Инфоурок География Рабочие программыУрок по географии на тему табигат зоналары

Урок по географии на тему табигат зоналары

Скачать материал

 

Тақырыбы: Өзендері мен көлдері. Табиғат зоналары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оңтүстік Америка ішкі суларының ерекшеліктерін, Атлант және Тынық мұхиттар алаптары өзендерінің ерекшеліктерін көрсету, өзен сипаты мен көлдер торын анықтау. Солтүстік Американың табиғат зоналар туралы білімді беру, олардың таралу заңдылықтары мен ерекшеліктерін анықтау және сипаттау, материктің табиғат зоналарына талдау жасау.

Дамытушылық мақсаты – Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Оңтүстік Американың физикалық картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)

ІVкезең –  білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

V кезең – үй тапсырманы беру  (3 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (3 мин)

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

ІІ

Үй тапсырмасын тексеру үшін дәптерлер мен кескін карталарын тексереді және оқушылардан үйге берген терминдердің анықтамаларын сұрайды: Торнадо, шаңды дауылдар, ураган дегеніміз не?

Сосын балалардан сөзжұмбақтарды жинап алып, тексеріп, және оларды ауыстырып, жауап беріңдер деп балаларға қайта таратып береді.

 

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп, үйде орындаған тапсырмаларды көрсетеді.

Сосын терминдерге анықтама береді:

Торнадо – жылдамдығы сағатына 800 км-ге жететін және кенеттен пайда болатын мен құйын тәрізді қозғалатын дауыл.

Шаңды дауылдар –  шаңмен бірге жүретінкүшті желдер.

Ураган – Атлант мұхиты жағалауындағы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті апатты дауылдар. 

Одан кейін сөзжұмбақтарға жауап береді. 

ІІІ

Жаңа материалды оқытуда әңгімелесу әдісі арқылы жүргізеді.

1. Оңтүстік Американы қандай мұхиттар шайып жатыр?

2. Материктің қандай ірі өзендерін білесіңдер?

Оңтүстік Америка материгін молы сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай екенін, алаптар жайында айтып береді.

Атлант мұхитына құятын өзендердің ерекше басым болатынын, Атлант мұхитына құятын өзендер ағынынан 12 есе асып түсетінін оқушыларға айтып береді. Анд тауларындағы ішкі тұйық ағын алабы шамалы ғана ауданды қамтиды. Өзендердің су жинау ерекшеліктері мен маусымдық құбылыстарға байланыстылығын білу үшін оқушыларға атластағы және  оқулықтағы климаттық карталар бойынша жауын-шашын мөлшері мен олардың өзендерінің су жинау алаптарында қандай маусымда жауатынын анықтау қажет.

Мұғалім үндістер тілінен аударғанда «Парана» - теңіздің анасы, «Ориноко» - өзен деген мағыналарды білдіретінін айтады.

Гвиана таулы үстірттіндегі Ориноко өзеніне келіп құятын Чурун өзенінің тармағы Карониде д.ж. ең биік сарқырама Анхель (биіктігі 1054м), ал Парананың саласында д.ж.тағы бір ірі сарқырама Игуасу (80м) бар. Оңтүстік Америка өзендері су энергиясының қорына өте бай. Амазонка өзеніне толығырақ сипаттама беру керек.

Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия жерінен аз ғана кем екенін айтқан жөн, оның 5 млн.км2-ден астамын Амазонка ойпаты алып жатқанын айтады. Амазонка өзенінің су жинау алабына Амазонка ойпатынан басқа, Анд тауларының шығыс беткейі, Гвиана таулы үстіртінің оңтүстік беткейлері және Бразилия таулы үстіртінің солтүстігі мен орталығы жатады. Өзеннің негізгі ағысы экватор және 50 о.е. аралығында жатыр, онда жылына 1500-3000 мм жауын-шашын жауады. Амазонканың ең ірі салалары – Мадейра мен Риу-Негру. Амазонканың суы сарғыш және үнемі майлы келеді. Мұхитқа құйған тұсында өзен суы сағадан 300 км ұзағанға дейін сарғайып көрінеді. Өзен бір жыл ішінде мұхитқа 1 млрд тонна шамасында тұнба жыныстар алып келеді. Мұхитқа құяр жерде өзен арнасы ұлан-байтақ атырауға айналып қалады.

Мұнан кейін мұғалім Оңтүстік Америкада көлдердің аз екенін айтады. Солтүстікте бөлініп қалған тұйық көлдер Анд тауларының оңтүстігінде мұз бен жанартаулардан пайда болған шаығн көлдер бар. Материкте тектоникалық жолмен пайда болған аса ірі көл – Титикака (үндістер тілінен аударғанда «қорғасынды немесе қалайлы тау» деген сөз) орналасқан. Көл ағынды болғандықтан суы тұщы келеді. Титикака көлінің түбінде қалған қазына жөніндегі инктердің аңызы бар. Инктердің бір аңызы бойынша қазынаны испан конкистадорларының қолына түсірмеу үшін үндістер барлық алтынды жинап алып, орасан зор шынжыр құйған да, өздері түбі жоқ деп есептеген көлге тастаған. Жак Ив Кусто бастаған техника жағынан жақсы жабдықталған француз экспедициясы екі шағын қайықпен сегіз апта бойы іздеп, Титикака көлінің ешқандай да құпиясы жоқ екенін анықтады. Экспедиция «түпсіз» көлдің тереңдігі 320м екенін дәлелдеді.

Сосын айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан оқушыларға көрсетеді.

Сосын материктің табиғат зоналары туралы айтқанда мұғалім оқушыларға өз беттерінше меңгеріңдер деген тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. 

 

 

 

 

 

Оқушылар жауын-шашынның Амазонка өзені ағып өтетін экваторлық бөлігінде ғана мол жауып қоймай, сонымен қатар өзеннің бүкіл өн бойында да жыл бойы жауатынын айтып көрсетеді. Парана мен Ориноко өзендерінің алаптары үшін жауын-шашын ең көп жауатын мезгілі жаз екенін айтады

Өзендердің су жинау жолдарын анықтау үшін, оқушылар климаттық карталар бойынша шілде(қысқы) изотермаларының барысын тексереді. Өйткені өзендер жаңбырдан жеткілікті су жинайды, ал қар мен мұздық суы тек сол, қар сызығынан жоғары жатқан тау өзендерін ғана сумен қамтамасыз ететін қиыр оңтүстікке ғана тән келеді. Оқушылар физикалық картадан өзендер орта және төменгі ағыстарында ойпат арқылы ағатынын көреді. Бұл тұстарда өзен ағыстары баяу, құламасы шамалы, болып келеді. Жоғарғы ағысында өзендер таулар мен таулы үстірттерді жарып өтіп, терең шатқалдар жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV

Сабақты бекіту кезеңінде мұғалім оқушыларды табиғат зоналардың санына қарай бөледі. Әрбір топтыңесеп беру жоспары:

1. Зонаның атауын айту және оны анықтау.

2. Оның шекарасын картадан көрсету.

3. Берілген табиғат зонаны сипаттау.

Топтың басшысы оқушыларды келесі атауларға бөлу:

1. Басшы (берілген табиғат зонаның атауын айту, оны  картада көрсету).

2. (берілген табиғат зонаның климатын сипаттау).

3. Топырақтанушы

4. Зоолог (жануарлар дүниесін сипаттау).

5. Ботаник (өсімдік жамылғысын сипаттау)

Сабақты бекіту кезеңінде оқушылар айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан тауып іздейді.

Сосын оқушылар материктің табиғат зоналардың санына қарай бөлініп, өздерінің табиғат зоналары тақырыпаларын өз беттерінше меңгереді. Топ мүшелерін сайлайды: топ басшысы, климатолог,  топырақтанушы, зоолог, ботаник. Соңында әрбір топ қарастырылған тақырыптық сұрақтар бойынша есеп береді.

V

Үй жұмысы:

1. §40, 41-42 оқып, мазмұнын айту.

2. Кескін картаға материктің өзендері мен көлдерін, табиғат зоналарын түсіру.

3. Гилея, пампа, кебрачо, кампос, льянос, гаруан сөздеріне анықтама жазыңдар.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктерін береді.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды. Мұғаліммен қоштасады.

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по географии на тему табигат зоналары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 172 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.10.2015 621
    • DOCX 20.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Габдуллина Гульшехизада Сапаргалиева. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31713
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 431 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения географии для детей с ОВЗ с использованием туристических приемов

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по географии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 442 человека

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов