Инфоурок Информатика Другие методич. материалыЖігітке жеті өнерде аз . жігіт сұлтаны

Жігітке жеті өнерде аз . жігіт сұлтаны

Скачать материал

Тақырыбы: Жігіт сұлтаны

Мақсаты:

1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.

2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.

3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайдтар, шарлар.

Байқауға қатысатындар: 5 «а,ә» 6 «а,ә,б» 7 «а,ә» сынып оқушылары

Байқау барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ұлттық музыка әуені ойналып тұрады, қонақтарды орналастыру.

1 – жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Қадірлі қонақтар! Бүгін бізде «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар, парасатты жігіттер сайысы өтпекші.

1 – жүргізуші:

Нағыз кәусар жігітті,

Нағыз қайсар жігітті,

Нағыз бұлбұл жігітті,

Нағыз дүлдүл жігітті,

Анықтайтын кез келді!

1 – жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық!

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ.

Ұлдар шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ! – дей отырып, ортаға «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандарымызды шақырайық! Қарсы алыңыздар! (Байқауға қатысушылар кезекпен ортаға шығады)

1 –жүргізуші:

«Жігіт сұлтаны» байқауына қатысушы сайыпқырандардың ақыл-парасаты мен өнеріне, қайраты мен күшіне баға беруші қазылар алқасымен таныс болыңыздар!

1.

2.

3. Мектеп психологы: Ләтіпова Тәттігүл

1 – жүргізуші:

Қайсысы әнші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық! – деп, өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.

І бөлім «Тегімді менің сұрасаң...» өзін таныстыру.

ІІ бөлім «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» өнер сайысы.

ІІІ бөлім «Көркіне ақылы сай» салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы.

IV бөлім «Спорттық жарыс, жерден тартылу»

V бөлім «Пародия» ( эстрада жұлдыздарына).

VI бөлім «Тығырыққа тірелгенде» түйме қадау.

1 – жүргізуші:

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,

Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.

Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік,

Ер табылса, жарайды қылса сұхбат, - дей отырып «Жігіт сұлтаны» байқауын бастаймыз. Сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

1 – жүргізуші:

Ақыл – көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршыңызды өзімен

Тез арада таныстырып өтеді – деп, Сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң. . . » деп аталады. Сайысқа қатысушы жігіт сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Өнер қуып жігіттер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен жеті жігіт кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, бірінші бөлімнің қорытындысын айтып өтеміз.

1 – жүргізуші:

Таныс болдық жігіттер тегіменен

Туып өскен мекені, еліменен.

Бәрі де ақын көрінеді,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең.

Парасатты ер жігіт,

Ақылымен әр іс біледі.

Өнерің барда жігіттер,

Тоқталып сірә, іркілме.

Жұрт қарасын қызығып,

- дей отырып, сайысымыздың «Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» бөлімін бастаймыз.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай – ақ жан салыпты.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, екінші бөлімнің қорытындысын айтып өтеміз

1 – жүргізуші:

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көріне ақылы сай» деп аталатын сайысымыздың келесі бөліміне кезек береміз. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімдерін тексереміз. Салт дәстүрге байланысты сұрақ – жауап сайысы бойынша сұрақтар беріледі. Кеспе қағазға сұрақ беріледі. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, 5 «А» қыздарының қазақ биін қарсы алыңыздар.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, үшінші бөлімнің қорытындысын айтып өтеміз

1 – жүргізуші:

Әй, ер жігіт, ер жігіт,

Ей, өр жігіт, өр жігіт.

Атыңа ерік бер, жігіт.

Күшіңді көрсет, ер жігіт! – дей отырып, сайысымыздың «Ақылына күші сай» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде жігіттердің мықтылығын анықтау мақсатында жерден тартылу сайысы.

- Әділқазылар жігіттеріміздің күшін қалай бағалар екен?!

1- жүргізуші:

Эстрада жұлдыздарына пародия көрсету.

Пародия-өнердің бір саласы,

Сол өнерге әркімнің бар таласы.

Пародия-жаңа туған жас сәби,

Көпен деген ағамыздың баласы.

Кезекті әділқазылар алқасына береміз, бесінші бөлімінің қорытындысын айтып өтеміз

1 – жүргізуші.

Мықты болсаң тығырықтан шыға біл

Келді кезек тапқырлықты танытар

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп, «сайысымыздың келесі бөлімі «Тығырыққа тірелгенде» деп аталады. Жігіттеріміздің бұл тығырықтан қалай шығатындарын тамашалайық. Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, 5 «А» қыздарының қытай биін қарсы алыңыздар.

1– жүргізуші:

Осымен, «Жігіт сұлтаны» атты бойына өршіл рухы бар,парасатты жігіттер сайысы мәреге жетті.

1 – жүргізуші:

Құрметті өнер сүйер қауым, қадірлі қонақтар, ата-аналар!

Өздеріңізбен бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сарапшылар алқасына сөз береміз.

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші.

1 – жүргізуші:

«Жүзден – жүйрік» күшімен,

«Мыңнан – тұлпар» шықты шың

Жігіттердің ішінен шыққан Сұлтан мықтысын!

Құттықтайық ал енді

Сұлтан болған баланы

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы.

Қуанышты жанары,

Шоқтай болып жанады.

Әр номинация бойынша қатысушылар атақтармен марапатталады. Марапаттау:

1. Бас жүлде – «Жігіт сұлтаны – 2014ж»

2. «Дарынды жігіт»

3. «Сегіз қырлы, бір сырлы - жігіт».

4. «Өнерпаз жігіт»

5. «Шешен жігіт»

6. «Алғыр жігіт».

7. «Шымыр жігіт».

1– жүргізуші:

Бүгінгі сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы ғана. Әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Өркендерің өссін, мерейлерің үстем болсын! Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын!





































 

 

 

 

 

Жігіт Сұлтаны

«Жігіт Сұлтаны» Бағдарламасы:

Өзін-өзі таныстыру.

Өз өнерін көрсету.

Білім сайысы.

Батпан көтеру.

Пародия ( эстрада жұлдыздарына).

Автоматты шашып, қайта жинау.

Қыз балаға өз сезімін жеткізу.

Мақсаты:

ер балаларды халықтық дәстүрді, әдет-ғұрыпты, тарихты қадірлеуге тәрбиелеу; танымын байытуға, мықты болуға талпындыру;жігіттерндің ептілігін байқау;балалардың ауызбіршілігін, ұйымшылдығын арттыру.

«Жігіт сұлтаны»

1- жүргізуші: Армысың ардақты ұстаз, аяулы жас,

Алдыңда тұр сайысқа түсер өрімдей жас.

Үміт күткен ұлдардан аяулы ұстаз,

О, жаратқан жігіттердің бағын бір аш.

2- жүргізуші: Болғалы жатыр сайыс көптен күткен

Іні мен қарындасқа үлгі тіптен,

Ауылымыз жастардан үміт күткен,

Жеңсе де, жеңілсе де тәуба еткен.

1-жүргізуші: Секемдеу көріне ме жүрістері,

Мектепке аян еді-ау мың істері.

Ассалаумағалейкум келе жатыр,

Ағайын ауылымыздың дүлділдері.

2- жүргізуші: Сайыс десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын жігіттерді бүгінгі,

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

1- жүргізуші: Арайлап атса келешектің ақ таңы.

Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.

Бүгінгі балғын, балауса жастар,

Қазақтың ертеңі, аппағы мақтаны.

2- жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті бүгінгі кештің көрермендері. Мектебіміздің “Жігіттің сұлтанын” анықтауға қош келіпсіздер демекпіз.

1- жүргізуші: Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық

Ата жолын жалғамақ

Ел дәстүрін қолдамақ

Ел намысын қорғамақ

Жігіттер шықсын ортаға?

Бүгін сұлтан атанбақ.

Құрметті көрермендер, енді бүгінгі сынға түскелі отырған жігіттерімізбен таныс болыңыздар:

1. Басенов Нұржан ( 1-рота, 1-взвод)

2. Сағындықов Ерік ( 1-рота, 3-взвод)

3. Жылқайдар Ноян ( 2-рота, 1-взвод)

4. Махай Ердос (2-рота, 2-взвод)

5. Есжанов Арнұр ( 2-рота, 3-взвод)

Бүгінгі біздің сайысымыз келесі кезеңдерден тұрады:

Өзін-өзі таныстыру.

Өз өнерін көрсету.

Білім сайысы.

Батпан көтеру.

Пародия ( эстрада жұлдыздарына).

Бұл сайысқа өздерінің ұлттық намысын көрсете алатын оқушылар қатысып отыр. Сәт-сапар тілейік !

2-жүргізуші:

Ұлы ғұлама Жүсіп Баласағұн “Үйрен ұлым, арзан көрме өнерді – өнер көкке жеткізеді төбеңді” дегендей бүгінгі сайысқа қатысар жастарымыз еліміздің ертеңгі өнерін дәріптеп, көкке көтерер әншілеріміз бен бишілеріміз болмасына кім кепіл?

Ұл — қызың ел ішінде жақсы атанды,

Арайменен қарсы алып, әр ақша таңды.

Абыройы ауылымыздың асқақтасын,

Арнасын Жақсылық ағай жігіттерге ақ батасын деп, — Жақсылық ағайдан бата тілейік.

1-жүргізуші: Сәлем бердік сіздерге төрағалар,

Әділдікпен қойылсын бал-бағалар.

Биссимилда деп бастайық сайысымызды,

Аруағы бабалардың қолдап алар, —

дей келе, сайыс заңы бойынша әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар.



1…………………………………………………………………………………

2……………………………………………………………………………………

3…………………………………………………………………………………

4……………………………………………………………………………………

5……………………………………………………………………………………

2-жүргізуші :

Қазақ халқы ежелден ер — азаматын сыйлап, әр сапарға аттанарда ақ жол тілеп, ақ батасын, қымызы мен шұбатын беріп, сәт-сапар тілеп отырған. Сондықтан да сайыскер сарбаздарымыз алдарына келген ақ дәмнен татып ішіп, кесенің түбіндегі бақытты сандар арқылы өз реттік санын біледі. Сол реттік сандар арқылы кезекпен шығып, бүгінгі сайыста өз өнерлерін көрсетеді.

1-жүргізуші: Қайсысы күйші, кім биші,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кім жылдам,

Таланттарын табайық.

Ал қанекей, қырандар,

Босқа қарап тұрмаңдар,

Бастап жігіт өнерін

Алыстарға самғаңдар.

2-жүргізуші: I бөлім. Таныстыру «Сәлем – сөздің атасы»

1- жүргізуші: Тәуба сөзін айтып жігіттер бастасын,

Тәуекел деп сайысқа бел байлапты.

Рұқсат болса, ағайын кезекті енді,

Берейік сұлтандарға, таныстырсын өздерін-өзі.

1………………………………………………………………………………

2……………………………………………………………………………….

3…………………………………………………………………………..

4……………………………………………………………………………

5……………………………………………………………………………

2-жургізуші: Таныс болдық бәрінің тегіменен,

Туып өскен мекені, жеріменен.

Маған тартқан бәрі ақын көрінеді.

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең, —

дей келе әділқазы төрелерден таныстыру бөлімінің бағаларын сұраймыз.

1-жургізуші: II бөлім. Өнер сайысы «Талантты болу – тәңірден».

Талаптың мініп тұлпарын

Келіңдер міне жарысқа

Белгісіз кім ұтары

Түсіңдер өнер сайысқа.

2- жүргізуші: Ал енді жігіттеріміздің қандай өнері барын тамашалап көрелік

1 -жүргізуші: Иә, жігіттер енді өз өнерлерін ортаға салсын.

«Анама» атты әнімен ортаға Нұржанды шақырамыз.

Келесі сайыскеріміз Ерік сіздерге «Қос жүрек» әнін ұсынғалы тұр. Қарсы аламыз!

Ал енді сахна төріне «Кешір мені» әнімен Ернұр жігітімізді шақырамыз.

Өз өнерімен ортаға Ердос та шыққалы тұр. «Қинамашы» әні.

«Жігіт сұлтаны» атағына үміткер жігіттеріміздің бірі – Ноян «Аяла» әнімен ортаға шығады

2- жүргізуші: Өнер менен білімде

Әркімнің өз жолы бар.

Сайысарлық бүгінде

Өзіндік дара үні бар, —

дегендей, әділқазы төрелерге кімнің өнері ұнады екен, қане, көрейік! 1- жүргізуші: III бөлім. Білім сайысы «Білімді мыңды жығады».

Ал келіңдер, келіңдер,

Бір-біріне еріңдер.

Білімдеріңді тексеріп,

Ал таласып көріңдер!

(Оқушылар Қазақстан тарихы мен салт-дәстүрге қатысты сұрақтарға жауап береді).

2-жургізуші: Жігіттер өз білімдерін көрсетті. Әділқазылар қандай баға береді екен?

1- жүргізуші: Ал енді Ердостың жанкүйері 2-рота 2-взвод тәрбиеленушісі Тыныштыққали Есбол «Қайдасың?» әнімен Ердосты қолдағалы тұр. Ду қолшапалақпен қарсы алайық!

2-жургізуші: IV бөлім. «Күш білекте».

Құйылып қуат кенеттен,

Қарысып мойын еттері,

Келбеті оқыс бұзылып.

Күштенген кезде ақ тістер,

Кетпесе болды, морт сынып.

Ендігі кезек жігіттеріміздің күш сынау бөлімі – 24 килограмдық батпан көтеру.

- Әділқазылар жігіттеріміздің күшін қалай бағалар екен?!

1- жүргізуші: V бөлім. Эстрада жұлдыздарына пародия көрсету.

Пародия-өнердің бір саласы,

Сол өнерге әркімнің бар таласы.

Пародия-жаңа туған жас сәби,

Көпен деген ағамыздың баласы.

Біздің бүгінгі сайысымызға сонау Ресейден хип-хоп жұлдызы, блэкстар – Тимати да келіпті. Ду қолшапалақпен қарсы алайық! ( Ердос)



Ал енді ортаға астаналық «Базар жоқ» ойын-сауық театрының актері – Аманғалиді шақырайық ( Нұржан )

Талай қыздардың жүректерін жаулаған Қайрат Нұртасты «Ауырмайды жүрек» әнімен ортаға шақырамыз ( Ерік )

«Шаншар» театрында өз өнерін бастаған, қазір «Алдараспан» театрының жетекшісі Нұржан Төлендиевті сайыскеріміз Ноян сомдамақ. Қарсы аламыз!

«Тұмарым». Сахнада Ұлықпан Жолдасов! (Арнұр)

2-жургізуші: Сайысымыздың бұл кезеңінде жігіттер турлі эстрада жұлдыздарын сахнада сомдап шықты. Әділқазылардан баға қоюларын сұраймыз!

1- жүргізуші: VI бөлім. Автоматты шашып, қайта жинау кезеңіне де жеттік, қане, «Кім жылдам?»

Кім шапшаң екенін білу үшін бағалау кезегін қазылар алқасына берелік.

2-жургізуші: VII бөлім. Қыз балаға өз сезімін жеткізу.

Жүрегімді жаралады бір адам,

Қандай жаман күліп жүріп жылаған.

Қайырылмастай қол созамын өзіңе,

Көлеңкеңді көргеніме қуанам.

1- жүргізуші: Аруларға сырларыңды аз ұққыз,

Қыс та өтер, жырын жазып жетер күз.

Ғұмыр бойы сүйем деме, алдама,

Сеніп қалып жылап өтер, нәзік қыз

1………………………………………………………………………………….

2……………………………………………………………………………….

3…………………………………………………………………………..

4……………………………………………………………………………

5……………………………………………………………………………

- Әділқазылар, сайыскерлерге өз бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз

2-жургізуші: Әділқазылар сайысымыздың қорытындысын шығарып болғанша, Ноянды қолдап 2-рота 1-взвод тәрбиеленушісі Құрманбаев Дінмұхамбед «Айнам-ай» атты әнімен ортаға шығады.

(Қорытынды бөлім)

1- жүргізуші: Келешек қой осылар, барға шүкір,

Алдарында ақ қанат арманы тұр,

Жүректері лүпілдеп, тебіреніп.

Әрқайсысы өз үлесін алғалы тұр.

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Уақыт та біраз жерге таяп қалды.

Осыменен қоштасамыз сіздерменен,

Сайысы жігіттердің аяқталды.

2- жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен сайысымыз өз мәресіне жетті, жігіттеріміз бойындағы бар өнерлерін көрсетті деп ойлаймыз. Ендігі кезекті сайысымызды қортындылау үшін сөз кезегін әділқазыларға берейік.

1

Қазақ хандығы қашан құрылды? Оны құрған кімдер?

Жеті қазынаны атап бер.

2

1. Қазақстан тәуелсіздік алғалы неше рет Конституция қабылдады және қай жылдары?

2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата

3

Қазақ хандарын ретімен ата

Ат әбзелдерін ата

4

Алтын адам қай жерден табылды?

Бес қаруды ата

5

«Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан кейін пайда болған халық әні:

Жеті атаны ата

«Жігіт сұлтаны» байқауының сценарийі

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жігітке жеті өнерде аз . жігіт сұлтаны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 6312
    • DOCX 40.6 кбайт
    • 22 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухит Колканат Бекболатович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухит Колканат Бекболатович
    Мухит Колканат Бекболатович
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10901
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Управление проектами: концепции, практика и финансы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе