Инфоурок Другое Конспекты"Жол ережесін есте сақта"

"Жол ережесін есте сақта"

Скачать материал

№142 орта мектеп

 

 

 

 

 

 

Жол ережесін

есте сақта!

 

 

Сыныбы: 9

Сынып жетекшісі: Көшербаев Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Жол ережесін есте сақта!»
Мақсаты: - Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету;
- Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу;
- Жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері, нақыл сөздер, кітаптар, слайдтар, плакаттар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Топтарды таныстыру

ІІІ. Белгілер сөйлейді
IV. Сұрақ – жауап
V. Жұмбақтар шешу
VI. Ойын
VII. Қорытынды

І бөлім
Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта жүре алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Сабағымыз басталады сәлемменен!
Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жол ережесін есте сақта!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

1 – жүргізуші:
Шуақты күндеріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

2 – жүргізуші:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Ол – ортақ, үлкен-кіші, баршамызға!

Мұғалім:
Бүгінгі тәрбие сағатымызға оқушылар екі топқа бөлініп, қатысып отыр. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілерін анықтап, сіздерді жолда жүру ережелерімен таныстырады.
Сонымен сіздердің алдарыңызда
«Бағдаршам» тобы және «Жол белгілері» тобы.

ІІ бөлім. «Бағдаршам» тобы
Ұраны: «Тоқта!, Сақтан!, Жол ашық!
Жүрме жолға таласып»
Бағдаршамның шығу тарихынан баяндайды.
1–оқушы: 
Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапты, білесіңдер ме?
Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның аты тарихта сақталмаған. Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
2-оқушы:
1914жылы Американың үлкен қалаларында электрлі бағдаршамдар пайда болды. Олар тек екі түсті: қызыл және жасыл болатын.
1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары және жасыл түстер.
3-оқушы:
Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.
Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен басқарады. Бағдаршамдар Қазақстанның барлық қалаларында, сондай-ақ Әйтеке би кентінің кейбір көшелерінде де бар.

«Жол белгілері» тобы
Ұраны: «Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.»
Жол белгілерінің шығу тарихынан баяндайды.
1-оқушы:
Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат-арба, пәуеске кезінде талпыныс жасалған.
1683 жылы Ресейде патшалар Иоанн және Петр Алексеевичтердің жеке Жарлығы басылды. Онда атты божымен басқаруға тыйым салынды.
2-оқушы:
1730 жылы Жаңа Указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды. 1742 жылы кімде-кім тәртіп бұзатын болса,жазаланатын болды.
3-оқушы:
1812 жылы Жаңа ереже қабылданды. Оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, номерлік белгілер қойылды. 1968 жылы Венада халықаралық конференцияда «Жолда жүру» туралы конвенция қабылданды. Осы құжат негізінде жолда жүру ережесі жасалып, 1973 жылы күшіне енді.

ІІІ бөлім. Топтар шартты белгілерімен таныстырады.
«Бағдаршам» тобы
1. Мен көзімді ашқанда,
Ешқашанда баспа алға.
Орыңда тұр, қозғалма,
Ереже бұл «Сен, тоқта!»

2. Мен көзімді ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жүруге әлі болмайды,
Дайындықты сақтайды.

3. Мен көзімді ашқанда,
Көліктер саған тоқтайды.
Ережені білген жандар 
Өтуге еш қорықпайды.

Көрегенмін, қырағымын,
Үш көзім бар, үш сыншым.
Сақтап халық өмірін 
Тәртіпті мен орнаттым.

«Жол белгілері» тобы
1. «Ескерту» белгісі
Өзі қызыл үшбұрышты ескерту белгісі мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,a
Жолы болып, сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.

2. «Тыйым салу» белгісі
Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адам.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың?

3. «Нұсқау» белгісі
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

4. «Көрсеткіш» белгісі
Баратын сапардың жақынын, қашығын,
Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

Төрт топтан құралған белгілер туыстай,
Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз, ұрыспай.
Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,
Есіңде сақтап қал, біздерді ұмытпай!

ІV бөлім. Сұрақ - жауап
«Бағдаршам» тобына
1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге қосылған үш көзді қондырғы/
2. Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға қараймыз,жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға қараймыз/
3.
Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт жастан бастап болады/
4. Көлік күтетін жер қалай аталады? /аялдама/
5. Көліктің бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник жағады/

6. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек? /Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн/
«Жол белгілері» тобына
1. Бағдаршам сөзінің орысшасы қалай? /светофор/
2. Тротуар дегеніміз не? /жаяу жүргіншілерге арналған жол/
3. Жол белгілерінің неше түрі бар? /126 түрі бар/
4. Бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге рұқсат етіледі? / 01 – өрт машинасына, 02 – полиция машинасына, 03 – жедел жәрдемге/
5. Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру керек/
6. Жолаушылар дегеніміз кімдер? /Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар/

V бөлім.

Көрермендерге жұмбақтар беріледі. Ән орындалады. Жұмбақтардың жауабы алынады. 
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

VІ бөлім. Оқушылармен бағдаршам ойыны ойналады.

Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.


VІІ бөлім. Қорытынды
Біз бүгін жолда жүру ережесімен, бағдаршам белгілері мен жол белгілерін үйрендік.
Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да бір ерлік.
Ата-ана қынжылмасын, 
Түсіріп ұнжырғасын.

Айналайын, абайла!
Жан-жағыңа қарайла!
Жолда жүру ережесін
Есте сақта қалайда.

Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар!!!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жол ережесін есте сақта""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Системный администратор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 172 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.11.2016 2153
    • DOCX 22.6 кбайт
    • 95 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кушербаев Бауыржан Уринбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кушербаев Бауыржан Уринбаевич
    Кушербаев Бауыржан Уринбаевич
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6895
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой