Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / «Желбіре, жеңістің жалауы» әдеби шығармашылық кештің сценарийі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

«Желбіре, жеңістің жалауы» әдеби шығармашылық кештің сценарийі

библиотека
материалов

«Желбіре, жеңістің жалауы» әдеби шығармашылық кештің сценарийі

Мақсаты:

Ұлы Отан соғысына байланысыт оқиғаларды еске түсіру арқылы оқушыларға жеңістің елімізге оңай жолмен келмегенін, қаншама адамның сол жеңіс жолында құрбан болғаныны түсіндіре отырып, өз еліне деген сүйіспеншілік сезімге, отансүйгіштікке, өз елін қорғай білуге тәрбиелеу

Түрі: әдеби кеш.

Көрнекілігі: Мәңгілік от, магнитофон.

1 ші-жүргізуші

Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.

Көктем , шуақ – Тоғызыншы май күні.

Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі

Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

Біздің ұлы Жеңісіміз көктем боп

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы Тоғызыншы май күні

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

2-ші жүргізуші: Бүгінгі күн - көптен күткен салтанатты күн , зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 70 –көктемі де келіп жетті

70 жыл бейбіт күннің таңы атқалы

70 жыл шуақты күн таратты әнін.

70 рет көктемде содан бері

Ашылды жеңіс күннің парақтары .

1-ші Осындай бақытты күнді елі мен жері үшін арыстандай алысқан жеңімпаз жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады.Сондықтан да бұл күні барлығымыз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсетейік

2 ші. Сайыпқыран солдаттары соғыстың.

Ардагерлер атамекен айбыны.

Сақтады олар елін жерін, намысын,

Ақтады олар азаматтық борышын.

Сол үшін де қолтығынан сүйейік,

Ардагерлерге, майдангерлерге

Барлық жерде басымызды иейік.

1-ші Жеңіс жырын айтсын бүгін тіл көмей,

Абзал досым, мүгедекті жүр демей.

Ел дегенде еңіреп туған ерлерді

Еске алайық бір сәт тұрып үндемей дей келе

(Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске алайық.)

1941-1945 жылдар аралығында біздің ауылдан 243 адам соғысқа аттанып, 155 сарбаз майдан даласынан елге қайтып оралмады.

Ұлы Отан соғысына қатысып, еліне оралған жауынгерлер тізімі:

1. Арляпов Н.

2. Акимгалиев К.

3. Атаманов Н.

4. Бердюгин Н.

5. Бедарев Д.

6. Баймурзин Е.

7. Баянбаев Қайрет.

8.Баилов Б.

9. Бедарев А.Л.

10. Белоусов О.К.

11. Буторин Н.

12. Барсуков М.И.

13. Барсуков В.И.

14. Байжайляуов К.

15. Бежекенев Ж.

16. Долгополов Р.

17. Долгополов А.

18. Енсебаев Б.

19. Енсебаев Б.

20. Еладин П.

21. Ермекпаев Н.

22. Жилёв И.

23. Жуашев М.

24. Жигальцов И.

25. Жанжигитов К.

26. Жельменов Р.

27. Жакипов Б.

28. Затеев Ф.

29. Затеев П.

30. Зырянов Ф.

31. Затеев И.А.

32. Зырянов И.Т.

33. Зырянов А.И.

34. Зырянов Е.И.

35. Зырянов А.И.

36. Игиликов М.

37. Иванов И.А.

38. Иванов К.Т.

39. Кокобаев С.

40. Калиев С.

41. Калиев Т.

42. Канапин А.

43. Касенев М.

44. Красков Д.

45. Карыкпаев М.

46. Китакпаев К.

47. Кадырканов Д.

48. Коробейников О.

49. Коробейников О.

50. Канапин А.

51. Касенев Т.

52. Лысов А.А.

53. Лысов А.А.

54. Лысов С.Е.

55. Лысов Т.А.

56. Ламадуров В.

57. Мусаканов М.

58. Никонов С.

59. Николаев А.И.

60. Панкратьев Е.Е.

61. Рахманов Л.Л.

62. Рахманов С.Ф.

63.Рахманов З.Ф.

64. Рахманов М.В.

65. Рахманов М.С.

66. Рахманов М.П.

67. Рахимжанов Ж.

68. Раисков А.И.

69. Сидоров В.

70. Сидоров Ф.

71. Сарсенбаев К.

72. Сериков Ж.

73. Садвокасов К.

74. Стахнёв А.

75. Сорокин В.

76. Сосновский М.

77. Соколов И.В.

78. Тулегетаев А.

79. Токтагулов С.

80. Ташенев М.

81. Ташенев М.Н.

82. Тунгушпаев К.

83. Тургумбаев С.

84. Чанов К.

85. Чамчиев С.

86. Чикаров Б.

87. Шарыпов А.

88. Шалғымбаев Д.


1 ші. Қанқұйлы жауды оның жақтастарын өз індерінде тұншықтырып, бізге, бізбен бірге жарты әлемге бейбітшілікті сыйлады. Сондықтан да біз соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне шаш- етектен қарыздармыз

2 ші. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында Жеңістің 70 жылдығының мәні мен маңыздылығын жоғары бағалап, оның кең көлемінде тойланатындығын, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілетіндігін кеісіп айтқан болатын. Жазылған жоқ өткен күн жоралары,

Сиреп кетті-ау қарттардың аралары,

Бабам жауға бермеген туған жерді

Қорғайды әлі баламның балалары.

2 ші. Неменеге жетістің бала батыр?

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп әнеки жағада тұр,- деп ақын жырлағандай Жеңіс туын желбіреткен жеңімпаз сарбаздардың қатары жылды қойып күннен күнге сиреп барады.

і. Бүгінгі күні біздің ауылдық аймағымызда жалғыз ардагеріміз бар- ол Беқалқа ауылындағы Никонов Сағатай атамыз . Биылғы жылы 14 ақпан айының 2015 жылы 91 жасын тойлады.

2 сынып оқушыларының арнайды

Оралған оқ пен оттан ағаларым,

Арттық қой бізге бүгін бағаларың.

Құттықтап Ұлы Жеңіс мерекеңмен

Сіздерге ақ жүректен жыр арнадық

70 жыл Жеңіс туын желбіретіп,

9-шы мамырда келді жетіп.

Көзде жас , көңілде зор қуанышпен,

Тебірентіп, ет жүректі елжіретіп.

Жауды жеңіп, майданнан аман қайтып,

Бейбіт күн, тыныштықта таңың атып.

Жерімді гүл жайнатып, ардагер боп,

Жеткенің осы күнге қандай бақыт.?


Тойлайық Жеңіс күнін тасып, шалқып,

Өйткені бар тойлардан бұл той артық.

Елімнің бақыты мен бостандығын,

Осы күні біз жаудан алдық тартып.

Майдангерлер, жүз жасаңдар бәрін-дағы,

Ел аман, жерім тыныш болсын мәңгі!

Мереке құтты болсын , қайырыммен,

Ағарып атсын ылғи елдің таны.

ән «Кептерлер» 2 сынып

і. Біз үшін Жеңіс күннен асқан қымбат мереке жоқ. Иә, соғыста қираған қалалар мен селолар әлдеқашан қалпына келтірілді. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ.

2 ші. Ұлы Отан соғысында ұлы жеңісіміз- достықты шындаған, бірлікті жырлаған, ер намысы бап аталған, ел дауысы боп шырқаған жеңіс. Арын жалау,жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін, айдын көлін,ақ сүтін берген анасын, ақ самал ескен даласын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады.

і. Қазақстанда құрылған 310-314 атқыштар дивизиялары жылдың күзінен бастап Ленинград үшін шайқаста елді мекенді азат етті. Солардың ішінде қазақ қыздары Мәншук Мәметова , Әлия Молдағуловаға Кеңес Одағы Батыры атағы берілді.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайрандаған...

Ерліктің қос қанаты деп білемін

Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Әлия, Мәншук қайсар гүлі қазақтың,

Ерлігіне танданамын ғажап тым.

Солар төккен қызыл қанның арқасы

Қазақстан аспанында азат күн.

көрініс»Алия мен Мәншук»

Ару қыздар – алаулап от кешкендер

Сыздап тұр-ау әлі күн оқ тескен жер

Қаласыңдар мәңгілік ел есінде

Ару қыздар –алаулап от кешкендер

Шаттансаң, қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия отанына болған мақтан

Казачиха дөңінде тұлғасы тұр

Дегендей ерлікке аттан ,жеңіске аттан

Ай өткен,жылдар өткен, ғасыр өткен

Жеңіспен майдан бітіп, жас ержеткен

Ерлігі ел жүрегін тебіректіп

Ұрпаққа үлгі болып Мәншук кеткен

ән « Әлия» Дана 7»а» сынып

і. .

Мәскеу үшін шайқаста қазақстандық 28 батыр жауынгердің ерлігі ерекше.

2 ші. Олар 28 еді. 1941 жылдың 16-қарашасы немістер Москваға Волокалом бағытында ұрысқа шықты. Дубосеково разьезіндегі 1075 атқыштар полкі 4-ротасының 2 взводы тұрған бекініс шебіне жаудың 30 танкісі шабуыл жасады. Соғыс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28 панфиловшының 23- ші қаза тапты. 28-дің 22- сі қазақстандықтар еді.

і.

Орыс,қазақ, қырғыздан

Құрылған бұл шағын топ,

Жауға үрей тұғызған

Жайпап түсер жалын боп.

Данқ қосып данқына

Сұрапына төтеді,

Борыштарын халқына

Ерлігімен өтеді

Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар»

2 ші. 1942 жылы күзде Сталинград қаласы үшін шайқас жүріп жатқанда Батыс Қазақстан облысында да соғыс жағдайы жарияланды. Бірақ Кеңес әскері фашистік Германия әскерінің біздің жерімізге дейін жетуіне жол бермеді.

і. Сталинград үшін болған соғыста Қазақстанның 5 атқыштар, 1 атты әскер дивизиясы, 1 танк атқыштар бригадасы, 1 минометті полк қасылып ерлікпен шайқасты.

2ші Жеңіс күні ! 1418күнге созылған азаттық күрестің соңғы күні! Аспан көгін салюттер шұғыллаландырған, құшақтарға көктем гүлдері толған, көптен күткен Ұлы күн! Бірақ блокадағы Ленинград іргесіндегі, қоршаудағы қаланы кеудесімен қорғағандар үшін бұл күн әлі қандай алыс еді.

і. Ленинградты қоршаушылар 16 ай , яғни 900 күн блокадада аштық азапқа шыдап, қаланы жау езгісінн сақтап қалды. Қоршауда қалған Ленинград тұрғындарын жігерлендіру үшін жыр алыбы Жамбыл атамыз «Ленинградтың өренім» атты өлені қорғаушыларға күш, қүат дем берді. Ленинград қаласын қорғауда Сұлтан Баймағамбетов кеудесімен жау дзотын жауып, соғыс тарихында тендесі жоқ ерлік көрсетті

2ші Жеңіс әлі алыс болғанымен, соғыстың әрбір күні батырлық пен батылдыққа, ерлікке ұласып Ұлы Жеңісті жақындақан жекелеген жеңістерсіз өткен жоқ.

әскери би 9б-11б қыздары

1ші Ал, Бауыржан Момышұлының жауынгерлік ерлігі мен қолбасшылық дарыны аңызға айналған.

Төлеген Тоқтаров Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басып кіріп, 5 неміс офицерінің көзін қойған.

2 ші 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде ерен ерліктің үлгісін көрсетіп Кенес Одағының орден, медалдарымен марапатталған қазақстандықтардың саны 96638, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар саны -603 мың.

1ші Соғыс көптеген ерлердің атын,есімін елге танытты. Майдандағы ерліктері үшін қазақтардың 499 жауынгеріне «Кенес Одағының Батыры» атағы берілді.

1 ші Қазақстандықтар партизан қозғалысына қатысты. Белоруссия, Украина сияқты жау әскерлерінің қолында қалған жерлерде партизандар күрес жүргізді.Солардың қатарында Қасым Қайсенов, Әди Шарипов сияқты партизандар болды.

2 ші Қазақстанның өнер адамдары майдан шебінде концерт берді. Олардың ішінде Роза Бағланова да бар.

1 ші Еліміз төрт жыл бойы «Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Жеңіс үшін! Деген ұрандармен өмір сүрді.

Әйелдер, қарттар, жас өспірімдер тылда тәулігінде 12-14 сағатқа дейін еңбек етті.Сөйтіп жеңіс күн санап жақындай түсті.

Ашу мен кек оятты ел намысын,

Отан үшін жан пида болды үлкен сын

Ер азамат жауменен арпалыста,

Әйелдер терін төкті майдан үшін

Аналар қоштасқанда асылымен

Арулар қош айтысты ғашығымен.

Балалықтын базарын ерте жауып

Талай жұмыс істеді бала өркен

Ауылымыздың тыл ардагерлеріне Игілікова Сақыпжамал, Кубентаева Қамиза, Токтагулова Евдокия, Байбулова Даметкен, Енсебаева Биғайша, Никонова Камила,Кокобаева Нурзиға, Қайырқанов Қаби,Чамчиева Уазипа,Бозаева Кульжамиля,Жоконасова Шынғайша,Рахимжанова Уазипа,Енсебаева Нурумқан,Садуева Нұржамыш,Мажинов Онтай,Акимғалиева Нағиман, Бозаев Мустафа,Қилыбаева Нұрзағила,Бакимбаева Сақым,Кубентаев Әнуарбек, Омарбек,Амангулова Чамен,Барсукова Зоя тағы да өте көп есімдері аталмаған тыл ардагерлерге арнап

6 сынып оқушылары

Уақыттың бұрылмайды көші кері

Көп жанның бүгінде ұмыт есімдері. Ертеде біздің ауданымызда

Тұратын бір топ жесірлері.

Ашпаса да онша көп өмір бетін

Өңдерінен тозғандық білінетін,

Қырыққа енді аяқ басса олар,

Елудегі жандардай көрінетін

Үкілеп армандарын, үміттерін,

Жаны барда жаптырмай түңліктерін.

Сарықпай төзімдерін тосатұғын,

Майданнан қайтпай қалған жігіттерін.

Лязира

Колхоздың жұмысынан қалмайтұғын.

Тойға да бір-бірінсіз бармайтұғын.

Қолдарынан айыр мен шелек түссе,

Отбасының тірлігін қамдайтұғын.

Жасытпай тасқа жанып жігерлерін,

Бөлінбей бірге тілеп тілеулерін.

Жүретін апа менен сіңлідей боп,

Қалдырмай бір-бірінің көңілдерін.

Бір қалыптан ешқашан өзгермейтін,


Арттарынан ешқандай да сөз ермейтін,

Соғылған маңдайлары тасқа талай,

Серілердің басынып,өңмендейтін.

Бел шешіп тынығуды білмейді олар,

Ел құсап жайраң қағып жүрмейді олар.

« Отан» деп еңбек етті, өсірді ұрпақ

Ертеңгі шаңыраққа ие болар.

Оларды ұмытсақ ешкім кешірмейді,

Тарихтан ісін де ешкім өшірмейді.


Бір кезде майдангерлермен қатар қойып

Оларды да алтынмен мүсіндейді.

Не деген сүйген жарға берілгендік?

Сол адалдық келеді елімді ел ғып.

Кешегі қан майданда және тылда,

Сеніммен қиындықтың бәрін жеңдік.

Енді қайтып естімейік ана зарын,

Тақпасын әйел қара орамалын.

Көрмейік өрімдей жас жігіттердің

Қызыл қанға боялып құлағанын,

Міне, осындай бүгінгі мұратымыз,

Бейбіт өмір болсын мәңгі тұрағымыз.

Бүгін біз сіздерге баяндадық

Жесір аналар жайлы, болған аңыз



2 ші Елдің жырын жырлаған,

Қайғысын да толғаған

Домбырасыз ешқашан, дей келе 7 сынып оқушылары күй арнайды

Көрініс 9 сынып Рейхстагты алу

1 Ші 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстаг үстінде барлаушылар Рақымжан Қошқарбаев пен Булатов тіккен жеңіс жалауы желбіреді


Дана 5 сынып

Жүрек біткен желпінсін, жүйрік аттай

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай!

Дәл бүгін өлең айтпай,ән шырқамай.

Қандай жүрек қалады қанат қақпай.

Жеңіскерлер – елдің өреңдері,

Солар жұрттың айбары, әлемдегі

Отан бағын жайнатып гүлмен жаңа,

Мерей тапты солармен ел еңбегі



4 сынып қыздары Динара мен Дана

1. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігер менен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

2. Қыран құсым көк аспанда самғасын

Желбіресін көк байрағым сан ғасыр

Жас ұланды биік ұста туыңды





Хор ән «Бейбітшілік сақталады

Өмір сүрген халқымыз бар

Бейбіт елдің біз ұланы

Әлем сүйген салтымыз бар

Бейбітшілік –ел ұраны

Қайырмасы

Халықтар өмірді қорғайды

Әділет ұранын қолдайды

Шырқандар кел достар әр елде

Бейбіт күн жасасын әлемде

2. Қорғау үшін өмір көркін

Бүгіннен де ертең нұрлы

Болдырмаймыз соғыс өртін,

Достар берік сапқа тұрды

Қайырмасы

3. Ел ұраны мәңгі анық

Әр жүректе жатталады

Қолға алса барлық халық

Бейбітшілік сақталады


1-ші

Бүгінгі ұрпақ -өздерінің бейбіт өмірінде алаңсыз күлкісінде, тыныш ұйқысында, үміттері мен армандарында, тербелген тал бесіктердің қуанышында, Отанды қорғаған аталарының, апаларының мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпаулары керек. Ұмытпайды да.

1-ші Елге қауіп төнбесін, 2-ші Ағалар саптан шықпасын,

Халқым өсіп, өрлесін Аналар қабағын шытпасын.

Есен- аман болайық Бақытқа жетіп бар адам,

Енді соғыс келмесін Сәбилер тыныш ұйықтасын




Автор
Дата добавления 03.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров137
Номер материала ДВ-502325
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх