Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Тәуелсіз елім"

Тәрбие сағаты "Тәуелсіз елім"

Скачать материал

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте!»

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктерімен қысқаша таныстыру. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.

Барысы:

Мұғалім сөзі: - Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? Ия, Тәуелсіз, бірлігі жарасқан, тату-тәтті, тыныш елде тұрамыз.

Бүгінгі өтетін тәрбие сабағымыздың тақырыбы: 16-желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған Тәуелсіз елім - тұғырың сенің биікте! Сондықтан тәуелсіздігімізге арналған сабағымызды еліміздің мемлекеттік әнұранымен бастайық.

Әнұран орындалады.

Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндікежелден ел тілегі. Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі. 16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Сандар сөйлейді:

1) 1870 жылы - Маңғыстау қазақтарының көтерілісі.

2) 1783-1797 жылдары - Сырым Датұлы басқарған шаруалар көтерілісі.

3) 1836-1838 жылдары - Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған шаруалар көтерілісі.

4) 1837-1847 жылдары - Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық көтеріліс.

5) 1916 жылы - ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылы Ақпан және Қазан төңкерістері болды. Азамат соғысы жылдарында шаруашылық күйзеліске ұшырап, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни халқымыздың 19 пайызы апат болды. 400 мың қазақ отбасы елден кетуге мәжбүр болды.

6) 1930-1932 жылдардағы - ашаршылықта 2 млн. 100 мың қазақ қырылды.

7) 1937-1938 - жылдардағы репрессияда қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары қуғын сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп «халық жауы» аталып айыпталды. Сол ке зд абақтыға жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды.

8) 1986 - жылғы 16 желтоқсанда таңертеңгі сағат 10.00-да бар-жоғы 18 минутқа созылған Қазақстан Компартиясының пленумында елімізді ширек ғасыр басқарған Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, шеттен келген Геннадий Колбин сайланды. Бұл, әрине, қазақ халқының наразылығын туғызып, әйгілі Желтоқсан оқиғасын туғызды.

9) 1991 ж. 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал сол жылы

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.

10) 1992 ж. 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.

11) 1992 ж. 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Сол жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.

12) 1993 ж. 28 қаңтарда Тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі Заңы – Конституция қабылданды.

13) 1993 жылдың 15 қарашасы еліміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз – Теңге айналымға енді.

14) 1995 ж. 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз – жаңа Конституция қабылданды. Ал, 1996 ж. Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.

15) 1997 ж. 10 желтоқсанда Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде жарияланды.

Күмісай: Желтоқсан –әйгілі күн ,

          Ерттеп мініп ар-ождан сәйгүлігін,

          Ерлерім  ерлік үшін атой салып ,

          Еншілерін қайтарған бәйгелі күн.

          Желтоқсан-тағдырларға азалы күн,

          Қайраған намыстарын мазалы мұң.

          Қыршынынан қиылған боздақтары,

          Қалар мәңгі есімде қазағымның.

          Желтоқсан –қайсар ерлік, қуатты күн,

          Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

          Тәуелсіздік билігі қолға қонған,

          Тәңірімде желтоқсан шуақты күн.

          Желтоқсан – жадымызда жаралы күн,

          Жастарым жапа шеккен жаралы мұң.

          Еркіндік, егеменді елдігімді ,

          Еміріне аңсады саналы ұғым.

Нұрбол: Атыңнан айналайын егемен ел,              

          Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

          Мерейің құтты болсын Қазақстан!

          Ғасырлар тойы болшы келе берер!

          Мерекең құтты болсын егемен ел,

          Терезең барлық елмен тең ерен ел.

          Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

         Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

         Бостандық құтты болсын ерікті ел,

         Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

         Бостандықты аңсаған батырлардың

         Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Ербол: Ел болдық егеменді, теңдік алып,

        Бар әлем қазақ елін болды танып

        Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

        Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

        Ел болдық ерік алдық астаналы

        Енді кімнен қазағым жасқанады?                                                                           

        Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

        Нұрсұлтанның атымен басталады.

        Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

        Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

        Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

        Көркейген елім менің – Қазақстан!

Қорытынды: Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын  қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді  сезінейік .

“Сен де бір кірпіш  дүниеге,

 Кетігін тап та бар қалан!”-  деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Тәуелсіз елім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 131 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.02.2016 1247
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сулейменова Жулдыз Файзуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4503
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой