Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Болашаққа үміт, жастарға сенім"

Тәрбие сағаты "Болашаққа үміт, жастарға сенім"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

















Тарбие сағаты

Тақырабы:

«Болашаққа үміт, жастарға сенім»



















Топ тәлімгері: Наурызбаева Г











Атырау

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушыларды діни ұғымдармен таныстырып, олардың дін туралы көз-қарастарын білу. Оқушыларды дұрыс діни жолмен жүруге және қате ағымдарды айыра білуге тәрбиелеу.

Ғасырлар тоғысында әлеуметтанушы америкалық ғалымдар Дж. Нейсбит пен П.Абурдин 2000 жылы ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы әлемдегі ең басты, ықпалды, жаһандық сипаттағы он бағыттың (мегатенденциялар) ішінде тілдік патриотизм мен діни қайта жаңару үрдістерін атады. Ал БҰҰ қолдауымен 2003 жылы дайындалған «Әлем болашағы пішіні» атты еңбекте де он төрт басты үрдістердің екеуі діни және ұлттық жағдайларға байланысты: радикалды ислам идеологиясының дамуы және этностық өзін өзі тану саясатының күш алуы («Социально-гуманитарные» №3, 2011 жыл, 4-5-беттер).

Ұлттық және діни мәселелердің ықпалының өсуін сарапшылар XXI ғасырда отаршылдыққа қарсы күрестің жаңа толқынының басталуымен түсіндіреді. Егер бірінші толқын экономикалық және саяси тәуелсіздікке қол жеткізу болса, отарсыздану зымыранының екінші сатысы мәдени және әлеуметтік тәуелсіздіктен арылу болып отыр. Осы мүмкіндік пен қатерлер төңірегінде бұрынғы отарланған елдер мен отарлаушы елдер терең ойлануда.

Діни ахуал деңгейлері

ХХ ғасырдың 80-жылдары Кеңес Одағында жүргізілген зерттеулерге қарағанда, төрт адамның бірі дінге әртүрлі деңгейде мән берсе, қалада олар 10 – 20%, ауылда 30 – 40% болған, олардың арасында аға ұрпақ, әйелдер басым. Көпдінді кеңестер елінде ислам дініндегілер өз дініне басқалардан берігірек болған сияқты. Дінді мойындаушылардың мешітке, не шіркеуге баруға мүмкіндіктері бола бермеген, сондықтан отбасында діни мерекелер, салт-дәстүрлерді ұстанған. Дінге деген ықылас, әсіресе, кеңестік интеллигенция арасында жоғары көрінген. Ол дінге бет бұрды дегенді білдірмейді, бірақ ұлттық мәдениет, әдебиет, әсіресе ауыз әдебиетін, сәулет өнерін, археология, этнография, тіл білімін, музей құндылықтарының мәнін, мазмұнын діннің рухани ықпалынсыз түсіне бермейтіндігіне көз жеткізілді, атеизм салдарынан жас ұрпақтың төлтума өркениеттен, рухани құндылықтан жат бола бастағаны айқын сезілді.

Кеңес билігі тарағаннан кейін Қазақстанда «Діни сенім және діни бірлестіктер туралы» Заң діни қызметке, діни ілімдерді насихаттауға, діни әдебиеттерді таратуға, құлшылық етуге еркіндік берді.

Діни ахуал туралы сөз қозғағанда оның екі деңгейін ескергеніміз жөн: жаппай бұқаралық деңгейдегі діни сана мен жоғары діни институттар деңгейі.

Бұқаралық деңгейдегі діни сананы сараласақ, бұл дүниеде барлығын «дін аманмын» дейтін қазақ, ХХ ғасырдың 20-жылдары, әсіресе жастар діннен атеизмге бет бұрса, ХХ ғасырдың аяғында тәуелсіздікпен бірге діни сенімге де еркіндік алғаннан кейін, тағы да жастар, енді дінге аса қызығушылық танытты. Осылай сағаттың маятнигіндей діни санадан атеизмге, атеизмнен діни санаға ауытқудамыз.

Әртүрлі этностар дін ілімін терең білмегенмен, «қазақ болғандықтан мұсылманбыз», «орыс болғандықтан православиелікпіз» дегендей өздерін белгілі бір дінге, конфессияға жатқызады, сондай-ақ дінге сенбейтіндер де бар. «Дүние – шыр айналған бір дөңгелек» дегендей, өзгермелі, құбылмалы заманда бірқатарымыз дүрмекке еріп, әртүрлі топтың жетегінде де кетіп жатырмыз.

Уағыз айтушы қай заманда да айтқан уағызына сай әрекет ете бермеген. Дін бірлестіктері мен дін қызметкерлерінің білмей, сауатсыздықтан, кейде саналы түрде де заң бұзушылыққа жол беретіні жиі кездеседі. Сондай-ақ заңды қадағалап, азаматтардың құқын қорғайтын қызметкерлер де әділетсіздікке, заң бұзушылыққа баруы мүмкін.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа Заңның оңды тұстары жеткілікті. 3-баптың 3-тармағында мемлекетіміздің зайырлық сипаты баян етілген. Бұрынғы заңдағы «Мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмайды» деген тұжырым алып тасталған. Енді қажет болған жағдайда мемлекет діни бірлестіктерді қаржылай қолдай алады. Ол орынды, себебі, бірқатар діни бірлестіктер шет елдерден қаржы алады. Кіріспе бөлім (преамбула) де басым жұртшылықтың ойынан шығады. Онда: «Халықтың мәдениеті мен діни өмірін дамытуға ханафи бағытындағы ислам және православиелік христиан діндерінің тарихи рөлін танитынын, Қазақстан халқының діни мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танытатынын негізге алады», – деп алғашқы рет тарихи діндер қолданған. Әлемдік тәжірибеде тарихи, дәстүрлі діндерді қолдау дағдыға айналған. Батыста священниктер мемлекеттен еңбекақы алады, халық діни салық төлейді, мектептерде тарихи діндер – міндетті пәндердің бірі.

12-баптағы діни бірлестіктердің мәртебесін айқындап, оларды жергілікті, өңірлік, республикалық діни бірлестіктер деп санына қарай тану да әділ шешім, себебі, бұрын бес мүшесі бар секта мен мұсылмандардың діни басқармасының мәртебесі заң алдында бірдей еді.

Енді ең күрделі мәселе заңдарды қолдануынан туындайды. Мысалы, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңда экстремизм «діни өшпенділікті немесе алауыздықты, соның ішінде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін кез келген діни практиканы қолдануды (діни экстремизмді) көздейтін іс-әрекет (ұйымдастыруы және «немесе жасауы») деп анықталған. Бірақ осы заңда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де қойылатын талаптар анықталмаған. Осы заң және басқа да әлеует құрылымдарының қызметін реттейтін заңдардың астарында айыптау, жауапқа тарту, қадағалау үрдісі басым да, олардың дінаралық, ұлтаралық, нәсілдік алауыздықпен күрестегі міндеттері нақтыланбаған.

Кейде қылмыстық қақтығыстар мен діннің ара жігін ажыратпай дінді кінәлау жиі көрініс алады. Қылмысты діндармыз деген адамдар жасаса, оған дін кінәлі емес. Анық-қанығына көз жеткізбей шүйілу, ескертулер айту да кездеседі.

Құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер де өз қызметін тым кең мағынада түсініп, өз қызметтерінде өз құзыреттері шеңберінен асып жатады, мемлекеттік басқа органдардың қызметін алмастыруға тырысушылық та көрініп қалады. Қай салада да барлығын бақылап, ашса алақанымда, жұмса жұдырығымда болсын деген ниет ойдағыдай нәтиже бермейтіндігі белгілі. Тізгіндеп, күнде «достық» әңгімеге шақыру адамды ашындырып, өзіне өзі қол салуға дейін апарады.

Өкініштісі, құқық қорғау органдарында дін мәселелерін талдайтын мамандар жоқ. Ал әртүрлі конфессиялық ортада дін сияқты табиғаты күрделі, нәзік мәселелерді түсіну, оларды реттеу үшін тек сауатты дінтанушы, ешкімге бұра тартпайтын мамандар қажет. Арнайы мамандардың тапшылығынан діни бірлестіктер қызметі туралы тұжырым сол адамдардың ой-өрісімен бағаланса, талай қиындықтар туары сөзсіз. Осының салдарынан заң аясында қызмет жасайтын діни бірлестіктерді үсті-үстіне тергеуден жағдай ушығады. Экстремизммен күресті сылтау етіп, азаматтардың наным-сенім мәселелеріне заңсыз араласу қателіктерге ұрындырып, ашу-ызаны қоздыруы мүмкін. Діни ахуал осылай күрделеніп, жанжалдарға негіз болуы мүмкін.

Басты мәселенің бірі – діни әдебиеттерді талдау, сараптау, оларды зиянды деп табу. Құқық қорғау органдары күдіктілерді қамауға алғанда олардың үйінен діни әдебиет табылды деп жариялап жатады. Бүгін елімізде дінге қызушылық басым, діни әдебиетті оқушылар көбейді. Мысалы, соңғы кезде тіпті неміс тілінен орыс тіліне аударылған А.Гитлер сөздерінің стенограммасы жарық көрді. Кешегі және бүгінгі де фашизмді танып білу үшін ол кітап пайдалы, бірақ ол кітаптың иесі фашистік идеология жетегінде дегенді білдірмесе керек. Дегенмен, солақай полиция, тергеуші, сот мұны қалай түсінеді? Көрші Татарстанда сараптамашының тайыздығынан Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистері, 18 ғасырдағы мұсылман теологтарының еңбектері зиянды деп табылып, сот үкімі шығарылған. Ресей Бас прокуратурасы, Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Шейх Рафиль Гайнутдинов араласқаннан кейін ғана сот мәселені қайта қараған. Сондай-ақ көре-тұра дінаралық және ұлтаралық араздық тудыратын жағдайларды үстіртін сараптаманың салдарынан іс көтерілмеген жағдайлар да бар.

Діни бірлестіктер мүшелеріне тіл тигізу, дөрекілік көріністері де орын алатыны талай азаматтардың Парламентке жолдаған хаттарынан белгілі. Құқық қорғау қызметкерлері азаматтардың ана тіліне, салт-дәстүріне, мәдени және этностық ерекшеліктерін ескерген күнде ұлтаралық және дінаралық сыйластыққа жағдай туады. Егер полиция қызметкерлері мен дін ұстанушы азамат екі ұлттың өкілі болса, полиция қызметкерлерінің дөрекі мінезі, оғаш сөздері діндар адамға діні, ұлты бөтен болғандықтан, оған көрсеткен арнайы өрескелдік болып көрінеді. Діни бірлестіктермен жұмыс сыпайылықты, әдептілікті талап етеді. Сондай-ақ, полицейлердің ғибадатханаларда жүріс-тұрысы, тәртіп қағидаларын, кішіпейілдікті сақтау, діни қызметкерлермен өздерін қалай ұстауын, сөйлесуін білуі керек. Өкініштісі, біздің заңдарда діни бірлестіктер мен жеке азаматтардың құқы бұзылған жағдайда құқық қорғау органдарының жауапкершілігі терең қарастырылмаған. Олардың адамгершілігі, төзімділігі, бүгінгі тілмен айтсақ, толеранттылығы, байсалдылығы да ел тұрақтылығының кепілі.

Амангелді АЙТАЛЫ, философия ғылымдарының докторы, профессор.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-485112
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>