Инфоурок Другое СтатьиӨз өлкемнің тарихына саяхат

Өз өлкемнің тарихына саяхат

Скачать материал

Сайрам ауданы

орналасуы

Елі

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d3/Flag_of_Kazakhstan.svg/22px-Flag_of_Kazakhstan.svg.png Қазақстан

Қазақстан әкімшілік бірліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Ақсу кенті

Жұрты (2011[1])

 — Бүкілі

302 700

Уақыт белдеуі

+6 (UTC+6)

Сайрам ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі аудандардың бірі болып саналады. Жер көлемі 1760,4 шаршы километрді алып жатыр. 56 ұлттың өкілінен құрылған 250,0 мың адамнан астам мекендейді. Әкімшіліктің аймақтық құрылымында 17 ауылдық округ, 78 елді мекен және аудандық жергіліктік бюджеттен қаржыландырылатын 13 бөлімдер бар. Аудан орталығы - Ақсу кенті.

Ақсу өзенінің бойына орналасқан, жүз жылдан астам тарихы бар барлық автомобиль және темір жолдары осы орталықта түйіседі.

Ауданның орналасу реті де ерекше. Ол облыс орталығы Шымкентқаласының айналасын сақина тәрізді орай қоршап жатыр.

Ауданның шығысында Машат өзені, орталығында Ақсу өзені, ал солтүстігінде Арыс өзені ағып өтеді.

Сайрам ауданы облысымыздағы өндірістік-экономикалық потенциалы жоғары аймақтардың бірінен саналады.

Аудан негізінен астық, жеміс, көкөніс, жүзім, майлы дақылдар, ет-сүт өнімдерін өндірумен және сатумен айналысады. Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін құрылымдар кеңінен дамыған. Ауданда қуаттылығы 150 млн шартты бірлік көкөніс өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар мен цехтар бар.

облыстың Оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшiлік. аумақтық бөлік. 1928 жылдары құрылған. Жерінің аумағы. 1,7 мың км² (облыстың 1,4%). Тұрғын саны 241,8 мың адам (2003). Аудан аумағындағы 73 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген. орталық – Ақсу ауылы Аудан жері негізінен оңтүстіктен солт-ке қарай көлбеу жатқан тауетектік жазық; кей жері төбелі, сайлы-жыралы келеді. Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң, аңызақты. Ауаның орташа темп-расы қаңтарда 3 – 4 °С, шілдеде 24 – 26 °С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм-ді құрайды. Аудан жерімен АрысАқсуСайрамсуБадам өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында құрылысқа қажетті материалдардың кен орны бар. Жерінің басым бөлігі сұр, сұр-қоңыр топырақты. Аудан жерінің көп бөлігі жыртылған. Табиғи өсімдік егістік, сай-жыралардың беткейлерінде ғана сақталған, жусан, жантақ, жыңғыл, өзен бойында құрақ кездеседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, саршұнақ, қырғауыл, бөдене, кекілік мекендейді. Сайрам ауылының тұрғындарының құрамы көп ұлтты. Халқының негізгі бөлігі өзбектер – 64,1%, қазақтар – 26,2%, түріктер – 3,3%, әзербайжандар – 1,2%-ды құрайды. Орналасу тығызд. орташа есеппен 1 км2-ге 135 адамнан келеді (облыстағы халқы ең тығыз орналасқан ауданның бірі). Ірі елді мекендері: Ақсу ауылы (26,4 мың адам), Манкент (25,2), Қарабұлақ (32,8), Сайрам (28,3), Қарасу (8,1), Базарқақпа (5,8), Көлкент (5,5), Қаратөбе (4,9), Қожақорған (4,7), Тассай (4,3), Ақсуабат (3,9), Көмешбұлақ (3,9), Бадам (3,9), Қарабастау (3,8), Ақбұлақ (3,5), Бадам (3,1), Мәртөбе (3,0) ауылдары. Ауданда сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, мал азықтық дақыл, астық, көкөніс, жеміс, жүзім, сүт өндіруге мамандандырылған 7 ұжымшар, 5 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі, облысы ауылы шаруашылық тәжірибе станциясы болған.

Осылардың қатарында «Шымпласт» ЖШС консервілік тауарларды өндіру, «Оңтүстік құс» АҚ құс етін өңдіру, «Арай» ЖШС өсімдік майын өндіретін, «Принир 2001» ЖШС томат пастасын өндіру және тағы басқалар.

Мазмұны

  [жасыру

·         1Әлеуметтік-экономикалық жағдайы

o    1.1Бюджет

o    1.2Өнеркәсіп

o    1.3Агроөнеркәсіп

o    1.4Кәсіпкерлікті дамыту

o    1.5Әлеуметтік сала

·         2Тарихи тұлғалар

·         3Сыртқы сілтемелер

·         4Дереккөздер

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы[өңдеу]

2007 жылдың алты айында ауданымызда әлеуметтік-экономикалық даму қалыпты жағдайға түсіп, жалпы экономикалық өсім байқалады. Бюджеттің кіріс бөлігі айтарлықтай ұлғайып, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларында жалпы өнім көлемі өсті, шағын және орта кәсіпкерлік дамыды. Аудан экономикасының сан-саласына едәуір мөлшерде инвестиция құйылды, ипотекалық тұрғын үй құрылысы сапалық жаңа сатыға көтерілді.

Бюджет[өңдеу]

Ауданның 2007 жылға арналған бюджетінің көлемі 5 млрд. 469 млн. 551 мың теңгеге нақтыланған, соның ішінде:

-салық түсімдері - 1млрд.190 млн.880 мың теңге;

-салықтық емес түсімдер - 8 млн. 656 мың теңге;

-негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 258 млн. 656 мың теңге;

-ресми трансферттердің түсімдері - 4 млрд. 011 млн. 359 мың теңге;

2007 жылдың 6 айында бюджеттік түсімдер контингент бойынша 1160,6 млн. теңге, соның ішінде аудан бюджеті 790,3 млн. теңге болды, өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 382,0 млн. теңгеге, соның ішінде аудан бюджеті 242,0 млн. теңгеге немесе тиісінше контингент 149,0 пайызға, ал жергілікті бюджет 144,0 пайызға ұлғайды.

 

Өнеркәсіп[өңдеу]

ӨК, ЖШС, АҚ және 4739 шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Аудандағы ірі кәсіпорындар: «Манкентсельмаш» АҚ – ауылы шаруашылық машиналарын, «Жер-Ана» ЖШС – жеміс-көкөніс консервілерін, «Арай» ЖШС – өсімдік майын, «Оңтүстік құс» АҚ – жұмыртқа, жұмыртқа ұнтағы, құс еті, құс етінен жасалған шұжық, «Ақсу» ӨК – ауылы шаруашылық өнімдерін өндіреді. Кірпіш завоты жұмыс істейді. 2003 жылдары аудан кәсіпорындары 4316,6 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдерін, соның ішінде 117 т ет және құс еті өнімдері, 4797 т өсімдік майы және тоң майын, 35,8 мың т дәннен және өсімдіктен алынған ұн, 41,4 мың т ауылы шаруашылық малдары үшін дайын жем, 38,6 мың л жүзім шарабы, 73,6 мың л шырындар өндірді. Аудан ет-сүт өндіру, шошқа, құс өсіруге мамандандырылған. ауылы шаруашылық тауарын өндіруде облыс бойынша 8,4%-ды құрайды. Облыстағы ірі қара малдың 18,4%, сиырдың 14,7%, қой мен ешкінің – 6,4%, шошқаның – 30,1%, жылқының –13,4% өсіріледі. С. ауылының ауылы шаруашылық жалпы өнімінің 44,1%-ын ет, сүт, жұмыртқа өндірісі құрайды. Ауданда облыстағы бидай егістігінің 15,1%, арпаның 10,65%, қант қызылшасының 87,0%, мақсарының 14,5%, картоптың 17,3%, көкөністің 14,8%, жеміс-жидектің 21,2%, жүзімдіктің 17,8% орналасқан. ауылы шаруашылық жалпы өнімінің құрылымындағы 19,5% – көкөніс, 12,9% – дәнді дақыл, 6,6% – картоп өндірісінің үлесіне тиеді.

Ауданда жылдан жылға өнеркәсіп саласы жақсы дамып келеді. Ауыл шаруашылығына арналған машиналар және оларды күрделі жөндеуден өткізу, оларға керекті қосалқы бөлшектер шығару, көкөніс түрлерінен консервілер дайындау, шарап өнімдерін, түрлі үлгідегі электродтар жасайтын, спирт өндірісі, құс еті, жұмыртқа өндірісі және басқа да өнеркәсіп тауарларын шығаратын, қайта өңдейтін өндіріс орындары жұмыс істейді.

2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен, шағын, қосалқы кәсіпорындар мен үй шаруашылығы секторын қосқанда 3 миллиард 518 миллион теңгенің өнімін өндіріп, 2006 жылдың 6 айымен салыстырғанда 590 миллион теңгеге артық немесе 120%-ды құрады. Ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 1 млрд. 856 млн.теңгенің, шағын және қосалқы кәсіпорындарда (үй шаруашылығы секторын қосқанда) 1 млрд. 662 млн.теңгенің өнімі өндірілді.

2007 жылдың 6 айында ауданның өнеркәсіп саласында өнеркәсіптік өнім өндіретін 44-тен аса түрлі меншіктегі ірі, орта және кіші кәсіпорындар жұмыс атқарып, аудан халқының 33 пайызға жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс шаралар жоспары туралы» №609 қаулысына сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Тассай ауыл округіне қарасты Қызыл-сай елді мекенінде айына 45 тонна макарон өнімдерін шығаратын «Арай-астық» ЖШС-і іске қосылып, 79 жаңа жұмыс орны ашылса, маусым айында бұл мекеме 18 жаңа жұмыс орнына кеңейтіліп отыр. Сайрам ауыл округінде жылына 25 мың дана жылыту жүйелеріне және су құбырларына арналған полипропилен трубалар шығаратын «ПАМИР-С» ЖШС-і іске қосылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылды.

Агроөнеркәсіп[өңдеу]

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылатын ауыл шаруашылығы саласында ағымдағы жылдың алты айында өндірілген жалпы өнім көлемі 3616,1 млн.теңгені құрады, өткен 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 381,7 млн.теңгеге, немесе 111,8 пайызды құрады.

Ауданымыздағы 17 ауыл округтерінде 20 селолық тұтынушылар кооперативтері құрылып, әділет басқармасынан заңды тұлға ретінде тіркеуден өтті. Құрылған СТК-ларға 5033 шаруа қожалықтары мүше болып кірді. СТК-лар 6 айдың көлемінде барлығы 12 млн 362 мың теңгенің қызметін халыққа көрсеткен.

2007 жылғы 1 маусым күні Шымкент қаласында І-Орта Азиялық халықаралық көкөніс-жеміс Форумы өтті. Осы форумда Сайрам ауданы көрме-жәрмеңкені жоғары дәрежеде ұйымдастырғаны үшін облыс және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ басшылығы тарапынан жоғары бағаға ие болды. Форумның қорытындысы бойынша ауданымыздың бірқатар агроқұрылымдары, атап айтсақ Ақсукент, Қарабұлақ, Қарасу ауыл округтерінің кәсіпорындары солтүстік облыстарға 8000 тонна көкөніс, 800000 банкі консерві өнімдерін жеткізу бойынша келісім-шартқа тұрды.

2007 жылы ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласын, осы саланы көтеру үшін жылдағы дәстүрден жаңылмай жыл қорытындысы бойынша алдыңғы қатардан көріну үшін жоғары дәрежеде жұмыс істеуді мақсат етіп қойдық.

 

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

№20 С Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Өз өлкемнің тарихына саяхат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конусбекова Мадина

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Өз өлкемнің тарихына саяхат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 784 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.12.2016 872
    • DOCX 76.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Конусбекова Мадина Кемелбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17489
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой