Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Мамандықтың бәрі жақсы ..."

Тәрбие сағаты "Мамандықтың бәрі жақсы ..."

Скачать материал

Сынып сағаты: «МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ»

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру. Өз қарым-қабілеті мен мүмкіндіктерін танып-білуге үйрету. 

Күтілетін нәтиже: Оқушылар мамандықты дұрыс таңдаудың маңызын түсінеді. Болашақ мамандыққа бағдар алады. Өз қабілеттері мен бейімін саралап үйренеді. Мамандық таңдау ережесін қорытып шығарады

Керекті құрал-жабдықтар:

Экран-проектор. Көрсетілім:

 

А-4 қағаздар. Түрлі-түсті маркерлер.

https://rm-company.ru/images/articles/21-10-2016/stack-of-paper.jpghttps://leddoska.ru/wp-content/uploads/2017/09/led-marker-8mm.jpg 

Қима-қағаздар.

 

Тапсырмалары бар қағаздар

Түрлі-түсті стикерлер. Ұпай белгісі.

https://image.nyigde.com/photos/board/10/board/66619_0_1024.jpghttps://userscontent2.emaze.com/images/7cf65d55-1184-4c93-bb39-24ed471f3753/f166c8aef87a525724706b1fefe9b625.png

Пазл-суреттер.

http://uploads.sispp.ru/2018/11/1528107992_1464881337_top_bannerg-peredelannyy1_.jpg

https://www.vcwsecurity.com/wp-content/uploads/2015/12/AdtranProcloudNews.jpg

https://www.made.md/offer_files/2018/03/20/11/28/yB058q/avk.jpg

https://blog.marytrufel.ru/wp-content/uploads/2018/08/kostyum2.jpg

https://images.golos.io/DQmPEfeCnASLxHncgtZ7h3peXNSsrwN9upAYFkj7ScRgw4G/image.jpg

 

Топ ережесі:

Интербелсенді әдіс тәсілдер: «Постер қорғау», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», «Мақалды жалғастыр», «Үздік жетілік».  

Жұмыс формасы: топтық жұмыс формасы.

Бағалау: өзіндік бағалау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар! Сендердің өмірлеріңдегі ең маңызды сәттердің бірі – мамандық  таңдау.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар, қалан..., деп жырлаған ұлы ақын Абай атамыздың осы өлең жолдарына назар аударайықшы. Сендер оны қалай түсінесіңдер?

(Оқушылар өз жауаптарын айтады)

Мұғалім сөзі: Иә. Дұрыс айтасыңдар. Бұл өмірде әр адам өз орынын таба білу керек екен. Өз орыныңды таба білу дегеніміз – ең алдымен өзіңнің мүмкіндігің мен қабілетіңді білу, қай жерден пайда табатыныңды емес, қай жерге пайда әкелетініңді ойлану,  өміріңді мәнді өткізу,  еліңе, жеріңе қызмет ету, сүйікті ісіңмен щұғылдану, яғни мамандығыңды дұрыс таңдау.

Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы  - «Мен таңдаған мамандық!» Осы тәрбие сағатынан соң сендер өз қалаған мамандықтарыңа бір табан болсын жақындай түссеңдер, мен тәрбие сабағымның мақсатына жеттім деген сөз.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын мен сендерді ортаға шақырып мына пазл-сурет қиындыларын таңдап алуды ұсынамын.

(Оқушылар қиындыларды құрастырып топқа бөлініп отырады)

Бүгінгі тәрбие сабағымыз топтық жұмыс формасында өтеді екен. Ендеше топтық жұмыс ережесін қорытып шығарайықшы.

(Оқушылар өз ойларымен бөліскен соң, экраннан топтық жұмыс ережесін шығару)

Ал енді бүгінгі сабаққа әркім өз алдына мақсат қойсыншы.

(Оқушылардың ішінен  4-5 оқушыға, қалауы бойынша оқыту)

Сонымен мен сендерге сәттілік тілеймін және бүгінгі сабаққа беленділікпен қатысады деп ойлаймын!

Тапсырма 1: Құрастырған пазл-суреттегі мамандық иесін табу.  Яғни өз топтарының атын табу. «Миға шабуыл» (1 минут)

1 топ – дәрігерлер тобы

2 топ – заңгерлер тобы

3 топ – менеджерлер тобы

4 топ – дизайнерлер тобы

5 топ –  кәсіпкерлер тобы

(Дұрыс тапқан топтарға https://userscontent2.emaze.com/images/7cf65d55-1184-4c93-bb39-24ed471f3753/f166c8aef87a525724706b1fefe9b625.png  тарату. )

Тапсырма 2. «Постер әдісі» (5 минут)

Мұғалім сөзі: Қытай халықының мынандай нақыл сөз бар екен: «Жүзіне күлкі үйірілмейтін адамға өз дүкенін ашып қажеті жоқ».  Яғни әр мамандықтың өз иесіне қоятын талабы болады екен.

Әр топ А3-форматқа өз мамандық иесіне керекті қасиеттерді жазу керек. Сол мамандыққа тән қиыншылықтар мен мамандық иесіне берілетін (мысалы  қоғамдағы) артықшылықтарды көрсету.

(Топтан екі оқушы шығып қорғайды. Постерлер тақтаға ілінеді. Бәрі қорғап болған соң басқа топтың оқушылары аттарын жазып қолдарындағы стикерлерін ұнаған Постерге жапсырады. Стикерлер саны бойынша жеңімпаз топ анықталады. Ең көп стикер жинаған топқа 5 https://userscontent2.emaze.com/images/7cf65d55-1184-4c93-bb39-24ed471f3753/f166c8aef87a525724706b1fefe9b625.png,  4https://userscontent2.emaze.com/images/7cf65d55-1184-4c93-bb39-24ed471f3753/f166c8aef87a525724706b1fefe9b625.png, 3https://userscontent2.emaze.com/images/7cf65d55-1184-4c93-bb39-24ed471f3753/f166c8aef87a525724706b1fefe9b625.png т.с.с таратылды)

 Тапсырма 3. Мақалды жалғастыр. (1-2 минут)

Экранда еңбек, білім, кәсіп туралы мақалдар шығарылады. Қай топ мақалды дұрыс бірінші тапса, сол топқа https://userscontent2.emaze.com/images/7cf65d55-1184-4c93-bb39-24ed471f3753/f166c8aef87a525724706b1fefe9b625.png таратылады.

Мақалдар:

Бал ұстаған бармағын жалар.

Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес.

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Шебердің қолы алтын. (Шебердің қолы ортақ)

Қойшыны таяғы асырайды, қасқырды аяғы асырайды.

Ердің атын еңбек шығарады.

Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішер.

Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда.

 

Тапсырма 4. «Жағдаяттан шығу» (8 минут)

Қазір сендер өздеріңді кәсіби маман ретінде сынап көресіңдер. Берілген жағдаятқа байланысты өз шешімдеріңді А3 форматқа түсіріп 5 минуттан соң басқа топтарға қорғайсыңдар. Сонымен іске сәт!

Дәрігерлер тобына.

Адамдардың көпшілігі қазіргі кезде екпе салудан (вакцинация) саналы түрде бас тартып жатыр. Ол қауіпті, әртүрлі зиянды салдары болуы мүмкін дегенді алға тартады. Бірақ сонымен қатар жұқпалы ауырулардың өршіп кету қаупі бар. Сендер ол адамдарға не айтар едіңдер?

Заңгерлер тобына:

Арман 10 жаста. Ол сабағын нашар оқиды. Ол екі алып келген кездері ата-анасы оның ұялы телефон қолдануына, теледидар көріп, достарымен ойнауға рұқсат бермейді. Арманның ата-анасының әрекеті заң тұрғысынан дұрыс па? Арманның қандай құқығы бар?

Менеджерлер тобына.

Соңғы кезде кризиске байланысты тауар өтпей, дүкенге сатып алушылар сирек келе бастады. Бәсекелестер де әртүрлі әрекеттермен тұтынушыларды өз жағына тартып алуда. Сендер өз дүкендеріңдегі тауар сатылымын көбейту үшін қандай шешім ұсынар едіңдер?

Дизайнерлер тобына.

Бай адам өзінің қызының ұзатылу тойы өтетін мейрамхананы сәндеуге тапсырыс берді. Сендер қазіргі заманауи трендтерді ескере отырып қалай сәндеп шығар едіңдер? Ұсынған жобаларың тапсырыс берушіге ұнай үшін нені ескересіңдер?

Кәсіпкерлер тобына:

Сендер осы Өскемен қаласында жаңа кәсіп түрін ашқалы отырсыңдар. Кәсіптің қай түрімен шұғылданар едің? Неден бастар едің? Қаржыны қайдан алар едің? Өз бизнес жоспарыңды құр.

Әр топқа қорғауға 1 минут.

Қарсы топтар сұрақтар қояды. Бағалайды. Қай топтың жауабы ұнаса сол топқа стикер жапсырады. Бір топ – 1 стикер. Өз тобына беруге болмайды. 

Тапсырма 5. Бұл қандай мамандық? (3 минут)

Қазір экранда заманауи мамандық атаулары беріледі. Сендер ол маман немен айналысатынын табуға тиіссіңдер.

(Дұрыс тапқан топқа https://userscontent2.emaze.com/images/7cf65d55-1184-4c93-bb39-24ed471f3753/f166c8aef87a525724706b1fefe9b625.png таратылады)

Тапсырма 6. «Үздік жетілік» (  5 минут)

Қазір сендерге мамандық таңдауға байланысты әртүрлі пікірлер жазылған қағаз таратылады. Әркім өз қалауын ескеріп соның ішінен өзі үшін ең маңызды деген 7 қалтырады. Артынан топпен бірлесе отырып ортақ шешім шығарасыңдар және қалған жетеуін маңыздылығы бойынша нөмірлеп шығасыңдар. Яғни ең маңыздысы бірінші, маңызды емесі соңына орналасады.

1.     Атағымды шығара аламын

2.     Отбасылық істі жалғастырғым келеді

3.     Оқуды достарыммен жалғастыра аламын

4.     Қоғамға қызмет етсем деймін

5.     Жалақысы жоғары

6.     Мемлекетке, қоғамға, экономикаға қажеттілігі бар мамандық. 

7.     Жұмыс оңай табылады

8.     Болашағы бар мамандық

9.     Өз қабілетімді толық көрсете аламын

10. Адамдармен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді

11. Білімімді жетілдіре аламын

12. Мамандық менің мінез-құлқыма келеді.

13. Шығармашылықпен айналысып, жаңалықтар ашуға болады

14. Өте қауіпті, қиын мамандық болғандықтан

15. Таза, тыныш, жайлы  жұмысқа орналасуға болады.

16. Жылдам өсуге мүмкіндік бар

(Әр топ өз шешімін оқиды. Басқа топтармен талқылайды. )

Тапсырма 7. Мамандық таңдау ережесі. Миға шабуыл + Венн диаграммасы (2 минут)

Сонымен бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетуге таяп қалды. Қазір барлықтарыңыз экранға назар аударып мына сызба нені білдіретінін ойланайықшы. Осы сызбаға қарап әр топ мамандық таңдау ережесін қорытып шығарсыншы.

(Оқушылар өз ойларымен бөліседі, талқылайды.)

Мұғалім сөзі:

Яғни мамандықты дұрыс таңдау үшін келесі 3 нәрсеге ерекше көңіл аудар керек екен:

Менің қалауым (нені қалаймын? маған немен шұғылдану ұнайды?)

Менің мүмкіндігім (менің қабілетім жете ме?  қолымнан келе ме?)

Қажеттілік (қазіргі заманда қажет пе?  мамандыққа сұраныс бар ма? менің қажеттілігімді өтей ме?)

Сабақты қорытындылау.

Мұғалім сөзі: Міне бүгінгі тәрбие сабағымыз да аяқталып қалды. Қазір әр топ қаншалықты нәтижелі жұмыс жасағандықтарын https://userscontent2.emaze.com/images/7cf65d55-1184-4c93-bb39-24ed471f3753/f166c8aef87a525724706b1fefe9b625.png ұпай белгілерін санау арқылы анықтаймыз. Жеңген топтарға қошемет көрсетейік.

Біз сабақ басында алдымызға мақсат қойғанбыз, сол мақсатқа жете алдық па? (Әр топтан оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.)

Сабақ соңында сендерге сабақтың қорытындысы, тағы да бір ой салу ретінде «Әркімнің өз жолы бар» деген әпсанамен таныстырғым келеді.

Көрсетілім «Әркімнің өз жолы бар»

Мұғалім оқып және слайдтан көрсетіп отырады. Оқушылар тыңдап, көріп отырады.

Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қош-сау болыңыздар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Мамандықтың бәрі жақсы ...""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сынып сағаты: «МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ»

Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру. Өз қарым-қабілеті мен мүмкіндіктерін танып-білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар мамандықты дұрыс таңдаудың маңызын түсінеді. Болашақ мамандыққа бағдар алады. Өз қабілеттері мен бейімін саралап үйренеді. Мамандық таңдау ережесін қорытып шығарады

Керекті құрал-жабдықтар:

Экран-проектор. Көрсетілім:

А-4 қағаздар. Түрлі-түсті маркерлер.

Қима-қағаздар.

Тапсырмалары бар қағаздар

Түрлі-түсті стикерлер. Ұпай белгісі.

Пазл-суреттер.

Топ ережесі:

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 088 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2019 2638
    • DOCX 1.4 мбайт
    • 120 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нурсаханова Раушан Турсыновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нурсаханова Раушан Турсыновна
    Нурсаханова Раушан Турсыновна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11960
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 493 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 330 человек

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе