Сабақтың
тақырыбы: Жердің пішіні, өлшемі және қозғалысы. (5-сынып)
Сабақтың
мақсаты: Жер жөнінде жалпы мағұлмат бере отырып,
түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың
әдіс, тәсілдері: Сұрақ – жауап, географиялық диктант.
Сабақтың
түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі:
Кесте(адасқан нысандар, тапсырмалар), географиялық диктант.
Сабақтың
барысы:
І.Ұйымдастыру
кезеңі: Амандасу, Оқушыларды түгендеп, сабаққа
дайындығын сұрау.
ІІ.Үй
тапсырмасын сұрау: тест
ІІІ.Жаңа
сабақ жоспары:
1.Жаңа
тақырыпты түсіндірмес бұрын төмендегідей сұрақтар қоямын.
Сатайын десем ауыр кілем
Сатпайын десем тәуір кілем (жер)
1. Жер күн жүйесіндегі нешінші ғаламшар?
(Үшінші)
2. Жердің пішіні қандай? (шар тәрізді)
3. Жер деген не? (ғаламшар)
2.Мәтінмен
жұмыс: Жаңа тақырып мынадай сұрақтар төңірегінде
өрбиді.
1. Жердің
пішіні мен өлшемін кім анықтаған?
2. Жер
Күнді қанша уақытта толық айналып өтеді?
3. Жер
туралы алғашқы мәліметтерді қай елдің ғалымдары қалдырған?
4. Жердің
айналы бағыты қалай жүреді?
3.Географиялық
диктант
1.
Жердің өз осінен айналуға кеткен уақыт.......... сағатқа тең. (24)
2.
Жер өз осінен айналуының нәтижесінде........... мен.......... ауысады. (күн,
түн)
3.
Уақыт.................... меридианынан есепетелінеді. (Гринвич немесе бас меридиан)
4.
Алғаш 21 - 22 маусымда..................................................
болады. (жазғы тоқырау)
5.
23 қыркүйек күні...................... күн мен түннің теңелуі байқалады. (күзгі
тоқырау)
6.
Оңтүстік жарты шарда ең ұзақ күн...................................... деп
аталады. (Поляр күні)
7.
Солтүстік жарты шарда ең ұзақ түн...................................... деп
аталады. (Поляр түні)
8.
Жер күнді межелеген уақытта толық айналып өтуін..................... деп
атайды. (жыл)
IV.Бекіту
тапсырмасы: «Ия, Жоқ» берілген сұрақтарға ия немесе жоқ деп
жауап береді.
1.
Жердің
пішіні төртбұрышты.Жоқ
2.
Жер
шарының кішірейтілген моделін глобус деп атаймыз. Ия
3.
Экватордың
ұзындығы 40 мың. Ия
4.
Пифагор
алғаш глобусты ойлап тапты. Жоқ
5.
24
сағатта Жер өз осін айналады. Ия
V.Қорынтынды: Оқушылардың жер туралы
алған білімдерін қортындылап, бағалау.
VI.Үйге тапсырма: Тақырыпты
оқып келу, тақырыпта берілген суреттерді салу.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.