Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жиембет жырау Бартоғашұлы" тақырыбына арналған сабақ жоспары (9-сынып)

"Жиембет жырау Бартоғашұлы" тақырыбына арналған сабақ жоспары (9-сынып)

Скачать материал


ЖИЕМБЕТ ЖЫРАУ БОРТОҒАШҰЛЫ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - жыраулар поэзисының өкілі Жиембет жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, меңгерту. Жиембет жырау шығармашылығын талдай отырып, ақын тілінің өткірлігін, айқындылығын, даналық ойға құрылғанын нақты мысалдармен дәлелдеу;

Дамытушылық- шығармашылық ізденіс тапсырмалары арқылы оқушылардың еркін ойын, әдеби сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пайымдау, пікір айта білуге дағдыландыру;

Тәрбиелік- Жиембет жырлары негізінде ұлттық рух пен патриоттық сезімге тәрбиелеу, ерлік пен елдікті дәріптеу.

Сабақтың түрі: дамыта оқу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ- жауап, салыстыру, топтастыру стратегиялары, талдау, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, тірек-сызбалар, электронды оқулық, тақтадағы әр түрлі материалдар.

Оқыту формасы: жеке, топтық.

Пәнаралық байланыс:тарих, музыка.

Сабақтың эпиграфы: Құтты ой... Құтты сөз... Құтты іс...

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1) кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу;

2)сынып тазалығына, оқушылардың оқу құралдарына, сабаққа дайындығына көңіл аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үмбетей жырау. «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» жырын жатқа айту. Жыраулар поэзиясы бойынша сұрақтар қоя отырып, тірек сызбалар бойынша әңгімелеу.

«Келісу-келіспеу» стратегиясы.

Ұсынылатын болжам

Келісімен/ келіспеймін

Оқушы жауабы

Жыраулар поэзиясының құндылығы - халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлауында.

Келіспеймін

Жыраулар поэзиясының құндылығы халықтың басынан өткен тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтарын жырлауында ғана емес, сонымен қатар елдің саси-әлеуметтік тіршілігін ой- санасын, дүниетанымын көркем бейнелі тілмен бере білуімен де бағалы. Көркемдік сапасымен де құнды

Жырау дегеніміз- жыр айтушы, таратушы, көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштар. Олар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақаммен, әнмен айтады.

Келіспеймін

Жырау дегеніміз - өз жанынан жыр шығарып айтатын, суарыпсалма ақындық қасиет пен шешендік қасиеті қатар сақталып жататын дарынды ақын, дуалы ауыз шешен, ақылгөй дана, ойшыл адамдар

Жыраулар поэзиясының басты жанры – толғау.

Келісемін

Толғау дегеніміз - жыраулар поэзиясында жиі орын алған жанр. Толғау өлеңде ақын өмір, қоғам, адам тіршілігі, жақсылық пен жамандық, т.б. жайлы ақыл-өсиет, насихат тұрғысында ой қозғайды.


ІІІ.Жаңа сабақ

Жиембет жырау Бортоғашұлы (өмірі мен шығармашылығы). Электронды оқулықты пайдалана отырып, кесте арқылы жаңа сабақты меңгерту.

Жырау

Өмірдерек

Еңбектері

Тақырыптары

Жиембет Бортоғашұлы - талантты жырау, би әрі жеңімпаз батыр.

1570-1575 жылдар шамасында дүниеге келген. Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыққан. Жиембеттің жас шағы қазіргі Өзен, Жем, Арал аралығындағы ауылдарда өткен, 16 жасынан хандар, билер, батырлар жанында жүріп, ел билігіне араласады. Өсе келе ол Есім ханның беделді биі әрі батыры дәрежесіне көтеріледі. Талай ұрыс-шайқастарға қатысып, ерлік көрсетеді. Ол сонымен бірге Еңсегей бойды Ер Есімнің Кіші жүз еліндегі ең бір беделді бас биі ретінде танылады. Әсіресе 1620 жылғы Есім ханның ойрат-қалмақтармен соғысы кезінде ерекше ерлік, тапқырлық көрсетіп, жауды ойсырата жеңіп, бетін қайтарады. 1627 жылы Қазақ хандығы құрамынан бөлініп шығып, дербес билік құрғысы келген Қатағанның ханы Тұрсынның бүлігін басқан Есім ханның қасында болып, ел тұтастығын сақтау жолында қажырлы қайрат көрсетті. Есім ханның Жиембет бимен достық қарым-қатынасы ұзаққа бармайды. Кіші жүзге сөзі өтіп тұрған Жиембеттің билігінен сескенген хан оны інісі Жолымбетпен бірге жер аударып жібереді. Сол айдауда жүріп 1643 жылы қайтыс болды деген және Есім хан өлгеннен кейін елге оралды деген деректер бар. Алайда 1643 жылдардан кейінгі ғұмыры белгісіз.

«Есім ханға толғау», «Басы саудың түгел- дүр...», «Қол-аяғым бұғауда», «Әй, қыңыр ер, қыңыр ер», «Әмірің қатты Есім хан», «Еңсегей бойлы Ер есім».

Жырау шығармаларының тарихи, этнографиялық мәні зор. Ерлік, батырлық, өрлік қасиеттер. Хан-әкімдердің, бүлікші ханның теріс, жауыздық мінездерін әшкерелеген. Туған жеріне деген шынайы сүйіспеншілік. Елдің, халықтың бүтіндігі,бірлігі.


Оқушылардың білім-білік дағдыларын дамыту.

1-тапсырма.

Толғауларынан үзінділер оқу, түсіндіру. Үнтаспадан Жиембет жыраудың толғауларын тыңдау.

2-тапсырма.

Жиембет жыраудың сөз қолданысы.Толғауларындағы мағынаны ашу.

Мұғалім

Оқушы

1.Жиембет жырау кімді сынайды және қалай сынайды?

1.1Есім ханды

1.2.Озбырлық және жосықсыз іс-әрекеттеріне қарсы шығады.

1.3.Ханға өктем сөйлейді.

1.4.Сұрақ қоя отырып.

2.Нені сынайды?

2.1.Ханның астамшылығын, пайдакүнемдігін

2.2. «Тілеуберді» атты құлын ұрып өлтіргендігін

3. «Ес білгеннен Есім хан,

Қолыңда болдым сүйесін,

Қолтығыңа болдым демесін? -деген жолдарды қалай түсінесің?

3.1.Жастайынан ханның қасында беделді биі болған.

3.2.Талай ұрыс, шайқастарға қатысып, ханның жауынгер жасағын басқарған.

3.3.Ханға әділ қызмет атқарған.

4. «Қол-аяғым бұғауда,

Тарылды байтақ кең жерім!-

деген өлең жолдары бойынша не айтар едіңдер?

4.1.Жат жерге жер аударылған жыраудың азап шегіп күнелтуін, хал-ахуалын көрсетеді.



3-тапсырма.

«Бұл кім?»сәйкестендіру стратегиясы

Жиембет жырау

Желмаясымен Жерұйықты іздеп, қазақтың талай жерін аралаған. Шоқан Уәлиханов оны «Көшпенділер философы» деп атаған.

Керей мен Жәнібек хандарды жақтаған.

Асан қайғы


XV ғасырдың 20-30 жылдары Еділ бойында дүниеге келген. Қол бастаған батыр, ел басқарған би болған, лирик. Бұл кісі туралы көп деректер жоқ.

Қазтуған жырау


Ол Кіші жүздің Байұлы тайпасының Тана руынан шыққан. Тәуекел, Есім хандардың замандасы. Толғауларының көбі Есім ханға арналған.


4-тапсырма.

Шығармашылық жұмыс. Жиембет жырау «е» дыбысын тамаша сөйлете білген. Дауысты дыбыстарды шебер қолдана отырып, өлеңнің музыкалық сазын күшейткен. Осыған орай, сендерге де кез-келген бір әріпті сөйлете білу тапсырмасын бергелі отырмын.(Мысалы: еліміздің елеулі ерлік еткен ері. Есімге ел ертеңін ескерткен еңсегейлі ер.)

ІV.Сабақты қортындылау

«Топтастыру» стратегиясы


Рефлексия.

-Егер сендер XXI ғасырдың жыраулары болсаңдар, не жайлы жырлар едіңдер? Жыраулар - Қазақ хандығының ежелгі атамекендерінен айырылмай мәңгілік мемлекет болып сақталуын армандап, сол жолға өлең мен қару-жарақтарын қатар арнаған көсем тұлғалар. Жыраулар адамдарды кішіпейіл, жомарт, кешірімді, шыншыл болуға шақырады. Адамның өзіне тән биік парасатын, яғни, өзінің бағасын білуін өнеге етеді.

V.Үй тапсырмасын беру:

1)Бір сәт жырау болып толғансам!.. (өлеңмен толғау жазу)

2)Жиембет жырау туралы оқу,толғауларынан үзінді жаттау.

VI.Оқушы білімін бағалау.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жиембет жырау Бартоғашұлы" тақырыбына арналған сабақ жоспары (9-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Бизнер-тренер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 849 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 10784
    • DOCX 33.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умбеталиева Салтанат Нұрланқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 70861
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Архитектурное творчество для подростков (обучение детей от 12 лет и старше)

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе