Инфоурок Другое КонспектыВнеклассное мероприятие на тему"Озық ойлы оқушы"

Внеклассное мероприятие на тему"Озық ойлы оқушы"

Скачать материал

 

 

Озық ойлы оқушы

Мақсаты:

1.Оқушылардың негізгі пәндерден алған білімін терендету, тапқырлыққа ізденімпаздыққа  жетелеу,ой-өрісін арттыру.

2.Оқушыларды  елін, жерін, онын дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу,  білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.

3.Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту.

Түрі:    сайыс сабақ

Көрнекілігі:     интерактивтік тақта,слайдтар

Сайыстың барысы:

   Армысыздар, құрметті  ұстаздар, қадірлі оқушылар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайыскерлер!4 сыныптар арасында өткелі отырған  «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Ал, ұстаздар, оқушылар!

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ сайысқа

Қол соғып қарсы алайық, - деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

1.Талғатұлы Тоқтар

2.Атшығали Ақнұр

3 .Айбекқызы Ажар

4.Ахмет Гүлмерей

5.Болатқызы Назерке

6.Жылқышы Нұрдәулет

Сайыс кезеңдері:

  1. Таныстыру

  2. Жүйрік болсаң, озып көр

  3. Ғажайып ұяшықтар

  4. Логикалық сұрақтар

  5. Тапқырлық

  6. Сыр сандық құпиясы

 

  Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

  Ренжімей тарасса, озбағандар жарады.

  Жарыс заңы ежелден женімпазды анықтау,

 Озат болу шарты сол- еңбектену жалықпау.

1-ші кезең бойынша оқушылар ортаға шығып өздерін таныстырады.

Сайысты  стикерлермен бағалаймыз.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың екінші кезеңі «Жүйрік болсаң, озып көр» кезеніне береміз.Бұл кезенде әр оқушыға5 сұрақ беріледі.Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпайдан беріледі. Берілген түрлі сұрақтардың шешіміне шапшаң жауап берген оқушылар ұпайға ие болады.

  1. Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны.
  2. Қыркүйек пен қаңтар арасындағы ай саны .
  3. 4  үстелдің аяғы нешеу?
  4. Сын есімнің сұрақтары?.

5.Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата ?

6.Кірпіге ұқсас өсімдік?.

1. Жазғы демалыстың соңғы айы?

      2.Бес тышқанның құлағы нешеу?

3.Түн ұйқысын төрт бөлген кім?

4.“Абай жолы ” роман-эпопеясының авторы кім?

5.      Сан  есімнің сұрақтары?

6.      Ауладағы тауықтардың он аяғы бар.

   аулада неше тауық жүр?

  1. Алғашқы мектеп ашқан ұлы ұстаз.
  2. Ұя салмайтын құс.
  3. Абайдың әкесінің аты кім?
  4. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  5. Айдын Айымбетов кім?
  6. Қорада 35 қозы, 65 лақ бар.

       Қорада барлығы неше төл бар?

  1. Басты байлық не?
  2. Қарылғаш әулие атанған кім?
  3. Терең сөзіне қарсы мәндес сөзді ата?
  4. Қазақ тілінде неше жалғау бар?
  5. Бір қойдың еті 2 сағат піссе, 2 қойдың еті қазанда қанша уақыт піседі?

6. Асан 10 жаста. Жанар 16 жаста. Асан Жанарға  қарағанда неше жас кіші?

    Осыдан сегіз жыл бұрын 20 жастағы жігіт

 қазір неше жаста?

2. Екі сабақтың арасындағы бос уақыт.

3. “Шөл кемесі” атанған жануар.

4. “Батыр” сөзіне жуық мәндес сөзді ата,

5. Жалпы есімдер қалай жазылады?

      6. Абайдың әжесі кім?

  1. Үйде балық ұстауға болатын су айдыны.

     2. Қыста су неге айналады?

    3.Бір сиырдың аяғы, құйрығы, мүйізін бірге санағанда

 барлығы нешеу?

   4 Қазақ тілінде неше септік бар?

   5. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім?

   6. Ата –ананың ең кіші баласы?

 Ғажайып ұяшықтар

 Келесі турды бастайық,

Ұяшықтарды ашайық

Асығыстық қылмаймыз

Ұпайларды жинаймыз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар

                                    Қиынырақ сұрақ болсын.

Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса,онда сұраққа екінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.Ол ойыншының да жауабы дұрыс болмаса, сұрақтың жауабын жүргізуші айтады.

Қазақ тілі

 10.Сөздердің мағынасын өзгертетін  қосымша

20.Кітабымның сөзіне дыбыстық талдау жаса.

30. «Қой аузынан шөп алмас» тіркесінің мағынасы ( жуас, момын)

Әдебиеттік оқу

10.»Сабырсыз, арсыз, еріншек» кімнің өлеңі?

20. Күлкіге, әзіл- сықаққа құрылған шығарма.

30. Асқар Дулатов «Аяулы Жақаң » әңгімесін кімге арнап  жазған?

Математика

10.1 жыл 3 айда неше күн бар?

20. Шаршының ауданы 49 см 2 оның периметрі нешеге тең?

30. Мотоциклші 120 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Ол қандай жылдамдықпен жүрді?

Дүниетану

10.Серпіледі, сығылады , жанады. Ол не? (ауа)

20. Көкжиек тұстарын қандай құралдармен анықтаймыз? (тұсбағдар)

30. Топырақ дегеніміз не?   

 

Логикалық сұрақтар

 

    

     1.Ыстық суда қандай стақан көбірек жарылып сынады.   Қалыңы ма, жұқасы ма?

2.1 тонна мақта ауыр ма, әлде 1 тонна темір ауыр ма?

3. Қаз неге судан құрғақ шығады?

4. Суға қолыңды қай кезде кесіп аласың?

5. Су астында қандай тас жоқ?

6. Ұшақ Атыраудан Қарабауға дейін 1сағат 10 минут ұшады, ал кері қарай 70 минут ұшады.  Бұл айырмашылықты қалай түсінуге болады?

 

Сыр сандық құпиясы

1.Бір зат әр оқушыға қажет. Тіпті,  мектепке әлі бармайтын  бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғарғы сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды  үйлеріне әрлі-берлі тасып әлек. Бұл не?

 2. Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп айта алмаймын.  Бірақ , кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп,  аналарына сатып алғызады. Ал жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу  үшін, ал кейде білмейтін бір нәрсені тауып алу үшін  қолданылады. Бұл не?

 3. Бұл  басы да жоқ, ұшы да жоқ, бір қызық әдемі фигура. Бұл фигура барлық жерлерде қолданылады: тұрмыста,  техникада т.б. салаларда . Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны тағы да  үлкен кемелерде кездестіруге болады. Онда  ол “құтқарушы” деп аталады. Бұл не?

Қорытынды: Осымен «Озық ойлы оқушы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

Марапаттау.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятие на тему"Озық ойлы оқушы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2016 708
    • DOCX 1.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шошакова Орынай Акимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шошакова Орынай Акимовна
    Шошакова Орынай Акимовна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9237
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой