Инфоурок Другое Другие методич. материалыВнеклассное мероприятия Тема: Туған жерім атамекен

Внеклассное мероприятия Тема: Туған жерім атамекен

Скачать материал

Келісемін                                                                           Бекітемін

Директордың тәрбие ісі                                                   Дарынды балаларға арналған       

жөніндегі орынбасары                                                     №81 «Astana English School»

_______Г.А.Абдығалиева                                                гимназия директоры:

                                                                                            __________ Г.Д.Садыкова

 

 

 

 

 

«Туған жерім -Атамекен»

 

 

 

 

 

                                                                       Дайындаған: М.В. Вакпаева

                                                            Сынып: 1 «Ә»

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана

2016 жыл

 

 

 

                                                       

Сабақ: Тәрбие сағаты

Мектеп.№81 «Astana English school» гимназия

Күні:7.12.2016

Мұғалімнің аты-жөні: М.В.Вакпаева

Сынып: 1 «Ә»

Қатысқандар;

Қатыспағандар:

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың атамекен, туған жерді қорғай білу, Отанын сүйе білу туралы түсініктерін кеңейту.

Күтілетін нәтижелер

1. Атамекенді қадірлей білу, адам өмірінде ата мекеннің алатын орны туралы мағлұмат бере алады;
2. Атамекенді ардақтау сезімдерін сезіне алады;
3. Туған жерін көркейтуге ат салысу, еліне адал қызмет етеді.

 

 

Тілдік мақсат

Оқушылар: - басқаларды тыңдап, диалогқа қатыса отыра «Отан» туралы және қазіргі айналасында болып жатқан жаңалықтар туралы айта алады. Тақырып бойынша сөздік қорын дамытады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология;

·         Атамекен

·         Отан

·         Астана

Алдыңғы оқу

«Отан» туралы өлеңдер біледі.

Жоспар

 

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар     ( төмендегі ескертпелерді өзіңіз жоспарлаған жаттығулармен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы

Құрметті оқушылар мен қонақтар. Атаулы мереке қарсаңында  өткелі отырған сынып сағатымызды бастайық.

Ребус шешу

 

Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы «Туған жерім -Атамекен»

Бейнебаян көрсету.

Өзіңсің, Қазақста,ән,арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қатер болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Гүл дала-Қазақстаным!

 

Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,

Сен барда басылмайды жез таңдайымда.

Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан

Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала-Қазақстаным.

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,

Түсінем өзендердің саз ағыстарын.

Қалай ақын болмайын, мен түгілі

Ұшады көгіңе жыр жаза құстарың.

Қырандар қанатында даңқы кеткен,

Дән дала- Қазақстаным!

-          Балалар сіздерге Күләш Ахметованың «Жан дала-жәннат дала» өлеңін оқып берді. Өлең жолдары не туралы?

-          Ақын өлең шумақтарында Қазақстанды елімізді қалай тебірене жырлаған?

-          Неге ұлан байтақ далам дейді?

«Арайлап атты жаңа күн,

Шуағын шашып баршаға

Қане досым күлімде,

Қуаныш  орнасын жер жүзінде» -деп жақсы көңілмен сабағымызды шаттық шеңбермен бастаймыз.

 1.Шахри:

Көк байрағын көтеріп 
Желбіреткен қазақпыз 
2.Т.Мансур:
Түбі бірге бауырды 
Елжіреткен қазақпыз 
3.Айдана:
Бостандықты сағынып  
Қолына алған қазақпыз  
4.Мансур:
Жұлдызымыз жарқырап 
Жолы болған қазақпыз

5.Аслима:

Жаса Қазақстаным, 
Жаса, менің ұлы елім!

6.Айлана:

  Атыңнан  айналайын егемен ел,               

 Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

7.Ануар:

  Мерейің құтты болсын Қазақстан

   Ғасырлар тойы болшы келе берер!

8.Сафиа:

   Мерекең құтты болсын егемен ел,

   Терезең барлық елмен тең ерен ел.

9.Мағди:

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

10.Әмір:

Бостандық құтты болсынерікті ел,

Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

11.Анажан:

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

12.Анель:

Тәуелсіздік мерекең құтты болсын.

Қазақстан Республикам – елім менің!

13.Айгерим:

Егеменді  ерікті ел екенбіз

Жылдан – жылға дамыған берекеміз.

14.Аяжан:

Бостандықтың таңы ашқалы 25 жыл болды.

Халайық, құтты болсын мерекеміз.

16.  Бексултан:

Әйнегі күн – шатыры аспан 
Кең дала, төсі толқыған егін. 
17. Тархан

Көлдері көкке күмістер шашқан 
Қазақстан – Республикам менің! 

«Жаса қазағым» әні

Енді әр топқа дайындаған тапсырмамыз бар.

1-топ «Отан»

2-топ «Астана» сөздеріне ассоциация жазады.

3-топ «Туған жер, Отан» білетін өлеңдерін айтады.

4-топ «Туған жер, Отан» білетін мақал-мәтелдерін айтады.

Ребус шешу.

Бейнебаян

Ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мансур:
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан - қуат, нәр береді.
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Шахри:
Сүйемін мен Отанымды,
Гүл жайнаған жерімді.
Сүйемін мен ата - анамды,
Мені өсірген елімді.
Тархан:
Отан деген - Атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана, Отан - пана,
Қазақстан - туған ел.
Айгерим:
Отанды біз Атамекен,
Деп аялап айтамыз.
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.

Шахри:
Қазақстан - көк байрақты ел едің,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің мақтанышым, тірегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым

Айгерим:
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр!
Жас ұландар, берік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.

Мақал -мәтелдер

Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

Адам елінде көгерер,

қоға көлінде көгерер.

Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық.

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

Ел болам десең, бесігіңді түзе.

Отан – елдің анасы

Ел – ердің анасы. 

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Ер елінде,

Гүл жерінде.

Өз елінде көртышқан да батыр.

Өз елінің иті де қадірлі.

Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес

Отан –қуат,

Отбасы – шуақ.

Ынтымақсыз елді -

Ұрысы билейді.

Ынтымақты елді -

Дұрысы билейді.

-          Ал, балалар, жуырда біз қандай атаулы күнді атап өттік?

-          Алдымызда қандай атаулы мереке  келе жатыр?

Бейнебаян.

Ал балалар енді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына өзіміздің жылы лебізімізді білдірсек.

Т-  деген теңдікті білдіреді

Ә--  деген әдептілікті білдіреді

У--  деген уаймсыз

Е- деген егеменді елдікті

Л-деген лүпілді

С-деген сенімділік

І-деген ілтипат

З- деген  зиялылық

Д-деген достық

І-деген ізет

К- деген күн бол  көктегі

К- деген көк байрағым

Е- деген еңселі

 

2- деген ежелгі

5- деген белсенді

 Ж-деген жеңісті

Ы-деген ынтымақты

Л- деген лайықты

 «Жаса Қазақстан» әні

 

 

Қима қағаздар, суреттер;

Соңы

«Жаса Қазақстан» әні

Аудиодыбыс 

Саралау – оқушыға

мейлінше қолдау

көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Қабілетті

оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?

 

 

Пəнаралық байланыс –

Денсаулық жəне қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Внеклассное мероприятия Тема: Туған жерім атамекен"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

PR-менеджер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 187 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.05.2017 2191
    • DOCX 552.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Вакпаева Мейрамгуль Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 27086
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой