Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жаса наурыз,дәстүрім" сынып сағаты

"Жаса наурыз,дәстүрім" сынып сағаты

Скачать материал

«Жаса, Наурыз, дәстүрім »

Сынып сағаты

Мақсаты: Оқушылардың Наурыз мерекесі жөніндегі білімдерін толықтыра отырып, салт дәстүрлерді дәріптеуге тәрбиелеу.

          Наурыз - өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінің Нау – жаңа, рыз – күн деген сөздерінен шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал, қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден наурыз айы, үшіншіден – ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады. Бұл күн – аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңелетін, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні – ұлыс күні» деп атаған

Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырдық аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағып қойылады. Қыдыр- ата адамдарға дәулет дарытатын, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне.

1.Наурыздан тілек қандай мақсатта, қай ауқытта айтылады? Жауабы: Наурыз тілек – достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.

2.«Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің? Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжандық қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.

3.«Наурызкөк» дегеніміз не? Жауабы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе» деп шықырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.

4.«Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің? Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша»деп атайды.
«Балаға ат қою» - салт дәстүрдің көрінісі. Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері бар. Кейбір дәстүрлерсәл өзгерген түрде бүгінге дейін сақталған. Бала дүниеге келгеннен кейін атасы мен әжесі немесе ауыл ақсақалы балаға ат қояды. Дін басы болғандықтан кейде баланың атын молда қоятын болған. Ат қоюшы адам баланың құлағына «Сенің атын Айсауле» деп , үш рет қайталайды. Ат таңдаған кезде түрлі ырымдар, түсініктер, тілектер ескереледі. Ата – аналар бала есімінің мағыналы, әрі көркем болғанын қалайды. Ұл бала күтіп жүрген әке-шешесі кезекті қызына «Ұлбосын» деп ат қояды. Тілегені орындалған ата-аналар балаларына: «Қуаныш», Құдайберген», «Күнтуды» деген есімдер береді. 
Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарына көшсек. Ұлт ойындары - ата – бабамыздан бізге жеткен өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, соның бір түрі асық ойыннан тұрады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, тапқырлықты, батылдықты, шапшандықты қажет етеді.

               Бесікке салу рәсімі.
Бесікті талдан, қарағайдан, қайыңнан оюлап шеберлер жасаған. Бесік жабдықтары: бесік көрпе, жергөк, бас жастық, аяқ жастық , екі жамбас жастық, екі тартпа жіп, шүмек, түбек.
Нәрестені бесікке салмас бұрын адыраспанмен түтіндетіп аластайды. Сонда баланың ұйқысы тыныш болады, шошымайды деген ырым бар.
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Баланы бесікке бөлерден бұрын «тышты ма?» ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит, тәттілер өткізіледі. Бұл халқымыздың « балаға бесік құт дарытсын!» деген ниеттен туған рәсім.

Халқымыз баланың тұсауын ала жіппен, тоқ ішекпен немесе көк шөппен кескен. Ала жіппен кесетіні – ешкімнің ала жібін аттамасын дегені. Тоқ ішекпен кесетін себебі - тоқшылықта өмір сүрсін дегені. Ал көк шөппен кесетіні - көктей өсіп-өркендесін деп ырымдайды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаса наурыз,дәстүрім" сынып сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 934 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2017 1447
    • DOCX 57.1 кбайт
    • 35 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ашимова Дина Жалбыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ашимова Дина Жалбыровна
    Ашимова Дина Жалбыровна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 55819
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой