Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты" Мың мамандық барі бар"

Тәрбие сағаты" Мың мамандық барі бар"

Скачать материал

Тақырыбы: Мың мамандық бәрі бар,таңдап талғап бірін ал.

 

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн,ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

 1-жүргізуші: Бүгінгі «Мың мамандық бәрі бар,таңдап талғап бірін ал.» атты  мамандық таңдау кешіне қош келдіңіздер!

 2-жүргізуші:-Бүгінгі кештің  тақырыбыда  ерекше, барысы да ерекше, себебі  кешімізде ерекше қонағымыз бар.

1-жүргізуші:

Атақты ғүлама  Әль- Фараби айтқандай

 Ісім оңсын десеңіз

Сол ісітң  маманы болыңыз.

Даңқың шықсын десеңіз

Көпшіліктің адамы болыңыз.

2-жүргізуші:

 Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

-деп, Абай атамыз  айтқандай өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

 

2-жүргізуші: Әлемде 50  мыңға жуық мамандық бар және  жыл сайын оған  500ге тарта  жаңа түрі қосылып отырады екен. Шындығына келгенде  мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық  қатынасқа  көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Мақсатымыз  біздің жеке және кәсіби өз-өзімізді  тануымызға  көмек жасау, болашақ мамандық таңдауға бейімділігіміз бен мүмкіндіктерімізді айқындау, болашақта мамандық таңдауға ықпал ету. Бұл ретте ,бүгін бізге өз ойларымен  бөлісіп тың пікірлерімен ақыл кеңесін айтуға  шақырулы қонағымыз Сабит Қоңырбайұлы Оразбаев атамыз келіп  отыр.

1-жүргізуші:- Зор қошемет білдіріп қойыңыздар !

Сахнада   мектебіміздің мақтанышына айналған, Польшада өткен «Детское сияние»,Франциядағы  «Сокровище Европы» атты фестивальдардың бас кубок иегерлері, мектебіміздің мәртебесін  асырып, жетістігін  күллі жұртқа паш етер, ата дәстүрін  жалғастырып келе жатқан «Мыңбала» домбырашылар  оркестрінің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»!

 

Құрманғазының күйі «Балбырауын»! орындалады

 

Өмір жолдарымен  таныстыру слайд.

 Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (29.1.1936 ж.туған, Сайрам ауданы қазіргі Бәйдібек ауылы ) – актер, Қазақ КСР-інің халық артисі (1976),  1959 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік факултетін (профессоры Тоқпановтың жетекшілігімен) бітірді. Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат», «Отан» ордендерінің,  «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің

Алғашында негізінен комедия ­жанрын­да,  Қ.Мұхамеджанов­тың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітов­тің «Беу, қыздар-ай!» спектакльдерінде жарқырады. Осы сахнадағы жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде  қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта  сахналық кейіпкер сомдады. Көрнекті актердің тәуелсіз Қазақстанның сахна өнерін дамыту­дағы еңбегі үлкен.

 Қазақстан  Республикасының  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев Сәбит Оразбаевтың Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден аса рөлді сомдағанын атап өтті.

Санасы сергек, жадысы зерек тұлғаның театр тарихы, әріптестері, әлеуметтік ортасы мен қоғамы туралы «Алматы ақшамында» жарияланған мәнді де қызғылықты әңгімелері «Өмірдің өзі – театр», «Тазарғың келсе, театрға бар»  атты екі том болып жарық көруі де – руханиятымыздың  олжасы.

 Сан қырлы таланттың ендігі бір парасы – фотоөнері. Көрнекті актер жарты ғасырға жуық уақыт бойы түсірген суреттері және  бейнетаспалары бүгінде ұлттық өнердің құнды тарихына айналды

Мемлекет басшысы халық әртісінің қазақ театрының дамуына куә болып, Қапан Бадыров, Серәлі Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды.Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін Сәбит Оразбаевты І дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды

бүгінде  Сәбит ­Оразбаев атамыз 80 жастың белесіне көтеріліп отыр .

  Сізге зор денсаулық ұзақ өмір,отбасыңызға береке,бірлік,қуаныш және балаларыңызды жақыннан  көріп, немерелеріңіздің  маңдайынан сипап жүре беріңіз деп тілейміз.

2-жүргізуші:

Сәбит Оразбаевтың бүгіні –  ұлттық құнары, пәлсапасы  мықты қазақ өнерінің  жан-жақты биік шыңын  және жарасымды жалғастығын  танытады.,  алғашқы сахналық үлкен тәжірибеден өткізген  күрделі ролі  З.Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» әнші-композитор Жаяу Мұса болды. Талантты жас М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясындағы Дулат, Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсе» комедиясындағы Алдар Көсе сынды кейіпкерлерімен драмалық сипаты мол әншілік өнеріне де тәнті етті.

1-жүргізуші:

Келесі кезекте сол «Алдар Көсе» комедиясындағы Алдар Көсенің  біздің оқушыларымыздың  сомдауында  тамашаласаңыздар.

 

 

1-жүргізуші:

Халықтық өнер бастауынан қанып ішкен өнерпаз, әнші, сазгердің әндері де халық арасына кең тараған. Және бұл өнері М.Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы Мағауия, З.Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Мұса, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Майсалбек рөлдерінде анық  көрінді.Театр атты қасиетті сахнаның абызына айналған ағамызбен жүздесіп, өнердің бүгінгі жағдайы хақында ой өрбітудің сәті түсті. 

 

2-жүргізуші: Олай болса  атамызға  сұрақ қоюға асығып отырған   көрерменді күттірмей сырлы сұхбатымызды   бастайық. 

Сәбит Оразбаевпен  сұхбат жүру кезеңі  өткізіледі.

Сұрақтар

— Сәбит ата, Сайрам жерінен арман қуып Алматыға барған бозбала шағыңызда малдәрігерлік институтына оқуға түсіп қойған жеріңізден консерваторияға қайта құжат тапсырып, өнер жолын таңдағаныңыздан хабардармыз. Бүгінде ел таныған қазақ өнерінің марқасқа тұлғасысыз. Өнер майданында жүріп, осы таңдауыңызға өкінген кездеріңіз болды ма?

- Сәбит ата, адам өмірінде көп нәрсе балалық шақтан басталады. Сондықтан әңгіме өзегі мамандық таңдау  тақырыбы болғандықтан  өнерге қалай келгеніңіз жайлы бастасақ…
- С Оразбаев сөзі...

1-жүргізуші:

 Сәбит ата, сіздің өнер­паз ретіндегі жұртқа жақ­сы мәлім тағы бір қы­рыңыз – әншілігіңіз, саз­герлігіңіз бар көрінеді.

«Төле бидің өсиеті», «Тоқта, бо­там, атаң келеді ар­тыңда», «Туған күн», «Анама» деген әндеріңіз әжеп­тәуір танымал.

2-жүргізуші:

Ия  дұрыс айтасың Елнүр  олай болса  кезекті  оқушыларымыздың  орындауындағы  өлең жолдарына  берсек.

1-жүргізуші: Ал енді сұхбатымыздың  жалғасын   тапсақ....

 

-Сіздің актерлік, әншілік өнеріңізден өзге, жас кезіңізде киім тігіп, оператор жұмысын атқарғаныңызды баспасөз беттерінен оқығанбыз. Одан қалса, суретке түсіру қабілетіңіз тағы бар. М.Әуезов атындағы академиялық театрының мұражайындағы фотосуреттердің 70 пайызға жуығы сіздің қолыңыздан шыққан көрінеді. Нағыз қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіті болған екенсіз…осы жайында  әңгімелеп берсеңіз?

 

- Сәбит ата, әңгімемізді шәкірт тәрбиесі туралы ойларыңызбен өрбіткенді жөн көріп отырмын. «Ұстаздық еткен жалықпас» деп Абай сөзімен айтсақ, сізді талай-талай шәкірт тәрбиелеген тәжірбиелі ұстаз ретінде де танитындар көп. Шәкірттеріңіз жайында не айтасыз? Бүгінгінің жас актері туралы қандай пікірдесіз?

1-жүргізуші:

Аружан  Сәбит  атамыз сан қырлы талантымен, ұлттық болмыс-парасатымен халық сүйіспеншілігіне бөленген тұлға. «Бала кезінен жыр-дастандар тыңдап өскен» топырағы құнарлы, өнері нұрлы жырау, сазгер,  әншінің «домбыраны саусақпен емес, көңілмен сөйлететін» кісі екен. Олай болса тағы да  әсем  ән тыңдаудың кезегі келіп тұрған сияқты.

 

2-жүргізуші:

 Жырыменен жүректерді тербеген,
Жан жарасын талайлардың емдеген.
Мөрі болған жиырмасыншы ғасырдың
Мұқағали сынды ақындары кемде кем.

 

Мұқағалидың  сөзіне  жазылған  ............... орындауындағы  .............  әнін  қабыл алыңыздар.

 

1-жүргізуші: Сұхбатымызды әрі қарай  жалғастырайық.

 

-Дұрыс мамандық таңдауда қоғамға, адамдарға  пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады. Осы жөнінде   маңызды  не  айтар едіңіз?

–  Сіз жарты ғасырдан астам уақыт бойы бір шаңырақта қызмет істейсіз. Академиялық театрдағы ұстаздарыңыз, тұстастарыңыз тура­лы жақсы айтып жатырсыз. Ал өзіңізді осын­дай биікке жет­кізген мамандығыңыздың қадір-қасиеті жайында не айтар едіңіз?

 

2-жүргізуші:

Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишіміз
Көрінген көштің басынан.

2-жүргізуші:

Рамиса мен  Нургүлдің  орындауында қазақ биі

 

 

1-жүргізуші:

 Аружан тағы да  әсем  ән тыңдаудың кезегі келіп тұрған сияқты. Олай болса әсем әнге кезек берсек

 

2-жүргізуші:

Меруерттің  орындауындағы  .............  әнін  қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Сахнада  Сәбит  атамызға өзінің  жыр шашуымен  мектебіміздің айтыскер ақыны, көптеген қалалық, республикалық  айтыстың жүлдегері Сатыпалды Әмір

 

2-жүргізуші:

Әбунасыр әл-Фараби

«Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады » деген.

1-жүргізуші:

Еңбек  етсем, ертеңгі бақытыма сенемін.

Достық іспен  қасты да  жеңеріме сенемін

Ақыл,сана  білім мен-өнеріме сенемін.

Арым таза- ақ көңіл-адалдыққа сенемін,

Абыройлы ақ ниет- адамдыққа сенемін- дегендей қандай маман  иесі болсақ та ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін  адам болайық!

1-жүргізуші:

Олай болса, осы ұстанымды, бүгінгі айтылған атамыздың кеңестерін  есте ұстап, алға жақсы мақсат қойып, таңдаған мамандықтарының иесі болады деген сеніммен кешімізді  жабық деп жариялаймыз. Қатысып, кеңес беріп, іс-тәжірибелеріңізбен бөліскеніңізге көптен-көп рахмет. Еңбегіңізге табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Мың мамандық бәрі бар,таңдап талғап бірін ал.

Мамандық таңдау – өміріңіздің бір кірпішін дұрыс таңдау

Мамандық таңдауда. Өзіңді- өзің танысаң істің басы. Біздің болашағымыз-біздің мамандағымыз.

 

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар

2-жүргізуші:

Қайырлы күн,ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!

 1-жүргізуші: Бүгінгі «Біздің болашағымыз-біздің мамандағымыз» атты  мамандық таңдау кешіне қош келдіңіздер!

 2-жүргізуші:-Бүгінгі кештің  тақырыбыда  ерекше, барысы да ерекше, себебі  кешімізде ерекше қонағымыз бар.

1-жүргізуші:

Атақты ғүлама  Әль- Фараби айтқандай

 Ісім оңсын десеңіз

Сол ісітң  маманы болыңыз.

Даңқың шықсын десеңіз

Көпшіліктің адамы болыңыз.

2-жүргізуші: Әлемде 50  мыңға жуық мамандық бар және  жыл сайын оған  500ге тарта  жаңа түрі қосылып отырады екен. Шындығына келгенде  мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық  қатынасқа  көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.Бұл ретте  ,бүгін бізге өз ойларымен  бөлісіп тың пікірлерімен ақыл кеңесін айтуға  шақырулы қонағымыз Сабит Қоңырбайұлы Оразбаев атамыз келіп  отыр.

1-жүргізуші:- Зор қошеметпен   ортаға шақырамыз!

2-жүргізуші: Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат», «Отан» ордендерінің,  «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің иегері бүгінде  Сәбит ­Оразбаев атамыз 80 жастың белесіне көтеріледі.Сізге зор денсаулық ұзақ өмір,отбасыңызға береке,бірлік,қуаныш және балаларыңызды жақыннан  көріп,немерелеріңіздің  маңдайынан сипап жүре беріңіз деп тілейміз.

2-жүргізуші: Алғашында негізінен комедия ­жанрын­да,  Қ.Мұхамеджанов­тың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітов­тің «Беу, қыздар-ай!» спектакльдерінде жарқырады. Осы сахнадағы жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде  қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта  сахналық кейіпкер сомдады. Көрнекті актердің тәуелсіз Қазақстанның сахна өнерін дамыту­дағы еңбегі үлкен.

1-жүргізуші:

 Қазақстан  Республикасының  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев Сәбит Оразбаевтың Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс істегенін, осы уақыт ішінде 100-ден аса рөлді сомдағанын атап өтті.

2-жүргізуші:

Мемлекет басшысы халық әртісінің қазақ театрының дамуына куә болып, Қапан Бадыров, Серәлі Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев сынды сахна саңлақтарымен бірге өнер көрсеткеніне назар аударды.Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнерінің дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғамдық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін Сәбит Оразбаевты І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

 

 

1-жүргізуші:

Халықтық өнер бастауынан қанып ішкен өнерпаз, әнші, сазгердің әндері де халық арасына кең тараған. Және бұл өнері М.Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы Мағауия, З.Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» Мұса, Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-анасындағы» Майсалбек рөлдерінде анық  көрінді.Театр атты қасиетті сахнаның абызына айналған ағамызбен жүздесіп, өнердің бүгінгі жағдайы хақында ой өрбітудің сәті түсті. 

 

 2-жүргізуші:Аружан  бүгінгі  кешіміздің  екі бөлімнен  тұратынын  және  ол бөлімдердің барысы жайлы айтып  өткеніміз жөн болар.

1-жүргізуші:-Ия.  Дұрыс айтасың, кешіміздің  бірінші бөлімі «Сұхбаттасу» деп аталады. Мұнда қонағымызға  сұрақтар қойып ,жауаптар алып ой бөлісетін боламыз.

2-жүргізуші: Ал екінші  бөлімде танымал тұлғаға  оқушылар өздері дайындаған өнерлерін  көрсетпек. 

1-жүргізуші: Олай болса  атамызға  сұрақ қоюға асығып отырған   көрерменді күттірмей  бірінші  кезеңді бастайық. 

Сәбит Оразбаевпен  сұхбат жүру кезеңі  өткізіледі.

Сұрақтар

- Сәбит ата, адам өмірінде көп нәрсе балалық шақтан басталады. Сондықтан әңгіме өзегі мамандық таңдау  тақырыбы болғандықтан  өнерге қалай келгеніңіз жайлы бастасақ…
- С Оразбаев сөзі...

— Сәбит ата, Сайрам жерінен арман қуып Алматыға барған бозбала шағыңызда малдәрігерлік институтына оқуға түсіп қойған жеріңізден консерваторияға қайта құжат тапсырып, өнер жолын таңдағаныңыздан хабардармыз. Бүгінде ел таныған қазақ өнерінің марқасқа тұлғасысыз. Өнер майданында жүріп, осы таңдауыңызға өкінген кездеріңіз болды ма?

-Сіздің актерлік, әншілік өнеріңізден өзге, жас кезіңізде киім тігіп, оператор жұмысын атқарғаныңызды баспасөз беттерінен оқығанбыз. Одан қалса, суретке түсіру қабілетіңіз тағы бар. М.Әуезов атындағы академиялық театрының мұражайындағы фотосуреттердің 70 пайызға жуығы сіздің қолыңыздан шыққан көрінеді. Нағыз қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіті болған екенсіз…осы жайында  әңгімелеп берсеңіз?

- Сәбит ата, әңгімемізді шәкірт тәрбиесі туралы ойларыңызбен өрбіткенді жөн көріп отырмын. «Ұстаздық еткен жалықпас» деп Абай сөзімен айтсақ, сізді талай-талай шәкірт тәрбиелеген тәжірбиелі ұстаз ретінде де танитындар көп. Шәкірттеріңіз жайында не айтасыз? Бүгінгінің жас актері туралы қандай пікірдесіз?

-Қоғамға  адамдарға  пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады. Осы жөнінде   маңызды  не  айтар едіңіз?

–  Сіз жарты ғасырдан астам уақыт бойы бір шаңырақта қызмет істейсіз. Академиялық театрдағы ұстаздарыңыз, тұстастарыңыз тура­лы жақсы айтып жатырсыз. Ал өзіңізді осын­дай биікке жет­кізген мамандығыңыздың қадір-қасиеті жайында не айтар едіңіз?

 

– Сәбит ата, сіздің өнер­паз ретіндегі жұртқа жақ­сы мәлім тағы бір қы­рыңыз – әншілігіңіз, саз­герлігіңіз бар көрінеді.

«Төле бидің өсиеті», «Тоқта, бо­там, атаң келеді ар­тыңда», «Туған күн», «Анама» деген әндеріңіз әжеп­тәуір танымал. Сіз­дің ән­деріңіз қалай туады осы?

– Фарида Шәріповамен сіз көп спектакльде партнер болдыңыз. Солардың ішіндегі ең ерекшесі «Қан мен тердегі» Сүйеу қарт пен Ақбала шығар?

Сүйеу рөлі сіздің ата­ғыңызды асырып, беделіңізді биіктетті. Сахна­ның небір сұңғыла шеберлері керемет пікірлер айтты. «деген болатын. Сіз Сүйеу образының кілтін қалай таптыңыз?

2-жүргізуші:

 Әсмепаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тапта бар қалан,

деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.

1-жүргізуші:

 Алтын менен күмісті

Зергер үшін жаратқан.

Арқар менен құлжаны

Мерген үшін жаратқан.

2-жүргізуші:

       Бірде Сәбит  атамыз  бір сұхбатында-   адам өз өміріне қажетті мамандықты игеруді ойлаған жөн. Қаншама жастар дипломмен жұмыссыз жүр. Арба сүйреп жүрген жастар да бар. Мұның бәріне Үкіметті кінәлайтындар табылады. Бұған Үкіметтің кінәсі жоқ. Еңбек етіп, талаптанған жас жұмыс табады. Жас, қабілетті ұл-қыздарымыз бұның өзінен де жол тауып, басқа мамандықтарды игеріп кетсе қандай жақсы. Бұған тіпті арланып, ұялудың да қажеті жоқ. Елбасының өзі Жолдауында қаншама техникалық мамандықтар жетпейтінін айтқан. Қарапайым токарь, дәнекерлеуші, аспазшы дегендерден бастап түрлі өмірге қажетті мамандықты игеруге болады.деген болатынсыз.

1-жүргізуші:

Ия, Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді,

Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.

Біліп істеген мақсатына тез жетеді.

-деген екен  ғұлама Сайф Сарайи

2-жүргізуші:

Сахнада   мектебіміздің мақтанышына айналған, Польшада өткен«Детское сияние»,Франциядағы  «Сокровище Европы» атты фестивальдардың бас кубок иегерлері,мектебіміздің мәртебесін  асырып, жетістігін  күллі жұртқа паш етер,ата дәстүрін  жалғастырып келе жатқан

«Мыңбала» домбырашылар  оркестрінің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын»!

Қарсы алаңыздар!

Сахнада  «Мыңбала» домбырашылар оркестрі

 

Олай болса   біздің  оқушыларымыздың сізге арнаған   арнауларын тамашаласақ.

2-жүргізуші:

Сәбит Оразбаевтың бүгіні –  ұлттық құнары, пәлсапасы  мықты қазақ өнерінің  жан-жақты биік шыңын  және жарасымды жалғастығын  танытады.,  алғашқы сахналық үлкен тәжірибеден өткізген  күрделі ролі  З.Шашкиннің «Жаяу Мұсасындағы» әнші-композитор Жаяу Мұса болды. Талантты жас М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясындағы Дулат, Ш.Құсайыновтың «Алдар Көсе» комедиясындағы Алдар Көсе сынды кейіпкерлерімен драмалық сипаты мол әншілік өнеріне де тәнті етті.

1-жүргізуші:

Келесі кезекте сол «Алдар Көсе» комедиясындағы Алдар Көсенің  біздің оқушыларымыздың  сомдауында  тамашаласаңыздар.

 

 

2-жүргізуші:

Аружан  Сәбит  атамыз сан қырлы талантымен, ұлттық болмыс-парасатымен халық сүйіспеншілігіне бөленген тұлға. «Бала кезінен жыр-дастандар тыңдап өскен» топырағы құнарлы, өнері нұрлы жырау, сазгер,  әншінің «домбыраны саусақпен емес, көңілмен сөйлететін»

1-жүргізуші:

Ия  дұрыс айтасың Елнүр  ол кісі  М.Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған «Тоқ­та ботам, атаң келеді артың­да!», «Сүрініп кетпе»,  «Бүгін менің туған күнім…» әндерін, «Төле бидің толғауын» сүйіп тыңдайды екен.

2-жүргізуші:

Олай болса кезекті ................................... орындауындағы  М Мақатаевтың  сөзіне жазылған............................................... әнін  тамашалайық.

1-жүргізуші:

Санасы сергек, жадысы зерек тұлғаның театр тарихы, әріптестері, әлеуметтік ортасы мен қоғамы туралы «Алматы ақшамында» жарияланған мәнді де қызғылықты әңгімелері «Өмірдің өзі – театр», «Тазарғың келсе, театрға бар»  атты екі том болып жарық көруі де – руханиятымыздың  олжасы.

2-жүргізуші:

 Сан қырлы таланттың ендігі бір парасы – фотоөнері. Көрнекті актер жарты ғасырға жуық уақыт бойы түсірген суреттері және  бейнетаспалары бүгінде ұлттық өнердің құнды тарихына айналды.Осы ретте  мына сахнаға  қойылған  фотосуреттерді  біздің оқушыларымаз  сізге  арнап  жинақтаған еді.

1-жүргізуші:

 Аружан тағы да  әсем  ән тыңдаудың кезегі келіп тұрған сияқты. Олай болса әсем әнге кезек берсек

 

2-жүргізуші:

........................... орындауындағы  .............  әнін  қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Әбунасыр әл-Фараби

«Адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахат табу, көру біздің мақсатымыз болып табылады » деген.

 

2-жүргізуші:

Еңбек  етсем, ертеңгі бақытыма сенемін.

Достық іспен  қасты да  жеңеріме сенемін

Ақыл,сана  білім мен-өнеріме сенемін.

Арым таза- ақ көңіл-адалдыққа сенемін,

Абыройлы ақ ниет- адамдыққа сенемін- дегендей қандай маман  иесі болсақ та ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін  адам болайық!

1-жүргізуші:

Олай болса, осы ұстанымды, бүгінгі айтылған атамыздың кеңесін есте ұстап, алға жақсы мақсат қойып, таңдаған мамандықтарының иесі болады деген сеніммен кешімізді  жабық деп жариялаймын. Қатысып, кеңес беріп, іс-тәжірибелеріңізбен бөліскеніңізге көптен-көп рахмет. Еңбегіңізге табыс, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты" Мың мамандық барі бар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 871 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2016 853
    • DOCX 31.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Татиева Жулдыз Камалхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Татиева Жулдыз Камалхановна
    Татиева Жулдыз Камалхановна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 918
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой