Инфоурок Технология Другие методич. материалыУрок по технологии на тему "Өнерлі болсаң озып көр" 5- 7 класс

Урок по технологии на тему "Өнерлі болсаң озып көр" 5- 7 класс

Скачать материал

Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін №16 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:     

Өнерлі болсаң озып көр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  Пән мұғалімі:   Серікқызы Алтынай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:                                                             Пәні:

Сабақтың  тақырыбы:   Өнерлі болсаң озып көр

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың технология  пәнінен алған білімдерін іс - тәжрибемен ұштастыра және толық мұғлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Білімділік мақсаты: Білім деңгейін көрсету, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту,
ұлттық мақтанышын, сезімін ояту.
Тәрбиелік мақсаты: Өз елін, халқын, Отанын сүюге, құрметтеуге, шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: көрме, слайд.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі сайыс сабақ.

Әдісі: Сұрақ – жауап. Ойландыру.

Барысы:

Талай ақын  жырға қосқан  әу бастан,

Ару- ай, күн, жұлдызайын  нұр шашқан.

Сұлулықтың  арнасаң да барлығын,

Ару деген  таусылмайтын ән – дастан.

- Армысыздар, құрметті  ұстаздар мен оқушылар!  Біздің сайыс сабағымыздың да мақсаты тіл ұстартып, ой ұштауға жаттықтыруға, тапқырлыққа, іскерлікке тәрбиелейміз. Құрметті ұстаздар,  «Өнерлі болсаң, озып көр» атты сайыс сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше сайысқа қатысып, кешімізге нәр беретін топтарымызды ортаға шақырайық.
1 - топ: 6 «А» - сынып қыз балаларынан құралған  «Қызғалдақ» тобы
2 - топ: 6 «В» - сынып қыз балаларынан құралған  «Гүлдер» тобы
            Білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазы алқасымен таныстырып өтейін.

            Сайыс шарттарымен таныстырып өтетін болсам:
1. «Сәлемдесу» (өз топтарын таныстыру, эмблема қорғау).
2. «Сұрақ - жауап»
3.  Әкелген  тағамдарын  қорғау.

4. «Өз өнері»
5. Ою ойып  көрсету және жапсыру. Түсініктеме  беру.
6   Шаш үлгісін көрсету.
7.  Жұмбақ жасыру.
8. Қорытындылап жеңген  команданы   мараптаттау.

  І. «Сәлем сөздің атасы» - таныстыру.

         Арулар келіп жетер  ортамызға,

Бойындағы  бар өнерді  дарытуға.

Сәттілік серігі боп  шықсын кәне,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.

-          сайыскерлерге  ақ жол  тілей отырып, алғашқы таныстыру бөлімін  бастаймыз.

ІІ. Технология  пәніне  байланысты сұрақтар  қойылады. Сайыскерлердің  ой- ұшқырлығы, бірлігі  бағаланады.

  1. Қазақтың дәстүрлі сүт тағамдары (айран,  шұбат,  қымыз, көже, уыз, құрт)
  2. Жіп иіру құралы (Ұршық)
  3. Тігін машинасының  атасы кім? (Элиос Хоу)
  4. Жеті атаны ата (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, туажат, немене)
  5. Көкеністі күрделі турау әдісі (Әшекейлеп, сәндеп.)
  6. Ою қанша түрге бөлінеді? (Жан – жануарлар, аспан әлемі,  жер – су әлемі, геометриялық,  өсімдік тектес оюлар)
  7. Киім тігетін машинаны ХV-  ғасырдың соңында  кім ұсынды? (Леонардо до Винчи)
  8. Шайдың отаны (Қытай, Үндістан)
  9. Киіз үйдің  бөліктерін ата? (Уық, шаңырақ, кереге, есік т.б.)
  10. Дәмді ас пісіретін  маман? (Аспаз)
  11. Піскен сүттің беті (қаймақ)
  12. Жаңа туылған малдың сүті (уыз)
  13. Іс  тіккен  кезде  саусаққа  киетін  темір қалпақ (Оймақ)
  14. Жеті түрлі  дәмнен  сүт қосылып жасалатын тағам (Наурыз көже)
  15. Ұзатылатын  қыз киетін  аса қымбат бағалы, кәделі  әсем баскиім (Сәукеле)
  16. Тіл көзден  сақтайтын  бұйым (Тұмар)

ІІІ. «Дәм думан»  Тағам сырын  түсінем,

                               Тәтті  тағам пісірем.

                               Бәрі қуат  алады,

                               Дәмді  асымның күшінен.

Сайыскерлер үйден дайындап келген  тағамдарын  әділ қазыларға жарнамалайды.

-          Бүгінгі сайыскерлердің  өз қолдарынан  шыққан  тағамдары тіл  үйірген шығар. Шабыттарына шабыт қосып өз бағаларын берейік.

ІV. «Өнер - өрге жетелейді»  өнер сайысы.

Армысың , ауылымның асылдары,

Жайнасын  көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары

Ал кімнің  өнері бар қаншалықты,

Би билеп , ал біреуі  ән салыпты.

 Бүгінгі сайыстарда  бәйге алуға

Барлығы аянбай – ақ жар салыпты.

-          Ал енді  аруларымыздың  тамаша өнерлеріне  куә болайық.

V. Ою ойып көрсету.

VI. Шаш үлгісін көрсету.

VII. Жұмбақ жасыру.

  1. Қолы бар, Саусағы жоқ.
    Мойны бар, Басы жоқ.
    (көйлек)
  2. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні  (Киім)
  3. Жарқылдаған жас қылыш, 

Қолға тисе жоқ тыныш          (қайшы)

      4.  Бес ін,  бес іннің аузы бір ін    (Қолғап)

      5    Үйінде несі бар адамның,

            Үсті басы ұқыпты болады       (Ине - жібі)

      6. Сүңгіл батыр – бұл мықты,

           Бүтіндейді жыртықты.               (Ине)

7.   Кесе - кесе мұқалды,
Жони - жони жұқарды.                 (Пышақ)
6. Мыжғылаймын - жаны жоқ.
Кескілеймін - қаны жоқ.                (Қамыр)


   Құрметті  қатысушылар енді жалпы ұпай санын есептеп жарыста жеңген жеңімпаз топты марапаттау үшін әділқазыларға сөз береміз.
Сіздер біздің шебер іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар. Өнер құдіретті күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады. Талант пен өнер атауларының көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарымыз талмай, дарындылық қасиеттеріңіз арта берсін.


 

 

       Бір пән бар  оның аты  ЕҢБЕК деген,

       Адам адам болыпты  еңбекпенен.

       Еңбекпенен  гүлденіп ауыл маңы,

       Еңбекпенен  өзгерген  дала заңы дей келе еңбек сабағына арналған сайыс сабағымызды аяқтаймыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по технологии на тему "Өнерлі болсаң озып көр" 5- 7 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по волейболу

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 364 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2016 429
    • DOCX 42.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серікқызы Алтынай Серікқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Серікқызы Алтынай Серікқызы
    Серікқызы Алтынай Серікқызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6175
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 097 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 998 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 590 человек

Мини-курс

Самоконтроль и организация отдыха

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Визуальные искусства: анимация и фотография

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов