Инфоурок Технология СтатьиЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ

Скачать материал

ШҚО Семей қаласы «№3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешені»КММ технология пәні мұғалімі Ахметбаева Арайлым Каматаевна

Қазіргі кезде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне бағытталған жүйе қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым-қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етуде.

Білім беру жүйесі жаңаша көзқараспен іскерлікпен, ақпараттарды қабылдау мен өңдеу қабілеттілігін дамытуды, білім беру мәселелерін шығармашылмен шешуді, білім бағдарламаларын дербес өзгешеліктермен толықтыруды ұсынады. Қалыптасқан дәстүрлі оқыту әдістері, компьютерлік оқыту құралдарымен алмасуда. Әрине, педагогикалық дамуда оқытушы мен оқушының қарым-қатынасының барысы ең басты негіз болып табылады. Жеке тұлғаны имандылыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Сондықтан, педагогика-психология тұрғысында білім беру технологияларын жетілдірудегі негізгі тенденцияның сипаттары мыналар болады:

— білім алуда есте сақтау қызметінен ақыл-ой даму қызметіне көшу;

— таза құрамдық, сандық білімнен жүйелі құрылымды ақыл-ой әрекетіне көшу;

— «орташа» білімі бар оқушымен салыстыра отырып топтық және жекелеп оқыту бағдарламасына көшу;

— білім беруде сыртқы себептерден ішкі адамгершілік-ерікке көшу. Бүгінгі күні оқу жоспарларының түрлі болуы-білім беру мекемелерінің педагогикалық процесінде – оқыту таңдау және құрастыру модельдерін, оның ішінде авторлық бағдарламаларды пайдалануға қол жеткізді.

Өз тәжірибемде, мен жұмысымды төмендегідей бастаймын:

І кезең (5-7 мин.) ұйымдастыру сәті;

— өткен тақырыптың деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру. Бұл жерде үздік оқушылар сабақтың басында өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді. Тексеруден соң әрбір оқушы өткен сабақтағы сыныпта және оларды үйде жалғастырып орындау дәрежесіне сәйкес алған балдарының жалпы санын санап, мұғалімге айтады. Мұғалім әрбір оқушының балын тақтада үнемі ілулі тұратын «ашық журналға» тіркеп, дәстүрлі журналға тиісті бағасын қояды.;

— өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмаларды пысықтау. Бұл технологияның бір ерекшелігі: өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді. Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған сұраққа жауап білмесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уақыт жоғалтатын еді. Екіншіден, егер мұғалім жүйелі түрде өткенді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды талап етіп отырса, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да дайындалып келуге мәжбүр болады, нәтижесінде әрбір оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады.

ІІ кезең (20-25 минут)

а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. Бұл жерде мұғалім әдеттегідей сабақты өзі түсіндіруден бастамайды, ол 5-7 минуттық өзіндік жұмыс ұйымдастырады. Мысалы, оқушыға шамамен 4-5 сұраққа жауап беру ұсынылады (сұрақтар параққа жазылған, әрбір оқушыға немесе жұпқа, немесе топқа беріледі). Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді (жаңа тақырып бойынша) оқиды. Мәтінмен жұмысты төмендегі әдістер бойынша ұйымдастыруға болады.

Үшінші (кері байланыс) кезеңінің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқулықтағы 2-ші кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12-ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады. Оқушыларға стандарт көлеміндегі үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.

1-ші деңгей – оқушылық (өнімсіз – репродуктивтік деңгей: мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды). Бұл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттерін жасайды:

— екінші кезеңде қарастырылған ұғымдарды, ережелерді, анықтамаларды т.б. фактілерді білу талап етіледі. Қойылатын сұрақтар түрі: Не? Қашан? Қайда? Қалай?.. құрылымы қандай?, аяқта, толықтырып жаз. т.с.с. Демек, бұл деңгейде оқушының теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек ақпараттық мәні бар білімі анықталады;

— екінші кезеңдегі бекіту тапсырмаларының үлгісі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы біліктілігі анықталады. Жұмысты барлық оқушы міндетті түрде 1-ші деңгей тапсырмаларын орындаудан бастайды. 1-ші деңгейге баға бірден қойылмайды, «сынақтан өтті», «сынақтан өтпеді» деп бағаланады. «Сынақтан өтпеді» деген ұғымның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады. 1-ші деңгейдің барлық тапсырмасы дұрыс орындалған жағдайда сынақ тапсырылған болып саналады.

Тәжірибе дәлелдегендей, «сынақ» арқылы үлгерімі төмен оқушылар мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін меңгеріп, екіліксіз оқуға кепілдік (мүмкіндік) алады. Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады. 1-ші деңгей – 5 балл = «сынақтан өтті» = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса. Бұл деңгейде оқушының білім сапасы «дұрыс», «толық» деген категорияларды қанағаттандырады.

2-ші деңгейде оқушылардан: 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп-салдарын анықтайтын тапсырмаларды орындап, өз білімдерін тереңдетіп, түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі (екінші деңгейде қалыптасатын біліктілігі) талап етіледі. Бұл жерде оқушының танымдық қызметіне оқу материалын өзгерту, оны сыни тұрғыдан ұғыну, шешім қабылдаудың тиімді жолдарын іздеу, білімді салыстыру арқылы мәтіннің негізгі ойын бөліп шығару әрекеттері жатады. Тапсырмаларда қолданылатын сұрақтар түрі: бірінші деңгейдегі тапсырмаларға оқушының берген жауаптарына неге? неліктен? себебі?, түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, салыстыр, талда классификация жаса, т.б. сұрақтар қойылады.

2-ші деңгейдің нәтижесі: алғашқы жинаған 5 баллға + 4 балл = 9 балл = «4» журналға қойылады, егер келесі деңгейді меңгере алмаса. Бұл жағдайда оқушының білім сапасына 1-деңгейдегі «дұрыс» пен «толық»-қа «әрекеттілік» пен «тереңділік» сияқты білім сапасының түрлері қосылады.

3-ші деңгейде оқушылар танымдық-ізденушілік сипаттағы, білімнің қорытындылауына бағытталған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар түрі: өз шешіміңді тап, алгоритм жаса, жүйеле, анықтама, қорытынды шығар, т.б.

3-ші деңгейде: алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл = 12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады. Нәтижесінде, үш деңгейдің тапсырмаларын біртіндеп орындау барысында оқушылар зерттеушілік әдісті меңгереді.

4-ші деңгейдің тапсырмалары оқушылардан зерттеу әдістерін пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында өз бетімен қолдана білуін талап етеді (олимпиадалық тапсырмалар, реферат жазу, ғылыми жобалар қорғау, т.б.). Олар стандарттан жоғары болғандықтан 12 балдық жүйемен ерекше бағаланады. Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып, өзін-өзі басқару арқылы өз бетімен дами алатын тұлғаға айналады. Демек, мектеп түлектерінің әрқайсысының өз бойындағы қабілетіне сәйкес. «жоқ» дегенде, бір бағытта, мысалы: информатикадан қазіргі заман талабына сәйкес ақпараттық құралдармен жұмыс жасау барысында, ақпараттық мәдениетті меңгеруде «өмір бойын білім ала алатын тұлғаға» айналуына кепілдік бар.

Сабақ соңында мұғалім әр деңгей тапсырмасының дұрыстығын тексергеннен кейін, тақтада ілініп тұрған «Ашық журналға «+» белгісін оқушылардың өздеріне қойғызып отырады

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ТИІМДІЛІГІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по студенческому спорту

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын зерделей отыра тапсырмаларды. ықшам сабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау түрлері баланың жан-жақты ізденуіне ынталандырады. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және балл не баға қоймастан оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасынның бөлімдерін (ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша қолданылады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.11.2017 448
    • DOCX 58.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанысбаева Алмагул Адильхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23869
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 175 человек из 48 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 988 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 583 человека

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 242 человека из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 074 человека

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические аспекты работы с баснями Эзопа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 350 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 183 человека