Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Жамбыл Жабаев 11 - сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Жамбыл Жабаев 11 - сынып

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастаны. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: жыр алыбы Жамбыл жайында мәлімет беру, «Өтеген батыр» дастанының мазмұнын, идеясын ұғындыру. 
Дамытушылық: өлеңмен жазылған шығармаларды оқып, талдай білуге, ой өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды жасап, пікір айтуға, сөйлей білуге машықтандыру. 
Тәрбиелік: елін, жерін сүюге, өзіндік пікірлерін ашық айта білуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: «Сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы. 
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту. 
Көрнекілігі: оқулық, тақта, ақынның портреті, сызбалар. 
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет (теориясы). 
Сабақтың барысы. 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру. 
Үй тапсырмасын сұрау. 
1) М.Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінен ұнаған шумақтарын және «Балалық шақ» өлеңін толық жаттау; 
2) «Сағыныш» тақырыбына шағын әңгіме жазу. 
Оқушылар «Азамат» және «Болашақ» деген 2 топқа бөлінеді. Оларды бақылап, саралаушы топ «Қазақстан» болады.Топ басшылары топтың тапсырмасына сай өлеңді талдап, оқушылардан жатқа сұралады. 

ІІ. Жаңа сабақ 
Ақын өміріне қатысты мағлұмат беру. 
Ж.Жабаевтың естелігінен: «Шу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген 2 тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болыпты. Бұл 1846 жылдың февраль (ақпан) айы екен. 
Жамбыл 35 жасында, яғни, 1881 жылдың күзінде Іле бойында өткен бір үлкен жәрмеңкеде атақты ақын Құлманбетпен айтысып жеңіске жетеді. «Айтыстың арыстаны» атанған Жамбыл өткір, уытты жырларымен қатар кең тынысты ұзақ эпикалық туындылар шығарады. Халық эпосы мен ертегілерінің және тарихи жырлардың дәстүрінде ақын «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сынды белгілі поэмалар туғызды. 
«Топтастыру» стратегиясы. 
Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау 
«Түсіну» стратегиясы. 
Дастанның бас кейіпкері – Өтеген батыр туралы мағлұмат беріледі. 
Өтеген батыр (1699-1773) – XVIII ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. «1756 жыл шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты» деген аңыз да бар. 
Екі топтың оқушылары дастанды оқып түсіндіреді. 
«Талдау» стратегиясы. 
Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау. 
1) Оқиғаның басталуы. 
«Алып келсем елімді 
Жиделібайсын жеріне 
Қалмас еді -ау арманым». 
2) Оқиғаның дамуы. 
«Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл 
Ел-жұртын аман-есен көрді дейді». 
3) Оқиғаның шиеленісуі. 
«Егер де айтқаныма көнбесеңдер 
Бұл жерді ақырында алар орыс». 
4) Оқиғаның шарықтау шегі. 
Елінің Өтеген батырдың тілін алмауы. 
5) Оқиғаның аяқталуы. 
Өтеген батырдың еліне өкпелі болып, Түркістанға кетуі. 

Картамен жұмыс (Қазақстанның географиялық картасынан Жиделібайсын жерін оқушыларға көрсету). 
Ақмешіт қаласының іргетасы Сырдың жағасындағы «Қамысты қаладан» басталған. Ықылым заманаларға көз жіберсек, Жиделібайсын жері – осы жер. 
Әзілхан Нұршайықов. 
«Еркін жауап» стратегиясы. 
1) Батырдың арманы не? 
2) Батырдың ренжіп, қапалануы неліктен? 
3) Шығарманың басты идеясы не? 
«Венн диаграммасы». 
Шығарманы оқып таныстық, талдау жұмысын жасадық, сұрақтарға жауап бердік, енді шығарманың салыстыру кезеңін жүзеге асырамыз. Яғни, 2 топ дастанды Асан қайғының Жерұйықты іздеуімен салыстырады. 
Асан қайғы Өтеген батыр 


«Инсерт» әдісі бойынша: «Не білдім?, Не білгім келеді?» деген сұрақтар негізінде өз ойларың айтып, қағаз бетіне түсіру. 
Не білдім? Не білгім келеді? 
Тарихта аты аңызға айналған Өтеген батыр болғанын, оның өмір сүрген заманда халқы үшін не істегенін білдім. Өтегеннің тағы қандай ерлік істегенін білгім келеді. 
Өтеген батырдың халқы үшін бәрін істеуге дайын екенін білдім. Өтеген өкпелеп Түркістанға кетіп қалғанда не істеді екен, соны білгім келеді. 
.................... ............................. 

«Бағалау парағы» бойынша оқушылардың баға қорытындысын шығару. 
Қорытындылау. Міне, балалар, бүгін біз Жамбыл ақынның «Өтеген батыр» дастанында жырланған Өтегеннің халық үшін істеген игі істерімен таныстық. Сендердің де келешекте осындай халық қамын ойлайтын ұрпағы болуларыңа тілектеспін. Өйткені, сендер Қазақстанның болашақ жарқын азаматтарысыңдар! Сөз соңы сарапшылар тобы «Қазақстанға» беріледі. 
Үйге тапсырма: 
1) «Өтеген батыр» дастанын қайталап оқып шығу; 
2) А4 форматқа Өтеген батырға хат жазып келу.



Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанындағы батырдың бейнесі 

Сабақтың мақсаты:
 
Білімділік: Жырдан батырдың бейнесін тауып талдау жасату, «Өтеген батыр» дастанының мазмұнын, идеясын ұғындыру.
 
Дамытушылық: Өлеңмен жазылған шығармаларды оқып, талдай білуге, ой өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды жасап, пікір айтуға, сөйлей білуге машықтандыру.
 
Тәрбиелік: Елін, жерін сүюге, өзіндік пікірлерін ашық айта білуге, бір-бірінің пікірін тыңдауға, жұмыстарына баға беруге тәрбиелеу.
 
Сабақтың түрі:аралас
 
Сабақтың типі: білімді бекіту,жүйелеу.
 
Көрнекілігі: сұрақтар,жыр,тапсырмалар т.б
 
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
 
Сабақтың барысы.
 
І. Ұйымдастыру кезеңі.
 
Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру. Топтарға бөлу Ітоп:Ақындар ІІ топ:Зерттеушілер ІІІ топ:Білімділер
Тәлім сәті:
Әрбір адам? Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? Шындық, бірлік, адалдық
Үй тапсырмасын сұрау.
 
Ұяшықтарға жасырылған сұрақтар арқылы үй тапсырмасын жинақтау
1.Оң жақтаға «10» - Ж.Жабаев қай жылы қай жерде дүниеге келген? (1846)
2.Оң жақтағы «20»- Жетісу ақындарының ішінде кімнен бата алған? (Сүйінбай)
3.Оң жақтаға «30» - Соғыста қайтыс болған ұлының аты кім? (Алғадай)
4.Оң жақтаға «40» - Қай жылы Жамбылға мемелекеттік сыйлық берілді? (1941)
5.Сол жақтаға «10» - 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліске арнап жазған өлеңдерін ата (Зілді бұйрық,Патша әмірі тарылды)
6.Сол жақтағы «20»- «Ленинградтық өренім» өлеңінің бір шумағын жатқа айт
7.Сол жақтаға «30» - 1936 жылы Правда газетінде жарияланған өлеңін ата (Туған елім)
8.Сол жақтаға «40» - Ж.Жабаевтың эпикалық туындыларын ата ( Өтеген батыр,Сұраншы батыр)
9.Сол жақтағы «50» - Ж.Жабаевтың өлеңдерін ата
 
10. Оң жақтағы «50»- 35 жасында 1881 жылдың күзінде Іле бойындағы үлкен жәрмеңкеде Жамбыл атақты ақынмен айтысып жеңіске жетіпті осы ақынды ата (Құлманбет)

ІІ. Жаңа сабақ
 
І топ Ақындар жырдан үзіндіні жатқа айтады. Бір шумақ өлең құрастырады
ІІ топ: Зерттеушілер жырдан жер, су атауларын тауып оқу картадан көрсету (Картамен жұмыс: Қазақстанның географиялық картасынан Жиделібайсын жерін оқушыларға көрсету). Ақмешіт қаласының іргетасы Сырдың жағасындағы «Қамысты қаладан» басталған. Ықылым заманаларға көз жіберсек, Жиделібайсын жері – осы жер.
 
ІІІ топ: Білімділер «Талдау» стратегиясы.
 
Жырдан Өтеген батырдың бейнесін тауып оқу,Өлең құрылысына (бір шумақ) талдау жасау
 
Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау.
 
1) Оқиғаның басталуы.
 
«Алып келсем елімді
 
Жиделібайсын жеріне
 
Қалмас еді -ау арманым».
 
2) Оқиғаның дамуы.
 
«Бір жайлы қоныс іздеп он жеті жыл
 
Ел-жұртын аман-есен көрді дейді».
 
3) Оқиғаның шиеленісуі.
 
«Егер де айтқаныма көнбесеңдер
 
Бұл жерді ақырында алар орыс».
 
4) Оқиғаның шарықтау шегі.
 
Елінің Өтеген батырдың тілін алмауы.
 
5) Оқиғаның аяқталуы.
 
Өтеген батырдың еліне өкпелі болып, Түркістанға кетуі.
 

«Инсерт» әдісі бойынша: «Не білдім?, Не білгім келеді?» деген сұрақтар негізінде өз ойларың айтып, дәптер бетіне түсіру.
 
Не білдім? Не білгім келеді?
 
Тарихта аты аңызға айналған Өтеген батыр болғанын, оның өмір сүрген заманда халқы үшін не істегенін білдім. Өтегеннің тағы қандай ерлік істегенін білгім келеді.
 
Өтеген батырдың халқы үшін бәрін істеуге дайын екенін білдім. Өтеген өкпелеп Түркістанға кетіп қалғанда не істеді екен, соны білгім келеді.

«Еркін жауап» стратегиясы.
 
1) Батырдың арманы не?
 
2) Батырдың ренжіп, қапалануы неліктен?
 
3) Шығарманың басты идеясы не?
 

«Бағалау парағы» бойынша оқушылардың баға қорытындысын шығару.
 
Үйге тапсырма:
 
«Өтеген батыр» дастанын қайталап оқып шығу

  • Күні: 17-03-2014,

.Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев
ІІ.Сабақтың мақсаты: оқушылардың Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шы-
ғармашылығынан алған білімдерін тексеру, білім
деңгейін көтеру.
ІІІ.Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: оқушыларды іздендіре отырып, ақын
туралы білімдерін кеңейту, толықтыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу
тілдерін дамыту, сөз қорын байыту, есте сақтау қабі-
леттерін дамыту.
б) Тәрбиелік: оқушылардың ақынға деген сыйлас-
тық, құрмет сезімдерін тәрбиелеу, әдебиетке деген
қызығушылықтарын ояту.
ІІІ.Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ ( «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ин-
теллектуалдық ойыны)
ІV.Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,пікірталас,тест
V.Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, ақын портреті, презентация
VІ.Пәнаралық байланыс: математика, орыс тілі, ән-күй, тарих, жағрапия
VІІ.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
• Сәлемдесу;
• Сынып оқушыларын екі топқа бөлу;
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың тақырыбы,мақсаты,барысымен таныстыру.
2. — Бүгінгі ХХI ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысын бастаймыз.Сен-дерге үй тапсырмасына Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы бойынша дайындалып келу берілген болатын.
Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Жамбыл — әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзия-ны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігі-мен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жам-был – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде ша-шылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» — деген еді Сәкен Сейфул-лин. Жамбыл — жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың өмірі мен шығармашылығын терең білу үшін бүгінгі зият- керлік сайысымызды ұйымдастырып отырмыз.

Ойынның шартымен таныстыру . Ортақ сегіз сұрақ қойылады, бірінші болып текшені көтерген топ жауап береді. Дұрыс жауап 10 ұпаймен ба-ғаланады.
1. Жамбыл Жабаев қай жерде дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында Жамбыл,
Хантау деп аталатын тауларының баурайында туған)
2. Жамбыл Жабаев қай жылы дүниеге келген?
(Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келген )
3. Жамбылға қай ақын бата берген?
(Жамбыл Сүйінбайдан бата алған)
4. Жамбыл кімдермен айтысқа түскен?
(Құлмамбет, Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Досмағамбет, Шашубай )
5. Жамбылдың қандай поэмалары бар?
(«Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» )
6. Жамбылдың 1941 жылы Ленинград жау қоршауында қалған кезде шығарған өлеңін атаңдар.
(“Ленинградтық өренім” )
7. Жамбылдың анасының атын атаңдар
(Ұлдан)
8. Жамбылдың “Туған өлкем” өлеңі орыс тілінде қай газетте жарық көр-ді?
(“Правда” )

Екі топқа да бірдей тапсырмалар беріледі. Бірінші болып текшені көтер-ген топ жауап береді. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.
“Шағым” өлеңіндегі молда бейнесіне талдау жасаңдар.
“Өстепкеде” өлеңінде ақын адамдардың қандай мінездерін сынап тұр?Өлеңнен мысал келтіріп, дәлелдеңдер.
Қазақстанда 1916 жылы қандай тарихи оқиға болды?
Жамбыл өлеңдерінен аллитерацияларды табыңдар.

Топ ойыншылары ұяшықтардағы пән мұғалімдерін таңдайды,тест тү-
рінде берілген сұрақтарға жауап береді. Ұяшықтардың сұрақтары шығып отырады. Әр дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.

Жамбылдың Ұлы Отан соғысы кезінде қайтыс болған ұлы
A. Жапа
B. Алғадай
C. Әбдірахман
D. Құлмамбет

Жамбылдың ақындық атағы кіммен айтысқаннан кейін шығады?
A. Айкүміспен
B. Шашубаймен
C. Бөлтірікпен
D. Құлмамбетпен

Жамбылдың 1916 жылғы оқиғаға байланысты жазған өлеңін табыңдар.
A. “Менің өмірім”
B. “Зілді бұйрық”
C. “Туысқан ел”
D. “Өстепкеде”

Жамбыл қай дастанды жатқа жырлаған?
A. “Ләйлі-Мәжнүн”
B. “Қыз Жібек”
C. “Ер Тарғын”
D. “Толағай”

Ұпайы көп топ ұяшықтықтағы керекті пәнді таңдап,сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса, келесі топ жауап беруге болады. Ұяшық-тан таңдаған сұрақтар экранда үлкен болып көрсетіліп тұрады. Әр дұрыс
жауапқа 10 ұпай беріледі.

Экранға Жамбыл Жабаевтың өлеңдерінен үзінділер шығып отырады. Әр өлеңіндегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып айту керек. Ол сөзді үш тілде айту жүктеледі. Үш тілде дұрыс айтқан топқа 30 ұпай беріледі. Егер екі тілде айтса, 20 ұпай, бір тілде 10 ұпай беріледі. Ұпайы көп топ бас-тайды.
Жапаның ұлы _______боп
-Жақсы іспетті,-дер,әке.
Ағайынды еңіретті
__________ жасына қарамай…
Жан қысылса белгілі,
Табылмайсың жарқын______
Жасауыл_______тінітпек
Қылыштары жарқылдап
Қайтіп ________ береді?
Айтқаны ішке қонбаған

Топ ойыншылары ұяшықты таңдап, берілген сұрақтарға 1 минут ішінде жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

  1. Күлтегін” ескерткіші қай жерден табылған?

  2. Музыканың үлкен кітабы” зерттеуінің авторы кім?
    3.Абылай ханның кеңесшісі болған жырау?
    4.Шоқанның шын аты.
    5.Абай қай облыста дүниеге келген?

  3. Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің авторы кім?

  4. Құдатғу” білік дастанының авторы кім?

  5. Абайдың шын аты.

  6. Ы.Алтынсарин алғашқы мектепті қай қалада ашты?

  7. Абайдың неше қара сөзі бар?

  8. Араб алфавиті негізінде жаңа жазуды жасаған кім?

  9. Шұғаның белгісі” повесіндегі Шұғаның сүйіктісінің аты кім?

Топ жетекшілерінің сайысы. Бұл кезеңде топ жетекшілері берілген ақын-жазушылардың кімдер екенін тауып айту керек. Дұрыс әр дұрыс жа-уапқа 10 ұпай беріледі.
І топқа

ІІ топқа

Соңғы шешу кезеңде топ мүшелері бірлесе отырып тақырып бойынша өз ойларын ортаға салады.

ІІІ. Қорытындылау
Әр топтың ұпай санын санап, жеңіске жеткен топты анықтау. Мадақтау, марапаттау.
ІV. Бағалау
Топ жетекшілері сайысқа қатысқан топ мүшелеріне тиісті бағаларын қоя-ды.
V. Үйге тапсырма

Жамбыл Жабаевтың кез келген бір өлеңін жаттау.

Ақпаратпен бөлісу:




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1066
Номер материала ДВ-327704
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх