Инфоурок Другое Рабочие программыТәуелсіздікке тағзым 7 сынып

Тәуелсіздікке тағзым 7 сынып

Скачать материал

Тақырыбы: "Тәуелсіздікке тағзым"

Тәуелсіздікке 25 жыл сценарий:

Мақсаты: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы туралы түсінігін қалыптастыру,

 тәуелсіздіктің маңызын түсіндіру;

Дамытушылығы: Атаң заң, егемендік, елдің бірлігі мен келешегі туралы түсініктер қалыптастыру;

Тәрбиелігі:  Оқушыларға тәуелсіздікті қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Қанатты сөздер, бейне – ролик, суреттер, шарлар


1-жүргізуші: 
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 
2-жүргізуші: 
Бүгінгі тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тағзым» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! 

1-жүргізуші: 
Бабадан қалып жеткен көрегендік, 
Еркіндік жастығында өлең өрдік. 
Арқалап аманатын келіп жеткен, 
25 жыл! Құтты болсын егемендік! 
2-жүргізуші: 
Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын! 

1-жүргізуші: 
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. 

 

2- Жүргізуші: 
Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Атаң заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл! 

 

1-жүргізуші: 
Ендеше, қарсы алыңыздар! Сахнада өзінің тамаша әнімен _________________
2-жүргізуші: 
«Ән көңілдің ажары» демекші, қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. 25 жыл ішіндегі еліміздің жеткен жетістіктері тізбектелген бейне-роликке назар аударыңыздар! (2-4 минуттық слайд немесе бейне-ролик) 

1-жүргізуші: 
Керемет! 25 жыл ішінде қаншама жетістікке жеттік, көптеген қиындықтарды бастан кештік. Бұл біздің ортақ жеңісіміз. 
2- жүргізуші: 
Осы бір бейне-роликтен кейін рухтанып алсақ қайтеді?! 

1-жүргізуші: 
Бабалардан қалған мынау оң мұра, 
Отырайын ал тізеге қондыра. 
Қос ішегі сөйлесінші қазақтың, 
Шанағынан күй төгіле домбыра. 
Күй «_______________», орындайтын: ____________________ 
2-жүргізуші: 
Пай, пай, пай! 
Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер, 
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер, 
Сарылып сал-сері кеткен жер. 
Бас иіп, иіскеп топырағын 
Тағзым жасамай өтпеңдер – деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің ақындарына берсек. Шабыттарына от тиіп, жалын түссін. (ақындар тәуелсіздікке арнап айтысқалы келіп отыр екен, ендеше ортаға шақырайық) 

1-жүргізуші: 
Шабыттарыңыз шарықтай берсін, ақындар! Ал құрметті ұстаздар, оқушылар
айтысқа сусындап алған болсаңыздар, ортаға мың бұралған бишілерді шақыруға рұқсат етіңіздер. 
(Ортаға шығып қыздар би билейді, билеп жүріп шашу шашады сол кезде жүргізуші сөйлейді.) 
2-жүргізуші: 
Шашу! Шашу! Ағайын! Бұл еркіндіктің, тәуелсіз елдің шашуы. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын! 

1-жүргізуші: 
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Енді біз мықтыларды анықтаймыз. Жан-жақтарыңызда ілініп тұрған әрбір қабырға қағаздарындағы суретке баға беріңіздер. Суреттің мәні, салыну шеберлігін ұстаздар қауымы қадағалап баға берсе дейміз. Ең бастысы тәуелсіздікті бейнелейтін сурет болуы керек. 
2-жүргізуші: 
Сонымен, кім жеңімпаз. Ұстаздар қабырға газетін көрсетіп жеңімпазды анықтаса. Бәрекелді, ендеше бүгінгі жеңімпаз __________________________ (жеңімпаз
дың аты аталады және жеңімпазға сыйлықтарын табыстайды) 

1-жүргізуші: 
Ортада
7 «а» сыныптың орындауында бір әсем ән болсын. Хор «Қазақстан».

2-жүргізуші: 
Құрметті мектеп ұжымы, ұстаздар, қонақтар және де оқушылар. Бүгінгі «Тәулесіздікке тағзым» атты әдеби-сазды кешіміз мәресіне жетті. 
1-жүргізуші: 
Елдің ертеңі жарық болсын! Келесі кездескенше аман болыңыздар! 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәуелсіздікке тағзым 7 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 158 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2017 727
    • DOCX 98.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қабдолқызы Бақтыгүл Қабдолқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16272
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой