Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие дню языков
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Биология

Внеклассное мероприятие дню языков

библиотека
материалов

Тақырыбы: "Тілімде менің сыры терең жаным бар"
Мақсаты:
- Жас жеткіншектер бойына халқының қадір - қасиетін сіңіртіп, өз ана тілін жетік меңгертіп, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларға еліміздің елдігін танытатын оның өшпес тілі екендігін ұғындырып, оны көздің қарашығындай сақтауға шақыру, ұлтжанды азамат болып өсуіне ықпал ету, тіліміздің қадір - қасиетін бойларына дарыту;
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
"Қазақ тілі - рухани байлығымыздың қайнар көзі" деп бекер айтылмаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған барлығымыз үлес қосуымыз керек. Ол үшін ана тіліміздің қадір - қасиетін біліп, дәріптеп, насихаттауымыз керек. Ендеше қазақ тілінің байлығына, икемділігіне, орамын тауып, қисынын келтіріп пайдалансаң, тұп - тура бал таматынынына ешкімнің күмәні болмас. Елбасы өз жолдауында "Ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші құрал" деп баса көрсеткен болатын. Олай болса біз сендерге үлкен сенім артып, сәттілік тілейміз.
І - жүргізуші:
Ана тілім - әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қазығы.
Ой - санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні,- дей келе "Тілден терең теңіз жоқ" атты


Сабақтың тақырыбы: « Ана тілі - жүрек үні»
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру.
2.Жас ұрпақты ана тілінің қадір – қасиетін білуге шақыру;
3. Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп,сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі:Сайыс сабақ

Сабақтың типі:Сыныптан тыс

Сабақтың әдісі:Сұрақ – жауап , топпен жұмыс , ойын

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта , плакатқа жазылған нақыл сөздер

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Мұғалім:Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды.Өз елінің мәдениетін жасайды, өмірден түйген тағылым, тұжырымдарын келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл – халық тарихы,тіл – ұлттық қазына,тіл – біздің намысымыз,арымыз, байлығымыз,барымыз. Ана тілі – бұл атаңның,анаңның тілі,туған халқыңның тілі.Ана тілін біз кішкентай кезімізден қастерлеп,құрметтеп үйрене бастаймыз.Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі,
ерлік істері,аңыз-ертегілері,шығарған өлең-жырлары,жазған кітаптары,табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары,көрген білген жалпы дүние жайындағы ұғымдары,ойы,сезімі – бәрі- бәрі де ана тілінде сақталады,ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.
Қазақ халқы өз тілін ардақтап, кие тұтқан.Тіл құдіретін танып, «Өнер алды-қызыл тіл», «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоқ» деп дәріптеген.Ананың әлдиімен ұрпақ бойына таралып, ананың бал сүтімен сүйегіне сіңетін тілді ана тілі деп аялаған.Атаның ақылы мен даналығына суарылған сөз аталы сөз боп есептелген.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Қазақстан Республикасының Конституциясы(1995),Тіл саясаты туралы тұжырымдама(1996) және Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң (1997) тек қазақ тілінің ғана емес, республикадағы барлық ұлт тілдерінің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастыққа құрылған мүддесін көздейді.Тіл туралы Заң VІ тарау, 27 баптан тұрады. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуы құқықтық негіздерін, оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді.

Ана тілім –тірлігімнің тірегі,
Тілмен ғана кірер адам реңі.
Тілсіз қоғам –өлі ,мынау дүние
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім –бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем,-
деп, Т.Әбдірахманова жырлағандай, ана тілімізді әр уақытта құрметтейік, өзге тілмен шұбарламайық.

Құрметті оқушылар, енді рухани-өнегелік сайыс-сабағымызды бастайық.
Сайыс кешіне қатысушы 2 топ өздерін таныстырып өтеді.

Бірінші топ: «Бәйтерек»
Ұраны: «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады»
Екінші топ: «Сұңқар»
Ұраны: «Пайда ойлама,ар ойла,
Талап қыл артық білуге»

1 – айналым:

Бұл сайыста екі топ тіл туралы ақындардың өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқиды.

1.Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өлсе тілім мен де бірге өлемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

2.Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

3.Қазақ тілім – өз тілім,ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім ,
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашаққа бастаған дана тілім.

4.Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын ,
Ана тілім,
Егер сені білмесем.
Ана тілім –дана тілім,бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім ,шаттығым,
Сенсің менің тазалығым ,пәктігім.
Ана тілім –
Алтын ұям,құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жазың,сенің әнің айтарым,
Санам сөніп,
Байланғанша тіл – жағым!

5.Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің.

6.Жанбасам да,жансам да,
Туған тілде сайраймын.
Мылқау болып қалсам да,
Туған тілді ойлаймын.

7.Дәулет деген ұғыңдар,
Кеше бар да,бүгін жоқ.
Тілің болса ,үнің бар,
Тіл болмаса,түгің жоқ.

2 – айналым. «Сөз ойла , тез ойла» (екі топқа Қазақстан сөзі беріледі , сол сөзден сөздер шығару керек)

3 – айналым. «Сен білесің бе?» сайысы. Бұл сайыста әр топқа 9 сұрақтан беріледі.

«Бәйтерек» тобына:

1-сұрақ:Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
2-сұрақ:Елтаңбаның авторын атаңыз?(Жандарбек Мәлібеков,Шотаман Уалиханов)
3-сұрақ:Қазақша жыл басы қалай?(наурыз)
4-сұрақ:Қазақтың түнде айдың жарығымен ойналатын ұлттық ойыны. «Ақсүйек»
5-сұрақ:Қар жана ма?(Қалауын тапса,қар жанады)
6-сұрақ:Тауық түс көре ме?(Тауықтың түсіне тары кіреді)
7-сұрақ:Қандай бөшкеге су құюға болмайды?(Іші толы бөшкеге)
8-сұрақ:Кім барлық тілде сөйлей алады?(Жаңғырық)
9-сұрақ:Егер түнде сағат 12-де жаңбыр жауса,мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме?(Жоқ,бұл уақытта түн мезгілі)
10-сұрақ: Түкіріктен көл құрала ма?(Көп түкірсе көл)

«Сұңқар» тобына:
1-сұрақ:Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін атаңыз .(Қазақ тілі)
2-сұрақ:Тудың авторын атаңыз.(Шәкен Ниязбеков)
3-сұрақ:Тоқымқағар деген не?Қалай түсінесіңдер?(Бала алғаш рет атқа мінгенде)
4-сұрақ: Инемен құдық қазуға бола ма?(Білім инемен құдық қазғандай)
5-сұрақ: Кімнен кім жаман?(Олақтан салақ жаман)
6-сұрақ: Тышқан аулағышты 5 әріппен қалай атауға болады?(Мысық)
7-сұрақ: Дүниедегі ең шапшаң нәрсе не?(Ой-қиял)
8-сұрақ:Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?(Аспан суреті судан көрінген кезде)
9-сұрақ: 3 түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды.Олардың қаншасы қалды?(Түйеқұстар ұшпайды)
10-сұрақ: «Әдепті бала – арлы бала»,ал әдепсіз бала ше?(сорлы бала)

4-айналым: «Аталар сөзі – ақылдың көзі» (Интерактивтік тақтаны пайдалану. Суреттегі бейнелерге мақал-мәтелдер тауып айтқызу)

5-айналым: «Өнерлі өрге жүзер» (Әр топ өз өнерлерін көрсетеді)
Сайысты қорытындылау.



Білгірлер сайысы

Шараның  мақсаттары: 

1. Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;сұрақтарға тез,дұрыс жауап беруді меңгерту,сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап,ой-өрісін кеңейту; 

2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін,ауызша,жазбаша сөздік қорларын дамыту;монологты сөйлеу шеберліктерін жетілдіру; 

3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құштарлығын арттыру;отаншылыққа,мемлекеттік тілге деген құрметке,көптілді маман болуға тәрбиелеу,тілдің үштұғырлығын насихаттау. 

 

Шараның әдісі: жеке сұрақ-жауап,сөз құрау,жұмбақ шешу,тақырыптық әңгіме құру-көркем сөз (монолог),мақал толықтыру,сауатты жазу,тест сұрақтарына жауап беру. 

Шараның түрі: сайыс  

Шараның көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар,таблица,сабақтың эпиграфы жазылған плакат,сөзжұмбақтар,тестік тапсырмалар,1-ден 10-ға дейін сандар. 

Шараның эпиграфы: 

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, 

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар. 

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы- 

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар. 

Шараның  барысы: 

Жүргізуші-

1.Кіріспе. 

-Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Қазақстан Республикасының өз Елтаңбасы,Әнұраны,Туы,төл теңгесі бар.Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы –Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар.Ол,әрине,қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы-мемлекеттік тілді білу,оны құрметтеу. 

Бүгінгі біздің шарамыздың мақсаты-осы мемлекеттік тіл-қазақ тілінің білгірін анықтау.Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. «Сайыс» сөзіне синоним тапсақ, «жарыс», «турнир» деген мағына береді. Сайысқа әр сыныптан 3 оқушыдан қатысады.Тапсырма саны-9,әр кезең сайын бір оқушы (аз ұпай жинаған) сайыстан шығады. Соңғы кезеңге 2 оқушы шығады, солардың арасынан жеңімпаз анықталады. Біздің сайысының  әділ қазылар алқасылары болады. Олар, осы сайысының кезеңдеріне дұрыс жауаптар берген оқушылардың ұпайларын бақылап қосады да, соңында жеңімпаз оқушыны анықтап,  марапаттайды. 

Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: 

1. «Бәйге» .Сұраққа жауап бер-5 ұпай;  /ответь на вопрос -5 баллов за каждый/

2. «Шешуін тап». Афавиттік жұмбақ шешу-10 ұпай; /найди ответ, алфавитные загадки-10 баллов/

3. Полиглот-10 ұпай;  /10 баллов за каждый ответ/

4. Сөз құру-1 ұпай; /составь слова -1 балл на каждое слово/

5. Тақырыптық әңгіме құру-10 ұпай; /составить рассказ по теме-10 баллов/

6. Тестілеу- «Қай септік?»-1 ұпай; /тест- «Какой падеж?» - 1балл за правильный ответ/

7. Сөздердің антонимдерін тап және аудар-1 ұпай; /если правильно-1 балл/ 

8. Мақалды аяқта-5*3- 5 ұпай;  /закончи пословицу – за каждую пословицу 5 баллов/

9. «Жорға»-әр жауапқа 5 ұпайдан. /за каждый ответ по 5 баллов/

3.Сайыстың жүруі: 

                                  

1-кезең «Бәйге». 

Сайыскерлердің қолында  оған берілген өз саны.Бұл сандар тізім бойынша беріледі.Қай сайыскер өз сан жазылған карточкасын бұрын көтерсе,сол жауап береді.Жауабы дұрыс болмаса, басқа сайыскерлер жауап бере алады.Ең аз ұпай жиналған сайыскер ойыннан шығады. 

1.Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев) 

2.Абайдың шын аты? (Ыбырай) 

3.Қазақ тілінде неше септік бар? (7) 

4. «Закон сингармонизма» сөзінің қазақша мағынасы қандай? (Үндестік заңы) 

5.Сөйлем неден тұрады? (сөз тіркесі мен сөздерден) 

6. «Главные члены предложения» қазақша қалай болады? (тұрлаулы сөйлем мүшелері) 

7. Қыс айларын ата (желтоқсан,қаңтар,ақпан) 

8.Қыста не жауады,не сөғады? (қар,боран) 

9.Барыс септігінің сұрақтарын ата? (кімге,неге,қайда) 

10.Ілік септігінің сұрақтарын ата? (кімнің?ненің?) 

11. Көмектес септігінің сұрақтарын ата? (кіммен?немен?) 

12.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері қандай? (ертегілер,жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер,тұрмыс-салт жырлары,аңыз-әңгімелер) 

13.Қазақтың ұлы ғалымы,Отырар қаласында туған өте білімді,өнерлі адам кім?

 (Әл-Фараби) 

14.Есімдік дегеніміз не? (Местоимение-правило, полный ответ) 

15.Бір жылда неше күн бар? (365) 

16.Тұрлаусыз сөйлем мүшелерін атаңдар?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш) 

17.Бір тәулікте қанша сағат бар? (24) 

18.Етістіктің неше шақтары бар, атаңдар? (нақ осы шақ, ауыспалы келер шақ, өткен жедел шақ) 

19.Бір ғасырда қанша жыл бар? (100) 

20.Қазақ тілінің қанша дауысты және қанша дауыссыз дыбыс бар? (дауысты-15, 

дауыссыз-25)

2-кезең «Шешуін тап». 

Қалған ойыншыға қазақ тіліне тән дыбыстарды еске түсіру мақсатында 9 алфавиттік жұмбақ ұсынылады. 

1.Тұзда бар,суда жоқ. 

Мұзда бар,буда жоқ. (ұ) 

2.Гауһарда бар,гүлнарда жоқ. 

Жауһарда бар,сәуледе жоқ. (һ) 

3.Үйде бар,шиде жоқ. 

Күйде бар,биде жоқ. (ү) 

4.Қазда бар,үйректе жоқ. 

Құрда бар,шілде жоқ. (қ) 

5.Дәнде бар,елде жоқ. 

Сәнде бар,селде жоқ. (ә) 

6.Бірде бар,үште жоқ. 

Екіде бар,бесте жоқ. (і) 

7.Қарғада бар,сауысқанда жоқ. 

Тоғайда бар,аққуда жоқ. (ғ) 

8.Шөлде бар,далада жоқ. 

Көлде бар,теңізде жоқ. (ө) 

9.Қайсы әріп қасарып, 

Көнбейтін болуға бас әріп? (ң) 

3-кезең «Полиглот». 

Қалған сайыскерге жұмбақ ұсынылады. Әр тілге 10 ұпайдан,жиыны-20 ұпай беріледі. Ең бай адам-көп тілді еркін меңгерген адам. Ал көп тілде еркін сөйлейтін адамды- ғылым тілімен «полиглот» дейміз.Елбасының талабы бойынша,біздің мемлекетімізге көп тілді білетін мамандар керек. Сендердің араларында полиглоттар бар деп ойлаймын.Оны тексеру үшін сендерге жұмбақ жасырамын,сендер жауабын табасыңдар.Оны қазақ және орыс тілдеріне аударыңдар. 

1.Темір тілді,күміс үнді. (қоңырау-звонок) 

2.Мамықтай ұлпа,қанттай ақ. 

Қыста жер бетін басады, 

Жазда сайға қашады. 

Немесе- қаста келген,көктемде еріген (қар-снег) 

3.Қаласы бар,үйі жоқ. 

Өзеңі бар,суы жоқ. 

Орманы бар,бүрі жоқ. 

Бақшасы бар,гүлі жоқ. ( карта-карта) 

4.Қабат-қабат қаттама, 

Ақылың болса аттама! 

Немесе- 

Көп әңгімем,өлеңім, 

Күнде ақыл беремін. 

Жақсы көрсе мені кім, 

Соған тиер көмегім. ( кітап-книга) 

5.Түк білмей барасың, 

Тәлім аласың. 

Есейіп кетсең де, 

Қарыз болып қаласың. ( мектеп-школа) 

6.Суға батпайды,отқа жанбайды. ( мұз-лед) 

7.Табаныма байладым,қос таяқпен айдадым ( шаңғы-лыжи) 

8.Оқушыға күнде еріп жүретін не? ( күнделік-дневник) 

4-кезең. «Қазақстандықтар» сөзінен сөз құрулары қажет,ең аз сөз құрған сайыскер ойыннан шығады. Ойын 10 ұпаймен есептеледі. 

5-кезең Қалған ойыншы өздері таңдап алған тақырыптар бойынша 5-6 сөйлемнен тақырыптық әңгіме құрайды. 

Ұсынылған тақырыптар: 

1.Менің отбасым; 

2.Менің досым; 

3.Менің мектебім; 

4.Менің күн тәртбім; 

5.Менің ауылым; 

6.Қыста. 

6-кезең «Қай септік?»

 -ойыншылар берілген тестердегі сөз тіркестерінен септікті тіркесті табады.Қалған 5 сайыскер өздері таңдап алған парақтары бойынша сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа берілетін ұпай саны-5.Ұпай аз ойыншы шығарылады. 

1.Барыс септікті сөз тіркесін тап: 

А)қаладан келді; 

ә)қаланың адамы; 

б)қалаға барды; 

в) қалада тұрада 

2. Жатыс септікті сөз тіркесін тап: 

А)мектепке келді; 

ә)мектептен қайтты; 

б)мектепті бітірді; 

в)мектепте оқиды; 

3.Табыс септікті сөз тіркесін тап: 

А)ауылдың малы; 

ә)ауылға бардым; 

б)ауылдан келдім; 

в)ауылды жақсы көремін; 

4.Шығыс септікті сөз тіркесін тап: 

А)оқушымен келді; 

ә)оқушыдан сұрады; 

б)оқушыны көрді; 

в)оқушыға қарады; 

5.Көмектес септікті сөз тіркесін тап: 

А)қаламды алдым; 

ә)қаламның сиясы; 

б)қаламмен жаздым; 

в)көп қалам 

7-кезең 

Сайыскерлер сөздердің антонимдерін жазып айтады. Тапсырма бойынша сөздердің антонимдерін және олардың  аудармасын айту қажет. /участники находят и озвучивают антонимы данных им слов, с переводом/

1.Сөздердің антонимдерін табыңыз 

1.жаңа –ескі  /новый –старый/

2.бүгін  - кеше  /сегодны-вчера/

3.жақсы –жаман  /зороший-плохой/

4.тар – кең  /узкий-широкий/

 

2.Сөздердің антонимдерін табыңыз

1.аз – көп /мало-много/

2.биік  - аласа /высокий-низкий/

3.кішкентай – үлкен /маленький-большой/

4.ерте –кеш /рано-поздно/

 

3. Сөздердің антонимдерін табыңыз

1.күн-түн /день-ночь/

2.алыс-жақын /далеко –близко/

3.аш-жап  /открой-закрой/

4.қысқа-ұзын  /короткий-длинный/

 

4. Сөздердің антонимдерін табыңыз

1.кедей – бай  /бедный-богатый/

2. үстінде –астында  /наверху-внизу

3.ақ – қара /белый-черный/

4.жақсылық –жамандық  /добро-зло/

1. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз 

1.новый -жаңа

2.расписание –кесте

3.дедушка -ата

4.хлеб -нан

 

2.Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз 

1.время -мезгіл

2.год -жыл

3.август -тамыз

4.лето –жаз

 

3. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз

1.класс –сынып

2.сахар-қант

3.класс -сынып

4.сахар-қант

 

4. Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз

1.старый –ескі

2.врач-дәрігер

3.независимый-тәуелсіз

4.учебник-оқулық

8 –кезең. «Мақалды аяқта» 

кезеңінде қалған 3 сайыскерге мақалдарды аяқтауға тапсырма беріледі. Әр мақал үшін 5 ұпай есептеледі.

                                       

1.

1.Өмір-үлкен ..... (мектеп)                                           

2.Мектеп-кеме,білім - ...(теңіз) 

3.Күлме досыңа,келер .....(басыңа)

2. 

1. ... бір күні,қыстың ...айын асырайды (күздің,бір) 

2.Ұстаздан шәкірт .... (озар) 

3.Отансыз- ...,ормансыз-бұлбұл (адам)

3. 

1.....жолдастан таяғым артық (жаман) 

2.Күш-білімде,білім- ...... (кітапта) 

3.Кітап- ....,тілсіз мұғалім (ғалым)

 

9 –кезең. «Жорға» 

Қалған екі сайыскер минут ішінде берілген сұрақтарға жауап беру арқылы өзара жарысады.Әр сұрақ 5 ұпаймен бағаланады.Көп ұпай жинаған оқушы сайыс жеңімпазы болып саналады. Жеңімпаз «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады. 

 

1-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар: 

 

1.Тілдер күні (22 қыркүйек) 

2. «Оқушы» сөзінің синонимы (шәкірт) 

3.Республика астанасы (Астана қаласы) 

4.Еттен дайындалатын ұлттық тағам (бесбармақ,қазы-қарта,қуырдақ) 

5. «Суффикс» сөзінің аудармасы (жұрнақ) 

6.Аптаның бірінші күні (дүйсенбі) 

7.Кабинет истории (тарих кабинеті) 

8.Біздің аудан атауы (Атбасар) 

9.Бала оқытатын адам (мұғалім) 

10. Мемлекеттік әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев,әні- Шәмші Қалдаяковтың).

 

2-ші сайыскерге қойылатын сұрақтар: 

1.Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан) 

2. «Мұғалім» сөзінің синонимы (ұстаз,оқытушы) 

3. Қазақстанның оңтүстік астанасы (Алматы) 

4.Бие сүтінен дайындалатын ұлттық сусын (қымыз) 

5. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір) 

6. Аптаның соңғы күні (жексенбі) 

7. «Кабинет русского языка и литературы» (орыс тілі мен әдебиет кабинеті) 

8.Адамды кім емдейді? (дәрігер) 

9.Қалаға немен баруға болады? (пойызбен,автобуспен,машинамен) 

10.Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков).

Қазылар алқасыларға сөз беріледі.  Жеңімпаз  «Қазақ тілінің білгірі» атты мақтау қағазымен марапатталады. Қатысушылар қатысқандары  үшін «Сертификат» алады .





Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы

жұмысының талдауы

тілдер апталығы 17- 26 қыркүек аралығында болып өтті. Апталық барысында қазақ тілі мұғалімдері сыныптан тыс жұмыс түрлерін көрсете білді. «Тәуелсіз Қазақстан» атты апталықтың ашылу салтанатына орай саптүзеу болды. Бұл саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс шаралар мен мұғалімдер мен оқушылар қауымы таныстырылды.

Апталық барысында қабырға газеттері шығарылды.

6 желтоқсан күні «Астана қаласына саяхат» атты 4 «а» сыныбында Кутжанова Дамеля Сайрамқызының ашық сабағы болды. Сабақ барысында мұғалім жұмыстың көптеген түрлерін қолданды. Сабақ оқушылардың жақсы білімін, ауызекі тілдерінің жақсы деңгейін көрсетті.

7 желтоқсанда Смагулова Асылзат Серікқызы 5 – 6 сыныптар арасында «КВН» сайысын өткізді. Бұл сайыстың негізгі мақсаты оқушыларға өз Отаны туралы кең мағлұмат бере отырып, сол өз елінің шынайы, адал азаматы болуға талпындыру. Оқушылар сабақ барысында берілген түрлі тапсырмаларға белсене араласты. Смагулова А.С. оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі ойын түрлері арқылы оқушының сөздік қорларын дамыта білді. Интерактивті сайыс сабағы жоғары деңгейде өтті. Сабақ жүйелі, ойластырып құрылған. Оқушылардың лексикалық және грамматикалық тақырыптарды жақсы деңгейде меңгергендігін көрдік. Ауызекі сөйлеу тілдері жақсы дамыған. Сабақ үстінде оқушылардың тәртіптілігі, сабаққа деген қызығушылықтары көрініп тұрды.

9 желтоқсанда орыс тілді оқушылардың қазақ тілінен білімін анықтау мақсатында Cмагулова Асылзат Серікқызы 5 – 6 сыныптар арасында өлеңді мәнерлеп оқу сайысын өткізді. Осы сайыстың негізгі мақсаты оқушылардың қазақ тілі білу деңгейін бақылау. Жыл сайын сыныптар арасында дәстүрлі түрде мемлекеттік тілді меңгеруін бақылау сайысы өткізіледі. Биылғы жылы да осы сайысымыз болып өтті. Бұл сайысқа сынып оқушылары белсене қатысты: Иванина А., Рябикин С., Ярославская Н., Краснова А., Шепелев В., Лесных Р., Хафизов Эдуард, Рябикин Роман, Асланова Е.

Келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болып алғыс хатпен марапатталды.

  1. Ярославская Н., Краснова А.

  2. Иванина А.

  3. Рябикин Слава

9 желтоқсанда «Ұлттық тағамдар» атты 7 «а» -7 «б» сыныптар аралығында Сатжанова Гүлмира Серікқызы ұйымдастыруымен өткізген интерактивті сайыс сабағы өтті. Сабақтың түрі: тақырыпты қайталау, бекіту сабағы. Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны кеңінен қолданды. Осы сабаққа төрт мұғалім қатысты: Магавина Г.М., Смагулова А.С., Исмаилова Д.С., Кутжанова Д.С.

Сабақ барысында әр – түрлі тапсырмалар, сұрақ-жауап, жазбаша жұмыс, сызба-тіректер тақтадан көрсетіліп отырды. Сабақтың мақсаты: ұлттық тағамдар туралы мәліметті тереңдету, ұлттық тағамдар қасиеті туралы айту. Сайыс бірнеше бағыттары бойынша өтіп, оқушылардың жылдам ойлау, мазмұнды сөйлеу, қорытыңдылар жасау қабілеттерін дамытуға бағытталды. Сайыс бірнеше тапсырмалардан тұрды: сауатты жазу сайысы, менің сүйікті тағамым, мақал – мәтелдер сайысы, блиц сұрақтары, топ басшылар сайысы. Екі топ оқушылары әр тапсырма бойынша өз білімдерін көрсете білді.Оқушылар сөздерге антоним тауып, сызбаға сәйкес сөйлемдер, тақырып бойынша мәтін құрастырып, деңгейлік тапсырмалар орындап, әр түрлі сөзжұмбақтарды шешіп өзара жарысты.

Интерактивті тақта арқылы мұғалім оқушылардың сайыс кезендегі қызығушылықтарын арттыра алды. Екі топтың оқушыларының білімдері бірдей бағаланды. Оқушылар сабақ аяғында тәтті сыйлықтармен, алғыс хатпен марапатталды.

10 желтоқсанда қазақ тілі мен әдебиеті апталығының аяғында «Менің елім Қазақстан» атты әдеби-музыкалық кешінің қойылымы өтті. Бұл кеште оқушылар Қ.Байжанов атындағы қазақ ұлттық бірлестігінің коцерттік бағдарламасын көріп тамашалады.


ӘБ жетекшісі: Сатжанова Г.С.











Краткое описание документа:

 

 

"Тапқыр достар" сайысы Қазақстан халықтарының өзге ұлт өкілдеріне арналған тілдерінің дамуына қызықтыруға  арналғанг танымдық, қызықты, білімдерін көрсете білуге арналған күрделі сайыс. тапсырмалары әртүрлі қызықты кезеңдерден тұрады. осы сайыс арқылы қатысушылар өздерін жан-жақты қырларына таныта біледі. тапсырмалардың қызықтығына байланысты өзге ұлт өкілдерінің де зықығушылығ арта түсіп, тілді өзіндік дамытуға сеп тигізеді деген ойдамын. әрқашан мемлекеттік тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!!!

 

 

 

 

 

"Тапқыр достар" сайысы Қазақстан халықтарының өзге ұлт өкілдеріне арналған тілдерінің дамуына қызықтыруға  арналғанг танымдық, қызықты, білімдерін көрсет білуге арналған күрделі сайыс. тапсырмалары әртүрлі қызықты кезеңдерден тұрады. осы сайыс арқылы қатысушылар өздерін жан-жақты қырларына таныта біледі. тапсырмалардың қызықтығына байланысты өзге ұлт өкілдерінің де зықығушылығ арта түсіп, тілді өзіндік дамытуға сеп тигізеді деген ойдамын. әрқашан мемлекеттік тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!!!

 

 

 

 

 

Автор
Дата добавления 20.01.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров234
Номер материала 322734
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх