Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жүйрік болсаң, озып көр" атты отбасылық "Толағай" спорттық ойын

"Жүйрік болсаң, озып көр" атты отбасылық "Толағай" спорттық ойын

Скачать материал

Кадирова Асель Женискызы

Қарағанды қаласы

№68 МИББ кешені

Толағай спорттық жарысы

 Тәрбие сағаты 

Класс: 4  «а, ә, б,»
Өтілетін орны: Спорт зал
Тақырыбы: «Толағай» спорттық жарысы.
Мақсаты: Оқушыларды ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Төзімділік, жылдамдық, ептілік деңгейін дамыта отырып, дененің жалпы даму сапасының артуына, ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс
Көрнекілігі: доп, скакалка, ракетка, қап, түрлі шариктар, обруч, сыпырғыш
Барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Кіріспе сөз.
3.Спорттық жарыс.
4.Қорытынды.

II .Мұғалім сөзі: Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Чемпион болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.

Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі өтілгелі отырған
«Жүйрік болсаң, озып көр!» атты  «Толағай» атты спорттық жарысымызға хош келдіңіздер.
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз.
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Спортшы балаларды шақырамыз.

Қарсы алыңыздар.
«
Жасұландар»  тобы.        Көк түсті жейде кигендер
Топ ұстанымы:
Біз бақытты баламыз,

Желден озған жүйрікпіз,

Жеңілмейміз, озамыз,

Біз бақытты баламыз


«Жас қыран» тобы.      Қызыл түсті жейде кигендер
Топ ұстанымы: Қыран болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.
«Сұңқар » тобы.    Ақ түсті жейде кигендер
Топ ұстанымы: Мақсаты бірдің – рухы бір

Құрметті сайыскерлер, бүгінгі ойында сіздерге толағай табыс және сәттілік тілейміз..
Ал құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер.
Жарысты бастамас бұрын ойынға төрелік ететін әділ-қазы алқасымен таныстырып кетейік.
Бастауыш сынып мұғалімі: Аралбай Панар
Денешынықтыру пәнінің мұғалімі: Кульжанов Дархан,                          

              және                                      Искаков  Эльдар



Құрметті қатысушылар бүгінгі сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
III. Сайыстың бағдарламасы.
1 «Кенгуру»
2. «Өрмекші»
3. «Кім жылдам»
4. «Сенбілік»

5.  «Обручпен жарыс»

6. «Қаппен секір»
Сонымен бірінші ойынымыз
1. «Кенгуру» допты аяқ арасына қыстыра отырып, секіру арқылы белгілі мәреге барып, кері қайтады. Ең соңғы ойыншы ойынды аяқтайды.
2. «Өрмекші». Қатысушы топтар төрт аяқтап шалқасынан жүгіреді.
3. Жолда шашылып жатқан шариктерді жинап алып, шелекке апарып салып, скакалкамен 5 рет секіріп орнына қайта қайту.
4. «Сенбілік» Кішкентай шарикті сыпырғышпен сыпыра жүріп  белгіні айналып өту.

5. Обручты дөңгелете жүріп белгіні айналып өту.

6.  Қаппен секіру.


Өнерге биік сенеміз,
Думанға қызық келіңіз.
Әділ қазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз.


4 «а,ә,б» сынып оқушыларының орындауында «Толағай» әні.

IV.Марапаттау.
V. Қорытынды. Сөзді әділ-қазы алқасына береміз.
Құрметті оқушылар! Сіздерді алған орындарыңызбен құттықтай отырып, бүгінгі жарысымызды аяқтаймыз.
Келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет, сау болыңыздар!!!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жүйрік болсаң, озып көр" атты отбасылық "Толағай" спорттық ойын"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2017 844
    • DOCX 19.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кадирова Асель Женискызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кадирова Асель Женискызы
    Кадирова Асель Женискызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22938
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой