Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында ҚР тәуелсіздігіне арналған іс-шара сценарийсы

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында ҚР тәуелсіздігіне арналған іс-шара сценарийсы

Скачать материал

Тақырыбы: «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»


 
Мақсаты : 
 
Оқушыларда Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 
 Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
 Балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. 
Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд
.  
2. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. 

1 - жүргізуші:

 Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

2-жүгізуші:

 Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 
Тәлімгер:

Мектеп тыныштық сақта!

Сап түзе!

Тәк түр!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жиынға еңгізуге дайындал!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні шырқалады.

ГИМН

1-жүргізуші: 
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 24 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. 
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2-жүгізуші:
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
1-жүргізуші:

 1986 жылы желтоқсанда отты оқыға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар аланға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намесе құдыретін әлемге паш етті.

Слайд:

1991 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікдігі жарияланды.

1992 жыл 4-маусымда мемлекеттік рәміздер қабылданды.

1993 жыл Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 15-қарашада айналымға енгізілді.

1995 жыл 30 – тамызда Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.

 

Тәлімгер: Жас Ұлан жастар мен жасөспірімдер ұйымының туын алып шығуға дайындал!

Тү жиынға енгізілсін!

Ендегі кезек осы оқушыларға Жас Ұлан жастармен жасөспірімдер ұйымының галстугімен белгісін тағу расіміне. Бұл рәсімді бастап беру ушін мектебіміз директоры Джуманова З.Т. қызын ортаға шақырамыз.

Қазыр оқушылар Қазақстан Республикасы Бірыңғай Жас Ұлан Жастармен Жасөспірімдер Ұйымына Ұйымына қабылдану үшын көзек-кезегімен ант етеді.

Тәлімгер:

Жас Ұлан жастар мен жасөспіріндер ұйымының туын алып шығылсын!

Мектеп тыныштық сақта!

Сап түзе!

Тәк түр!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы жиыннан алып шығуға дайындал!

Мемлекеттік ту жиыннан шығарылсын!

2 - жүргізуші: 
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.

 

1 - жүргізуші: 
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой - қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық 

Ән: «Домбыра» Дехконова Мафтуна

 

 

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік, тәуелсіздік-жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын-ұраным.

Тәуелсіздік-өзінді еркін сезіну,

Салт-дәстүрім-қолдан түспес құралым,

Тәуелсіздік!

1-жүргізуші:

Не деп оны тұсіндік?

Тәуелсіздік-ар-ожданың кісілік.

Адамға адам жолдас, бауыр, туыс боп,

Ел-жұртыңңың алма кұның түсіріп.

Би: «Хоразимча -Узумсан»

2 - жүргізуші: 

Қандай дүние жетеді балауына,

Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңда.

Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып

Қазақстан елтаңбасы, жалауы да.

1-жүргізуші:

Тәуелсізбен, егемінмін, азатпын,

Туды міне, ел аңсаған азат күн!

Елдің туын биік ұстар әрқашан

Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

Ән: «Түлпарым». Эргешбаев Уткир

 

 

 

2-жүргізуші:

Қазақстан келешегім мекені

Дарқан далам-сенсің менің қуатым.

Ата-бабам сақтаған жез қанатым

Салт-дәстур, тіліміз бен дініміз

Бола бермек мәңгі менің жалауым!

Би: «Би-пыл»

1-жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындық.

Кеуденде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,

Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның!

Енді құттықтау сөз кезегі мектеп-интернаты директоры Джуманова Зухра Тураббайқызына үсынамыз.

2 - жүргізуші: 
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Атамекен.

Еліміз көктей берсін, еліміздың

Іргетасы  нығая берсін, елімізде күнде осындай той болсын деген ниетпен тәуелсіздік күніне орай откізілген мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желтоқсан көтерілісі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Желтоқсан көтерілісі — 1986 жылы 17 — 19 желтоқсан аралығындаАлматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық іс-қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады. [1]

Мазмұны

  [жасыру

·         1Себептері

·         2Көтеріліс хронологиясы

·         3Куәгерлердің естеліктері

·         4Тарихи маңызы

·         5Желтоқсан көтерілісі туралы

o    5.1Әдеби шығармалар

·         6Дереккөздер

·         7Сыртқы сілтемелер

·         8Тағы қараңыз

Себептері

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/b/b0/Jeltoqsan.jpg/300px-Jeltoqsan.jpg

Желтоқсан оқиғаларына арналған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г.В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

 

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы.” (құрастырылған Т.Өтегенов, Т.Зейнәбілов), “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы — ел намысы” жинақтары, К.Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т.Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” (бас редакторы Х.Қожа-Ахмет) газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т.Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді. [2]

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

Көтеріліс хронологиясы

Солдан оңға қарай: Түгелбай Тәшенов, Жамбылбек Тайджумаев, Қайрат Рысқұлбеков, Қайыргелді Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c1/Zheltoksan_Monument.jpg/200px-Zheltoksan_Monument.jpg

Алматы қаласында орналасқан 1986 жылғы желтоқсан көтерілісін еске алу монументі.

17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағыЛ.И.Брежневатындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын — 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8,5 мың адам ұсталған). Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е.Сыпатаев, С.Мұхаметжанова, К.Молданазарова, Қ.Рысқұлбеков, М.Әбдіқұлов, Л.Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

Желтоқсанның 19 — 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған,Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т.б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

 

 

 

 

 

 

 

 


2 - жүргізуші: 
Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Қайрат атты атым бар,он сегізде жасым бар...
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!....

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,
Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....

Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....


Ән


2 - жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директорына беріледі. 
1 - жүргізуші: 
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп, 
Тыңдаймын тыным алмай, жанып – күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып, 
Жандырған ой - қиялды қалың күйік 
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға 
Тербеліп ырғағына тамылжиық 

«Балбырауын» күйі. Орындайтын: оқушылар
Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қамажай биі» 

1 - жүргізуші: 
Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.

Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;

Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!

2 - жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

«Тұмар» дуэтінің орындауында ән «Алға, Қазақ, жігіттері» «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 

Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 9 - сынып оқушысы

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың, 
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 - жүргізуші: 
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты «Шаттық» биі. Орындайтын 9 - сынып оқушылары

2 - жүргізуші: 
Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 
Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 7 - сынып оқушысы (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша) 

2 - жүргізуші: 
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 23 жылдығына арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

 

 

6 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН 
«ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАНЫМ» ЕРТЕҢГІЛІК СЦЕНАРИІ

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған 
«Тәуелсіз елім - Қазақстаным» ертеңгілік сценариі 

Мақсаты : 
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру. 
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. 
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. 
Көрнекілігі: 
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар. 
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар. 
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған. 

Тәрбиеші сөзі: 
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің тобымыздың"Тәуелсіз елім – Қазақстаным” атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!! 
«Күншуақ» тобы мен «Балауса» топтарының ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер. 
Балалар ән ырғағымен залға кіреді. 
Әнұран айтылады. 
Сәлемдесу рәсімі 

Тәрбиеші сөзі: 
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан – далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң. 
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі. 

-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін. 
Тәрбиеші сөзі: 
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар. 

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. 
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке. 

- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы. 
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды. 
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем, 
Қайрат аға рухыңа мен иілем. 
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам, 
Әділ жанның қазасына күйінем. 
Қазір сіздердің назарларыңызға желтоқсан оқиғасында әділдік үшін күрескендердің бірі – Қайрат Рысқұлбеков, ендеше Қайрат жайындағы көріністен үзінді тамашалаңыздар. 

КӨРІНІС 

Тәрбиеші сөзі: 

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. 
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 
Бас алаңда ел жосқан, 
Жастар қаны жуған түн. 
16 желтоқсан- 
Тәуелсіздік туған күн! 

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз. 
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар. 

-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады) 

Тәрбиеші сөзі: 
-Енді бір ойын ойнап жіберейік. 
Ойын: «Күш сынасу» 

Тәрбиеші: біздің балаларымыз «қара жорға» биін билеп берсін. 
Би: «Қара жорға» 

Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру 

«Болса екен қазақ баласы» 
Ертеңі өсіп елімнің 
Сабырлысы болса екен 
Ар-ұятты айбатты 
Азулысы болса екен 
Батыл, берік орнықты 
Байсалдысы болса екен 
Алғыр, зерек, мейрімді 
Ақылдысы болса екен 
Тапқыр, шешен талапты 
Өнерлісі болса екен 
Ойшыл, өткір, дарынды 
Білімдісі болса екен 
Сергек, іскер, сезімтал 
Саналысы болса екен 
Парасатты намысты 
Отаншылы болса екен 
Болса екен қазақ баласы 
Ел ішінде өсетін 
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» – десетін 
Ізгіліккке леп едім 
Жақсылыққа сеп едім 
Тәуелсіз елдің ертеңін 
Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман – есен өсе берсін. 
Олай болса балалар, «Отан» әнін бірге тамашалайық 
Ән: «Отан» 
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен, әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін! 

Тақпақтар 

Қайраттай қайсар ұлдардың 
Жанымен келген еркіндік 
Жазира мен ляззаттың 
Арымен келген еркіндік 
Қасірет пен қайғының 
Бәрімен келген еркіндік 

Он алтыншы желтоқсан 
Ел мерейі тасыған 
Қазақ деген қалың жұрт 
Бәрін кешті басынан 

Әр қазақтың есінде сақталады 
Желтоқсандық өрендер ақталады 
Ел намысын қорғаған сарбаздарым 
Ерліктерін мәңгілік сақталады. 

Он алтыншы желтоқсан 
Тәуелсіздік алған күн 
Ерекше боп мәңгілік 
Ел жадында қалған күн 

Көк аспанда тулардың 
Желбіреген күні - бұл, 
Елім деген ұлдардың 
Елжіреген күні - бұл. 

Елдігімнің – реңі, 
Тендігімнің – тірегі 
Мүддесінен халықтың 
Ажырамас бір елі. 
Алтын заңым – арай таным! 

Әділеттің ұраны, 
Ақиқаттың шырағы. 
Тыныштықтың туы боп, 
Зор салтанат құрады. 

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын. 

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық 
Басқалармен терезесі тең болдық 
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай 
Отан үшін болуға да құрбандық 

Дүбірлетсін өңірді 
Дүбірлесін дүлділі. 
Қазақ деген елімнің 
Құтты болсын бұл - күні!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» тақырыбында ҚР тәуелсіздігіне арналған іс-шара сценарийсы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Эксперт по оценке имущества

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 491 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2016 2299
    • DOCX 77.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джуманова Окила Захиджановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джуманова Окила Захиджановна
    Джуманова Окила Захиджановна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6555
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стратегии карьерного роста и развития

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе