Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты. Тақырыбы: "Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас"

Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас"

Скачать материал

Тақырыбы: Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас.
Мақсаты: Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.

Мұғалім: ( М.Беспаев Туған жер) - Балалар, бір сәтке барлығың көздеріңді жұмып, мына күйді тыңдай отырып, өздеріңді болашақта мектепті бітіріп, жоғарғы орынға оқуға түсіп, шет елде оқуларың немесе жұмыс бабымен баруларыңды елестетіңдерші. Біраз уақыт өте, сендер туған жерлеріңді сағынасыңдар. Сонда көз алдарыңа не елестейді?
- Туған жердің топырағы, суы, тауы, жусанның ісі келе бастайды.
- Неге ең бірінші топырақ ойларыңа келді?
- Жер деген сөзді топырақпен байланыстырдым.
- Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.

Адам бойындағы отаншыл қасиеттеріне байланысты біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас» атты болмақ.
Енді   үй тапсырмасын тексерейік. Сендерге туған жер туралы суреттер салу және шағын шығарма жазу, өлең жолдарын жазу немесе кластер құру берілген.

Оқушы: Табиғаттың тамаша жазы қандай,
Айналама көк кілем жазылғандай.
Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,
Сылдырлаған бұлағы,суы балдай,- деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда.
Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі. Мысалы, бізде көл, өзен, биік таулар, орман-тоғай, аң-құс өте көп.
Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын.

Оқушы: Өлең жолдары
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған ел
Отан – ана
Отан үлкен
Қазақстан деген жер!
Мұғалім: Отан деген – ол туған жер, ата-ана, туыс-бауырлар, мектеп, достар, ауыл, көшең.
ҚР Ата Заңының 36-бабында:
Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті, – делінген.
- Балалар, Отаның, туған жерің қайда дегенде, неден бастауларың керек?
1. Мемлекетіңді атайсың
2. Облысыңды атайсың (қаласын)
3. Ауылыңды (ауданыңды)
Қазақстанда 14 облыс, 86 қала, 175 аудан, 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік бар.
Отан туралы өлең шумақтарына кезек береміз. «Ойлан, қазақ» клип
.

Сұлу дала!Менің сүйген еркемсің
Жаным сенен жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің,

Көп аузынан түспейтін
Отан деген немене?
Оның тұлға түс кейпін,
Достым, білгің келе ме?

Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың, бауырың,
Отан – өлкең, астанаң
Отан – аудан ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,
Жазған елің, ер халқың,
Отан – өлең, Отан – жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.

 

Балалар келесі мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.
Ел мен жер егіз
Жұрт дегенде жұмылып,
Ел дегенде егіліп

Туған жер - тұғырың,
Туған ел – қыдырың.

Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.

Адам елінде көгерер,
Қоға көлінде көгерер.

Бөтен жердің гүлінен,

Туған жердің тікені артық.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Ел болам десең, бесігіңді түзе.

Отан – елдің анасы,
Ел – ердің анасы.

Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.

Отанды сүю – от басынан басталады.

Пәлен жерде алтын бар,
Өз еліңдей қайда бар.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Өз елінің иті де (қадірлі.)

Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.

-Рахмет, балалар! Әрқайсыңның талабыңа нұр жаусын! Сендерді әлі талай биіктерден көретін болайық.

Клип. Қоңыр тобы. «Туған жер»
- Балалар, айтыңдаршы, әннің мәтінінде қандай сөз қайталанып отырды?
- « Жер»
- Қандай жер екен?
- Шөбі майсаң, жұрты жайсаң, туып, кіндік кескен жер
Қорытынды:
- Балалар, осы сабақтан сендердің бойларыңда біраз патриоттық сезім қалыптасты деп ойлаймыз.
Дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған ата-анасы біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз елінің перзенті, жан жүрегімен берілген азаматы болуы керек – деп отырып сабағымызды «Туған жер» атты әнімен аяқтаймыз. Орындаушылар біздің сыныптың жігіттер мен қыздар тобы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по учету энергопотребления

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2016 8671
    • DOCX 20.9 кбайт
    • 53 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айкен Алтынгуль Айкеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айкен Алтынгуль Айкеновна
    Айкен Алтынгуль Айкеновна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31665
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой