Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок "Өз құқыңды біл-Жас Ұлан" 9-класс

Урок "Өз құқыңды біл-Жас Ұлан" 9-класс


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_4332d280.gifhello_html_m34476c56.gifhello_html_m58ce1a18.gifhello_html_67270a33.gifБҚО Казтоловка ауданы

Сатыбалды негізгі жалпы бәләм беретін мектебі

Тлепбергенова Амина

Музыка пәнінің мұғалімі

Ашық сынып сағаты тақырыбы: Өз құқыңды біл – Жас Ұлан

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып,заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, алдына мақсат қоя білуге баулу,адамгершілікке,елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту қабілеттерін шындау,сөздік қорларын молайту, адам және азаматтардың құқықтары, ерік бостандықтары туралы білімдерін кеңейту.

Тәрбиелік: Жеке тұлғаны дамыту, талдау, салыстыра білу қабілетін дамыту туралы оқушылармен өзара пікірталас жүргізу, өз ойларын ашық айтқызу арқылы қарым-қатынас жасау.

Түрі: іскерлік ойын

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ -жауап, түсіндіру

Көрнекілігі: Слайд, СТО элементтері, қанатты сөздер

Өту барысы:

1.Ұйымдастыру (Топ аты,өмірлік ұстанымы )

Психологиялық дайындық (триненгтер ұйымдастыру)

2.Негізгі бөлім .Кіріспе сөз

Құрметті оқушылар және ұстаздар!Мемлекет дегеніміз- белгілі бір территориясы,шекарасы,рәміздері,ұлты бар жалпы халықтың ірі ұйымы десек сол халық ұлттық төл конституциясына 20жыл толғалы отыр.Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының БҰҰ 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылдаған.Осы декларация қабылданғалы жыл сайын 10-желтоқсанда « Адам құқықтарының күні» аталып өтілуде Адам және азаматтардың құқықтары, ерік, бостандықтары терең құрастырылған құжат бұл өзіміз жие айтатын 1787 жылы қабылданған АҚШ конституциясы .Мемлекетіміздің ата-заңының бірінші бабында «Қазақстан -Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлуметтік мемлекет ретінде орнықтырды.Онығ ең басты қазынасы адам және адамның өмірі,құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген.Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.Заңды атамай,тура жолмен жүріп,еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына .жетеді.

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын оқушыларды 2 топқа бөліп топтық тапсырмалар орындаймыз.

1- топ: «Жас Ұлан »

2-топ: «Жас қыран »

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

І-бөлім: Таныстыру /Топ аты,өмірлік ұстанымы,./

ІІ-бөлім: Тікелей сұрақ /Әр топқа 10-сұрақтан./

ІІІ-бөлім: Құқық дегеніміз не? (класстер құру)

ІV-бөлім: «Адам құқығы дегеніміз не? » (ҚР-ның конституциясынан алынған азаматтардың негізгі құқықтары туралы баптарға тоқталу )

Ой жалғау /Сөздің жалғасын табу./

V-бөлім: Білімді тиянақтау /Сәйкестендіру кестесі.

VI-бөлім: Қорытынды /сауалнама сұрақ- жауап /

Психологиялық дайындық (триненгтер ұйымдастыру)

1- топ: «Жас Ұлан »

2-топ: «Жас қыран »

І-бөлім: Таныстыру /Топ аты,өмірлік ұстанымы,./

ІІ-бөлім: Тікелей сұрақ /Әр топқа 10-сұрақтан./

1- топ: «Жас Ұлан »

1.Конституциясөзінің аудармасы қалай? ( Құрылым,өкілім)

2.ҚР-мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы. (халық )

3.Республика заңдары қай кезде күшіне енеді. (Президент қол қойғаннан кейін)

4.Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция неше рет қабылданды?( Екі рет:1993 жылы 28 қаңтар,1995 жылы 30 тамыз.)

5.ҚР жоғарғы заң шығарушы органды ата? (Парламент)

6. «Қасым ханның қасқа жолы» қанша тараудан тұрады? (Бес тараудан)

7.ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық,зайырлы, құқықтық әлеуметтік.)

8.Құқық дегеніміз не? ( Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын,жалпыға бірдей нормалар жүйесі)

9.ҚР Конституция бөлімнен және қанша баптан тұрады?( 9 бөлім,98 бап)

10.17 желтоқсан қандай күн? (Демократиялық Жаңару күні)

2-топ: «Жас қыран » тобының сұрақтары:

1.Еліміздегі мемлекеттік тіл? (қазақ)

2.ҚР «Бала құқықтары туралы заң » қай жылы күшіне енді? (2002 жылы 8 тамыз.)

3.ҚР төл теңгесі қашан қолданысқа енді?( 1993 жылы 15 қараша)

4.ДЖ-гі тұңғыш Конституция қашан қабылданды? (АҚШ 1787 жылы )

5.Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы қашан қабылданды? (1948 жылы 1 желтоқсан. )

6.ҚР «Мемлекет нышандары туралы» заңы қай жылы қабылданды? (1992 жылы 4 маусым)

7. ҚР « Бала құқықтары» туралы заң неше тараудан тұрады? (10 тарау ,53 бап)

8. «Жеті жарғыны » қабылдаған қазақ ханы?(тәуке )

9. «Бала құқықтары туралы конвенция» қашан қабылданды? 1989 жылы 20-шы қарашада БҰҰ-ның бас Ассамблиясы қабылдады.

10.ҚР және әнұран қашан қабылданды? (2006 жылы 6 қаңтарда )



ІІІ-бөлім: Құқық дегеніміз не? (класстер құру)

Екі топ құқық сөзіне кластер құрады.

Құқық дегеніміз не?

Деклорация Адам құқығы

Баптан
Ата заң



ІV-бөлім: «Адам құқығы дегеніміз не? » (ҚР конституциясынан алынған азаматтардың негізгі құқықтары туралы баптарға тоқталу )

Ой жалғау /Сөздің жалғасын табу./

. 1- топ: «Жас Ұлан »

  1. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)
    2. Өш алғаннан гөрі ... (кешірген жөн)
    3. Ұрлық түбі ... (қорлық)
    4. Жазасын тартпайтын ... (жамандық жоқ)
    5. Тәрбие ... (отбасынан басталады)

  2. 2-топ: «Жас қыран »

  3. 1. Әділ істің...(арты игі)
    2. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)
    3. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)
    4. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді).

5 Тура биде... (туған жоқ)

V-бөлім: Білімді тиянақтау /Сәйкестендіру кестесі. Сауалнама /

Берілген сұрақтарға жауаптарын сәйкестендіріа сызба арқылы көрсету

Сұрақтары

Жауаптары

1/Семей полигоны қай жылы қабылданды?


1991 жылы 29 тамыз

2/ҚР БҰҰ қай жылы мүше болды

Ж.Мәлібекұлы,Шот-Аман Уалиханов

/Жаңа ән ұраныңыз «Менің Қазақстаным» қашан қабылданды?


1992 жылы 2 наурыз


4/Мемлекеттік тудың авторы?


2006 жылы 6 қаңтар

5/Мемлекеттік елтаңбаның авторы?


2002 жылы 8 тамыз

6/ҚР баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданды?


Ж.Ниязбеков

7.Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды?


1989жыл 20қараша

8 Ауыр қылмыс /адам өлтіргені үшін/ жасағандар неше жастанбастап жазаға тартылады?

14 жас

Оқушының міндеттері мен құқықтары

Мектеп оқушылары құқығы

Мектеп оқушылары міндеттері

1.Жеке басының бостандығы мен қадір қасиетін қорғау және сыйлауға.

2.Жеке басына қол сұқпауға хат жазысу құпиялығын сақтауға.

3.Өз пікірлерін еркін білдіруге, мұғалім мен басқа оқушылардың құқығы мен ар намысына нұқсан келтірмей кез келген ақпаратты іздеуге алуға және басқа біреуғе жеткізуге

4.Өз қызығушылығын мен мәдени ұйымдар құруға

5.Сыныптағы мектептегі барлық іс шараларға қатысуға

6. Бақылау жұмысының болатыны жөнінде алдың ала хабарлауға

7Өз үлгерімін мен тәртібін туралы әкімшіліктен, мұғалімнен өзін өзі басқару ұйымынан ақпарат алуға.

8.Өз білімімен білігіннің әділ бағалануына

9.Үзіліс демалыс кезінде демалуға

10.Қоңырау соғылғаннан кейін 15мин ішінде мұғаліа келмесе сабақтан кетуге құқылы

11.Мектеп ішінде денсаулығынды қадағалауға құқылы

1.Мкетептің ішкі тәртібін сақтауға

2. Педагоктар мен әкімшілік талаптарын орындауға.

3. Сыныпта тазалық сақтауға, мектеп мүлкіне ұқыпты қарауға егер бүлінсе қалпына келтіруге, немесе шығының өтеуге

4. Өзінен кішілерге қамқорлық көрметуге

5. Бір біріне сыйластықпен қарау

6. Сабаққа қажетті құралдардың болуы

7. Сабаққа 5мин бұрын ерте келуге

8.Кезекшілік міндеттерін ұқыпты орындауға

9.Сабақ кезінде тәртіп пен тыныштық сақтауға.



VI-бөлім: Қорытынды /сауалнама сұрақ- жауап / Біз бүгінгі «Өз құқынды біл Жас Ұлан » атты тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.
Бауыржан Момышұлы  атамыз«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп айтқандай  қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі іс-шарамызды  аяқтаймыз.

















Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров150
Номер материала ДВ-327586
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх