Инфоурок Другое КонспектыҮйшік орыс халық ертегісі

Үйшік орыс халық ертегісі

Скачать материал

Жаркомбаева З.М

МКҚК  № 44 «Үркер» балабақшасының  тәрбиешісі

Астана қаласы

 

 

Үйшік орыс халық ертегісі

 

Күні: 23.02.17ж

Білім беру саласы:   «Коммуникация»                                                                                                           
Бөлімі:  Драма

Мақсаты:   Балаларды «Үйшік»  ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез- құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  үйшік үйі, аңдар.

 

Рөлде ойнайтындар:
Жүргізуші- Зейнегул Молдабайқызы

Тышқан –  Сағынбай  Сагынғали
Бақа–  Бақыткерей  Ерсаыл

Қоян- Алимбек  Асылбек
Түлкі – Исханова Диляра
Қасқыр– Кенжегелді Таңірберген
Аю  – Кенжебеков Султан
 

Жүргізуші:   Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді.

Тышқан тоқтап:
 Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар- деп сұрайды.  

Жүргізуші:  -   Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.

Бақа:   -  Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа:  -  Мен бақылдауық бақамын.
             -Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші:  - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып , бірге тұрады.   Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Жүргізуші: -деп сұрайды.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа:  -  Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян:  - Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: - Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші:  -  Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені  қағады.
Түлкі:  - Сүп-сүйкімді , кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?
Жүргізуші: - деп сұрайды.
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: -  Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?
Түлкі:  - Мен қу  түлкімін.
Үшеуі:  -  Кел, бірге  тұрайық.
Жүргізуші: -  Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады.

Қасқыр-Үйшікке тілі салақтап , айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып , қырылдаған даусымен: 
 Бұл үйшікте кім бар?
Тышқан:  -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!

Қоян:  - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: -  Мен қу түлкімін!Ал  сен кімсің?

Қасқыр:  -Мен сұр қасқырмын!
Бәрі:  -  Кел , бірге тұрайық.
Жүргізуші:  -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде  сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп , бар даусымен:
 Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Жүргізуші:  - деп ақырады.
Тышқан:   -Мен тықырлауық  тышқанмын!
Бақа :  - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян :  - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі : - Мен қу түлкімін!
 Қасқыр : - Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю:  - Мен қорбаңбай аюмын!   
Бәрі:  - Кел, бірге тұрайық.
Жүргізуші: - Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Жүргізуші: - дейді.
Бәрі: - Жоқ қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Жүргізуші:  - деп шырылдайды іштегілер.
Аю:  - Қорықпаңдар түкте болмайды.
Жүргізуші: -  деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп , жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша , достар өздеріне әп – әдемі , жаңа үйшік тұрғызып алады.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана  білім  басқармасы

№ 44 «Үркер» балабақшасы  МКҚК.

 

 

 

 

Келісілді:__________                                                              

Әдіскер: М Бағдал                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Үйшік» орыс халық ертегісі

ересектер «Гүлдер» топ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші: Жаркомбаева З.М.

 

 

 

 

 

 

 

                                                    2017ж

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үйшік орыс халық ертегісі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2017 990
    • DOCX 384.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаркомбаева Зейнегул Молдабайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13603
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой