Инфоурок Другое Другие методич. материалыЖасөспірім және қылмыс 8-10 сынып Дөңгелек стол

Жасөспірім және қылмыс 8-10 сынып Дөңгелек стол

Скачать материал

                          Жасөспірім және қылмыс

Мақсаты:  Оқушылардың  құқықтық білімдерін қалыптастыра отырып, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Іскерлік ойын

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, ойын, тренинг.

Ұйымдастыру кезеңі: 5- топқа бөлінеді.

1- кезең:  көрініс көрсету.

2- кезең: Ой елегінен өткізу.

3- кезең: Кім жүйрік?

4- кезең: Тығырықтан шығу ойыны.

      Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.

    Еліміздің демократиялы құқықтық өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға бетбұрыс жасағалы адамдардың заңға деген көзқарастары өзгеріп, заң біліміне ынтасы арта түсті.

    Мұхаммед пайғамбарымыздың 385- хадисінде: «Жер бетіндегі адамдар арасында тәртіп орнату үшін жаза қолдану шөлдеп тұрғанда жауған жаңбырдай қайырлы. Қылмыс істеген күнәлі адамға шариғат заңының көрсетуі бойынша шара қолдану, яки, тәртіпке  шақыру- әділет жолымен мемлекеттік құрылысты сақтаудың бірден- бір жолы. Мемлекетте қуатты, беделді тәртіп болмаса, ол күйрейді. Қоғамның барлық ісін өркендету үшін шынайы әділеттік болуы керек. Бұл- қоғамды берік сақтаудың жолы. Қағазда жазылғанымен, іс жүзінде еркіндік болмаса, ол тура жолға салынбаса, онда мемлекет күйрейді деген сөз»,- деп жалпы адамзат баласы үшін өсиет қалдырған екен. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан да заңды білу- заман талабы. « Жасөспірім және қылмыс» айдарымен ұйымдастырылып отырған іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер!

1- кезең:  көрініс көрсету.

10 сынып- Айыпталушы

9а сынып- Прокурор

9б сынып – Адвокат

8а сынып- Тергеуші

8б сынып- Сот

2- кезең: Ой елегінен өткізу. Бұл кезеңде оқушыларға әр топқа сұрақтар қойылады. Оқушылар өз ойларын ортаға сала отырып, бір- бірімен ойларын бөліседі.

1. Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

2. Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

3. Қылмыс жасауда білместікке жатама?

4. Баланың ажырамас құқықтары туралы не білесің?

5. «Заңды білу- заман талабы»- деген сөзді қалай түсінесің?

Мұғалім: Құқықтық тілмен айтқанда бұл – заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз.                                                                  3- кезең: Кім жүйрік? Түсіндірме сөздік сайысы. Ұяшық таңдау арқылы сөздіктерге түсіндіру жұмысы жүргізіледі.                                                                            Құқық-мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті заңдар жүйесі.                                                                                                                                 Сайлау- әр 18 жасқа толған азаматқа берілетін таңдау құқығы.                                                               Мемлекет- белгілі бір қоғамды басқаратын ж\е сақтайтын негізгі күш.                                           Конституция- мемлекеттік құрылыс негізіндерін мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын негізгі заң.                                                                                                                        Отбасы- ерлі- зайыптылардың, ата- аналардың балалардың ж\е басқа туыстардың арасындағы өзіндік тәртіп үлгілерімен жиналған топ.                                                                           Бала- әр адам баласы 18 жасқа дейін бала деп саналады.                                                              Ұлт- белгілі бір аумақта мекен ететін, өзіне тән шаруашылығы, тарихы, салт-дәстүрі қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ұлттық психологиясы анық көрінетін адамдар қауымдастығы.                                                                                                       Парламент- заң шығарушы орган.                                                                                               Халық- Қ Р Мемлекет билігінің бірден- бір бастауы.                                                         Президент- Мемлекет басқарушы.                                                                                       Мұғалім: Құқықтық тәрбие мен  құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жүгерді шындауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын   алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіруіміз қажет.

4- кезең: Тығырықтан шығу ойыны.                                                                                   Ойынның шарты: Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрады. Бір мезгілде барлығы қолдарын көтеріп, арада пайда болған аралықтардан өтіп, әбден бір жерге арасынан адам өте алмайтындай болып шатасып жиналады, тығырыққа тіреледі. Кейін осы шатасудан қолдарын жібермей жазылулары қажет.

Шарт: Қандай жағдай болмасын бір- бірінің қолдарын босатпауы қажет.

Сұрақ: Шатасу кезінде кім не сезінді?                                                                                                                                     Мұғалім: Мектеппен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқығы мен міндетін білмей, басқанын құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігуіміз мүмкін. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсысымыз жете түсінуіміз керек. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік. Заңды білу, құрметтеу- баршаның міндеті.                                   

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жасөспірім және қылмыс 8-10 сынып Дөңгелек стол"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Бухгалтер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 320 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 1475
    • DOCX 17.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ілесбек Мөлдір Ілесбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ілесбек Мөлдір Ілесбекқызы
    Ілесбек Мөлдір Ілесбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21335
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой