік рәміздері дәріптеуге, өз еліне деген мақтаныш және отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталған конкурстар, викториналар, мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған басылым және естелік өнімдерін шығару және де Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған өзге де шаралар өткізілуі мүмкін.

  • Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық ре...

    9 слайд

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2015 жылғы 14 тамыздағы №158-од бұйрығымен 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағында қолданысқа енгізілген ҚР СТ 989-2014 “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы Техникалық шарттар” ұлттық стандарты бекітілді
    Сонымен қатар, 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін дайындалған және орналастырылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына ҚР СТ 989-2008 “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы . Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар” ұлттық стандартын қолдану мерзімі 2017 жылғы 1 шілдеге дейін белгіленді.

  • ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.  Техникалық шарттар» ұлт...

    10 слайд

    ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы. Техникалық шарттар» ұлттық стандартының талаптары
     

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Мемлекеттік Елтаңбамызға белгіленген талаптар міндетті болып табылады. Алайда, Министрлікке заңды және жеке тұлғалардан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан Қазақстан Республикасының рәміздерін сапасыз дайындау және қолдану, ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы. Нысаны, өлшемі және техникалық талаптары» стандартына сәйкес емес етіп дайындау жайында жүгінулер көбейіп кетті.
    Сондықтан Қазақстан Республикасының 989-2008 жылғы стандартының ережелерін қайта қарастыру қажеттігі туындады.
    Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін Қазақстан Республикасының инвестиция және даму бойынша Министрліктің отырысында мемлекеттік рәміздер бойынша Республикалық комиссияға ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Республикасының Елтаңбасы. Нысаны, өлшемі және техникалық талаптары» ұлттық стандартын қайта қарастыру бойынша жұмыстар атқару тапсырылды.
    Бүгінгі күні ұлттық стандартты қайта қарастыру бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Рсепубликасының Елтаңбасының авторы – Ж.М.Мәлібеков, Метрология және техникалық реттеу Комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Астана қаласы бойынша Метрология және техникалық реттеу департаментінің өкілдері, мемлекеттік рәміздердің өндірушілері кірді.

  • Жұмыс тобы ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік Е...

    11 слайд

    Жұмыс тобы ҚР СТ 989-2008 «Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар» стандартының талаптарын жақсарту, жаңарту жұмыстарын атқарды.
    Жаңа стандартқа келесідей өзгертулер енгізілген:
    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауда түсіне деген талаптары қайта карастырылды, Елтаңбаның алтын тәрізді түсі МЕМСТ 15527 стандарты бойынша Л63 маркасына сәйкес мыс - мырыш балқымасынан дайындалады;
    мөлшері мен түсіне шектеулер енгізілген, бұл өнімдерді белгілі ықтималды қателікпен дайындауға мүмкіндік береді, себебі Елтаңбаны өлшемі бойынша абсолютті сәйкестікпен тағайындау мүмкін емес;
    мемлекеттік Елтаңбаның конструкторлық сызбаларының элементтері қайта қарастырылған, барлық элементтерін талдап тексеру жүргізілді, 2008 жылғы стандарттың баспасында болмаған құрамдас бөліктерінің аттары келтірілді;
    Стандартталған бақылау (сынау) әдістері енгізілді;
    өндірушілерге пайдаланудың кепілдік мерзімі енгізілген (3 жылдан артық емес)
    ҚР СТ 989-2014 «Қазақстан Рсепубликасының Мемлекеттік Елтаңбасы. Техникалық шарттар» стандарты 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

     

  • Қорытынды             Құрметті сынып жетекшілер, жоғарыда аталған мемлекеттік...

    12 слайд

    Қорытынды
    Құрметті сынып жетекшілер, жоғарыда аталған мемлекеттік рәміздерді қолдану аясын кенейту мақсатында мемлекеттік рәміздер саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша тиісті шаралар атқаруды, сондай-ақ атқарылған шаралар бойынша ақпаратты жылына екі рет (10-шы мамырға, 10-шы қазанға дейін) директордың тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасарларына міндетті түрде тапсыруларыңызды сұраймыз.
     

  • Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!

    13 слайд

    Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!

  • Баяндаманы дайындаған:
№35 мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі...

    14 слайд

    Баяндаманы дайындаған:
    №35 мектеп-гимназиясы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

    Калиева Акмарал Дюсенбаевна




    2015-16 оқу жылы

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 111 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 3130
    • PPTX 777.2 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Акмарал Дюсенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Акмарал Дюсенбаевна
    Калиева Акмарал Дюсенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34767
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой